УКРАИНАНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖОРЫҒЫ...
Украина жауап соққыларын арттыруда. Түнде Рязаньдағы «Яндекстің» дата орталығы соққы астында қалды. Соққы жеген дата орталық қызметін тоқтатты.
Ал бұл соққыдан соң ресейлік қолданушылар жаппай шағым жасауда. Бірі қаржысын аудара алмаса, енді бірі сайтқа кіре алмаған. Биржада «Яндекстің» акциялары қазір құлдырауда...
Бұл дата орталық – Рязан облысындағы Сасово қаласында орналасқан екен. Жалпы Ресейде мұндай коммерциялық дата орталықтардың саны 250-ден асады. Тағы 42-сі әлі салынып жатыр екен.
Дата центр дегеніңіз - түрлі серверлер мен желілік құрылғыларды орналастыруға арналған арнайы ғимарат. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл - сайттардың, мобильді қосымшалардың, банк жүйелерінің және сервистердің «үйі».
Ал «Яндекстің» деректер орталығы — бұл компанияның мыңдаған серверлері, деректерді сақтау жүйелері мен желілік құрылғылары орналасқан арнайы жоғары технологиялық ғимараттар кешені. «Яндекстің» Ресейде мұндай орталықтары аз емес. Ең ірілері – осы Сасоводағы кешен. Сосын Владимир облысы мен Мәскеу түбінде орналасқан орталықтар.
Украина енді «Wildberries» пен «Ozon-нан» соң дата орталықтарды нысанаға мықтап алғанға ұқсайды...

👍40❤20🔥5😁2🤔1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Еуропа елдері азаматтарының өмірін қиюы мүмкін ауқымды гибридті шабуыл сценариіне қатысты жабық режимде қызу талқылаулар жүргізіп жатыр. Politico басылымының мәліметінше, бұл қауіп қазір теориялық болжам емес, нақты ықтималдық ретінде қарастырылуда.
⬇Толық: https://abai.kz/post/223929
⬇Толық: https://abai.kz/post/223929
abai.kz
Гибридті қатерлер дәуірі: Еуропа мен Ресей соғыса ма?
🤔13👍1
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғыс бастау туралы шешімі жаһандық күштер тепе-теңдігіндегі түбегейлі бетбұрыс кезеңге айналды десек әсте артық айтпаймыз. Бұл тек Американың ғана емес, Қытайдың да әлсіреп жатқанын көрсетіп отыр.
▪ҚЫТАЙДЫҢ ЕКІҰДАЙ ЖАҒДАЙЫ...
▪ЕУРОПАНЫҢ ГЕОСАЯСИ «ҰЙҚЫСЫ»
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9077

mezgil.kz
Әлсіреген державалар дәуірі: Соғыс жаһандық саясатты қалай өзгертіп жатыр?
👍18🤔2❤1
ЕО үміткер елдерді қабылдау тәртібін өзгертеді...
Еуроодақ қилы кезеңге тап келсе де, қатарын көбейтіп, құрамын ұлғайтуға әзір. Брюссель келіссөздердің аралық кезеңдерін жылдамдатуды және үміткер елдерді ұйымның кейбір бағдарламаларына ертерек қосуды көздейді.
Қазіргі тәртіпке сәйкес Еуроодақ кеңейгісі келсе, 27 мемлекеттің барлығының келісімін алуы қажет. Ұйымға мүшелікке үміткер ел шамамен 150 кезеңнен тұратын тексеруден өтеді. Еурокомиссия талаптардың бір бөлігін жеңілдетіп, шешімді көпшілік дауыспен жылдам қабылдау тәртібін ұсынып отыр.

👍42🤔2❤1
Соғыстағы Қазақстан азаматтары: ҚР СІМ не дейді?
14 қазақстандық соғыс аймағынан елшілікке жеткізілді ме: СІМ ресми мәлімдеме жасады...
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған 14 отандасымыздың соғыс аймағынан елшілікке жеткізілгені туралы ақпаратты ресми түрде теріске шығарды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
Бұған дейін желіде 8 қазан күні Қазақстан азаматтары еліміздің Ресейдегі елшілігіне жеткізіледі деген хабарламалар тараған болатын.
Ведомство өкілі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол отандастарымызды елге қайтару бойынша Ресей тарапымен келіссөздер әлі де жалғасып жатқанын және бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында тұрғанын нақтылады.

😁10❤9🤬8👎2🤔1
Қырғызстанда экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы сотталды...
Бішкектің Бірінші мамыр аудандық соты бұқаралық тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталған «социал-демократтар» ісі бойынша үкім шығарды:
Темірлан Сұлтанбеков — 7 жылға бас бостандығынан айырылды;
Қадыр Атамбаев — 4 жылға сотталды;
Абдурахим Абдрахманов — 8 жылға бас бостандығынан айырылды (бұған дейін ол Аламүдүн аудандық сотымен алаяқтық ісі бойынша сотталған болатын).
Эрмек Эрматовқа қатысты айыптау бабы қайта сараланып, оған пробациялық бақылау белгіленді және сот залынан босатылды.
Қубанычбек Кадыров толықтай ақталды.
Қазақстан азаматы Серикбай Кабыланбек жаза мерзімін өтеуіне байланысты сот залынан босатылып, одан кейін оны Қырғызстан аумағынан мәжбүрлеп шығару (депортациялау) туралы шешім қабылданды.

😁18❤4👎3😐1
Суға батпас Суровикин қайта шықты...
Өткен аптада Ресей Киевтің көпірлерін тоқтаусыз соққылады.
1-2 қазанда оңтүстік көпірге кемі 4-5 мәрте соққы тиген. Ал солтүстік көпірге 3 қазанда соққы жасалды.
Сол кезде Зеленский: "Олар Киевте дүрбелең тудыру үшін көпірлерді соққылауда. Ресей әуелі біздің сауда орталықтарымызды соққылады. Біз Wildberries пен Ozon-ды соғып, жауабын дереу бердік. Енді олар бұл соққылары үшін біз жауап бере алмайды деп ойлай ма?", - деген еді.
Кеше "The Telegraph" басылымы: "Путин Киев көпірлеріне шабуыл жасау үшін Суровикинге жүгінген", - деп жазыпты...
Мақалада майдандағы дағдарысқа тап болған Путинге өзгерістер қажет екені, сол себепті ол бейбіт тұрғындарға қарсы террор тактикасына қайта-қайта оралып жатқаны атап өтіледі.
Бұл тапсырманы орындауға мыңдаған бейбіт тұрғынды өлтіріп, Сирияның Алеппо қаласын жермен-жексен еткен "Генерал Армагеддон" лақап аты бар генерал Сергей Суровикин тартылғаны айтылады.
Сириядағы соғыстағыдай, бұл жерде де Мәскеудің есебі - бейбіт тұрғындарға шабуылдау арқылы өз үкіметінен соғысты тоқтатуды талап етуге мәжбүрлеу. Алайда бұл тактика Сирияда сәтсіздікке ұшырады, Украинада да іске аспауы әбден мүмкін.
БАҚ мәліметінше, ол "Вагнер" басшысы Пригожиннің бүлігінен кейін тұтқындалған. Кейін Әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылған. Яғни, ол биліктің кәріне ұшырап, оқшауланған еді. Енді қайта шықты деп жатыр..

💩28👍5🔥2
Трамп Путинді туған күнімен құттықтаудан бас тартты…
Уәде етілген қоңырау шалынған жоқ.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинді туған күнімен құттықтаған жоқ, ал лидерлердің арасында 7 қазанда өтуі тиіс телефон арқылы әңгімелесу болмады.
Бұл туралы Ресейдің ТАСС пропагандалық агенттігіне сілтеме жасап, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

👍39🤣17😁2❤1🤔1
Нобельдің бейбітшілік сыйлығы үндістандық құқық қорғаушы Нави Пиллэйге берілді!
Норвегиялық Нобель комитеті оны «бейбітшілік пен халықаралық құқықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» марапаттау туралы шешім қабылдады.
Пиллэй Нельсон Манделаны және басқа да күрескерлерді қорғаған, сондай-ақ қазіргі заманның ең маңызды халықаралық сот процестерінде судья болып қызмет атқарған.
«Нави Пиллэй мемлекеттер мен олардың басшыларын жауапкершілікке шақырып, зорлық-зомбылық пен қақтығыстардан зардап шеккендерге үміт сыйлады. Ол атқарған барлық лауазымдарында жеке тұлғалардың да, мемлекеттердің де құқық үстемдігі қағидаттарын сақтау міндетін үнемі атап өтіп отырды», — делінген мәлімдемеде.

👍36❤3😁2
Америкалық «USS Abraham Lincoln» авианосеці 321 күндік жорықтан кейін өз базасына оралды...
Кеменің қондырмасына Иранмен соғыс кезінде жойылған нысандар туралы белгілер соғылған.
«Эпикалық қаһар» операциясы және Иран порттарын бұғаттау барысында авианосецтің соққы беруші тобы 3 693 жауынгерлік ұшу орындап, 450 «Tomahawk» қанатты зымыранын ұшырған. Сондай-ақ портқа кірместен қатарынан рекордтық 264 күн бойы теңізде болған.

👍23😁13❤3💩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Зеленский Омбы мен Ухтадағы МӨЗ-дерге жасалған соққылар жайлы егжей-тегжейлі айтып берді...
Украина қорғаныс күштері ақырғы екі күнде Ресейдегі 2 МӨЗ-ге дөп соққылар жасады. Кешелі бүгін Украина шекарасынан 1900 шақырым жерде орналасқан Коми Республикасындағы Ухта мұнай өңдеу зауытын және Омбыдағы мұнай өңдеу зауытын дәл соғып, істен шығарған болады.
Зеленскийдің айтуынша, Ухтадағы нысанаға қашықтығы 2500 шақырымға жететін «Ан-196 RS» дрондарымен соққы берілген, ал Омбы МӨЗ-іне «FP-6» қолданылған. Бұлар - Украинаның өз өндірісі.

«Ресейдің Украинаға жасаған соққыларына жауап беруді жалғастырып жатырмыз және мұны дәл орындаймыз. Сонымен қатар кезекті дата-орталық жойылды — бұл біздің жауабымыз» — деді Зеленский.
👍48❤5
Рубио: Ресей мен Украина арасындағы соғыс тығырыққа тірелді!
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресей-Украина соғысы өте қауіпті кезеңге өткенін, өйткені бұл тығырықтан шығудың тек екі жолы бар екенін айтты.
Біріншісі — келіссөздер жүргізу керек. Бұл жағдайда бейбітшілікке қол жеткізу үшін «әр тарап белгілі бір шегініс жасауға мәжбүр болады».
Екіншісі — тығырықтан шығу үшін қарсыласты тықсыру мақсатындағы эскалация (шиеленісті арттыру).
Ол екінші сценарийдің де ерекше қауіпті екенін атап өтті.
Сондай-ақ АҚШ бейбітшілікке ықпал етуге дайын екенін, бірақ «егер нәтижеге қол жеткізе алмаса, бос әурешілікке түспейтіні, артық күш жұмсамайтынын» жеткізді.

🤔25❤3🤣1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ғалымдардың болжамынша, бүгін кешкі сағат 18.00-ден кейін Жерде магниттік дауыл басталады...
Күннен ғаламшарымызға қарай плазманың үш бұлты бағыт алған — олардың алғашқысы дәл күннің екінші жартысында жетеді.

🤔27👏3