Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
✍️ Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Сейілбек Серғазыұлы Нұрымбетов министрліктің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Ресей тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

✔️Президенттер Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының апатқа ұшырап, Қазақстан және Ресей азаматтарының қаза табуына байланысты бір-біріне көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин апат себептерін анықтау үшін тараптардың атқарып жатқан жұмыстарын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы тергеу ісін Әзербайжан, Ресей және Бразилия елдерінің мамандарын тарта отырып жүргізіп жатқанын айтты.

✔️Президенттер тергеу амалдарын жан-жақты және ашық жүргізудің маңызды екенін атап өтті.
📣📣📣Ақтаудағы авиаапат тергеуі Мемлекет басшысының назарында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өткізді. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жедел көмек көрсету құрылымдары апат кезінде шұғыл әрі үйлесімді әрекет еткеніне назар аударды.


– Апаттың салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді. Біз бұған жол берген жоқпыз. Адам өмірін сақтап қалдық. Құтқару жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Қажетті ақпараттың барлығы жұртшылыққа уақытылы беріліп тұрды. Яғни оқиға бойынша толыққанды мәлімет бәріне бірдей ұсынылды. Азаматтарымыз алғашқы минуттан бастап зардап шеккендерге көмек қолын созды. Халқымыз жанашырлық, ұйымшылдық және шынайы тілеулестік қасиетін көрсетті. Жұрт кезекке тұрып, қан тапсырды. Әзербайжан елшілігі ғимаратына гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы еліміздің және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты мәлімет таратты. Құтқарушылардың, дәрігерлердің және волонтерлердің адал қызметіне күллі әлем куә болды. Әсіресе, көршілес әрі серіктес елдер – Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан азаматтары айрықша алғыс білдіріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

🔻Президент Үкіметке апат салдарын жоюға атсалысқан адамдардың ерлігі мен еңбегін лайықты атап өту, ерекше көзге түскен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсыну жөнінде тапсырма берді.

📍Еліміз тергеу мен зерттеудің әділ және барынша ашық өтуіне аса мүдделі. Бізге әлем көз тігіп отыр. Бірақ видеодан көре салып тон пішіп, бәрін алдын-ала анықтап қойған батыс ақпарат құралдарындай емес, халықаралық сарапшылар мен ұшақ өндірушісінің қатысуымен элементтерді физикалық тұрғыдан зерттеп, қара жәшікті саралап, салмақты және нақты шешімін жариялайтын болады. Барлық мүдделі тараптар қатысуға мүмкіндік алды. Осы арқылы Қазақстан өзінің дербес саясат жүргізетінін, ешкімнің ықпалында жүрмейтінін және әуе қауіпсіздігі саласындағы халықаралық стандарттармен жұмыс істейтіндігін анық байқатпақ.

Айбар Олжай, қаржыгер
📣📣📣НАҒЫЗ ДОС, ШЫНАЙЫ БАУЫР БОЛУ...

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан халқы мен президентіне алғыс айтты.


📍«Апат болған жерге қазақстандық құтқарушылар жедел арада жетіп, ұшақтан адамдарды алып шығып жатқаны жайлы ақпаратты алдық. Олар өз өмірлерін қатерге тікті. Себебі тағы бір жарылыстың боларын немесе болмасын білмеді. Ұшақтың бір бөлігі жанып жатты, екінші бөлігі де өртенуі мүмкін еді. Бірақ соған қарамастан, олар нағыз ерен ерліктің үлгісін көрсетті.

🔻Дәрігерлердің жұмысына тоқталғым келеді. Зардап шеккен жолаушылар тез арада ауруханаларға жеткізілді. Ол үшін де мен президент Тоқаевқа алғысымды айттым. Қазақстандағы бауырларымыз бен қарындастарымыздың қиын сәттегі қолдауы Әзербайжан ұлтының жүрегінде сақталады. Қарапайым азаматтар Ақтаудағы елшілікке келіп, гүл шоқтарын қойып, қайғыны бөлісіп жатты. Міне, нағыз дос, шынайы бауыр болу деген осы.

✨Мен президент Тоқаевқа бұл мәселені зерттеуге қатысты Әзербайжанның позициясын айттым. Біз халықаралық сараптама өткізуді қалаймыз және бұл мәселені Мемлекетаралық авиациялық комитеттің қарауына бере алмайтынымызды жеткіздім. Бұл позициям түсіністікпен қабыл алынды.

✅Әлбетте біздің мемлекеттік органдар, комиссия мүшелері, прокуратура және басқалары Қазақстанмен байланыста. Қазақстан тарапы да өз кезегінде комиссия құрған. Олар да бұл апаттың шын себебін анықтауға барын салып жатыр.

📍Мен президент Тоқаевқа көңіл айттым. Ұшақ апатында Қазақстанның алты азаматы көз жұмды. Қазақстан президенті де көңіл айтып, қолдау білдірді. Бұл оқиғаның қаншалықты қайғылы екеніне қарамастан, бұл біз үшін бір сынақ іспеттес. Осы жағдайда әр тарап өзін қалай көрсететінін анықтайтын сынақ.

Бұл трагедияға қарамастан, Қазақстан тарапы да осындай ойда екеніне қуаныштымын. Біздің достығымыз бен бауырластығымыз бұл сынақтан кейін тіпті күшейе түсті», - дейді ол.
📣📣📣Қазақстан Ақтауда болған ұшақ апатын тергеуде объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз етуге кепілдік береді немесе бұған Бразилияның қандай қатысы бар?

🇰🇿 Қазақстан халықаралық стандарттарға қатаң сәйкес және шетелдік сарапшылардың қатысуымен Ақтау маңында болған ұшақ апатын жан-жақты тексеруді жалғастыруда.


🇧🇷 Бүгін қара жәшіктерді Бразилияға жіберу туралы шешім қабылданды!

❗️Талаптар бойынша
Чикаго конвенциясы ұшу жазбаларын қай жерде оқу және дешифрлау керектігін шешеді.

❗️Қазақстан бұл конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және оның стандарттары мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынымдарына толық сәйкес әрекет етуі керек.

🇦🇿 🇷🇺 Әзірбайжан мен Ресейдің авиациялық билік органдарымен консультациялар негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын Тергеу комиссиясы қара жәшіктер Бразилияның Авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына жіберілетін болды.

❓ Неліктен Бразилия?

Бразилия тиісті және жоғары сапалы техникалық сараптамаға кепілдік беретін Embraer ұшағын өндіруші ел.

CENIPA қажетті жабдықпен және деректерді оқуға арналған сертификатталған зертханамен жабдықталған.

❗️Бұл шешім барлық тараптармен келісілген және объективті себептермен қабылданған.

Тергеу барысы Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев басқа елдердің басшыларымен белсенді араласып, тергеу барысын талқылап жатыр.


Кеше ол Әзірбайжан және Ресей президенттерімен келіссөздер жүргізді.

📞 🇰🇿 🇦🇿 Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздер барысында келесі мәселелер талқыланды:

❗️ Президенттер қаза болғандардың отбасыларына қолдау білдірді.
❗️Қазақстан тергеудің объективтілігін қамтамасыз етуге дайын екеніне сендірді.
❗️Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін елдер арасындағы үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.

📞 🇰🇿 🇷🇺 Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер барысында:

❗️Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
❗️Жан-жақты және ашық тергеудің маңыздылығы атап өтілді.
❗️Қазақстанның халықаралық мамандарды тарту бойынша қадамдары талқыланды.

Қазақстан ашықтық пен объективтіліктің жоғары деңгейін сақтай отырып, өзінің халықаралық міндеттемелеріне адал болып қала береді.

Қабылданған шаралар біздің биліктің кәсіби біліктілігін, оқиғаның барысын, ұшақ апатының себептерін анықтауға ұмтылысын білдіреді.
Қазақстанда қолданбалы ғылымды қаржыландыру 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды

✔️ Қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 211 млрд теңге, гранттық қаржыландыру – 198 млрд теңге, коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру – 67,9 млрд теңге).

⚡️ Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті (өткен жылға қарағанда +13%).

✔️ Жастарды ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Отбасы банкі» АҚ келісім шеңберінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда жас ғалымдарға арналған ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосты. Несиенің ең көп сомасы 20 млн теңгені, қарыз мерзімі – 19 жылды құрайды.

⚡️ Ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауда жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді, докторантураға мемлекеттік тапсырыс 1,9 мың орынға дейін ұлғайтылды.
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
📣📣📣Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

✅Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
📣📣📣Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бала асырап алушыларға қойылатын талапты күшейтетін заңға қол қойды

🔻асырап алушының жас айырмашылығын анықтау;

🔻асырап алушының соттылығы туралы ақпаратты жыл сайын жаңарту;

🔻аккредиттелген ұйымдар арқылы міндетті психологиялық диагностика және оқыту.


Заң елімізде «кәсіби патронаттық отбасылар» институтын құруды да белгілейді.
📣📣📣3 қаңтарда Президенттің «Ана тілі» газетіне берген көлемді сұхбаты жарық көреді

Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындамақ.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия -2024: Президент өкімге қол қойды

Мемлекет басшысы 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 өкіміне сәйкес 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамында әдебиет пен өнер қайраткерлері бар

– делінген жарлықта.
📣📣📣Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Польша Президенті Анджей Дуда, Украина Президенті Владимир Зеленский, Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишиба, Иордания Королі II Абдалла, Норвегия Королі V Харальд, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси,Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонг, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало, Сенегал Президенті Бассиру Диомай Фай, Кот’д Ивуар Президенті Алассан Уаттара, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Маада Био, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Хан, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Eni S.p.A. компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци және шет мемлекеттердің бұрынғы басшылары, халықаралық ірі ұйымдардың, компаниялардың, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
✍️ Мемлекет басшысы 2024 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды

2024 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

1) «Проза» номинациясы бойынша «2026» шығармасы үшін Есбол Социалханға;

2) «Поэзия» номинациясы бойынша «Боз ұшқат» өлеңдер жинағы үшін Жәнібек Бақытұлы Әлимановқа;

3) «Драматургия» номинациясы бойынша «Апатай» драмалық туындысы үшін Әлишер Жеңісұлы Айтуарға;

4) «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Рокет Ера. Синопсис» повесі үшін Әсет Жүкенұлы Сыздықовқа берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады. Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл-күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Бұл – нағыз отбасылық мереке. Сондықтан мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді.

Ұлу жылы ұлтымыз үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Түрлі саладағы реформалар жемісін бере бастады. Экономиканың жаңа бағдарын белгілеп, нақты шараларды қолға алдық. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда. Бірқатар ірі өндіріс орны ашылды. Инвестициялық ахуал жақсарды. Мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделді.
📣📣📣Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы арта түсті. Астанада беделді халықаралық ұйымдардың маңызды саммиттері өтті.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына мыңдаған спортшылар мен меймандар келді. Байрақты бәсекені табысты ұйымдастырып, төл өркениетімізді жер жүзіне таныттық. Спортшыларымыз Олимпиада және Паралимпиада ойындарында көк туымызды биікте желбіретті. Оқушыларымыз түрлі білім сайыстарынан жүлделі оралды. Басқа да көптеген табыс бар.

Биыл көктемде бірқатар аймақта алапат тасқын болғанын білесіздер. Табиғаттың тосын сынағы бәрімізге ауыр тигені сөзсіз. Соған қарамастан, қиын күндерде халқымыз бір-біріне жанашыр болып, мызғымас бірлігін көрсетті. Зардап шеккен барша азаматқа жан-жақты көмек берілді. Мемлекет ешкімді назардан тыс қалдырған жоқ. Барлық міндеттемесін толық орындады. Жүздеген отбасы Жаңа жылды жаңа шаңырақта қарсы алып жатыр. Біз осылайша ырысты ынтымағымыздың арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Алға сеніммен қадам басамыз. Жүйелі реформалар одан әрі жалғасады. Жоспарымыздың бәрі ойдағыдай орындалады. Алдағы жыл бұдан да табысты болады. Мен Президент ретінде бұған бар күш-жігерімді саламын.

Үкімет тиімді жұмыс атқарып, экономиканың қарқынды өсімін қамтамасыз етуге тиіс. Жаңа өндіріс орындарын ашып, бизнеске қолайлы жағдай жасау қажет. Жол салуды жалғастырып, коммуналдық саладағы түйткілді мәселелерді шешу керек. Цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейткен жөн. Ауыл еңбеккерлерін барынша қолдау маңызды. Басты мақсатымыз – азаматтардың әл-ауқатын арттыру.
📣📣📣Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа 2025 жылмен құттықтауы халыққа жылы лебізі шынайы әрі шабыттандыратын жолдау болды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде өтіп жатқан жылды қорытындылап, Қазақстанның негізгі жетістіктерін атап өтіп, алдағы уақыттағы басымдықтарды белгіледі.


Президент шекарашылардан бастап, ұстаздар мен дәрігерлерге дейін еліміздің дамуына әрбір азаматтың қосқан үлесін ризашылықпен атап өтті.

📍Мемлекет басшысы 2024 жылғы табыстарды атап өтті: рекордтық өнім, маңызды инфрақұрылымдық жобалар, халықаралық деңгейде мойындалу және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты ірі іс-шаралардың сәтті өтуі. Бұл жетістіктер Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын нығайтып қана қоймай, еліміздің әрбір азаматын жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

🔻Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына кеңінен тоқталды. Оның ішінде: кәсіптерді қолдау, білім беру, денсаулық сақтау және ғылымды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу, аграрлық секторды нығайту және тұрақты экономикалық дамудың нақты қадамдары.

Президент Абайдың 180 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы сияқты маңызды мәдени-тарихи даталарға назар аудара отырып, ұлттық бірегейлік пен мәдени мұраның маңыздылығына тоқталды.

✔️Мемлекет басшысының үндеуі еш күмән тудырмайды: еліміз 2025 жылға сеніммен, айқын да нақты бағдармен және шабыттандыратын, біріктіре білетін, жаңа жетістіктерге жете білетін көшбасшымен қадам басуда.
✉️ Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇨🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады.

✔️Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.
📣📣📣Тоқаев 2025: Мемлекет білім беру және денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларын дамытуға баса мән береді

"Біз жаңа мектептер мен ауруханалар салып, педагогтердің, дәрігерлердің, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің мәртебесін көтере береміз. Жастарға да міндетті түрде қолдау көрсетеміз", - деді, Мемлекет басшысы жаңа жылдық құттықтау сөзінде.


✔️Келесі жылы елімізде бірнеше айтулы оқиға болады. Президент Ата Заңымыздың отыз жылдық мерейтойы мен Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өту маңыздылығына тоқталды

"Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз отаншылдық, еңбекқорлық және біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір мерекеге қарамастан мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар. Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады. Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін!", - деп түйіндеді Президент.


Айбар Олжай, қаржыгер
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Енді бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды мүлкін тәркілеп, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Сонымен қатар Заңда есірткіні жасырын орналастырушылардың жазасы аздап жұмсартылды. Мәселен, алғаш рет мұндай қылмыс жасағаны үшін қылмысын ауырлататын мән-жайлар болмаса, мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген (бұрын мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыратын).

Алайда қылмыстық әрекетті бірнеше рет қайталаса, оны мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза күтеді.
✉️ Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысы Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ Президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Сонымен қатар Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.