Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
📣📣📣Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Польша Президенті Анджей Дуда, Украина Президенті Владимир Зеленский, Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишиба, Иордания Королі II Абдалла, Норвегия Королі V Харальд, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси,Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонг, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало, Сенегал Президенті Бассиру Диомай Фай, Кот’д Ивуар Президенті Алассан Уаттара, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Маада Био, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Хан, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Eni S.p.A. компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци және шет мемлекеттердің бұрынғы басшылары, халықаралық ірі ұйымдардың, компаниялардың, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
✍️ Мемлекет басшысы 2024 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды

2024 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

1) «Проза» номинациясы бойынша «2026» шығармасы үшін Есбол Социалханға;

2) «Поэзия» номинациясы бойынша «Боз ұшқат» өлеңдер жинағы үшін Жәнібек Бақытұлы Әлимановқа;

3) «Драматургия» номинациясы бойынша «Апатай» драмалық туындысы үшін Әлишер Жеңісұлы Айтуарға;

4) «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Рокет Ера. Синопсис» повесі үшін Әсет Жүкенұлы Сыздықовқа берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады. Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл-күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Бұл – нағыз отбасылық мереке. Сондықтан мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді.

Ұлу жылы ұлтымыз үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Түрлі саладағы реформалар жемісін бере бастады. Экономиканың жаңа бағдарын белгілеп, нақты шараларды қолға алдық. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда. Бірқатар ірі өндіріс орны ашылды. Инвестициялық ахуал жақсарды. Мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделді.
📣📣📣Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы арта түсті. Астанада беделді халықаралық ұйымдардың маңызды саммиттері өтті.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына мыңдаған спортшылар мен меймандар келді. Байрақты бәсекені табысты ұйымдастырып, төл өркениетімізді жер жүзіне таныттық. Спортшыларымыз Олимпиада және Паралимпиада ойындарында көк туымызды биікте желбіретті. Оқушыларымыз түрлі білім сайыстарынан жүлделі оралды. Басқа да көптеген табыс бар.

Биыл көктемде бірқатар аймақта алапат тасқын болғанын білесіздер. Табиғаттың тосын сынағы бәрімізге ауыр тигені сөзсіз. Соған қарамастан, қиын күндерде халқымыз бір-біріне жанашыр болып, мызғымас бірлігін көрсетті. Зардап шеккен барша азаматқа жан-жақты көмек берілді. Мемлекет ешкімді назардан тыс қалдырған жоқ. Барлық міндеттемесін толық орындады. Жүздеген отбасы Жаңа жылды жаңа шаңырақта қарсы алып жатыр. Біз осылайша ырысты ынтымағымыздың арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Алға сеніммен қадам басамыз. Жүйелі реформалар одан әрі жалғасады. Жоспарымыздың бәрі ойдағыдай орындалады. Алдағы жыл бұдан да табысты болады. Мен Президент ретінде бұған бар күш-жігерімді саламын.

Үкімет тиімді жұмыс атқарып, экономиканың қарқынды өсімін қамтамасыз етуге тиіс. Жаңа өндіріс орындарын ашып, бизнеске қолайлы жағдай жасау қажет. Жол салуды жалғастырып, коммуналдық саладағы түйткілді мәселелерді шешу керек. Цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейткен жөн. Ауыл еңбеккерлерін барынша қолдау маңызды. Басты мақсатымыз – азаматтардың әл-ауқатын арттыру.
📣📣📣Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа 2025 жылмен құттықтауы халыққа жылы лебізі шынайы әрі шабыттандыратын жолдау болды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде өтіп жатқан жылды қорытындылап, Қазақстанның негізгі жетістіктерін атап өтіп, алдағы уақыттағы басымдықтарды белгіледі.


Президент шекарашылардан бастап, ұстаздар мен дәрігерлерге дейін еліміздің дамуына әрбір азаматтың қосқан үлесін ризашылықпен атап өтті.

📍Мемлекет басшысы 2024 жылғы табыстарды атап өтті: рекордтық өнім, маңызды инфрақұрылымдық жобалар, халықаралық деңгейде мойындалу және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты ірі іс-шаралардың сәтті өтуі. Бұл жетістіктер Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын нығайтып қана қоймай, еліміздің әрбір азаматын жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

🔻Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына кеңінен тоқталды. Оның ішінде: кәсіптерді қолдау, білім беру, денсаулық сақтау және ғылымды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу, аграрлық секторды нығайту және тұрақты экономикалық дамудың нақты қадамдары.

Президент Абайдың 180 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы сияқты маңызды мәдени-тарихи даталарға назар аудара отырып, ұлттық бірегейлік пен мәдени мұраның маңыздылығына тоқталды.

✔️Мемлекет басшысының үндеуі еш күмән тудырмайды: еліміз 2025 жылға сеніммен, айқын да нақты бағдармен және шабыттандыратын, біріктіре білетін, жаңа жетістіктерге жете білетін көшбасшымен қадам басуда.
✉️ Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇨🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады.

✔️Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.
📣📣📣Тоқаев 2025: Мемлекет білім беру және денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларын дамытуға баса мән береді

"Біз жаңа мектептер мен ауруханалар салып, педагогтердің, дәрігерлердің, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің мәртебесін көтере береміз. Жастарға да міндетті түрде қолдау көрсетеміз", - деді, Мемлекет басшысы жаңа жылдық құттықтау сөзінде.


✔️Келесі жылы елімізде бірнеше айтулы оқиға болады. Президент Ата Заңымыздың отыз жылдық мерейтойы мен Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өту маңыздылығына тоқталды

"Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз отаншылдық, еңбекқорлық және біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір мерекеге қарамастан мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар. Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады. Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін!", - деп түйіндеді Президент.


Айбар Олжай, қаржыгер
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Енді бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды мүлкін тәркілеп, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Сонымен қатар Заңда есірткіні жасырын орналастырушылардың жазасы аздап жұмсартылды. Мәселен, алғаш рет мұндай қылмыс жасағаны үшін қылмысын ауырлататын мән-жайлар болмаса, мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген (бұрын мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыратын).

Алайда қылмыстық әрекетті бірнеше рет қайталаса, оны мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза күтеді.
✉️ Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысы Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ Президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Сонымен қатар Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.
✉️ Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇲🇪 Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты
📣📣📣Мемлекет басшысы “Ана тілі” газетіне кең көлемді сұхбат берді. Сұхбаттағы негізгі ойларды назарларыңызға ұсынамыз.

✔️Былтыр еліміз үшін күрделі болса да, алдағы бес жылдық дамуымыздың берік негізін қаладық

Былтыр Қазақстанда инфрақұрылым жаңартылып, 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 7 мың шақырым жол жөнделді. Әуежайлар жаңартылып, қайта өңдеу секторы дамыды. Әлеуметтік реформалар іске асырылып, жаңа мектептер мен балабақшалар ашылды. Қазақстан халықаралық аренада бейбітшілік жолында белсенді рөл атқарды.

✔️Тасқынды болашақта болдырмау үшін қажетті шаралар жасалуда

Былтырғы тасқын Қазақстан үшін ауыр сынақ болды. Мемлекет шұғыл шаралар қабылдап, 63 мың адам құтқару жұмыстарына тартылды. Су апаттарының алдын алу үшін жаңа жоспарлар мен Су кодексі енгізілді. Қоғамдық көмек пен волонтерлік қозғалыс тиімді болды. Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде құтқарушылар мен тұрғындар бірлесіп әрекет етіп, көп адамның өмірін сақтап қалды. Апаттың себебі тергелуде, 17 халықаралық сарапшы шақырылды.

✔️Уақыт белдеуіне қатысты 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты

Үкімет Қазақстанның бір уақыт белдеуінде болуы керектігін қолдайды. Азаматтар мен қоғам пікірлері негізінде Парламент ғалымдармен бірге 1 наурызға дейін зерттеу жүргізіп, нақты ұсыныстар әзірлейді.

✔️Үкімет экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табуға тиіс

Үкімет экономиканы дамыту және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеп жатыр. Былтырғы нәтижелер жақсы, бірақ проблемалар бар. Үкімет тиімді әрі батыл қадамдар жасау қажет. Экономиканың 4 пайыздық өсімі жеткіліксіз, жаңа тәсілдер қажет.

✔️Теңгенің бағамы ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтап тұрды

Сыртқы факторлар теңгеге әсер етеді, бірақ оның бағамы тұрақты болды. Біз еркін бағамды таңдадық және алтын-валюта қорын ысырап етпеуіміз керек. Ұлттық банк пен Үкімет ұсыныстарды қарастырып жатыр. Экономист басшылардың жұмысын орташа бағалаймын, өңірлердегі тәжірибелі мамандар қажет.

✔️Президент – «Құдайдың жердегі көлеңкесі» емес

Қаңтар оқиғасы әлеуметтік әділетсіздік, саяси тоқырау және қаскөйлердің әрекеттерінен болды. Оқиға ашық тергеліп, қылмыскерлер жазасын алды. Басты сабақ – билік бірлікте болуы керек, Президент тек сайланған менеджер, ал жоғары лауазымдарға адал адамдар тағайындалуы тиіс.

✔️Талғар оқиғасының тергеуі аяқталуға жақын

Талғар оқиғасынан кейін қажетті шаралар қабылданып, күдіктілер қамауға алынды, тергеу аяқталуға жақын. Шетелден келген қандастарымыз Қазақстанның заңдарына толық бағынуы тиіс, олар елімізде қоғамдық тәртіпті сақтап, заңсыз әрекеттерден аулақ болуы керек.

✔️2025 жылдан бастап қылмыстық істер бойынша үш кассациялық сот жұмыс істейді

Барлық заңдар маңызды, өйткені олар қоғамның сұранысына сай қабылданады. Мысалы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, қарыз мәселесін шешу, вейптер мен құмар ойындарға тыйым салу сияқты заңдар қабылданды. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап қылмыстық істер бойынша үш кассациялық сот жұмыс істейді. Бұл заңдардың тиімді жұмыс істеуі маңызды, сондықтан құқық қорғау жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасады.

✔️Қазақ тілін орыс тіліне қарсы қоюға болмайды

Қазақ тілінің танымалдылығы артып, жастар оны үйренуге ынталы. Мемлекеттік тіл қызметте өсуге мүмкіндік береді, ал бизнес қазақ тілінде жүргізілетін маркетинг науқандарын жиі қолданады. 2024 жылы қазақ тілі әлемдегі ең кең таралған тілдердің 79-шы орнына шықты, бұл зиялы қауымның еңбегінің арқасы. Алайда, білім жүйесі мен оқытушылардың мәртебесін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу, шығармашылық индустрияларды дамыту арқылы қазақ тілінің болашағын нығайту қажет. Тілдің мәртебесін көтергенде, оны басқа тілдермен, әсіресе орыс тіліне, қарсы қоюға болмайды.

Сұхбатты толығырақ сілтемеден оқисыз. https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-maksatym-ekonomikany-zhane-egemendikti-nygaytu-203030
📣📣📣Теңге болашағы

"Ана тілі" газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономикада көзі қарақты жанға біраз нәрседен сигнал берді.


🔻Сигналдар: теңге бағамы бойынша саясат

"Біздің валюта бағамын қолдан ұстап тұру тәжірибесінен бас тартқанымызға біраз уақыт болды. Нарық факторларына байланысты еркін бағам қалыптастыру жолын таңдадық. Мен теңгені күшейту үшін еліміздің алтын-валюта қорын босқа ысырап ету орынсыз деп санаймын", - деді Президент.

Оның айтуынша, нарыққа қатысы бар кейбір құрылымдар теңге бағамын басқаруға қолайлы ету туралы ұсыныстар айтып жүр. Ұлттық банк пен Үкімет оның бәрін мұқият қарастырып жатыр. Мәселені зерделеген соң бұл бағыттағы ұстанымымызды өзгерту қажет пе деген сауалдың жауабы белгілі болады. Басты мақсат – экономиканың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, нақты секторды қарқынды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және тұрақты жұмыс орындарын көптеп ашу.

Осы орайда, теңге бағамының Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижесінде түзілетінін айта кету керек. Таңғы сессияның қорытындысы жұмыс күндері сағат 11-00де, кешкі сессия бойынша 17-00де белгілі болады. Ал демалыс күндері Форекстегі басқа валюталарға шағылған кросс-курсқа қарап отырамыз. Сонда, 2024 жылдың 11 айында KASE-дегі бір ғана теңге/доллар жұбындағы сауда көлемі 44,12 миллиард долларға жеткен. Кейбір бизнесмендер айтып жүргендей, теңгені белгілі бір бағам аясында ұстап тұру мүлде қисынсыз, себебі ол үшін кем дегенде резервтен жылына 20 миллиард доллар жағып отыру керек. Біздің алтын-валюта резерві 43-44 миллиард доллар көлемінде екенін ескерсек, ол екі жылға ғана жетер еді. Ал теңгені ұстап тұруға резервіміз біткеннен кейін, теңге гипердевальвацияға ұшырап, өзінің нарықтық курсына 2-3 күнде жетіп алар еді. Осы гиперинфляция алып келетін шок экономикада паника туғызып, инвесторлардың жаппай қашуына, теңгеге деген сенімнің біржолата жоғалуына алып келері анық.

Сол себепті, теңге бағамына нарықтан тыс, әкімшілік жолмен әсер етудің өте қауыпті екенін, тұрақты курс популизмінен аулақ болу керектігін айтқым келеді.

🔻Сигналдар: экономистер де қартаяды

"Ашығын айтсам, экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын. Олар халықаралық қаржы институттарының тілімен әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтижесі бар шаруа шамалы болып тұр", - деді Президент.

Өкінішке орай, ел экономикасына ең көп зиян тигізген мекеме - Ұлттық экономика министрлігі болып шықты. Олар салықтық түсімдерді жоспарлауда оңбай қателесті. Мысалы, 2024 жылдың 11 айында салық бойынша жоспар небары 76 пайызға орындалған. Арадағы алшақтық 3,6 триллион теңге. Ортақ бюджетке 21,13 триллион теңге түседі деп ойлаған Ұлттық экономика министрлігі шығыстарды 24 триллион теңгеге жоспарлап қойған. Күтпеген жерден дефициттің ұлғаюы биыл Ұлттық қордан алынған соманың кезекті рекорд жаңартуына алып келді.

Егер салық түсімдер бойынша оптимизм 2024 жылғыдай жоғары болса, тура осы проблеманы алдағы қыркүйекте тағы айтып отыратын боламыз. Ал қазіргі жоспары жоғары, оны тек алдағы корректировкада ғана түзетіп алуға мүмкіндік бар.

Экономикалық блок батыл қадамнан мүлде қорқатын, ескі хаттар, баяндамалар мен служебный запискалардың шаблонымен жұмыс істеп үйреніп қалған, баяғы эксель файлды тек қана жылын ауыстырып жаңартып қоятын кәрі қызметкерлер армиясынан құралған. Олардың ішінен бір де бір адам "бюджеттік кризиске суыт жүріспен бара жатырмыз, бізге бюджеттік шығыстардың өсуі мен әлеуметтік шығындар индексациясын тоқтату керек" деп дабыл қағып айта алмайды. Бәрі кейнсиан шекпенінен шыққандықтан, оқыған кітаптары бір болғандықтан, олар тек қана мемлекеттік шығындарды арттыру арқылы экономикалық стимуляция, яғни өсім көрсетуді дұрыс деп санайды. Және экономикалық өсім жолында қаржылық тұрақтылық, контрциклді дисциплина, сыртқы қарыз көлемін бақылау сынды маңызды дүниелерді құрбандыққа шалуға дайын.

✅Президент осы диагнозды дөп қойған терапавт ретінде, бірақ өзіне тән дипломатиялық этикаға сай мәселені жұмсақ жеткізіп отыр.

Айбар Олжай, қаржыгер
Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді

✍️ Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

🔷 Құжат Қазақстан Үкіметінің резервінен Ұлытау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аудару үшін 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді көздейді. Қаржыландыру «Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту» жобасының 2-ші кезегін іске асыруға бағытталады.

⚡️ Ұлытау облысындағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 639 шақырымды құрайды. Сонымен қатар бүгінде тозу деңгейі – 58%. Желілердің негізгі бөлігі 1951 жылдан бастап пайдалануға берілді.

Үкімет резервінен бөлінген бұл қаражат 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
🇰🇿 🇷🇺 «Ана тілі» газеті журналисінің Президентімізге қойған сауалының бірі Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің Қазақстанға сапарының маңыздылығына баға беру мәселесі еді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Ресей басшысымен кездесудің нәтижелі болғанын атап өтті. 2 ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, экономика-сауда қатынастары талқыланды.


Нәтижесінде әңгіме тар шеңберде 4 сағатқа жалғасты.

Ұзақ уақытқа созылған келіссөздер таң қалдырмасы анық. Өйткені бұл Владимир Путиннің Қазақстанға соңғы 10 жылдағы алғашқы мемлекеттік сапары.

Кездесудің қаншалықты маңызды екенін Ресей Федерациясы үкіметінің жартысына жуығы қатысуынан-ақ түсінуге болады.

Көптеген өзекті мәселелер жинақталды, олардың көпшілігі қазіргі күрделі геосаяси жағдай, соның ішінде елдеріміз арасындағы сауданы қиындататын санкциялардың теріс әсері жағдайы турасында еді.

Қазақстан-Ресей экономикасы

✔️2024 жылдың 10 айында Ресеймен тауар айналымымыз 21 миллиард АҚШ долларын құрады;

✔️Ресей серіктестеріміздің арасында импорт көлемі бойынша бірінші, экспорт көлемі бойынша үшінші орында;

✔️Ресей Федерациясы да біздің елдегі ең ірі инвесторлардың бірі, инвестиция көлемі шамамен 13 миллиард АҚШ долларын құрайды. Қазақстанда ресейліктердің қатысумен 23 мыңнан астам кәсіпорын ашылды;

✔️ студенттеріміздің ең көп бөлігі Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алады;

✔️ тұтынылатын электр энергиясының 9%-ын Ресейден импорттаймыз;

✔️Біз экспорттайтын мұнайдың 90%-ға жуығы Ресей арқылы Еуропаға кетеді.

Ресейге салынған санкциялық шектеулер біздің бизнес үшін де, тіпті студенттердің туыстарынан рубль аударымдарын алу мүмкіндігіне де әсер етті. Сондықтан ұлттық валютадағы төлемдерді ұлғайту мәселесін шешу маңызды еді.

Көлік

Ресей экономикасының Шығыс Азия нарығына бет бұруына байланысты Қытайға баратын бағыттар бойынша да, Парсы шығанағы елдеріне Солтүстік-Оңтүстік бағытының шығыс тармағы бойынша да, Иран мен Үндістан бойынша да жүк тасымалдауды көліктік-логистикалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мәселесі барған сайын күшейе түсуде.

Сол себепті сапар барысында қол қойылған 20 құжаттың 6-ы теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастыққа қатысты.

Электр энергетикасы өнеркәсібі

2025 жылы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жобалық құжаттаманы дайындау және жаңа жылу электр станцияларының құрылысын бастау жоспарлануда.
Құрылысты ресейлік тарап жүргізеді.

Бұл қалалардағы жылу электр стансалары қажет болды. Мысалға Семейде 1934 жылы, Өскеменде 1947 жылы салынған жылу электр орталығын алуға болады.

Екіжақты қарым-қатынастың бұдан да көп аспектілерін тізіп шығар едік. Бірақ менің ойымша, жоғарыда аталғандар Президентіміздің Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды дамытуға берік ниетті екенінің дәлелі.

Ресей – біздің үлкен көршіміз, онымен 7 мың шақырымнан астам құрлықтағы шекарамыз бар. Ресейдегі қауіпсіздік – шекарамыздағы қауіпсіздік деген сөз. Көрші елдегі татулық, достық қарым-қатынас пен тұрақтылық – еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі.
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

🔵Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның ерекшелігіне тоқталып, оның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара ықпалдастықты арттыруда әлеуеті зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылады.

🔵Мемлекет басшысы Ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіру, халықаралық бірлестіктермен байланысын жандандыру, сондай-ақ Қазақстанның ұсынысымен ШЫҰ-да қабылданған «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастаманы ілгерілету маңызды екенін жеткізді.

🔵Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен Нұрлан Ермекбаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен болатын.
Олжас Бектенов: Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шара қабылданады

📌 Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Олжас Бектенов Президент Ana tili газетіне берген бағдарламалық сұхбатында экономиканың өсуін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты міндеттер қойғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы бүгінгі сұхбатында Үкімет алдына экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру міндетін қойды. Елімізде GovTech және IT саласы табысты дамып келеді және оны жалғастыру қажет. Жалпы, цифрлы экономика өсудің маңызды әрі серпінді нүктелерінің біріне айналуы тиіс», — деп баса айтты Олжас Бектенов.
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
📣📣📣Тарих және эмоция

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевқа қатысты ойы мен бағасын бүкпесіз жеткізді. Тарихқа қиянат жасауға болмайды. Тарихта тек фактілер ойнауы тиіс.


📍Бірінші президент Қазақстанның территориялық тұтастығы мен қауіпсіздігі, бейбіт өмірі үшін көп нәрсе істеді. Ол тарихта қалуы тиіс. Экономикада, ел басқаруда, жемқорлық мәселесінде үлкен қателіктер жіберді. Ол да тарихта жазылуы тиіс. Назарбаев туыстары мен айналасындағыларды бақылаудан шығарып алды.

Назарбаев "егер-егер" формуласының адамы деп бұған дейін жазған болатынмын. Яғни, оның жетістігін саралауда бірізділікті қолдана алмайсыз. Назарбаев 28 жыл ішінде кедейлікті 9 есеге қысқартып, ішкі жалпы өнімді 7,2 есеге арттырды. Бірақ, егер ол жемқорлық, туысшылдыққа жол бермегенде біз мұндай потенциалмен анағұрлым дамыған 20 елдің тізімінде болар едік. Осылай кете береді.

📍Президентіміз әдемі айтты. Көп нәрсені тұспалдап жеткізді. Тіпті, елдің қалыптасуындағы рөлін мақтай отырып, Назарбаевты мақтамен бауыздады десем де болады. Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған кезінде саяси сыпайылықты сақтамағанын ашық мәлімдеді. Президенттіктен кеткенімен, шенеуніктерді шақырып жиналыс өткізгенін, қосарланған билік секілді әрекет етіп, көпшілікті әуре-сарсаңға салғанын сынады. Әрине, саяси жүйенің тұрақсыздығына жағдай жасағанын жасырмады.

✅Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, әділетті мемлекет құрғымыз келсе, тарихқа әділетті болуымыз қажет. Заман ағымы, саяси ахуалға беріліп, өткенді бұрмалауға болмайды. Әйтпесе, халқымыз алға баспайды.


Айбар Олжай, қаржыгер
📣📣📣 "Бәрі батыр болғанда: Ақтаудың ерлігі көпке үлгі"

Маңғыстау елі тағы да мықты екенін дәлелдеді: мұнда үрей дегенді білмейтін, жаны мейірімге толы адамдар тұрады.


Таяуда ғана Ақтауда болған ұшақ апаты кезінде ұшақ құлағаннан кейінгі ең қиын да қайғылы сәттерде облыс тұрғындары: құтқарушылар, дәрігерлер, полицейлер, қарапайым жұмысшылар өздерін нағыз қаһарман ретінде көрсетті.

Бұл күні дүние жүзі қазақ халқы деген кім екенін көрді. Әр қазақ қасқайып тұрып, басын қатерге тігіп, берешек күтпей, ойланбастан көрші елге көмектесті.

🔻Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірінші болып көмекке асығушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың әрқайсысының тарихы ерлік пен адалдықтың үлгісі.

Құтқарушылар түтінге оранған ұшаққа кіріп, бастарын қауіпке тікті. Фельдшер Тимур Кисаев сияқты дәрігерлер әр секундтың рөл ойнайтынын түсініп, шұғыл көмек көрсетті.

📍Полицейлер Маңғыстау өңірлік электр желілері кәсіпорны қызметкерлерімен бірлесе отырып, жолаушыларды өртеніп жатқан сынықтардан алып шықты.

✔️Алғашқылардың бірі болып апат орнына электр желілерінің шебері Нұралы Шопанов жүгірді. Оның ойында қорқыныш емес, “адамдарды құтқарыңыз” деген сөз қайталана бергенін еске алады.

🎖️🏅Бүгін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Сіздер төзімділік пен бірліктің үлгісісіздер, Маңғыстаудың басты байлығы – халқы екенін еске саламыз» дей отырып, батырларымызға наградаларды табыс етті.

✔️Награда иеленушілердің арасында тек кәсіпқойлар – өрт сөндірушілер, дәрігерлер ғана емес, ұшақтың түтінге оранған бөлігінде қалған жолаушыларды құтқарған қарапайым азаматтар да болды.

🎖️🏅«Ерлігі үшін» медалімен Нұралы Шопановпен қатар басқа да батырлар: диспетчерлер, фельдшерлер, құтқарушылар, полиция қызметкерлері марапатталды.

Бұл кісілер ерлік – жай ғана сөз емес, жүректен туатын іс екенін дәлелдеді.

Жанқиярлық ерліктеріңіз үшін барша Қазақстан алғысын білдіреді.

Батырлық жасау - кездейсоқ әрекет емес. Бұл жүрекпен жасалған таңдау.

Бүгінде Мағыстау өңірі батырларын ардақтауда. Ал біз, бүкіл Қазақстан, олармен мақтанамыз.