Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бауырлас Әзербайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

✔️Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады.

✔️Президенттер екіжақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

✔️Әсіресе, жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

📌 Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

🔷 Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан қазіргі таңда белсенді салынып жатқан «Жас Өркен» шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100% толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді.

➡️ Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен 3 мың бала кезекте тұр, олардың жартысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар.
Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

📌 Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

🔷 Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.

➡️ Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды.

Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.
📣📣📣«Бірлік бәрін жеңбек: Ақтау халқы адам өмірін сақтау үшін қан тапсыруда»

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін қан тапсырушылар Ақтау қалалық қан орталығына кезекке тұрды.


Бұл акция Қазақстан халқының шынайы ынтымағы мен жанашырлығының үлгісі.

Біздің халқымыз үшін бөтен ұлт, халық жоқ;

‼️‼️‼️Шексіз алғыс, Ақтау!!! Адамгершіліктеріңіз үшін бүкіл Қазақстан халқы сіздерге алғысын білдіреді!
❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥 «Өмірді сақтайтын қырағылық» - төтенше жағдайлар қызметтері мен медицинамызға құрметіміз шексіз!

ℹ️ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, аман қалғандар саны 29 адам, оның екеуі балалар.

✔️Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен дәрігерлеріміз бүгінгі таңда қалыптасқан төтенше жағдайда ең жоғары кәсіби шеберлік көрсетті!

✔️ Ұшақ апатынан кейін бірнеше минут ішінде тірі қалғандарды эвакуациялау, соның ішінде зардап шеккендерді тікұшақпен тасымалдау ұйымдастырылып, Ақтау ауруханалары қажетті орындарды тез дайындады.

✔️ Мұндай үйлесімділік пен стандартты емес жағдайларға дайын болу үлкен құрметке лайық. Және ең бастысы, біздің құтқару қызметтерімізге деген сенімді оятады.

✔️ Біздің құтқарушылар мен дәрігерлердің әрекеті бүгінде әлем жұртшылығының Қазақстанға ерекше назарын аударды. Құтқарушыларымыз бен дәрігерлеріміз ең қиын жағдайда ел намысын абыроймен көтеріп, жедел әрі тиімді әрекет етуге дайын екендерін дәлелдеді.

️
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

✔️Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

✔️Іс-шараға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

✔️Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.
📣📣📣Олжас Бектенов Мемлекет басшысына ұшақ апатына байланысты қазіргі жағдай туралы баяндады

- Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды.

- 29 адам ауруханаға жатқызылды.

- Шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде.

- Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.
📣📣📣Ақтау әуе саласына қатысты төтенше жағдайға дайын екенін көрсетті

Ақтау әуежайының маңында құлаған AZAL компаниясының ұшағында 32 адамның аман қалуы қауіпсіздік саласының эксперттерін қайран қалдырды. Мұнда жергілікті төтенше жағдай қызметі мен дәрігерлердің жедел және үйлесімді жұмысының үлкен үлесі бар.


Және орталық биліктің мәселені дереу өз бақылауына алуы, штабтың тез құрылып, төтенше желінің жұмыс істеуі – Қазақстанның әуе апаты алгоритмдеріне дайын екенін көрсетіп отыр.

✅Халықтың бір адамдай болысып, қан тапсырғаны Қазақстан қоғамының ұйымшыл, бірлесіп әрекет ете алатынын тағы бір дәлелдеді. Халықаралық қауымдастық та, шетелдіктер де Қазақстанның осы апатпен жұмыс істеу деңгейіне жоғары баға беретіні сөзсіз. Бірақ баға кейін берілетін болады. Бізге осы кейсті барынша талдап, зерттеп, дайындық деңгейін одан да жоғары сатыға ұштай беруге мүмкіндік туып отыр.

Айбар Олжай, қаржыгер
📣📣📣Премьер-министр: Полицейлер мен әкімдіктер қауіп-қатерлерді анықтап, алдын ала профилактикалық жұмыстар жүргізуі керек

🔻Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында қылмысқа қарсы күрес бойынша ұсыныстар талқыланды.

📍Жамбыл және Атырау облыстарының әкімдері тыңдалды, олар «Бейнебақылау жүйелерімен жаппай қамту» жобалары, уақытша бейімдеу орталықтарын ашу және басқа да жобалар аясындағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты.

«Біздің мақсатымыз – құқық бұзушылықтың алдын алудың тұтас жүйесін құру.

Жергілікті жерлерде полицейлер қауіп-қатерлерді анықтап, тұрғындар арасында алдын ала профилактикалық жұмыстар жүргізуі керек. Жергілікті атқарушы органдардың рөлі өте маңызды», — деді Олжас Бектенов.


Премьер-министр сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігіне осындай жағдайларға уақтылы ден қоюды, БАҚ пен әлеуметтік желілерде азаматтарды объективті түрде хабардар етуді тапсырды.
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

➤ Саммит жұмысына Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып, Куба Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес бейнеүндеу жолдады.

➤ Жиында Еуразиялық экономикалық одақ қызметі мен интеграциялық үрдістерді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

✍️ Отырыс соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің делегация басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді

💠 Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі - халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды.

⚡️ IChO химия бойынша ең беделді халықаралық олимпиадада және «First Global Challenge» робототехника бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің өкілдерін басып озып, екі Олимпиадада үш дүркін әлем чемпионы атанды. Еліміздің құрама қоржыны барлығы 563 медальмен толықтырылды, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола. Үздік 7 беделді олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

✔️ Екі жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге артты, бұл мыңдаған балаларға жаңа мүмкіндіктер ашты.
✍️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды
📩 ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇨🇳 Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
🇰🇿🇦🇿 Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

➤ Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

➤ Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты.

➤ Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп уағдаласты.
📣📣📣Еңбек түбі жеңіс: Қазақстан дұрыс идеологияны таңдады

Алдағы жылы - еңбек адамының жылы. Қолға құрал ұстап, қоғамның тірегі болып отырған үлкен пласт. Ең маңызды пласт.


✔️Мемлекеттік деңгейде еңбекқор азаматтардың еңбегін мойындау барлық кәсіпқой адамдар үшін жақсы мотивация болып табылады, сонымен қатар еңбек адамының беделін арттырады. Республика күнінің ұлттық мерекесі қарсаңында Президент Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында білім, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылымның көрнекті қайраткерлері, өндірістік сала, бизнес өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері бар.

🔻Мемлекет еңбекші азаматтарды қолдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін өсті. Осының арқасында әр түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда барлық салаларда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы қызметкердің табысы жоғарылады. Айта кету керек, Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылдан бастап жыл сайын артып келеді. Мәселен, үш жыл ішінде ЕТЖ 2 есеге артты.

Еңбек адамын елеп, оларды көтермелеп, жоғары қойып, үлгі тұтар тұлғаға айналдыру керекпіз. Еліміз әнші-биші, бақсы-балгер емес, жылумен, сумен, үймен, жолмен қамтып отырған еңбек ерінің арқасында дамып келеді.

Айбар Олжай, қаржыгер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті

✔️Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты.

– Қажетті ақпараттың барлығы жұртшылыққа уақытылы беріліп тұрды. Яғни оқиға бойынша толыққанды мәлімет бәріне бірдей ұсынылды. Азаматтарымыз алғашқы минуттан бастап зардап шеккендерге көмек қолын созды. Халқымыз жанашырлық, ұйымшылдық және шынайы тілеулестік қасиетін көрсетті. Жұрт кезекке тұрып, қан тапсырды. Әзербайжан елшілігі ғимаратына гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы еліміздің және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты мәлімет таратты. Құтқарушылардың, дәрігерлердің және волонтерлердің адал қызметіне күллі әлем куә болды. Әсіресе, көршілес әрі серіктес елдер – Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан азаматтары айрықша алғыс білдіріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📣📣📣Қазақстан ұшақ апатын тергеудің ашықтығы мен кәсібилігіне кепілдік береді!

Мемлекет басшысы төрағалығымен Маңғыстау облысында болған ұшақ апатына қатысты кеңес өтті.


Бұл қайғылы оқиғада Қазақстан әлемге төмендегідей көзқарасты паш етуде:

Бұл трагедия - біз үшін ашық тергеумен, жоғары кәсібилікпен және зардап шеккендердің игілігі үшін әрекет ететін сынақ.

✔️Президентіміз қайғылы оқиғаны тергеу халықаралық стандарттарға сәйкес ашық, айқын және қатаң түрде жүргізілетін атап өтті.

✔️Мемлекет басшысы қоғамның пікірін бұрмалайтын және ресми органдарға деген сенімге нұқсан келтіретін фейк пен ақпараттық арандатушылықтардың таралуына жол берілмейтінін айтты.

✔️ Мемлекет басшысы Үкіметке зардап шеккендер мен олардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.

✔️ Сонымен қатар, Президентіміз қайғылы оқиғаның салдарын жоюда ерлік пен кәсібилік көрсеткен азаматтарды марапаттауды тапсырды.

Қазақстан мұндай жағдайда, жоғарыда айтылғандай, тергеудің кәсібилігі мен АШЫҚТЫҒЫ тұрғысынан әрекет етеді.