Әріпбай Еркебұланның каналы
24.1K subscribers
211 photos
18 videos
14 files
329 links
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
Download Telegram
Экпресс курс құны 790тг
Кім қатысып жатыр лайк қойыңыздар
❤31
Кім қатысқысы келеді, осы номерге 790 деп жазыңыз✊🏻

https://wa.me/77072027968?text=790
Қазақстандамыз✊🏻
❤6
Бүгін экспресс курстың соңғы 3ші күнін өткіземіз.
Сабақта:
-Брокерлік шот ашамыз
-Эфирде акция сатып аламыз
-7 жылға стратегия құрамыз

Жаңадан бастап жатқандарға пайдалы эфир болмақ🙌🏻
❤10👍2
Kaspi акциясы өсіп жатыр,көрдіңіздер ме?

Кімде компания акциясы бар,лайк қойыңыз❤️
❤96👍31🔥8🤯4🙏1
Қалдарыңыз қалай?

Инстаграмдағы рилзтарымды көріп жүрсіздер ме?
Соңында пайдалы құжаттарды сыйлыққа беріп жүрмін)

Сіздер де алып алыңыздар❤️
❤38👍9👨‍💻5🫡3
📉 Baidu акциялары 3%-ға арзандады. Себебі — жасанды интеллектке салған миллиардтаған инвестицияға қарамастан, екінші тоқсан табысы үмітті ақтамады.

🚗 Alibaba өзінің Banma атты автономды жүргізу жүйесін жасайтын компаниясын Гонконг биржасына жеке шығарады. Осы арқылы инвесторлар тартып, үлесін 44%-дан 30%-ға дейін азайтпақ.

💸 Intel ірі инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр — мақсат: жеңілдетілген бағамен қосымша қаржы тарту. SoftBank та жаңа ғана 2 млрд доллар инвестиция салды. АҚШ үкіметі де компанияның үлесін сатып алуды қарастыруда.
❤23🫡5👍2
Технологиялық жаңалықтар

🔹 Apple TV+ қымбаттады

Apple бейсенбіден бастап өзінің стриминг қызметі Apple TV+ бағасын 3 долларға қымбаттатты. Енді жарнамасыз жазылым АҚШ-та және кейбір халықаралық нарықтарда айына $12.99 тұрады (бұрынғысы — $9.99).

🔹 Google үкіметпен келісімге келді

Google АҚШ үкіметімен арнайы келісімге қол жеткізді. "Gemini for Government" деп аталатын бұл жоба жасанды интеллектіні мемлекеттік қызметтерге енгізуді жеделдетуге бағытталған. Келісім аясында федералды агенттіктер Google-дың ІІ құралдарын қолдану үшін агенттікке $0.47 төлейді.
❤10👍2
🔹 JP Morgan қытайлық электромобиль өндірушісі Nio компаниясының рейтингін «нарықтан жоғары» деңгейге көтерді. Сарапшылардың айтуынша, жаңа жол талғамайтын көліктерге сұраныс пен алдағы Nio Day және Гуанчжоу автосалоны сияқты іс-шаралар сатылымды арттырып, акциялардың өсуіне ықпал етуі мүмкін.

🔹 Nissan Motor Co. акциялары сейсенбі күні 6,5%-ға құлдырап, 338,5 иенге дейін төмендеді. Бұған компанияның екінші ірі акционері Mercedes Benz Group өз үлесін сата бастайтыны туралы хабар әсер етті. Нәтижесінде, Nissan Nikkei 225 индексіндегі ең әлсіз компания болды, ал индекс жалпы 1%-ға төмендеді.
👍10🤔3❤1
Қалдарыңыз қалай?
Жаңалықтар легі қалай болып жатыр?
❤15
Сауда жабылғаннан кейінгі басты қозғалыстар

🔻 NVIDIA (NVDA) – 3%-ға төмендеді. Нәтижелері жақсы болғанымен, күту тым жоғары еді. Тоқсандық табыс – $46,7 млрд (+6% тоқсандық, +56% жылдық).

🔺 Snowflake (SNOW) – 11%-ға өсті. Тоқсандық табыс – $1,1 млрд (+32% жылдық). Өнімдерден түскен табыс – $1,09 млрд (+32%).

🔻 CrowdStrike (CRWD) – 4%-ға төмендеді. Себебі компанияның болжамы нарық консенсусынан төмен болды: $1,208–1,218 млрд (күтілгені $1,23 млрд).

🔺 BILL Holdings (BILL) – 3,3%-ға өсті. Бір акцияға пайда – $0,53 (күтілгені $0,41). Тоқсандық табыс – $383,3 млн (күтілгені $376,52 млн).

🔺 Pure Storage (PSTG) – 14%-ға секірді. Тоқсандық табыс – $861 млн (күтілгені $846,2 млн).
❤14👍11
Нарықтағы жаңалықтар

Қытайлық BYD 3 жылдан бері алғаш рет тоқсандық пайдасының төмендегенін хабарлады: таза пайдасы 30%-ға қысқарып, 6,36 млрд юань болды. Дегенмен, кіріс 14%-ға өсіп, 200,9 млрд юаньға жетті.

Bank of America болса, Marvell Technology акцияларының рейтингін «сатып алудан» «бейтарапқа» түсіріп, мақсатты бағасын $90-нан $78-ға дейін төмендетті.
❤10👍5
Конституция күні құтты болсын✊🏻
❤37👍15💯3🔥1👏1
Білім күні құтты болсын!

Бүгін Қазақстандық нарық та,шетел биржалары да жабық✊🏻
🔥29😍8❤6👍4👏1
Бүгінгі нарық

Биржалар қалыпты жұмыс режимінде✊🏻
👍15😍8❤3
Нарықтағы жаңалықтар:

•Alphabet (NASDAQ: GOOGL) акциялары премаркетте шамамен 6% өсті. Федералды судья Google-ды танымал Chrome браузерін сатуға міндеттемейтінін мәлімдеді. Бұл шешім АҚШ Әділет министрлігінің антимонополиялық ісімен байланысты.
•Microsoft пен АҚШ-тың Жалпы қызметтер басқармасы (GSA), бұлттық технологиялар және ЖИ саласында қызмет көрсетуді көздейтін келісім жасасты. Сонымен қатар, Microsoft 365 Copilot қазіргі Microsoft G5 қолданушыларына 12 айға дейін тегін қолжетімді болады.
❤15👍8🤝5
KASE жаңалығы

05.09.2025 бастап ТОО “МФО “Бухта” облигацияларымен (KZ2P00014475) сауда ашылады.

🔹 Мерзімі: 2 жыл
🔹 Купон: жарты жыл сайын төленеді
🔹 Мөлшерлеме: 25% жылдық

Ескерту: Инвестиция жасамас бұрын,құнды қағаздарды зерттеп алыңыз✊🏻
❤22👍16👏3💯2
Нарықтағы жаңалықтар:

-Apple
Үндістандағы сатылым көлемі соңғы қаржы жылында рекордтық деңгейге – шамамен $9 млрд жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13% жоғары. Негізгі үлесті iPhone сатылымдары құрады, сонымен қатар MacBook-қа деген сұраныс та артқан.

-Nvidia
Қаржылық есеп жарияланғаннан кейін акциялары аздап төмендеді. Дегенмен, Wolfe Research сарапшылары компанияның алдағы даму перспективаларын көреді.

iPhone 17-ні күтіп жүргендер бар ма?
9 қыркүйекте жаңа өнімін таныстырады)
❤21👍5
Дүйсенбінің жаңалығы:

Alibaba Group Holding Ltd
Alibaba акциялары 4%-ға өсіп, 138,0 HKD деңгейіне жетті.

Компания өткен аптада жаңа жасанды интеллект моделін – Qwen3-Max-Preview ұсынды. Бір триллионнан астам параметрі бар бұл жүйе бұрынғы үздік нұсқасы Qwen3-235B-ден асып түсті. Alibaba жаңа өнім арқылы OpenAI және Google DeepMind компанияларымен бәсекелес болуды көздейді.


Volkswagen AG келесі жылы шағын электромобильдер желісін нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Орта мерзімді перспективада компания осы сегментте жылына бірнеше жүз мың көлік сатуды мақсат етеді. Сонымен қатар, Volkswagen аталған нарықта 20% үлеске ие болуды көздеп отыр.
❤17👍14🤔1
Бүгін екі жаңалыққа көзім түсті.

-Nebius пен Microsoft 5 жылдық келісімге келген. Microsoft-қа AI инфрақұрылымын ұсынбақ. Бағасы $17,4 млрд-тан басталып, $19,4 млрд-қа дейін барады екен. Осыдан кейін Nebius-тың акциясы бірден 40%-ға өсті. AI-ға деген сұраныс қатты.

Ал Apple бүгін iPhone 17-ні таныстырмақ. Бағасы өсуі мүмкін дейді, себебі өндірісті Қытайдан Үндістанға көшіріп жатыр.

Тағы бір қызығы – Apple жасанды интеллект бойынша Google-дің Gemini жүйесімен жұмыс істеуі мүмкін екен.

IPhone 17 аламын деп отқандарыңыз бар ма?
❤45👍4🥴4🤨2