Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
🇰🇿🇬🇼 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало шағын құрамда келіссөз жүргізді

✔️Президент Гвинея-Бисауды Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды серіктесі ретінде атап өтті.

– Біз екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделіміз. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың келешегі зор деп санаймын. Ол үшін үкіметтер өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға бар күш-жігерін салады. Сонымен қатар халықаралық өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдарымыз ұқсас. Біз басты халықаралық құрылымдардағы, ең алдымен, БҰҰ және Ислам ынтымақтастық ұйымындағы Сіздің еліңіздің өкілдерімен байланысты күшейтуге дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.


✔️Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, цифрландыру және көлік-логистика бағыттары бойынша өзара қарым-қатынасын дамытуда әлеуеті зор екеніне назар аударды.

🇬🇼 Умару Сисоку Эмбало қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
📣📣📣11 ай: осы уақытта еліміз не бітірді?

Биыл біз үшін жаман жыл болмады. Экономикада, сыртқы геосаяси байланыстар бойынша да біраз іс атқарылды. Елімізде біршама халықаралық шаралар өтті. Экономикалық көрсеткіштердің өсуі жоспарға сай болды.


✅Алдын ала бағалау бойынша биылғы 11 айдағы ЖІӨ өсімі 4,4%-ды құраған. Үкіметті қуантып отырған тұсы - бұл өсім негізінен мұнайдан тыс секторды дамыту арқылы келген. Мысалы, экономика өсімінің 70%-дан астамы өңдеу өнеркәсібі, сауда, ауыл шаруашылығы мен құрылыс есебінен қалыптасқан екен. Нақтырақ айтқанда ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығару 13,4%-ға өскен, бұл соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сол сияқты құрылыс 10,3%, сауда 8,2%, көлік қызметтері 8,1%, байланыс 5,3%, өңдеу өнеркәсібі 5,3% өсім көрсеткен. Жалпы, аталған кезеңде отандық тауарлар өндірісі 5%,-ға, көрсетілген қызметтер 4,5%-ға өскен. Бұл өсім инвестицияларға да қатысты, яғни, капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,1%-ға артып, 15,8 трлн теңгеге жеткен екен.

Жыл санап экономиканың қай саласы болмасын жақсы өсім көрсетіп келеді. Бұл түрлі факторлардың қосындысы екені анық. Халықтың сатып алу қабілеті артқан, ол ішкі сауданың қызуына ықпал етеді. Экономика өте тығыз сала, оның өсуі елдегі басқа салалардың да қарқынды дамуына айтарлықтай ықпал етеді.

✨Мемлекет тарапынан отандық тауар өндірушілерге көрсетіліп жатқан қолдау да орасан зор. Соның арқасында биыл экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 1,8%-ға артып, 38,2%-ды құраған. Қазір елімізде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2 млн кәсіпорыннан асып жығылады. Бұл кәсіпорындар ел бойынша 4,2 млн-нан астам қазақстандықты жұмыспен қамтып отырған көрінеді.

📍Сондай-ақ кәсіпкерлер үшін ыңғайлы цифрлық экожүйе қалыптастыру мақсатында «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы жүруде. Қазір кәсіпкерлердің сұрақтары бойынша елімізде 99,3% мемлекеттік қызмет электрондық форматта көрсетіледі екен. Бұл енді мақтануға тұрарлық нәтиже.

Сыртқы сауда айналымына келсек, ол биылғы 10 айда $116,9 млрд-ты құраған. Қазақстандық тауарлардың экспорты 5,1%-ға өсіп, ақшалай көрсеткіште $68,5 млрд-қа жеткен. Ал өңделген тауарлардың экспорты 10,2%-ға ұлғайып, $23,3 млрд-қа барып табан тіреген.

Жалпы, биыл ел экономикасы айтарлықтай тұрақты өсім көрсеткені анық. Биылғы табысты қорытындылап, келесі жылы бұдан да жоғары нәтижелерге жетеміз деп сенейік. Әрі оған әлеуетіміз жетіп-ақ тұр.

Айбар Олжай, қаржыгер
📣📣📣Қазақстанның даму көрсеткішіне шолу

Мемлекеттік дамудың өлшемімен алғанда Қазақстанда күрделі реформалар қолға алынып, демократиялық құндылықтарды орнықтыру, саяси реформаларды жүзеге асыру бағытында жүйелі істер атқарылып келеді. Еліміздегі реформалар пакетінің негізгі бағыттарына тоқталсақ заманауи өзгерістердің айқын дәлелі мен практикалық тұрғыда іске асқанының нақты нәтижесін көре аламыз.


🔹2021 жылы ауыл әкімдерін сайлау механизмі іске қосылса, 2025 жылдан бастап облыстық маңызы бар қала мен аудан әкімдерін сайлау процесі жұмыс істейтін болады. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару органдарын заманға сай жетілдіретін, прогрессивті бастамалардың бірі деп есептеймін.

🔹Аудандық, қалалық маслихаттар толығымен мажоритарлық жүйемен, облыстық маслихаттар 50/50 пайыз аралас жүйемен сайланған реформа іске асырылды. Бұл партиялық бәсекені арттырып, азаматтық қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін оң өзгеріс.

🔹«Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қарапайым еңбек адамдары ұлықталып, адал еңбек ұғымын кеңінен насихаттау мемлекеттік саясаттың басты бағдарына айналды.

🔹Еліміздің болашағы жастарға білім беретін мұғалімдердің жалақысы артты. Ғылымға деген мемлекеттік қолдаудың аясы кеңейді. Бүгінгі күні ғылымға бөлінген гранттар саны жүйелі түрде өсіп келеді әрі шетелдік озық оқу орындарының филиалдары республикамыздың өңірлерінде ашыла бастады.

🔹«Жайлы мектеп» бағдарламасы асында аудандар мен шағын қалаларда, аймақтарда заманауи білім беру ошақтары іске қосылуда.

🔹«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы аясында күрделі мәселелерді халқымызбен кеңесе шешетін референдум процесі мен қоғамдық кеңестер жүйелі жұмыс істеп келеді.

🔹Республикамызда аймақтарды дамытудың кешенді шаралары қабылданып, жаңа облыстар, аудандар мен қалаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бекітілді.

🔹Логистикалық мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалану мақсатында темір жол, көлік жолдарының жаңа бағыттарын салу, күрделі жөндеуден өткізу сынды кешенді шаралар қабылданып, іске асуда.

Ең бастысы геосаяси күрделі шарттарда Қазақстан елдің тыныштығын сақтай отырып, мемлекетті дамытудың жан-жақты елеп-екшенген, өлшеп-пісілген прагматикалық жолын орнықтырып, бір ұлт болып ұйысып, Отанымызды алға дамытудың бейбіт жолын қалыптастыра білдік.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы
📣📣📣Олжас Бектенов халықаралық және қазақстандық сарапшылармен Венчурлық инвестициялар қорлары қорын іске қосу мәселесін талқылады

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов венчурлық қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар, қазақстандық бизнес-қоғамдастық өкілдері және халықаралық әріптестермен кездесу өткізді. Талқылаудың басты тақырыбы жаһандық капиталды тартуға, стартап-экожүйені дамытуға және Қазақстанның өңірлік технологиялар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру болды.

🔻Диалогқа шақырылған Стэнфорд университетінің профессоры және венчурлық инвестиция бойынша танымал сарапшы Илья Стребулаев, Andreessen Horowitz серіктесі Малика Аубакирова және Lightspeed Venture Partners серіктесі Ғалым Иманбаев, сондай-ақ DCVC инвестициялар жөніндегі директоры Анна Фокина инновацияларды дамытудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Сарапшылар Қазақстанға елеулі прогреске қол жеткізу үшін әлемдік жетекші венчурлық инвестициялар қорларымен ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті, бұл инвестицияларды басқарудың озық технологиялары мен озық тәжірибелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олар жаһандық капиталды тарту үшін құқықтық инфрақұрылымды нығайтып, стартаптарды дамытудың кейінгі кезеңдерінде қолдауға жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

🔻Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан өңірдің барлық венчурлық мәмілелерінің 70%-дан астамын қамтамасыз етіп, Орталық Азияда көшбасшылық ұстанымды иеленіп отырғанын атап өтті. Соңғы бес жылда еліміздегі венчурлық капитал көлемі алты еседен астам өсіп, $80 млн-ға жетті.

🔻Қордың құрылуы Қазақстанның инвестициялар мен технологиялардың халықаралық экожүйесіне интеграциялануына бағытталған елдің венчурлық капитал нарығын дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.

🔻Венчурлық инвестициялар қорлары қоры орта мерзімді перспективада жетекші әлемдік, өңірлік және қазақстандық венчурлық қорларға бағытталатын $1 млрд жеке инвестицияларды тартуға бағытталған. Бұл тиімді әртараптандыруды, экономиканы трансформациялау үшін қажетті жаһандық құзыреттер мен аса маңызды технологияларға барынша қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда қордың бастапқы капиталын қалыптастыруға қазақстандық ірі бизнес өкілдерінен $100 млн-нан астам сомаға өтінімдер жиналды.

✅Қор жұмысында жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау және басқа да негізгі технологиялық салаларды қосқанда, перспективалы бағыттарға ерекше назар аударылатын болады. 2030 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект нарығы $827 млрд-қа дейін өседі деп болжануда, бұл саланы инвестициялар үшін басым бағыттардың біріне айналдырады.

🔻Премьер-министр Олжас Бектенов Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру озық технологияларға қолжетімділікті ашып қана қоймай, Қазақстанның халықаралық стартаптар мен технологиялар хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады деп атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз білім мен инновацияға негізделген экономика құрып жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда IT секторы белсенді дамып келеді, цифрлық қызметтер экспорты артып, жас мамандар ел ішінде де, шетелде де сұранысқа ие болып отыр. Біздің басты міндетіміз – өзіміздің таланттарымызды сақтап қалуға және жаңа дарындарды тартуға жағдай жасау, стартаптарды дамытудың барлық кезеңінде қолдау және Қазақстанға жаһандық құзыреттерді тарту», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
🇰🇿🇬🇼 Қазақстан мен Гвинея-Бисау президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды.

✔️АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығының құрылымы және қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, екі ел орталық алаңында инвестиция, жасыл және исламдық қаржыландыру, сондай-ақ қаржы саласының мамандарын оқыту секілді басым бағыттар бойынша ынтымақтастық орната алады.

✔️Бүгінде АХҚО арқылы тартылған инвестиция көлемі 14 миллиард долларды құраған. Оның 6,7 миллиард доллары – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар. Орталықта әлемдегі 85 елдің 3400-ден астам компаниясы тіркелген. Олардың қатарында Африка құрлығынан 6 компания бар.
📣📣📣Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

➤ Кездесуде Қазақстан мен Euronews телеарнасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл – көптеген тілде хабар тарататын әлемдегі көшбасшы БАҚ-тың бірі.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасының елімізде аймақтық хабы ашылуын өте маңызды оқиға деп бағалады. Осы арқылы дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі көрермен Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның экономикалық, мәдени және туристік әлеуетімен жақын танысуға мүмкіндік алады.

➤ Президент аталған медиа алаңы аймақтағы елдер мен Еуропа Одағы арасындағы диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуге септігін тигізетініне назар аударды.

➤ Педро Варгас Давид Euronews Academy жобасының жоспарымен таныстырды. Аталған бастама Қазақстан журналистерінің заманауи технологияларды меңгеруі мен жоғары кәсіби стандарттарды игеруіне бағытталған. Бұл отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

➤ Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз жаһандану жағдайындағы ақпараттық ортада тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандар даярлауға қызығушылық танытып отыр.

➤ Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету және қоғамның ашықтығын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан реформалардың маңызына тоқталды.

➤ Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында әлемдегі геосаяси ахуалға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
📣📣📣Уақытты өзгерту мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ.

Премьер-Министрдің Қостанай облысына сапары кезінде оған кәсіпорын жұмысшылары уақытты ауыстыру туралы тағы да сұрақ қойды.


📍Бір айта кетерлігі, Премьер-Министр жауап беруден қашпай, өз ұстанымын нақты айтты. Шенеуніктердің күрделі мәселелерді тікелей, ашық талқылауға дайын болатын мысалдары біздің қоғамда көп емес. Үкімет басшысының осынау маңызды мәселеге деген көзқарасы құрметке лайық.

Олжас Абайұлының: “шешім циркадтық ырғақтарды есепке алуға негізделген” деген дәлелі ақылға қонымды әрі қисынды көрінді. Өйткені адамның биологиялық сағаты шынымен де табиғи жарыққа тәуелді.


🕒Адамның биологиялық сағаты күннің шығуы мен батуымен синхрондалады және уақытты табиғи ырғақтармен теңестіру денсаулық пен өнімділікке пайдалы әсер етуі мүмкін.

Дегенмен, Қазақстанның кең аумақты және айтарлықтай аймақтық айырмашылықтары бар мемлекет екенін ескерген жөн.

✅Мен Премьер-Министрдің пікірімен келісемін. 1924 жылы Қазақстанның бүкіл аумағы алғаш рет бірнеше сағаттық белдеулерге ауыстырылған. Және, жүз жылдан астам уақыт бойы халық әртүрлі белдеулерге үйренді.

📍Енді не болады?

Премьер-министр тек циркадтық ырғақтарға сілтеме жасап қана қойған жоқ. Маған ұнағаны, ол қосымша елдің әртүрлі аймақтарында бұл шешімнің әсерін зерттейтінін және балама нұсқаларды қарастыратынын тілге тиек етті. Мысалы, осыған сай икемді жұмыс кестесін белгілейтінін да айта кетті.

Циркадтық ырғақтарды ескеру маңызды дәлел болып саналады. Бірақ реформаның сәттілігі оның нақты жағдайларға бейімделуіне байланысты. Ашық және теңгерімді тәсіл Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолайлы шешім табуға көмектеседі.

Премьер-министрдің сөзіне қарағанда, үкімет қоғаммен ашық диалогқа дайын, мәселені тереңірек зерттеуге білек сыбанып отыр, бұл қазір ең маңызды мәселе.

Алғашқы әрекет жасалды, сондықтан түптің түбінде ел азаматтары үшін ақылға қонымды әрі пайдалы шешім қабылданады деп ойлаймын.
Елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі төмендеп келеді

⚡️ 2024 жылы елімізде балалар мен жасөспірімдер арасында 12 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері білім беру мекемелерімен белсенді қарым-қатынас жасайды, баланың құқығы туралы сабақтар өткізеді және құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды анықтайды.

⚡️ Бір жыл ішінде 94 мыңнан астам осындай кездесулер ұйымдастырылды, бұл мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

🌐 Маңызды міндеттердің бірі интернеттегі заңға қайшы контентпен күресу болды. Жыл басынан бері зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттайтын 127 сайтты қосқанда, 35 мыңнан астам заңсыз ресурстар анықталды. Мұндай қауіптерге қарсы белсенді әрекет ету жасөспірімдерге теріс әсер етудің алдын алуға және олардың заңсыз әрекеттерге қатысу қаупін азайтуға көмектеседі.
Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Юсупованы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

✔️Кездесуде елімізде көркем гимнастиканы дамыту перспективасы талқыланды. Президентке федерацияның қазіргі жұмысы мен алдағы жоспары туралы ақпарат берілді.

✔️Әлия Юсупова спорт саласындағы кейбір өзекті проблемаларға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Федерация басшысының айтуынша, балаларды гимнастикаға ерте жастан баулу үшін кешенді жұмыс атқарылуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев сала инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушыларды даярлау ісінде Туризм және спорт министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнату қажет екенін айтты.
📣📣📣Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева “Казахстанская правда” газетіне көлемді сұхбат берді. Сұхбаттың маңызды бөліктерін назарларыңызға ұсынамыз.

✅Біз Қазақстан мәдениетіне арналған Qazaq Culture порталын аштық, ол 8 тілде хабар таратады. Биыл алғаш рет Қазақстан Венеция биенналесінде ресми деңгейде өз павильонын ұсынды

✅19 маусымда Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды. Бұл заңның қабылдануы қажеттілігі айқын болды, себебі бұрынғы заң қазіргі заманғы талаптарға жауап бермей, жетілдіруді қажет етті. Қабылданған заң журналистердің мәртебесін арттыруға бағытталған бірқатар жаңашылдықтарды қамтиды.

✅Қазақстанда шамамен алты мыңдай БАҚ тіркеліп, жұмыс істейді, ал сотқа шағым түсірген 12 журналист үнемі біздің ведомство мен басқа мемлекеттік органдарды сынға алады. Бірақ олардың үнемі сынап, мемлекеттік қызметкерлерге ашық жеккөрініш білдіруі, тіпті осы арыз беруі – біздің елде нағыз сөз бостандығы бар екенін дәлелдейтін аргумент емес пе?

✅2024 жылдан бастап голливудтық студиялар өз есебінен блокбастерлерін қазақ тіліне дубляждай бастады. 2024 жылы қазақ тілінде голливудтық «Ойжұмбақ 2» («Головоломка 2»), анимациялық фильмдер «Гадкий я 4» және «Моана 2» прокатқа шықты. Сонымен қатар, «Ойжұмбақ 2» қазақ тіліне дубляждалған фильмдер арасында ең көп касса жинап, 100 миллион теңгеден астам табыс тапты.

✅Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес кітапханаларды модернизациялау және тәулік бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапхананы салу мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар, отандық жазушыларды қолдау және қоғамдық маңызы бар әдебиетті тарату үшін арнайы гранттар беру механизмі енгізілуде.

✅2023 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында елімізде креативті экономиканы ауқымды дамыту үшін барлық жағдайды жасау тапсырмасын берді.
Өткен жылы министрлік жанында креативті индустриялар департаменті құрылды. Саланың қолдауын және дамуын көздейтін заң жобасы әзірленді, оның аясында Креативті индустриялар қолдау қорының құрылуы қарастырылып отыр. Биылдың басында 40 түр креативті қызмет арнайы бөлшек салық режиміне енгізілді.

✅Қазақстанда гендерлік теңдік үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. 2024 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%, ал басшы лауазымдардағы әйелдер үлесі 39,3% құрады. Сондай-ақ, 2030 жылға дейінгі гендерлік саясаттың Концепциясын орындау бақылауда, ал 2024 жылдан бастап әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жоспары іске асырылуда.

Сұхбатты толық оқу үшін сілтемені басыңыз: https://kazpravda.kz/n/aida-balaeva-realizatsiya-ideologicheskoy-politiki-trebuet-kompleksnogo-podhoda/
📣📣📣Барселона циркады: сәл шыдау керек

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешімнің өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданғанын жеткізді.


Ол табиғи уақыттың азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсері ғылыми дәлелденгеніне назар аударды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Табиғи уақытқа сәйкес өмір сүрудің пайдасы анықталған. Осы жұмыстың және басқа да ғылыми зерттеулердің негізінде 2022 жылы 80-нен астам елдің ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері қол қойған Барселона декларациясы қабылданды.

✅Премьер-министр өзі сапармен барған Қостанай облысының тұрғындарына және барлық қазақстандықтарға осы маңызды шешімді түсініп, қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«Шешім Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де жүргізілген өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Бұл зерттеуде ғалымдар табиғи уақытта өмір сүрген кезде адам үшін ең жақсы және пайдалы екенін дәлелдеді. Сондықтан қазір әлемнің прогрессивті елдері табиғи уақыт белдеуіне көшуге ұмтылуда. Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі – біз қазір өмір сүріп жатқан UТC+5 болып табылады. Бұрын өздеріңіз білетіндей, біз басқа UТC+6 белдеуінде болдық. Кезінде еліміз директивалық тәртіпте біз үшін табиғи емес белдеуге ауыстырылды. Қазір, керісінше, біз уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік. Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Осындай шешім қабылданды. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз», — деп атап өтті Премьер-министр.


✨Жаңа уақытта біз ақырындап үйрене бастаймыз. Қазір ия, біртүрлі болып көрінер. Бірақ бәріне үйреніп кетеміз. Кей өңірлерде жұмыс уақыты қыс пен жаз ерекшеліктеріне қатысты жылжуы мүмкін. Үкімет ыңғайлы кесте мәселесін зерттеуде.

Айбар Олжай, қаржыгер
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды
✉️ Мемлекет басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айту жеделхатын жіберді

🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айтты.

– Достас герман халқының ауыр қайғысына ортақтасып, еліміздің және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Олжас Бектенов жаңа вице-премьер – ұлттық экономика министрін таныстырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Серік Жұманғаринді таныстырды.

🔹 Олжас Бектенов Нұрлан Байбазаровқа вице-премьер – ұлттық экономика министрі ретінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

➡️ Серік Жұманғаринді таныстару барысында Премьер-министр ведомствоның алдағы кезеңге арналған басым міндеті – Мемлекет басшысының экономиканың серпінді өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін баса айтты. Бүгінгі таңда экономика тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. Экономиканы құрылымдық өзгерту, бюджет, салық саясатының тиімділігі мен бюджеттік параметрлерді болжау деңгейін арттыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Бұдан басқа, басым салалардағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика министрлігі бизнесті қолдаудың теңгерімді саясатын және тарифтік реттеудің салмақты саясатын жүргізуі қажет.
📣📣📣Өткен апта қазақ халқы үшін жақсы аяқталды

Себебі 2017 жылдан бері эскроу шотта бұғатталып жатқан ERG корпорациясының Қазақстанға тиесілі дивиденді босады. Бұл менің есебімше 100 миллиард теңгеден астам сома болуы тиіс. Босаған ақшаны Үкімет күйіп тұрған дефицит мәселелеріне бағыттай алады.


✅Қазақстан Үкіметі ERG корпорациясының ең ірі акционері болып табылады. Үкімет 40 пайыз үлесті ұстап отыр. Қалған үлес Еуразиялық үштік деп аталатын олигархтар - Александр Машкевич, Ибрагимовтар отбасы мен Фаттах Шодиевтың қолында. Олар өз кезегінде ERG корпорациясын басқару дауысын Машкевичке беріп, 60 пайыз үлесті біріктіру арқылы трансұлттық корпорацияны басқарып келеді.

📍Қазаққа ерегесу емес, келісу жағады

Кезінде Назарбаев инвестор Анатол Статимен ерегесу стратегиясын таңдаған еді. Осы жолда біз шамамен 200 миллион долларды желге шаштық. Лондонның түрлі заңгер фирмалары тегін ақшаға қарық болды. Оған қоймай дивидендтеріміз бен Ұлттық қордың біршама активі бұғатталып жатты.

Өз кезегінде "Жаңа Қазақстан" келісу стратегиясын таңдағанын байқап отырмыз. Компромис - ұзақ мерзімге шақсақ өте ұтымды стратегия. "Стати ісін" жабу арқылы біз үлкен қаржылық және болашақ инвестициялық дивиденд аламыз.

🔻Инвестордың құқы қорғалатынын, оның салған қаржысына кепілдік берілетінін халықаралық қауымдастыққа дәлелдей алсақ, онда ертең мұнай бітсе де өміріміз жалғаса беретін болады. Бізде бұдан басқа жол да жоқ.

Қазақстан өз қателігін мойындай алатын, кешірім сұрай алатын, психологиялық тұрғыда "проработанный" мемлекетке айналып барады. Ішкі адами кодексіміз, ДНК-мыз дұрыс түзілсе, ертең барлық адамның өмір сүруіне қолайлы, комфорт кластағы ел бола аламыз.

Айбар Олжай, қаржыгер
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

➤ Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.

❗️Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.

Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.
📣📣📣Олжас Бектенов: Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі тапсырмасының орындалуы бойынша кеңес өткізді.

🔻«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы инженерлік желілердің апатты мен тозу деңгейін төмендетуге, коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Электр энергиясын өндіру үшін 5 259 МВТ-қа дейін жаңа қуаттарды іске қосу бойынша 15 жобаны іске асыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 14 нысанды жөндеу және реконструкциялау жоспарланып отыр. Жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша қуаттылық 7,3 ГВт-қа артады деп болжануда, қолданыстағы активтерді жаңарту тозудың орта есеппен 15%-ға төмендеуіне әкеледі. Жаңғырту барысында 86 мың шақырым коммуналдық желілерді қамту жоспарланып отыр.

📍Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетикалық және коммуналдық секторлардағы өзекті мәселелер республика бойынша жөндеу қуатын арттыру және желілердің тозу деңгейі 65-70%-дан асатын өңірлерге баса назар аудару арқылы шешілетінін баяндады.

📍Тозу деңгейін төмендету бойынша: жылумен жабдықтауда – 53%-дан 40%-ға дейін, электрмен жабдықтауда – 62%-дан 45%-ға дейін, сумен жабдықтауда – 39%-дан 34%-ға дейін, су бұруда – 54%-дан 40%-ға дейін жоспарлы көрсеткіштер қарастырылған. 2029 жылға дейін бұл мақсаттарға 6,8 трлн теңге бағытталады. Қаржы жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрлық теңгені пайдалану мәселесі талқыланды.

✨Премьер-министр Олжас Бектенов әзірленген Ұлттық жобаның отандық тауар өндірушілерді қолдау мен мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін арттыруды ескере отырып, еліміздің тұрғын үй-коммуналдық секторы мен жалпы экономиканы дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

📍Ұлттық жобада импортқа тәуелділікті төмендету және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін отандық өнеркәсіпті қолдауға ерекше назар аударылды. Экономиканың аралас салаларын, соның ішінде металлургияны, өңдеу өнеркәсібін және басқа да саланы дамытуды ынталандыратын 27 жаңа өндіріс салу жоспарлануда.

«Өмірлік маңызды секторлар – жылудың, энергияның және сумен жабдықтаудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету Үкіметтің бірінші кезектегі міндеті саналады. Ұлттық жобаны орындау тозған, кейбір жерлерде апатты жағдайдағы инфрақұрылымды ауқымды жаңартуға мүмкіндік береді. Барлық жобалар 3,5 мың жұмыс орнын ашуды көздейді. Бізге отандық бизнесті барынша тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.


📍Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Ұлттық жоба бекітілгеннен кейін оның сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алдына ТКШ өнімдерін өндіретін отандық кәсіпорындардың толық жүктемемен жұмыс істеуіне жағдай жасау міндеті қойылды.

📍Ұлттық жобаны іске асыру жоспарлары туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев баяндады. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те пікір білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тәсілдері мақұлданды.
📣📣📣Табиғи биоритмге қайта оралдық. Оның эффектісін келесі жылдан бастап сезіне бастаймыз

Елімізде уақытты есептеу жүйесі 1930 жылы пайда болды. Сол жылы декреттік уақыт бекітілді. Ал жалпы, кеңестік кезеңде Қазақстанда уақыт белдеуі 8 рет өзгерген. Нәтижесінде бекітілген уақыт әрқашан және барлық жерде астрономиялық уақытқа сәйкес келмеді. Қазақстанда бірыңғай бекітілген UTC+5 жаңа белдеу немесе эксперимент емес. Аумақтың көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан. Бұл жаңалық емес, тарихи факт. Бұрын бұл аумақ жазғы уақытта, яғни UTC+6-да қалып келетін болған. Сондықтан қазіргісі Үкімет басшысы айтқандай тарихи уақыт белдеуіне қайта оралу болып отыр.


Уақыт белдеуі ел халқының 76%-дан астамы (15,24 млн адам) тұратын Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қоса алғанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейін қамтиды. Бүгінгі таңда 195 елдің 117-сі стандартты астрономиялық уақыт белдеуіне жақын географиялық уақытты таңдады, өйткені адамның циркадты ырғағы табиғи күндізгі циклмен синхрондалады. Осылайша, бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды.

📍Уақыт өзгергенге дейін елдің шығыс аймақтарында оқушылар күн шыққанға дейін 1-2 сағат бұрын оянуға мәжбүр болды, бұл олардың денсаулығы мен оқу үлгеріміне теріс әсер етті. UTC+5-ке оралу бұл сәйкессіздікті жойды.

✅Иә, қазір үйреніп қалған ағза ритмі өзгеріп, ұйқыңыз келіп, жайсыздық сезініп жүрсіз. Бірақ 4-5 айдан кейін адаптация аяқталады. Сол кезде өзіңіздің циркадты ырғағыңызбен үйлесімді өмір сүретін боласыз.

Айбар Олжай, қаржыгер
📣📣📣Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мәулен Әшімбаев:

✔️Сенаттың қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді:
– үшінші сессия басталғаннан бері Парламент 28 заң қабылдаған, оның бесеуіне депутаттар бастамашы болған. Атап айтқанда, Президент жолдаулары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй саясатына, білім беру және балалар құқығын қорғауға, білім саласындағы жинақтау жүйесіне, биржа саудасы мен кәсіпкерлікке, сот жүйесін реформалау мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысты заңдар қабылданған;
– қазір Парламентте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, креативті индустрияны қолдау, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі заң жобалары қаралып жатыр. Бұл – сенаторлардың бастамасымен қолға алынған құжаттар;
✔️жыл басынан бері Сенатта 50-ге жуық іс-шара өткізілгенін, сенаторлар Үкіметке 67 депутаттық сауал жолдағанын айтты. Сонымен қатар парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында 40-тан астам халықаралық кездесу ұйымдастырылған;
✔️келесі жылы жоғары Палатада Бюджет, Құрылыс, Су, Салық кодекстері, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңдар қаралатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Жұмысшы мамандықтары жылына арналған парламенттік тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр;
✔️Қазақстанның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның жұмысы туралы ақпарат берді. Аталған комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған болатын;
✔️Президенттің өңірлерді одан әрі дамыту жөнінде жүктеген міндеттерін Палатаның басымдық беретін бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл ретте Сенат мәслихаттар депутаттарымен жұмысты жандандыра түскен;
✔️Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындық барысын баяндады. Аталған жиын 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.