Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Қазақстандағы “Яндекс” те морт сынды…

Ресейдің Владимир қаласындағы дата орталыққа жасалған дөп соққыдан соң, Қазақстанда да “Яндекс” қуып кетті. Мұны “Яндекстің” өзі де мойындап, түсіндірме жасады:

“Өкінішке қарай, қазір кейбір сервистер дұрыс істемеуі немесе уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Өндірістік тобымыз қызметтерді мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіріп, пайдаланушыларымыз бен серіктестерімізге қайта көмек көрсету үшін жұмыс істеп жатыр”, - деп мәлімдеді “Яндекс Go Қазақстанның” баспасөз қызметі.

Компания өкілдері технологиялық сервистердің жұмысы әртүрлі елде орналасқан есептеу инфрақұрылымына байланысты екенін айтады. Соған байланысты, олардың бір компонентіндегі ақау басқа өңірлердегі кейбір функциялардың қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, “Яндекс Go Қазақстан” компания заңнама талаптарын толық сақтайтынын және қазақстандық пайдаланушылардың деректері Қазақстан аумағындағы серверлерде сақталатынын хабарлады.
😁32👍17❤2😡2
Ал мынау сол - Владимирдегі дата орталыққа жасалған соққының видеосы…
❤34🔥13👏9👍2
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келгенін жариялады: “Енді бітімді бұзбаңдар!”, - деп жазды.

Трамп қос тарап та бітімге келіскенін айтты…
🤮37😁15🤡6❤1
Зеленский Трампқа жауап берді:

▪️Президент Трампқа деген бар құрметіммен айтайын - қандай да бір лидерді таңдау - біздің халқымыздың, қоғамымыздың ішкі шаруасы. Иә, біз соғыс жағдайындамыз. Мұндай кезде сайлау өткізу қиынның қиыны. Тіпті, қауіпті іс. Бұл біздің конституциямызға қайшы келеді. Бізде қазір тіпті сайлау өткізетін жөнді инфрақұрылым да жоқ. Сондықтан, кімде қашан сайлайтынын Украина халқы өзі шешіп алады. Ал шынына келгенде Украина халқы қазір Украина президенті емес, Ресей президенті ауысқанын қалап отыр, - деді.
🔥70👍45🤡1
МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ НЕ ҮШІН МАҢЫЗДЫ?

Сонымен, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет және Құрылтай төрағаларын жиып, кеңес өткізді. Талқыланған басты мәселе – Мәслихаттардың өкілеттігі.

Президент барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқыға салды.
Конституцияның 9-шы бөлімі «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару» деп аталады. Сол бөлімнің 88 бабының 5-ші тармағында: «Мәслихаттардың өкілеттігін ҚР Президенті Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультация (кеңес) жүргізгеннен кейін мерзімінен бұрын тоқтатады», - деп анық жазылған.

Президент бүгін сол бапқа, сол тармаққа сүйенді. Олжас Бектенов те, Айбек Дәдебай да бірауызды болды. Сөйтіп, Президент Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты.

Жалпы Мәслихаттардың өкілеттігін тоқтатуға негіз көп. Солардың ең бастысы – депутаттық корпустағы елеулі өзгерістер (бір палаталы жүйеге көшу және Халық Кеңесінің құрылуы) және партиялардың ребрендингі (Аманат партиясының Әділет партиясына қосылуы).

Президент Мәслихаттар сайлауын өткізу керектігі туралы қыркүйек айында айтқан еді: «Қазіргі кезеңде біз жергілікті өкілді органдардың, яғни мәслихаттардың сайлауын өткізуіміз қажет. Мәслихат депутаттарының өкілеттігі Конституцияда және тиісті заңдарда айқындалған мерзімге дейін сақталады. Дегенмен олардың көпшілігі «Amanat» партиясының атынан сайланды. Бүгінде бұл саяси ұйым «Әділет» партиясына қосылып, өз қызметін тоқтатты. Жақында тиісті заңнамалық рәсімдер аяқталады. Сол кезде мәслихат депутаттарының басым бөлігінің қызметінің заңдылығына қатысты мәселе туындайды», - деген болатын.

Шын мәнінде, мемлекеттік басқару жүйесі заман талабына сай жаңартылып отыруы қалыпты құбылыс. Мәслихаттар – күшке ие. Олар аймақтағы жұртшылықтың мүддесін қорғаушылар. Жергілікті бюджеттерді бекітетін де – мәслихаттар. Бір сөзбен айтқанда, аймақтардың тыныс-тіршілігіне, қалаларды, ауыл-аудандарды дамыту ісіне тікелей жауаптылар. Сондықтан да, бізге бұл өкілетті органның заңға сай жұмыс істеуі, ксәби болуы және жұмыскер болуы маңызды.

Нұргелді Әбдіғаниұлы
🤔8👍4👎2
Forwarded from Mezgil.kz
Трамп тыпырши бастады. Сауалнамалар не дейді? Дональдтың жағдайы мәз емес…

Конгресс сайлауы келе жатыр. Республикалықтар жеңіліп, Трампқа импичмент жариялана ма?

АҚШ қанша дизель өндіреді? Ресейдің жанармайы бағаны түсіре ме? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9094
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29🤔1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Нави Пиллай кім?

▪2026 жылғы Нобель сыйлығы алты бағыт бойынша беріледі: физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет, Бейбітшілік сыйлығы және экономика. Нобель сыйлығының лауреаттары қазан айында әр бағыт бойынша жеке-жеке жарияланады.


⬇Толық: https://abai.kz/post/224063
🤔8❤3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Түркіменстан астанасы Ашхабадта өткен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде Иран Президенті Масуд Пезешкианның «ТМД+1» форматын құру туралы бастамасы — кейінгі жылдары посткеңестік кеңістік төңірегінде орын алған ең маңызды геосаяси жаңалықтардың бірі. Пезешкианның бұл саммитке арнайы қонақ ретінде қатысқан алғашқы Иран лидері болуының өзі Орталық Еуразиядағы күштер балансының қайта қаралып жатқанын аңғартады.

▪ТЕГЕРАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЕСЕБІ
▪«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ХАБ» ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА
▪«СОЛТҮСТІК — ОҢТҮСТІК» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК ДӘЛІЗІ

⬇Толық:
https://abai.kz/post/224066
🤮19👍4👎2❤1🤔1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Әлгінде, Ресейден оба шығып, әлем жұрты бір дүрлікті. Ресейдің өзі тән алмай, терістеуге тырысқанымен, дүрлікпе әңгіменің дуылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына дейін жетті...

▪РЕСЕЙДЕГІ ОБА ЖӘНЕ КАРАНТИН
▪БОЛЖАМ: РЕСЕЙ ҚАУІПТІ ҚАРУДЫ СЫНАП, ОБА СОДАН ТАРАҒАН...
▪ОБА – ҚАРА ӨЛІМ...
▪XXI СТАТИСТИКАСЫ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9097
🤬21🤔1
Әзербайжандағы дау:

Баку билігі биылдан бастап мектеп оқушыларына арналған біріңғай форманы міндеттеген.

Бұл бойынша - оқушылардың мектепке еркін формамен немесе діни киіммен келуіне тыйым салынған.

Бұл шешім кейбір ата-аналардың қарсылығын тудыруда. Ата-аналар: "қыздарымыз мектепке хиджабпен баруға рұқсат етілсін", - деп талап қоюда. Кешелі-бүгін ата-аналар мектептерге басып кірген. Мектептің мүлкін қиратып, есік пен терезесін сындырып, мұғалімдерді жағадан алған. Қазір 40-қа жуық адам ұсталып, іс қозғалған.
👍21😁10👏2
Ресей мойындауға мәжбүр болды...

Ресейдің Цифрландыру министрі Шадаев «Яндекстің» дата-орталықтарына жасалған шабуылдың ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған деңгейде өткенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Қорғаныс министрлігі нысандарды қорғау мәселелерін шешіп жатыр, сондай-ақ компанияға көмектесуге бүкіл сала өкілдері атысалысқан.

Сонымен қатар, ресейлік пайдаланушылар «Яндекс» сервистерінің жұмысында іркілістер болып жатқанын хабарлауда. Мәселелер «Яндекс Пэй» төлем сервисінде, «Яндекс Почтада», «Яндекс Телемост», «Яндекс Go», «Яндекс Про» қосымшаларында, сондай-ақ «Аптека.Ру» және «Вкусно - и точка» қолданбаларында байқалуда. Бұл ретте «Яндекс» іздеу жүйесі өз жұмысын қайта қалпына келтірді.
🤣34❤5👍3
Хуситтер шабуылы...

Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежай белгілі бір уақытқа дейін жабық болады...

Бұл туралы Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасы мәлімдеді.
😁12👍8❤1
Украинаның СІМ бастығы Сибига: Ресейдің өзіне де, сөзіне де сенім жоқ!

- Украина энергетикалық бітімге дайын. Бірақ, Ресейге сенім жоқ. Ешкім Путиннің құр сөзіне сенбеуі керек. Сөз - зымыранды тоқтатпайды. Шешімгерлік қана тоқтатады. Сондықтан, Путиннің сөзіне емес, ісіне қарау керек, - деді.
💯58❤2👏2🙏1
Саудияға соққы: Қазақстан шабуылды айыптады!

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған әрі адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптайды.

Мұндай шабуылдар халықаралық құқық нормаларын бұзады. Оларға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды.

Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді.

Шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырамыз.

Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растайды.
🤡16👍12😁4❤1
ЕО Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакетін бекітті!

ЕО елдерінің Сыртқы істер министрлері Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне бағытталған санкциялық тізімге 1600-ге жуық жаңа позицияны енгізуді бекітті, деп хабарлады Х әлеуметтік желісінде Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас.

Оның айтуынша, бұл — соғыс басталғаннан бергі санкциялар тізімінің ең ауқымды кеңеюі.

Позициялардың жартысынан астамы баллистикалық зымырандардың өндірістік тізбегімен байланысты.

«Біз Ресейдің украиндарды өлтіру үшін пайдаланатын қару-жарақты өндіруін айтарлықтай қиындатамыз, баяулатамыз және қымбаттатамыз», — деп атап өтті Каллас.
👍49🤔1
Трамп: Менікі - тек Америка мүддесі!

АҚШ президенті солай деді. Ол қазірге дейін Еуропа Ресейге энергоресурстар үшін 250 млрд доллар төлегенін тілге тиек етіп: "Жалған ақпарат таратқыш БАҚ-тар бұл туралы жақ ашпайды. Ал мен дұрыс шешім қабылдағанда "Бәрінен бұрын Америка мүддесі" қағидатын басшылыққа алдым", - деп мәлімдеді.
🤡34💩7👍3❤2