Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
💥Израиль АҚШ-қа Иранға қарсы біржақты шабуылдарға дайын екендігі туралы ескертті!

Израиль Қорғаныс министрлігі АҚШ-қа қажет болған жағдайда Иранға қарсы біржақты әрекет етуге дайын екенін ескертті, деп хабарлады The Jerusalem Post.

Басылымның мәліметінше, Израиль Қорғаныс министрлігі америкалық әріптестеріне Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасы туралы айтып, оны “өмірлік қауіп төндіретін қару” деп ескерткен.

Израиль Иранның зымыран мүмкіндіктері мен өндірістік нысандарын жою ниеті барын айтып, Тегеранның зымыран бағдарламасын әлсіретуге арналған операциялық тұжырымдамаларды, соның ішінде негізгі өндірістік нысандарға шабуыл жасау жоспарын таныстырған.
👍37🖕10❤2
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Ақорда
👍34👎17❤2
Лавров не деп жылайды?

Ресейдің СІМ бастығы Сергей Лавров бүйдейді:

- Біз Анкорижде АҚШ-пен келістік қой. Олардың шарттарын қабылдадық. Егер жігітшелікке салсақ, сол бойынша жүрсек, қазіргі мәселенің барлығы шешілер еді ғой, - дейді...
😁47💩6🤔1
Жапония: Такаичи тағы жеңді...

Жапонияда өткен кезектен тыс сайлау нәтижесі бойынша, премьер-министр Санаэ Такаичи басқаратын Либерал-демократиялық партия жеңіске жетті.

Консервативтік коалиция парламенттің төменгі палатасындағы орындардың үштен екісінен астамын иеленіп, шешуші дауысты өзі қабылдай алатын мүмкіндікке ие болды.

1955 жылы құрылған ЛДП тарихында бұрын-соңды мұндай жоғары көрсеткіш болмаған.

Бақылаушылар биліктегі консервативтік партияның мұндай жеңісін көбіне Такаичидің жеке басының танымалдығымен байланыстырады. Бұған дейін парламентте 167 мандатқа ие болып келген негізгі оппозициялық күш – центристік реформаторлық альянс сайлауда ойсырай жеңілді: дауыс беру қорытындысына сәйкес, небәрі 49 орын алған.

Дереккөзі: Азаттық радиосы
❤23👍18
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Сара Назарбаева Президент іс басқармасы жанындағы Ұлттық госпиталден ем-домын толық аяқтап шықты. Бұрын «Совминка» деп аталған бұл медициналық мекеме оның ауруханадан үйіне ауыстырылғанын хабарлады, бірақ денсаулығы, диагнозы және емдеу әдістері туралы мәліметтер дәрігерлік құпия болып қала береді.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211517
🤔20👍4👎1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Еліміздің Оңтүстік облыстарында, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Семей өңірлерінде бұл мәселе аса өткір емес дер едім. Яғни, бұл өңірлерде мүмкін болатын демографиялық дүмпу, болашақтағы қазақ тілінің қалқаны мен найзасы болып қала беретіні анық.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211507
❤22👍13
Forwarded from Mezgil.kz
‼Осы хат арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясының жобасын қоғамдық және құқықтық тұрғыдан талдау нәтижесінде әзірленген ұсыныстар пакетін назарларыңызға ұсынамыз.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7662
🤔12👍3
Forwarded from Mezgil.kz
‼Ресейдің статистикалық агенттігі халық саны туралы ақырғы мәліметтерді жариялады. Болжам бойынша келер жылы Ресейдегі халықтың жалпы саны шамамен 146 млн адамды құрайды деп күтілуде.

🔹РЕСЕЙДІҢ ХАЛҚЫ: ӨСУ МЕН КӨШУДІҢ ҚАЙСЫ ШЫН?
🔹РЕСЕЙ ӘЙЕЛДЕРІНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ ЕРКЕКТЕР ҰНАЙДЫ
🔹КҮШТЕП ОРЫСТАНДЫРУ – РЕСЕЙДІҢ ӨЗІНЕ СОҚҚЫ БОП ТИДІ
🔹РЕСЕЙ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРДЫМҒА ТҮСТІ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7661
👍32❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина майданы: Украиналық F-16 мен ресейлік Shahed-тің аспандағы айқасы...
👍93🔥1
Олимпиада алтыны үшін қанша төлейді?

Қазақстан жеңімпаздарға төленетін бонустар бойынша көшбасшылар қатарында.

Қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткені үшін шамамен 250 мың доллар сыйақы ала алады, бұл қатысушы елдер арасындағы ең жоғары жалақының бірі.

Forbes-тің зерттеушілері, спортшылары Олимпиада ойындарына қатысатын барлық 92 ел мен аумақты қамты саралап, жеңімпаздарға кім қанша сыйақы төлейтінін есептеп шығыпты. Ол бойынша кем дегенде 37- елдің спортшылары жеңіп алған медальдар үшін мемлекеттік немесе квазимемлекеттік төлемдер алады екен.

Forbes мәліметтері бойынша, ең төменгі төлемдер Жаңа Зеландияда. Мысалы, мұнда жеңіске жеткендерге шамамен 3000 доллар беріледі. Ал ең жоғарғы сыйақы көрсеткіші Сингапурда, онда Олимпиада чемпионы 787 000 долларға дейін ала алады. Бұл қатарда Гонконг (768 000 доллар) және Польша (355 000 доллар) да бар.

Қазақстан ең жоғары жүлделі елдердің қатарында. Жеке спорт түрінен алтын медаль үшін спортшы шамамен 250 000 доллар алуы мүмкін.

Салыстыру үшін басқа елдердегі төлемдер:

Италия – шамамен $213 000;

Кипр – $177 000;

Болгария – $151 000;

Литва – $133 000;

Косово – $130 000;

Эстония – 118 000 доллар.

Ал Америка Құрама Штаттарының спортшылары дамыған спорт инфрақұрылымына қарамастан, салыстырмалы түрде аз бонустар алады - Олимпиада алтыны үшін шамамен 37 500 доллар беріледі.
👏16👍5❤1🤔1
Forwarded from Qaz365.kz
⚡️«Samruk-Kazyna Trust» қорының 10 жылдағы қайырымдылық қызметінің қорытындысы шығарылды

«Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылықтың қызметінің бірыңғай операторының 10 жыл жұмысының нәтижесі Қордың Қоғамдық кеңесінің отырысында сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен ашық қоғамдық диалог форматында талқыланды. Іс-шара барысында білім беру, денсаулық сақтау, инклюзияны дамыту және адами капиталды дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалардың негізгі нәтижелері таныстырылды.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиеваның айтуынша, 2016 жылдан бері Қор Тобының бірыңғай қайырымдылық операторы жалпы сомасы 124,1 млрд теңгені құрайтын 434 жобаны іске асырды. Аталған жобалар аясында 11,5 миллион адамға қамтылған.

Сонымен қатар 274 әлеуметтік-мәдени және білім беру нысаны пайдалануға берілді. Олардың қатарында 55 оңалту орталығы, 31 инклюзияны қолдау кабинеті, 19 спорт кешені, сондай-ақ музейлер, кітапханалар және көпфункционалды спорттық әрі ойын алаңдары бар.
👍15❤2
Иранның Сот билігі: Иранда наразылықтар кезінде тұтқындалғандардың ешбіріне рақымшылық жасалмайды!
🤬54🔥6🤔1😡1
Жаңа Конституцияның жобасы жалпыхалықтық дауыс беруге дайын, дейді саясаттанушы Марат Шибұтов.

Марат Шибұтов жаңа Конституцияға ұсынылған әрбір тұжырым Конституциялық комиссияда талқыланып, ашық қоғамдық бағамен ұштасып жатқанын баса айтты.

«Нәтижесінде, қазіргі кезеңде бізде бірлескен жұмыстың және әртүрлі сала мамандарының сан алуан көзқарастарының, тәжірибесі мен дүниетанымының нәтижесі болып табылатын жоба бар. Сондықтан Негізгі заң жобасы жалпыхалықтық дауыс беруге дайын деп есептеймін», - дейді Марат Шибұтов.
https://t.me/kazinform_news/91919
👎39❤1
💥 Украинаның 1 соққысы: Ресейдің -6 мың FPV-дроны...

Украина Ростовқа сериалық соққылар жасады. Нәтижесінде FPV-дрондар мен оның қосалқы бөлшектері тиелген 3 контейнердің көзі жойылған.

Сондай-ақ:

▪️Курскі облысында, Суджа маңайында Ресей әуе-десанттық әскерлерінің бөлімшесінің командалық пунктіне соққы жасалған. Коммуникациялар істен шығарылған;

▪️Ал Херсон облысының уақытша басып алынған аумағында, Новоулексиевка ауданында оқ-дәрі қоймасына соққы жасалған.
👍69🔥12❤6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ тағы бір ресейлік танкерді тұтқындады!

"Акила II" танкері президент Трамптың Кариб теңізіндегі санкцияланған кемелерге салған шектеуін бұзды. Ол қашуға әрекеттенді, біз оның ізіне түстік. Соғыс департаменті бұл кемені Кариб теңізінен Үнді мұхитына дейін бақылап жүріп, аңдыды. Ақыры тұтқындады", - деп мәлімдеді Пентагон.

"Aquila II" - Ресей мен Венесуэла мұнайын тасып келген танкер. 2025 жылдан бастап АҚШ пен ЕО санкциясына ілінген танкер.
👍68🔥8❤4👏3👎1