Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
📣📣📣2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі

Авиациялық жобалар

✔️Қазақстанда авиация саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Қазіргі таңда бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Автомобиль жолдары

🖍️2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.

2025 жылы келесі ауқымды жобалар жүзеге асырылады:

📍Қызылорда – Жезқазған (208 км)
📍Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)
📍Қарағанды – Жезқазған (572 км)
📍Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км)
📍Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км)
📍Қызылорда – Сексеуіл (470 км)
📍Атырау – Доссор (86 км)
📍Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км)
📍Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)
📍Петропавл қаласы айналма жолы (8 км)
📍Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км)
📍Астана – Қостанай – РФ-мен шекара (830 км)
📍Шымкент қаласы айналма жолы (48 км)
📍Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км)
📍Атырау – Шапай (136 км)
📍Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км)
📍Алматы – Үшқоңыр (48 км)
📍Бейнеу – Сексеуіл (736 км)
📍Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)

🖍️Бұл жобаларды іске асыруға жалпы көлемі 9 трлн-нан астам теңге  инвестиция көзделген. Қазір инвесторлар тарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.  

Темір жол және су көлігі

✨Темір жол көлігі саласында да бірқатар ауқымды модернизация жоспарланған. 2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады.

✅«Достық – Мойынты» жобасы бойынша темір жол құрылысы аяқталады, бұл өткізу қабілетін 5 есеге арттырып, тәулігіне 12-60 пойыз жұбының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «Алматы айналма жолы» жобасы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ «Достық – Бескөл» және «Мойынты – Балқаш» учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланған. Бұл шешім көрсетілген учаскелердегі пойыз қозғалысын жақсартуға және жүк тасымалы мәселелерін шешуге көмектеседі.

Теңіз көлігі және Ақтау порты

🔻Теңіз көлігін дамыту мақсатында Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды, бұл порттың өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттырады. Бұл Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

✅Сонымен қатар портта тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл оның терминалдық қуаты мен контейнерлерді тасымалдаудың тиімділігін арттырады.
📣📣📣Аптаның айшықты оқиғалары

📌 Үкіметтің негізгі шешімдері, кадрға қатысты мәселелер, ауыл шаруашылығын қолдау - өткен аптаның қорытындысы жексенбілік дайджесте

🔸Үкімет Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып, Жаңа мамандықтар атласын әзірлеу жүргізілуде, Ұлттық құзыреттер орталығы құрылды
 
🔸Олжас Бектенов еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтуді, жұмысшы мамандар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосуды тапсырды.
 
🔸Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өңір активіне жаңа әкімді таныстырды. Облыс басшылығының алдына экономиканы әртараптандыру өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, көлік-логистикалық әлеуетті және АӨК дамыту бойынша міндеттер қойылды

🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерлан Сәрсембаевты таныстырды. Еліміздің құқықтық жүйесін нығайту, «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу бойынша Әділет министрлігі ұжымының алдына Мемлекет басшысы қойған бірқатар міндеттер аталып өтілді.

🔸Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен шегірткеге қарсы күреске дайындық және көктемгі дала жұмыстарына әзірлік барысы қаралды. 2024 жылғы 29 қарашада басталған ерте қаржыландыру аясында бөлінген 100 млрд теңгенің 70 млрд теңгесі 671 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісіне бағытталды.
 
🔸Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына барлық орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, Парламент депутаттары және сарапшылар кірді.
 
🔸Премьер-министр Олжас Бектенов Sinovation Ventures төрағасы, жасанды интеллект институтының төрағасы Кай-Фу Лимен кездесті. Жасанды интеллектіні дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
📣📣📣Жұмысшы мамандығының беделін арттыру: негізгі шаралар мен бағыттар

🖍️
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова еліміздегі жұмысшы мамандығының беделін арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты. Президент бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылын іске асырудағы басты қадамдардың бірі жаңа кәсіптердің өңірлік атластарын құру болды. Олар қазірдің өзінде тоғыз аймақтың жұмыс берушілерімен бірлесіп әзірленген, болашақта қандай мамандықтарға сұраныс болатынын анықтауға көмектеседі.

✔️
Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әкімдері ауыл шаруашылығындағы дрондарды басқару және цифрлық технологиялар сияқты жоғары технологиялық салалар үшін кадр даярлау жоспарын ұсынып үлгерді.


«Біз жастарға қазір экономикамызға қажет жұмысшы мамандықтарының мүлдем жаңа деңгейі болатынын көрсетуіміз керек», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.


✔️
Әр аймақта 18 жоғары оқу орны, 20 колледж және бірқатар кәсіпорынды қамтитын Құзіреттер орталығы жұмыс істейді. Қазірдің өзінде 10 колледж халықаралық оқыту стандарттарын енгізіп, тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жұмыс істеу үшін сертификатталған мамандар даярлай алады.

🖍️
Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде мектептердегі кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасы толығымен қайта қаралады. 7-11 сынып аралығындағы 100 мыңнан астам оқушы өз өңірлерінде сұранысқа ие мамандықтар көрсетілген арнайы курстан өтті. 91 ЖОО-да 900-ге жуық оқу бағдарламасы жаңартылды, 510-ы әзірленді.

Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысып, студенттерге практикалық дағдылар ұсына отырып, білікті кадрлар қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

🔻 Сондай-ақ вице-премьер энергетика саласында жыл сайын өндіріс қызметкерлері жалақысын 15%-ға арттыру жоспарланып отырғанын мысалға келтірді, бұл да жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.

«Егер құзіреттілік арта түссе, осы мамандықтарға қажеттілік туындап әрі біз оларды оқытатын болсақ, жалақы деңгейі де соған сай болады», — деп түйіндеді вице-премьер.
📣📣📣Бүгінгі Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенді әрі прагматикалық қадамдарының негізгі мақсаты барлық халықаралық платформалардың аясында тең әріптестік орната отырып, Ұлттық мүддемізді қорғау әрі халқымыздың бейбіт аспан астында өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуден туындап отырғаны анық.

Соңғы бір жылдағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның АҚШ-қа сапары, Германия, Франция мемлекеттеріне жасаған іссапарлар қорытындысымен қол қойылған келісімдер, жақында ШЫҰ-ның Астанада өткен саммиті, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативті кеңесі мен бүгінгі ежелден көршілес жатқан Ресей Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапары Қазақстанның прагматикалық, елеп-екшеген, өзара тең әріптестікке негізделген дана дипломатиясының бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл күрделі геосаяси шарттарда барлық тараппен ортақ мәмілеге келе отырып, Ұлттық мүддесін жемісті жүргізе білген Қазақстан сыртқы саясатының жемісі.


🔻Атап өту керек әлемдік ірі зерттеу орталықтары мен білікті мамандар еліміздің бүгінгі халықаралық қатынастағы қадамдарын ғылыми тұрғыда талдай келе Қазақстанды «Орта держава» мәртебесіне теңестіріп отырғаны да жасырын емес.

✅Осы орайда қоғамда талқыланып жатқан бір мәселеге де арнайы тоқталған жөн шығар. Әлемде Мемлекет басшыларының шетелге жасаған сапарлары мемлекеттік, ресми, жұмыс сапары деп бөлінеді. Дипломатияда мемлекеттік сапардың протоколы бойынша «Мәртебелі», «Жоғары мәртебелі» ағылшын тілінен алғанда «His excellency» сөздері қолданылады. Мұны барша әлемде қабылданған протокол, дипломатия тіліндегі қалыпты дүние ретінде дұрыс қабылдаған жөн деп ойлаймын.

✅Ең бастысы өзара келісімдер, тең әріптестік негізінде еліміздің мемлекеттік мүддесін прагматикалық қадамдармен сауатты қорғай білу, барша көршілерімізбен бейбіт әрі достық қатынасты сақтай отырып елімізді одан әрмен дамыту аса өзекті. Одан да маңыздысы бүгінгі тектоникалық мүдделер қақтығысы орын алған геосаяси шарттарда Қазақстан халқының бірлігі, ішкі тұтастығы, елдіктің тізгінін берік ұстап, тәуелсіздікті одан әрмен нығайта түсуі өзекті дүние.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ортақ Отанымыз Қазақстанның іргесі берік болсын!

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы
🇰🇿🇦🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді

Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
🇦🇪 Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне қатысуға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалап, Қазақстанмен арадағы саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтудің және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

БАӘ Президенті Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы байланыс 2025 жылы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтеріліп, екі елдің дамуы мен өркендеуіне ықпал ететініне сенім білдірді. Ол халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен орнықты дамудағы өзекті мәселелерді шешуде Астананың үлесі зор деп санайды.
📣📣📣 «Президенттің бастамасымен жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды.

📍Бұл өте маңызды, өйткені кәсіпорындар мен біздің арамызда дуальды оқыту бойынша белгілі бір тәжірибе қалыптасқан. Біз әлеуметтік серіктестермен қарым-қатынасты өте жақсы дамыттық. Бұл бізге жыл сайынғы мониторинг жүргізуге, кімге қандай маман керегін, не дайындау керегін түсінуге көмектесті. Балалардың белгілі бір мамандық алуға деген қызығушылығы, әрине, әлеуметтік пакетке және деңгейін көтеруге дайындық жүргізілетін алаңға да байланысты. «Жас маман» бағдарламасының арқасында көптеген колледждер қажетті құрал-жабдықтар алды. Серіктестерімізбен бірлесе колледжімізге заманауи технологиялық жабдықтар сатып алдық. Олар тиімді түрде қолданысқа енгізілді. Қазіргі уақытта бізде 1 мың студент білім алып жатыр, оның 400-і жұмысшы мамандықтары бойынша дуальді оқыту жүйесімен оқиды. Олардың 60%-ы кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Біз мамандарды жұмыс берушілердің сұранысы бойынша дайындаймыз. Энергетика, машина жасау, теміржол және автомобиль көлігі сияқты салалар бойынша оқытамыз. Яғни, бұлардың барлығы өңірімізде сұранысқа ие мамандықтар», — деп атап өтті Петропавл машина жасау және көлік колледжінің директоры Анатолий Фурманюк.

📍 «Президент тарапынан бұл мәселеге көп көңіл бөлініп жатқанына өте қуаныштымыз. Біздің зауытта шынымен де жас мамандар жетіспейді. Әрі қарай даму үшін, үлкен көлемде жұмыстар атқарып, келісімшарттар жасауымыз керек. Бұған кадр даярлауға кететін уақытты қосыңыз. Біз қазір жас мамандарды шақырып,  оларды оқытудамыз. Өндірісте инженер, дәнекерлеуші, металл жонушы, тегістеуші секілді мамандар тапшы», — дейді Петропавл қаласындағы «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ бас директоры Алмас Нұрмағамбетов.
🇰🇿🇭🇷Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады

✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.

✔️Қазақстан Президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.

✔️Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.
Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде cөз сөйледі

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне қатысты. Жиынға орнықты дамудың жаһандық сын-қатерлерін талқылау үшін әлем көшбасшылары мен сарапшылар келді.

– Бүкіл әлем бойынша парниктік газ шығарындыларының 75 пайызы энергетикалық жүйелерге тиесілі. Биоалуантүрліліктің 10 пайызы соның салдарынан жойылады. Осы тұрғыдан алғанда, Masdar, Total, Eni сияқты халықаралық серіктестердің Қазақстанда жалпы қуаты 43 ГВт болатын жасыл энергетика жобаларын жүзеге асыруға міндеттеме алуының мәні зор. Бұл бастама жалпыұлттық референдумда қолдау тапқан. Сонымен қатар Қазақстан әлемдік нарыққа аса маңызды шикізат түрлерін жеткізуге ұмтылып отыр. Ауаға тарайтын көміртегі мөлшерін азайту жөніндегі жаһандық мақсатты орындау үшін бұл материалдар өте қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
🇰🇿🇳🇬 Мемлекет басшысы Нигерия Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті

▪️«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті.

▪️Мемлекет басшысы еліміз Африка құрлығындағы халық тығыз қоныстанған және ірі экономикасы бар Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді.

🇳🇬 Бола Ахмет Тинубу екіжақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады.

▪️Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

▪️Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады.

▪️Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы байланысты жандандыру маңызды екенін атап өтті.
📣📣📣Премьер-министр қысқы IX Азия ойындарына дайындық бойынша бірқатар тапсырма берді

📌 Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді.

✔️Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктер, барлық мүдделі ұйым мен компанияларға – Қазақстан құрамасының Қытайда сәтті нәтиже көрсету үшін спортшыларымызға барлық жағдай жасау тапсырылды. Сыртқы істер министрлігіне ұлттық құрамаға дипломатиялық желі бойынша тиісті қолдау көрсету міндеті қойылды.

📌 Мәдениет және ақпарат министрлігіне қазақстандық спортшылар қатысатын Азия ойындарының үздіксіз әрі сапалы көрсетілімін қамтамасыз ету тапсырылды.

✔️Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен, Ұлттық Олимпиада комитеттерімен, федерациялармен бірлесіп, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын барынша күшейтуі қажет.
Мемлекет басшысы Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи мен ADNOC компаниясының қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салминді қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабиге жұмыс сапары аясында Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесу өткізді.

✔️Мемлекет басшысы Қазақстан мен Masdar компаниясы арасындағы серіктестік жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Президент компания өкілдерімен бірге Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысын жүзеге асыруға қатысты келісімдерге қол жеткізілгенін айтты. Аталған ірі жобаға 1,4 миллиард доллар инвестиция салынады.

✔️Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи компанияның құрылыс жұмыстары бойынша жоспарымен бөлісті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Рамахи Masdar компаниясының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейте отырып, жаңартылатын энергетика және цифрландыру салаларындағы маңызды жобаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.
Президент Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті

➤ Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды, сондай-ақ көлік-логистика саласында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.

➤ Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымы мен тасымал дәліздерін дамыту еліміздің орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз етуде және халықаралық сауданы жандандыруда ерекше рөл атқаратынын жеткізді.

➤ Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ Президентке «Самұрық-Қазына» қорымен және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен тиімді серіктестік орнатқаны туралы мәлімет берді.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.
🇰🇿🇮🇹 Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

✔️Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

✔️Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті.

✔️Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.
📣📣📣Бензин бағасы: Қазақстан қалай бағаны төмен ұстап тұр және бұның соңы неге әкеледі?

Кеше Мәскеуді аралап жүріп, «Роснефть» жанармай құю станциясындағы бензин бағасын байқадым да, ойланып қалдым. Біз жыл сайын Ресейден бензин мен дизель отынын сатып аламыз, бірақ Қазақстанда бензин бағасы Ресейден де төмен. Бұл қалай?


🔻Өзіңіз де бағамдап отырған шығарсыз, Ресей бізге жанармайды нарық бағасынан төмен бағамен сатуы екіталай. Сонда біз жанар-жағармайды Ресейден алып, сосын Қазақстанға сатып, айырманы мемлекет есебінен өтейміз бе?
Жауабын білу үшін басқа ТМД елдеріндегі және әлемдегі бензин бағасына үңілуді жөн көрдім.

Нәтижесінде:
(GlobalPetrolPrices сәйкес)
• Қазақстан: литріне 46,1 цент.
• Ресей: 58,6 цент.
• Беларусь: 74,5 цент.
• Қырғызстан: 82,5 цент.
• Өзбекстан: 99,5 цент.
• Армения: $1,33.
• Украина: $1,37.
• Литва: $1,51.
• Латвия: $1,60.


📍ТМД елдерінің ішінде бензин Қазақстанда әлдеқайда арзан, тек Түркіменстанда ғана баға мемлекет тарапынан субсидияланады. Салыстыру үшін айта кетейік, біздің қазақтар жақсы көретін Грузияда бір литр бензин 1,09 доллар, БАӘ-де 68,1 цент тұрады.
Яғни, Қазақстан әлемдегі ең арзан бензинге ие ел.
Бұл туралы біздің азаматтардың не айтатынын сезіп тұрмын. Біз мұнай өндіруші елміз, бұл жерде бензин арзан болуы керек, т.б. Бірақ ғафу етіңіз, Ресей бізден көп мұнай өндіреді, олардың бағасы Қазақстанға қарағанда 15% жоғары. Біріккен Араб Әмірліктері жалпы алғанда бензинді бізден 50%-ға жоғары бағамен сатады, бірақ олар бізден екі есе көп мұнай өндіреді. Және өндірістік құны біздікінен 4 есе төмен, ал жергілікті халқы 20 есе аз.
Қазақстанның мұнай өндіруші ел ретіндегі артықшылығы бар. Ол - өз ресурстарына қол жеткізу. Бұл ішкі нарықта бағаны төмен ұстауға мүмкіндік береді, бірақ қандай шығынмен десеңізші?

📍Елдегі жағдай өзгеріп, жанар-жағармай шығыны күннен-күнге артып келе жатқанын, кеңес заманынан бері 3 зауытпен ғана тоқтап қалғанымызды, сондықтан жанармай тапшылығын импортпен жауып жатқанымызды түсінуіміз керек. Біз тек бензинді ғана емес, дизельдік отын мен авиакеросинді де импорттаймыз.
Мысалы, 2023 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Қазақстан «ҚазМұнайГаз» арқылы Ресейден 148 665 тонна дизельдік отын импорттаса, ҚТЖ тағы 150 мың тоннаны сатып алуға міндеттелді.
Нәтижесінде ресейліктерден бензинді 58,6 центтен сатып алып, оны өзімізге литріне 46,1 центтен сатады, яғни шығын 20 пайыздан асады. Бұл тұрақты төмен бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді, бірақ үлкен шығынға ұшыратады. Нәтижесінде бюджет есебінен жабылады.

🔸Демек, бензин бағасының төмен болуы мемлекеттің еңбегі екенін түсінуіміз керек. Бірақ бұны бәрі ұғып жүр ме екен?
Мен ұдайы бюджет тапшылығы туралы жазамын, бірақ бензинді, несиені, ауыл шаруашылығын, азық-түлікті, дүниедегі бардың бәрін субсидиялай беретін болсақ, тапшылықты қалай тоқтатады? Ең қызығы, азаматтар мұның бағасын білмейді, тіпті субсидиялардан халық бейхабар.

Дүниедегі бірде-бір мемлекет көршілерінен алғанын ішкі нарықта арзанға сатса, қарызсыз күн көре алмайтынын түсінетіндер кемде-кем. Иә, мемлекеттік бюджет шығынға ұшырайды, бірақ түптеп келгенде бұл шығындар мемлекеттік қарыздың деңгейін, яғни әрбір қазақстандықтың қарызын арттырады. Сонда ұрпағымызға қандай мұра қалдырамыз? Қарыздар ма?🤔
📣📣📣Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысы дуальды оқыту арқылы мамандар даярлауда

🔸Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы – еліміздің түрлі салаларындағы кадр тапшылығын шешу жолындағы маңызды қадам. Атап айтқанда, Ақмола облысында дуальды оқыту жүйесі арқылы мамандар даярлайтын оқу орындары қарқынды дамып келеді.


📍«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағанын бәріміз білеміз. Біз бұл маңызды шешімді қолдаймыз. Біздің өңірде білікті жұмысшы кадрлар тапшылығы бар. Осыған байланысты Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі жетекші бірқатар кәсіпорынмен белсенді ынтымақтаса жұмыс істеуде. Біздің колледж түлектері Ақмола облысы үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де құнды маман болатынына сенімдіміз, ел экономикасының дамуына өз үлесімізді қосамыз», — деп атап өтті Щучинск қаласы Жоғары техникалық колледжінің директоры Әсел Рахымжан.

📍 «Жұмысшы мамандықтары жылы Ақмола облысындағы ветеринария саласында кадр тапшылығын жоюға көмектеседі. Біздің колледжде жұмысқа орналастыру көрсеткіші шамамен 88%-ды құрайды, бізге әлі де көп нәрсеге ұмтылу керек. Оқу орнымызда дуальды оқыту бойынша дайындық жүріп жатыр: студенттер білімін 60% тәжірибеде, 40% білім беру ұйымында шыңдайды. Бұл тәжірибелік дағдыларды алуға және оларды бекітуге ғана емес, сонымен қатар кейіннен жұмысқа орналасу арқылы кәсіпорындарда ақылы тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Осылайша облысымызды кадрмен қамтамасыз етуге тырысудамыз», — деді Ақмола облысы Ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің директоры Айнұр Жансейітова.