Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
👍14
Иран БАҚ-тары: Иран президенті Пезешкиан дереу арада АҚШ-пен келіссөздерді бастауға бұйрық берді.

Келіссөздердің нақты датасы мен орны белгісіз. Алайда, Иран атынан бас келіссөзші - СІМ басшысы Аббас Арагчи болса, АҚШ атынан арнайы өкіл Стив Уиткофф келіссөз жүргізбек.
🤣27👍5🤔3❤1
Украина халқы Донбассты беруге көне ме?

Киевтегі социологтар сауалнама жүргізіпті. Донбассты Ресейге беру мен соғысты аяқтау жайлы сұрапты.

Жауаптары міне:

📍Респонденттердің 52%-ы Донбассты беруге үзілді-кесілді қарсы. Тіпті, бұған айырбас ретінде Қауіпсіздік кепілдігін берсе де келіспейтінін айтқан. Ал 40%-ы кепілдік берілсе келісуге дайын.

📍Халықтың 20%-ы ғана соғыс жақын арада аяқталады дегенге сенеді. Ал 65%-ы қанша соғысу керек болса, сонша шыдауға дайын екендіктерін айтқан.

📍88%-ы Ресейдің Украинадағы энергетикалық нысандарды соққылауы - халықты жарықсыз, жылусыз қалдыруға бағытталған, капитуляцияға мәжбүрлеу үшін жасалып жатқан қасақана тірлігі деп жауап берген.

📍Халықтың 90%-ы Украинаның Ресей аумақтарын соққылауын қолдайтынын айтқан. Оның 80%-ы тек әскери нысандарды ғана емес, өзге де нысандарды соққылау керектігін айтқан.

📍Украина халқының 66%-ы ештеңеге қарамастан, 10 жылдан кейін Украинаның ЕО-ға қосылып, гүлденген мемлекет боларына сенім білдірген.
👍94❤6🔥4
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211219
👍53
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазақстан соңғы жылдары Ресеймен қарым-қатынасын айқайсыз, ұрансыз, бірақ өте нақты қимылдармен қайта құрып жатыр.

▪Z-АРТИСТЕРГЕ ЖАБЫЛҒАН ЕСІК
▪ТЫЙЫМ ЖОҚ, БІРАҚ ЖОЛ ЖАБЫҚ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7628
👍40🤓2
Қазақстанда екінші АЭС-ті салынатын орын анықталды...

Үкімет басшысы тиісті құжатқа қол қойды. Екінші АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынбақ...
👎12🤔12👍7❤3🥰1
АШЫҚ ДЕБАТТА АЙТЫЛСА...

Саясаткер Дос аға Көшім бар, белгілі құқық қорғаушы Мейірмен Шекеев бар, бір топ азамат жұмыс тобын құрғанын, нақты осы қоғамда қызу талқыланған 9 бапқа қатысты өздерінің пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныс жасап, Конституциялық комиссияға жолдағалы жатқанын кеше әлеуметтік желіден көріп қалдым.

Қоғам пікірін ашық айтсын дегенді Президент те айтты. Солай болуы керек те. Өйткені, Конституция қанша жерден декларативті құжат десек те, бұл – мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжат! Сондықтан жалпыхалықтық дискуссиясыз Конституция қабылдануы мүмкін емес! Халықтың да бұл процесстен тыс қалуға құқысы жоқ.

Осыдан соң бір ой келді: Неге осы қоғамдық пікір иелері мен комиссия өкілдері арасында ашық пікірталас өткізілмейді? Мейлі, телеэкран арқылы тікелей эфирде өтсін, мейлі басқа бір ашық алаңда болсын, бірақ пікірталас, ашық талқы (дебат) жасалса ғой...

Комиссияда білікті заңгерлер, мықты мамандар, әзірленіп-ұсынылған жобаны жілік-жілік, тармақ-тармақ етіп талдап бере алатын сөзге жүйрік спикерлер жоқ емес, бар және жеткілікті.
Қоғамдық пікір иелері арасында да «сен тұр, мен атайын» деген сақа тұлғалар, кәсіби мамандар жеткілікті.

Жекпе-жек дебатта – артық ауыз сөз, қызыл эмоция емес, нақты бап, нақты тармақ, нақты ұсыныстар талданса. Әр тарап өз аргументтерін ашық айтса, өз позицияларын қорғап шықса, халыққа да бәрі түсінікті болар еді...

Екі спикер шығып, тұтас конституияны талдасын демейміз, әр сала, әр бағыт жеке-жеке талданса немесе ең аз дегенде қоғамның ең қызу таласын, түсініспеушілігін тудырған баптар бойынша ашық дебат ұйымдастырылса, бұдан қос тарап та ұтылмас еді деп ойлаймын...

Нұргелді Әбдіғаниұлы
👍38👏5🤡4❤2
Бұл суреттегі кісі ЕО-ның Украинадағы елшісі Катерина Матернова деген кісі. Киевтегі жатақжайында.

- Түнде мен тағы жуынатын бөлмеде, ваннада ұйықтадым. Түн тағы тарсыл-гүрсілге толы болды. Ресей қасақана бейбіт халыққа, электр мен жылу орталықтарына соққылар жасауда. Бұл соғыстың салдары емес, Ресейдің жүйелі стратегиясы. Олар қысқы аязды қару етуде. Әр түн сайын мен осы елдегі жылусыз, жарықсыз тоңып, бүрсеңдеп жатқан миллиондаған халықты ойлаймын. Өзім де солардың ішіндемін. Қыста аяқталған жоқ, Ресейдің шабуылдары да түгеген жоқ. Ал Украина халқы соған қарамастан жауға төтеп беріп отыр. Мен олардың осы жанкештілігіне басымды иемін, - дейді елші ханым.
❤76👍14😱4
Жаңа Конституция: Мемлекет өзгере ме, әлде қағаз ғана ауыса ма?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық жобасының айналасында қызу пікірталас жүріп жатыр. Бұл – заңды да. Себебі Конституция — кез келген мемлекеттің идеологиялық декларациясы емес, билік пен азамат арасындағы нақты келісімшарт. Онда “мемлекет қандай?” деген сұрақтан бұрын, “мемлекет адам үшін не істейді және неден бас тартады?” деген мәселе тұруы керек.

Жобаның жалпы мазмұнына қарасақ, Қазақстан жоспарсыз реакциялардан гөрі ережелерге сүйенетін мемлекет болуға ұмтылып отырғанын аңғаруға болады. Процедуралар нақтыланады, конституциялық бақылау күшейеді, цифрлық шындық ескеріледі, ал институттардың жұмысы алдын ала болжанатын жүйеге көшеді. Бұл — посткеңестік сирек кездесетін, бірақ аса қажет бетбұрыс.

Алайда қағаздағы тәртіп автоматты түрде өмірдегі әділетке айналмайды. Конституция мәтінінің сапасы — тек бастама. Ал оның нақты мазмұны заңдардың қалай жазылатынына және ең бастысы, қалай қолданылатынына байланысты.

Осы тұста Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Айгүл Забирова көтерген ойлар ерекше назар аудартады. Оның талдауында басты акцент бір нәрсеге қойылады: мемлекеттің архитектурасы емес, азаматтың орны өзгермейінше, реформа жарты жолда қалады.

Сарапшының айтуынша, жаңа Конституция билік тармақтарының формалды теңгерімін ғана емес, олардың жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруы тиіс. Яғни, мәселе Президенттің, Парламенттің немесе соттың атауында емес — олардың бір-бірін тежей алуында және азамат алдында есеп беруінде. Бұл — Қазақстан үшін ең ауыр, бірақ ең қажетті өзгеріс.

Екінші маңызды тезис — адам құқығын декларация емес, жұмыс істейтін механизмге айналдыру. Конституцияда құқықтар бұрын да жазылған. Бірақ олар көбіне азамат сотқа емес, “жүйеге қарсы шыққандай” күй кешетін формализмге тіреліп отырды. Жаңа жобаның артықшылығы — құқықтарды қорғаудың рәсімдерін нақтылауға талпыныс бар. Бұл қағаз жүзінде емес, практикада іске асса, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің алғашқы кірпіші қалануы мүмкін.

Үшінші, ең өзекті мәселе — қоғамдық талқылаудың шынайылығы. Конституция — элиталардың құпия келісімі емес. Ол халықтың саяси еркін бекітетін құжат. Сондықтан әртүрлі пікірдің болуы — қауіп емес, керісінше, оның легитимділігінің белгісі. Пікірталастан қорықпайтын мемлекет қана тұрақты болады.

Жаңа Конституция адамға не береді деген сұраққа қысқа жауап бар: егер ол дұрыс іске асса — белгісіздік азайған орта, ережесі бар мемлекет, өз құқығын талап еткенде қорықпайтын азамат қалыптасады. Ал егер бәрі бұрынғыша қалса — тек мәтін жаңарады, жүйе емес.

Сондықтан бұл талқылау — заңгерлер үшін емес, әр азамат үшін маңызды. Өйткені Конституция — билікке арналған нұсқаулық емес, адамның мемлекетпен қарым-қатынасының шекарасын белгілейтін құжат. Бұл шекара неғұрлым нақты болса, мемлекет соғұрлым әділетті болады.

https://kisi.kz/kazakstan-respublikasynyn-zhana-konstituchiyasynyn-zhobasy-memleket-arhitekturasynda-ne-ozgeredi-zhane-bul-adamga-ne-beredi/
👏10👍5❤2💯1