Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Конституция: Түпкілікті шешімді халық қабылдайды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір қоғамда жобасы талқыланып жатқан жаңа Конституцияға қатысты түпкілікті шешімді халық қабылдайтынын айтты.

"Жаңа Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге, әр азаматтың әлеуетін арттыруға жол ашады деп сенемін. Қалай десек те, Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады", – деп мәлімдеді Тоқаев сейсенбі күні Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент конституциялық реформаға байланысты азаматтармен байланыс желілері тиімді жұмыс істеді деп есептейді.

"Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы жағынан да, кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы комиссия құрамында шетел мамандары жоқ", – деді Тоқаев.
🤔14👍13🤡7❤3👻2👎1
Қауіпсіздік — ұран емес, өлшенетін нәтиже. 2025 жылғы World Justice Project дерегіне қарасақ, Қазақстан Тәртіп пен қауіпсіздік факторы бойынша 143 елдің арасынан 42-орынға шыққан екен.

Бұл рейтинг — полиция статистикасы немесе, әдемілеп жазылған құр есеп емес. Бұл — адамдардың көшеде өзін қаншалықты қауіпсіз сезінетіні туралы нақты баға!

Азаматтар көшеде қауіпсіз сезіне ме? Заң жұмыс істей ме Қоғамда тәртіп бар ма?

Осы сұрақтарға берілген халықаралық жауап — 42-орын! Ең бастысы — қауіпсіздік бар жерде даму бар!

https://worldjusticeproject.org/rule-of-law-index/global/2025/Kazakhstan/Order%20and%20Security/
👍22
Қамшыбек Ташиев барлық қызметтерінен босатылды дейді ақпарат көздері.

Ташиев Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылыпты.
🤔39👍8
ЕКІ ДОС ЕНДІ ДОС ЕМЕС ПЕ?

Қырғыз басшысы Садыр Жапаровтың ең сенімді серігі - Қамшыбек Ташиев еді. Сооронбай Жээнбековті биліктен кетірген қырғыз төңкерісінен кейін, дәл осы Ташиевтің көмегі түрмедегі Жапаровқа көп тиген. Ташиевтің арқасында Жапаров түрмеден шығып, Қырғыз Президенті болды. Осыдан соң, Қамшыбектің де қолындағы құзыреті ұлғайып, биліктің бірнеше тармағана бақылау жасай бастаған.

Күні бүгінге дейін Ташиев Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы һәм Қырғызстанның вице-премьері еді. Ықпалы тіпті, Жапаровтың өзінен асып түсті. Таластан Нарынға, Ош-Баткеннен Ыстық көлге дейін жұрт Жапаровтан емес, Қамшының қаһарынан қаймығатын.

Бүгін Жапаров сол Ташиевті барлық қызметінен босатыпты. Орнына Жұмғалбек Шабданбеков деген генералды тағайындап үлгеріпті.

Ең қызығы - кеше бір топ азамат Қырғызстанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы ашық ұсыныс жасаған. Содан бері жұрт "Қамшыбек сайлауға түсе ме?" дегенді ызу-қызу талқылап жатқан.

Бүгінгі ауыс-түйіске нақты осы жай себеп болды ма, басқасы ма, белгісіз. Бірақ, шексіз билік соңғы жылдары Қамшы мен Садырдың арасына сызат түсіре бастағаны өтірік емес.
Жапаров-Ташиев тандемі билікке келген тұста, Қырғыздың сақа саясаткері Өмірбек Текебаев: "Доссекретардан құтыла алмайсыз, Жапаров мырза!", - деп мәлімдеме жасаған еді. Бұл 2020 жыл болатын.

Қырғызстанда президент пен ГКНБ-ның басшысы арасында астыртын "күрес" жүріп жатқаны осыған дейін де жазылған.
Былтыр "Intelligence Online" басылымы: "Путин өзінің әріптесі Садыр Жапаровтан гөрі, Қамшыбек Ташиевпен жұмыс жасағанды қолай көреді. Қырғыз ҰҚҚ бастығы қазірдің өзінде (де-факто) Президенттің көлеңкесінде жүріп, бірқатар стратегиялық шешімдерді бақылауда ұстап отыр. Ташиев 2027 жылғы президенттік сайлауды назардан тыс қалдырмай, билік тетіктеріне өз бақылауын күшейтуде", - деп жазған.

Ол кезде Жапаров та, Ташиев те бұл әңгімені терістеп, мәлімдемелер жасаған.

Ал кешегі кезектен тыс сайлау туралы ұсыныстан кейін Қырғыз депутаттары да: "Ташиевтің сайлауға түсу құқы бар", - деп сөйлеп жатты...

Не де болса, Қамшыбекті барлық қызметінен бір күнде алу - бекерден-бекер емес...
🤔22❤13👍5💯3🔥1
💥Қырғыз Президентінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады⤵️
❤4👍2
Президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов:

«Президент Садыр Нұрғожоұлы «...бұл шешімді мемлекетіміздің мүддесі үшін, қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік органдар арасындағы бөлінудің алдын алу мақсатында, керісінше, бірлікті нығайту мақсатында қабылдады» дегенде, Камчыбек Қыдыршаұлының атын атап айтпаған.

Ол Бекболот Талғарбеков, Эмильбек Ұзақбаев және басқа да тұлғаларды айтып отыр, олар Камчыбек Ташиевтің атын пайдаланып, парламент депутаттарынан бастап қоғам қайраткерлері мен зиялы қауымға дейін кең ауқымды адамдарды шақырып, оларды «Генералдың жағына шығыңыз, мынаған қол қойыңыз, мынаған шыдайық, анаған шыдайық» және тағы басқа әрекеттер жасауға итермелеген. Осылайша, олар теріс жағдайдың туындауына, соның ішінде Парламент сияқты мемлекеттік органдарда жауапты лауазымдарды атқаратын адамдардың арасында жағдай жасады.

Менің журналистерге берген түсініктемемнің бұрмаланғанын немесе дұрыс түсінілмегенін ескере отырып, мен нақтылау жасау қажет деп санаймын», - деді.
🤔13❤3
💥Қамшыбек Ташиев бірнеше күн бұрын Қырғызстаннан Германияға емделуге кеткен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жүрегінің ауырсынуына шағымданған. Өзінің отставкасы туралы Германияда жатып естіген!
❤14🤔12
💥Жоғарғы Кеңесінің спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы Түркияға жұмыс сапарынан оралғаннан кейін қызметінен босатылуы мүмкін.

Әзірге ресми ақпарат жоқ.
😁14🤔6❤1
‼️Қырғызстаннан жеткен эксклюзив ақпарат: Ош қаласының басшысы Жеңісбек Тоқтарбаев қызметінен алынады.

Ол Қамшыбек Ташиевтің командаласы саналады. Екеуінің туған жері де бір - Жалал-Абад облысы.
👍22🤔15
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Белгілі қаламгер, бүгінгі қазақ көркемсөзінің көрнекті өкілдерінің бірі Дәурен Қуаттың жақында жарық көрген «Пермедегі Пигмалион» әңгімесі ұлттық әдебиетіміздің қан тамыры қазіргі заман тынысымен қатар соғып, қоғам өмірінің көпшілікке мәлім сыртқы құбылыстарымен қатар, әркімге көріне бермейтін қалтарыс-бұлтарыстарына дейін қалт жібермей қадағалап отырғанын, қырағы күзетшідей қорғаумен бірге, шығарманы қалың оқырманға ұсыну арқылы кейбір көлеңекелі, қатерлі тұстардан сақтандыруды, өмір талабына қарай өзгеше шешім қабылдауға бағдар беріп келе жатқанын аңғартады.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211634
👏20
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Орыс суретшісі Федор Решетниковтың «Тағы да екілік алдың ба?» атты атақты картинасы бар. Мектептен келген баланың әбден ұнжырғасы түскен, оған үйде жұмыс жасап отырған анасы үйреншікті ренішпен, пионер галстугін таққан апасы жақтырмай, кішкентай інісі әлі де не боп жатқанын түсінбей, қарайды, тек балаға адал, оның мектепте алған бағаларымен еш шатағы жоқ ит қана қуана қарсы алып жатыр.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211651
👍22😁5
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазіргі әлемдік саясатта ядролық қару факторы қайтадан алдыңғы қатарға шықты. Қауіпсіздік архитектурасы әлсіреп, геосаяси сенім азайған тұста ядролық державалар арасындағы бәсеке күшейіп, ал ядролық қаруы жоқ елдер үшін бұл құралға ие болу стратегиялық арманға айнала бастады.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7674
👍15🤔4👏2
Ресейден қуылған Сабыров Қазақстанда сотталуы мүмкін...

Атышулы әзілкеш Нұрлан Сабыров тағы да дау ортасында. Күні кеше Мәскеуге кіре алмай, елге қайтып келген комик ресейлік баскесерлерге қолдау білдіргені үшін ұзақ жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Танымал заңгер Бауыржан Оңғаровтың мәлім еткеніндей, Сабыровқа қатысты Қылмыстық кодекстің «жалдамалы жендеттік» туралы 170-бап 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Бұл бап бойынша айыпталушыға 7 жылдан 12 жылға дейінгі аралықта жаза тағайындалады. Заңгердің айтуынша, ресейлік «Уағнер» жеке әскери жасағына қаржылай және материалды қолдау көрсеткен Сабыровтың әрекеті әлгі баптың талабына толық сәйкес келеді әрі қылмысы толық дәлелденген.

Жақында әлемжеліде Сабыровтың Украин жерінде небір зұлымдық жасаған «Уағнер Истра» жасақтарына 10 мотоцикл сыйлаған сәті тарап кеткен еді. Бұдан бөлек комик соғысқа арналған қорға 2 млн рүбл аударған. Тіпті әлгілерге «жеңіспен оралуды» тілеген сәті де анық көрінеді.
👍59😁5❤3
Шетелдік блогерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды...

Қазақстандық қыздарды бәдік сөзбен қорлаған шетелдік блогерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

«Оларға (қазақ әйелдері мен қыздарын қорлаған блогерлер) ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен бірге, біздің полиция, атап айтқанда Ішкі істер министрлігі 174-бап – ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша тергеу жүргізіп жатыр», - деді Қойгелдиев.
👍84😁3
Forwarded from Mezgil.kz
‼Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Аөорданың баспасөз қызметі хабарлады.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7678
🤔15👎8
РЕФЕРЕНДУМ

Сөйтіп Қазақстан қоғамы ызу-қызу талқылаған Конституциялық комиссия жұмысын аяқтап, Президентке есеп берді. Жаңа Конституция жобасы ұсынылды.

Конституциялық комиссия төрағасы Эльвира Әзімова бастап, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Президент көмекшісі Ержан Жиенбаевтар Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берді.

Күні бүгінге дейін Конституциялық комиссияның 12 отырысы өткен екен. Нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленген.

Әзімованың айтуынша, былтыр қазан айынан бастап eGov және e-Otinish порталдарына азаматтар мен қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар тарапынан мыңдаған ұсыныс жолданған.
Мемлекет басшысы өз кезегінде Конституциялық комиссияның жұмысына оң баға беріп, атқарылған ауқымды жұмыстарды қорытындылады.

Президент: «Жаңа Конституция ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау үдерісі толығымен аяқталып, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетінін көрсетеді», - деді.

Сөйтіп, Президент Жарлығы бойынша республикалық референдум 2026 жылдың 15 наурызы күні өтетін болып бекітілді. Онда: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылады.

Ал Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады.

Айта кететін жайт – жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы өзекті құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындап қана қоймай, Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтын болады. Бұл ретте қоғам белсенділігін басты назарға алған әділетті. Өйткені, бұл жолы Конституциялық комиссия жұмысына Қазақстан қоғамы сергек қарап, мыңдаған ұсыныстарын білдірді.
🤮32❤7👍7👏2🤔1
Зеленский бүйдеді:

— Егер Ресей дайын болса, келер сейсенбі немесе сәрсенбі АҚШ-та келіссөз өткізуге дайынбыз, - деді.


Талқыланатын басты тақырып — территория! Әңгіме АҚШ ұсынған Донецкі облысында арнайы экономикалық аймақ құру утралы болып отыр.

— Қазір бірде-бір тарап еркін экономикалық аймақ құру идеясын толық қолдап отырған жоқ. Ресейліктер де, біз де! Бұл мәселеде әрқайсымыздың көзқарасымыз әртүрлі, - деді Зеленский.


Ол: "Егер Украина территориясы туралы айтатын болсақ, онда Украина оны басқаруы керек", - деп қосты. Ол сонымен қатар Трамп әкімшілігі барлық құжаттарға бір уақытта қол қойғысы келетінін айтты.

БАӘ-дегі соңғы келіссөздер атысты тоқтату тетіктері мен АҚШ басшылығындағы ықтимал бақылауға арналған. Алайда тараптар шарттарды басқаша тұжырымдап, түпкілікті келісімге қол жеткізілген жоқ.

Зекленский өз сөзінде кез келген бейбіт келісім Парламентпен немесе жалпыхалықтық референдуммен мақұлдануы тиіс дегенді қадап айтты.
👍57❤5👎3
Usbanov ARNASY
💥Жоғарғы Кеңесінің спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы Түркияға жұмыс сапарынан оралғаннан кейін қызметінен босатылуы мүмкін. Әзірге ресми ақпарат жоқ.
💥Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы отставкаға кетті!

Жапаров тазартуды қызу жасап жатыр…
🤔36❤2
Ресейде WhatsApp пен YouTube толықтай шектелді!

Қазір ресейліктер бұл платформаларды VPN-сіз қолдана алмайды.
👍47😁14❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7681
🤔12🤮8👍7