💥Бұл Ливан. Бейрут маңы. Израиль соққысынан кейін…
🤬24🔥4❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ИРСК генералы Ормуз бұғазындағы кемелерді суға батыратынын айтып қоқан-лоққы көрсетті!
«Ормуз бұғазы жабылды. Ол жерден өтпек болған кез келген кемені ИРСК (КСИР) әскери-теңіз күштері мен армиясының жанқияр қаһармандары өртеп жібереді. Бұл аймаққа келмеңіздер.
Біз сондай-ақ аймақтағы олардың құбырларына соққы береміз және оларды тығырыққа тіреу үшін бұл өңірден мұнай экспорттауға жол бермейміз», — деп мәлімдеді ИРСК генералы Сардар Джабари.

👍61🤣21❤5👎4
АҚШ Иранмен келісімге келу мүмкін емес деп тапты!
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф екінші кездесуден кейін-ақ Иранмен мәмілеге келу мүмкін емес деген қорытынды жасалғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша:
Келіссөздер барысында Иран тарапы 60%-ға дейін байытылған 460 кг ураны бар екенін жасырмаған, тіпті мұны мақтанышпен жеткізген.
Бұл көрсеткіш 11 ядролық бомба жасауға жеткілікті екені айтылды.
Келіссөздердің үшінші кезеңі «соңғы талпыныс» болғанымен, ешқандай нәтиже бермеді.

👍32❤5🖕5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Израиль Ливанда "Хезболлаға" қарсы жерүсті операциясын жүргізіп жатыр...
👍30👎9❤2
Иран бүгін БАӘ-нің мұнай инфрақұрылымын шабуылдады.
👍28👎4❤3🔥3
Парсы шығанағы елдері Америка-Израиль әскери операциясы басталғаннан бері Иран тарапынан атылған барлығы 518 баллистикалық зымыранды және 1129 ұшқышсыз ұшақты (дрон) қағып түсірді:
Кувейт: 178 баллистикалық зымыран мен 384 дронды жойды.
БАӘ (Біріккен Араб Әмірліктері): Иран ұшырған 182 зымыранның 169-ын қағып түсірді. Жойылмаған зымырандар теңізге құлады. Сондай-ақ, Әмірліктер 645 дронды атып түсірді, тағы 44 дрон ел аумағына соққы жасап үлгерді.
Бахрейн: Ел аспанында 70 зымыран мен 76 дронды құлатты.
Катар: Тіркелген 104 зымыранның 101-ін, 39 дронның 24-ін қағып түсірді, сонымен қатар Иранның екі Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірді.

👍34👎11❤3
АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы елшілігіне шабуыл жасалды!
Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің өкілі Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне екі ұшқышсыз ұшақпен (дрон) шабуыл жасалғанын хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, шағын өрт шығып, ғимаратқа болмашы зақым келген.
АҚШ Мемлекеттік департаменті қауіпсіздікке төнген елеулі қатерлерге байланысты өз азаматтарын Таяу Шығыстың бірқатар елдерінен тез арада шығып кетуге шақырды.
Елшілік сонымен қатар жоспарланған барлық кездесулердің тоқтатылғанын ескертіп, американдықтарға дипломатиялық миссияға барудан уақытша бас тартуды ұсынды.

🤔14🔥4❤2
Forwarded from Mezgil.kz
Қырғызстанға санкция салынбақ…
Құжаттарда Қырғызстанның ЕО-дан кей тауар түрін сатып алуы 800 пайызға артқаны көрсетіледі. Ал Ресейге тауар сатуы 1200 пайызға артқан. Сарапшылар бұл пайыздарға қарап, «Қырғызстан Еуропадан тауар алып, оны Ресейге жөнелтіп отыр» деп санайды.
Толығырақ⬇️
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7775

mezgil.kz
ЕО Қырғызстанға санкция салмақ: Соттасамыз! Дауласамыз!
ЕО билігі Қырғызстанға санкция салатын болса, Бішкек бұл шешімді сот арқылы даулауға н
👍45🤔7❤4👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бүгін YouTube-тағы Usbanov ARNASY каналында “Халық үні” бақылаушылары батыл-батыл әңгіме өрбіттік. Елдегі сайлаулар мен референдумдардағы дауыс бұрмалаушылықтар жайлы, бармақ басты, көз қыстылықтар жайлы, түрлі құйтырқылықтар жайлы айтып, бақылаушылық институттың маңыздылығына тоқталдық.
Тәуелсіз бақылаушылар - әрбір бюллетендегі әрбір дауыстың шын қорғаушылары. Ал “Халық үні” бақылаушылары сақадай сайланып отыр…

👍32👎6❤2🥱2🤡1
The Times: Британия Кипрдегі базасын қорғау үшін эсминец жібермек!
Британия Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аясында атқылауға ұшыраған Кипрдегі «Акротири» әскери базасын қорғау үшін Жерорта теңізіне әскери кеме жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Times басылымы хабарлады. Сөз британдық арсеналдағы баллистикалық зымырандарды атып түсіруге қабілетті жалғыз кеме — HMS Duncan эсминецін жіберу туралы болып отыр.

👍28👎5❤2
Financial Times: Израиль Хаменеиге қарсы операция дайындау барысында Тегерандағы бақылау камераларын бұзып кірген!
Financial Times басылымының мәліметінше, қалалық бейнебақылау жүйелері арқылы ирандық шенеуніктердің күзетшілері мен жеке жүргізушілерінің бағыт-бағдарлары бақыланған.
Сондай-ақ, операция алдында шабуыл жасалған аймақтың маңындағы бірнеше мобильді мұнараның (вышка) жұмысы істен шыққаны хабарланды.

👍33👎2😱2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Израиль Теһеранды бүгін де бомбалап жатыр...
❤18👍13👎5
Тек бейтараптық — ҚР СІМ Қазақстанның Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты ұстанымын айқындады!
Біздің ел бұл қақтығыста ешқандай жақтың сойылын соғуға ниетті емес, ол өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципін ұстанады.
Мұны Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев растады. Ол Астананың ұстанымы өзгеріссіз қалатынын атап өтті: ел Иранды да, шабуылға ұшыраған мемлекеттерді де қолдамайды.
Қазақстан жағдайдың ушығуына қарсы және кез келген әскери қақтығыстың алдын алу керек, ал егер ол басталып кетсе — тек дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санайды.
Келіссөз алаңын ұсыну мүмкіндігі туралы сұрақ қойылғанда, шенеунік Қазақстанның күрделі халықаралық қақтығыстарда делдалдық ету тәжірибесі бар екенін еске салды.
Дегенмен, әзірге мұндай сипаттағы (келіссөз алаңы туралы) ресми өтініштер түскен жоқ. Бірақ Қазақстан, егер расымен де өтініш түссе, бұл сұранысты қарастыруға дайын.

😁13👍12❤3
Forwarded from PARANOIA.KZ
БАҚ: Иранның саяси кеңесінің 88 делегаты жаңа саяси басшылықты анықтау үшін дауыс беріп жатқан сәтте, ғимаратқа соққы жасалған.
👍29❤7👎7🔥2