Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
📣📣📣Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

🔻Кездесудің басты мақсаты – экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу бойынша Үкіметтің экономикалық блогының шаралары мен тәсілдерін талқылау. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздегі қазіргі экономикалық жағдай туралы баяндап, өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу үшін салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдерін айтты.

📍Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары бекітілген жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобаларын талқылады.

🔻Кездесу барысында «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец, «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ президенті Виктор Микрюков, «Атамекен» ҰКП төралқасы Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы Нұржан Отарбаев, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұсынылып отырған өзгерістердің экономиканың түрлі салаларына әсері туралы айтты.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев, «NAC Analytica» Корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Расул Рысмамбетов, «Dasco Consulting group» ЖШС басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов, «Fortune Partners» ЖШС бас директоры, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Тоқмурзина, ҚМ Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Рустам Жүрсінов, «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов байыпты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ талқылауға «Талап» Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, «DESHT» талдау орталығының жетекшісі Қуаныш Жайықов, экономист Ғалымжан Айтқазин, тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев, «Visor Kazakhstan» инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Алмас Чукин және басқалар қатысты.

📌 Премьер-министр кездесуге қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне салық-бюджет саласын реформалау мәселелері бойынша айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

«Президент нақты секторды дамытуды күшейте отырып, экономика құрылымын өзгерту міндетін қойды. Сондықтан талқыланатын реформалар еліміз үшін маңызды. Салық-бюджет реформасы экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жетілдірудің пәрменді тетігі болмақ», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Үкімет экономикалық өсуді ынталандырудың барынша тиімді шараларын пысықтау үшін сарапшылармен белсенді түрде жұмыс істеуді жалғастыруда.
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Тимур Шәмілұлы Сұлтанғожин Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Николай Владимирович Жұмақанов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
📣📣📣Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды

📌 Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдауда.

➤ Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді.

Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.

➡️Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.

🔸Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.

➡️Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейтін болады, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.
«Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу – қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді», — деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

Әсел Жанасова:

✔️компанияның былтыр атқарған қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайы, сондай-ақ дамудың перспективті бағыттары туралы есеп берді:
– соңғы екі жылда «Қазпошта» таза табыс тауып, бюджетке 45 миллиард теңге көлемінде салық және баж алымдарын төлеген;

✔️компания Дүниежүзілік пошта одағының рейтингісі бойынша алғаш рет ең үздік 50 пошта операторының қатарына кіргені жөнінде баяндады. Тасымал үдерісін оңтайландыру есебінен пошталық жөнелтілімдердің көлемі 26 пайызға өскен. Атап айтқанда, 20 миллион, соның ішінде 9 миллион халықаралық сәлемдеме жеткізілген;

❗️Мемлекет басшысы компанияның қаржылық жағдайын жақсарту, еліміздің ТМД-ға бағытталған көлік-логистика әлеуетін электронды сауда саласында дамыту және цифрлық шешімдер енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
📣📣📣Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Тимур Сүлейменов:

🔸Ұлттық банктің былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытынды есебі мен 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспарын баяндады;

🔸Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесінің ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары, сондай-ақ бағаны тұрақтандыру және инфляция деңгейін ортамерзімді мақсатқа сәйкес 5 пайызға жеткізу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді;

🔸2024 жылдың қорытындысы бойынша инфляция Ұлттық банктің болжаған шегінде қалыптасқаны, яғни 8,6% пайызды құрағанын айтты;

🔸Ұлттық қордың активтері, алтын-валюта резервтері және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жай-күйі жөнінде ақпарат берді:
– 2024 жылы Ұлттық қор активтерін басқарудан түскен табыс 7,5 пайызға артып, 4,5 миллиард долларды құраған;
– Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 45,8 миллиард долларға жетіп, 27,4 пайызға ұлғайған;
– БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқарудан түскен инвестициялық табыс 3,4 триллион теңгені құраған. Ал кіріс көрсеткіші инфляциядан екі есе асып түсіп, 17,8 пайызға жеткен;

🔸валюта нарығындағы жағдай таныстырылып, теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы баяндады;

🔸банк секторындағы жағдайдың тұрақтылығы, депозиттер базасының қалыпты өсімінің жалғасуы, сондай-ақ қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары мен макропруденциялық саясаттың тиімділігін арттыру жоспары жөнінде айтты;

🔸Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту нәтижелері мен Антифрод-орталығының қызметін таныстырды.

🔻Мемлекет басшысы инфляцияны тежеп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Үкімет макроэкономикалық саясатты үйлесімді жүргізуі қажет екенін атап өтіп, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
✍️ Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Адами капитал – басымдықта: 2025 жылы әлеуметтік салаға арналған бюджеттік шығыстар 9,6 трлн теңгені құрайды

📌 Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Үкіметтің басым міндеттері – азаматтарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып отыр. Бюджетті жоспарлау және атқару кезінде аталған бағыттарға ерекше назар аударылады.

➤ Осылайша, биыл Үкімет бюджеттік жоспарлау шеңберінде адами капиталды, әлеуметтік саланы дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламаларға байланысты баптар бойынша қаржыландыруды ұлғайтуды көздеді.

✔️ 2025 жылы республикалық бюджет шығыстары 25,8 трлн теңге болды. Атап айтқанда, биыл әлеуметтік салаға арналған шығыстар 9,6 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды, бұл жалпы шығыстар көлемінің 37,2%-ын құрайды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге (29,8%); экономиканың нақты секторын дамытуға – 2,2 трлн теңге (8,5%); өзге шығыстарға – 3,4 трлн теңге (13,3%) бөлінді.
Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

🔘 Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.

Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономиканың дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.

🔷 Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп бірқатар тапсырмалар берілді.
📣📣📣Ел билігі энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін екі бөліктен тұратын ұлттық жобаны іске қосты

🔸
Біріншісі — алдағы бес жыл ішінде 7 300 мегават электр қуаты салынып, бір бөлігі жаңғыртылады. Оған 6 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Екіншісі - коммуналдық желілерді жаңарту. Оны жүзеге асыруға шамамен 6,8 трлн қажет болады.

“Ол ақшаға 86 мың шақырым коммуналдық желіні жаңартып, жаңғырту және дамыту қажет. Сонымен қатар ел ішіндегі өндірістің мүмкіндіктері барынша пайдалану туралы жоспар бар. Инфрақұрылымға үлкен қаражат салғандықтан, оффтейк-келісімшарттар аясында жұмыс істеп тұрған өндірістерді 100% жүктеуді көздеп отырмыз”, - деді вице-премьер Қанат Бозымбаев.


🔸Осы ретте Үкімет энергетикалық инфрақұрылымға қажет бірақ елімізде өндірілмейтін заттардың өндірісін де жолға қоюға ниетті. Бұл бағытта 27 зауыт пен фабрика құрылады деп болжануда. Вице-премьер инвесторлармен жұмыс істедік. Олардың ішінде өзіміздің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар да бар. Олар өз өндірісінің аясын кеңейтуге дайын. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да қызығушылық танытып жатыр, - деді.

Бозымбаевтың баяндауынша қаржы құюға құлықтылар қатыранда Германияның, Түркияның, Ресейдің және Қытайдың инвесторлары бар көрінеді. Сондай-ақ Ұлттық жобаға зейнетақы қорынан қаражат алу туралы жоспар да бар, оның көлемі бірінші жартыжылдықтан кейін белгілі болады.

“Әртүрлі көздерден қаржы тартылатын болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан да. Инфрақұрылым саласы – салынған қаржы қайтатын сенімді бағыт. Тәуекелі төмен актив”, - деді.
📣📣📣Мемлекет шарапаты: Жұмысшы мамандарға үй алу үшін төмен пайызбен 2 440 несие беріледі🏘️

🔸Қазақстанда «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Қарыздың жалпы сомасы – 72 млрд теңге. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге болса, Астана мен Алматыда – 36 млн теңге.
 
✅Бұл бағдарламамен өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлері баспаналы бола алады.

Алғашқы жарна. Бастапқы нарықтан дайын баспананы алу үшін – 10%. Ал жөндеу жасалмаған жаңа үй мен қайталама нарықтан баспана алғысы келетіндер 20% жарна төлеуі тиіс.

🔻Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық мөлшерлемемен несие беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 17 наурызда басталмақ. 
📣📣📣Өткен аптадағы жаңалықтар легі

🔸Үкімет отырысы:
✔️«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы қаралды: 2024 жылы акцияға 6,2 млн адам қатысты – 1,1 млн тонна қалдық жиналып, 1,6 млнға жуық ағаш отырғызылды
✔️IТ-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту: Өңірлік IT-хабтар мен венчурлік қорлар саланы қозғаушы күші болуға тиіс

🔸Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу үшін салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдері қаралды

🔸Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды. Жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр

🔸Үкіметте энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру бойынша баспасөз конференциясы өтті. Ұлттық жобаның мақсаты – коммуналдық қызметтерді тұрақты әрі сапалы ұсынуды, жаңа қуаттар салуды және инженерлік желілердің тозуын 40%-ға дейін төмендетуді қамтамасыз ету

🔸Үкіметте 2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы тыңдалды

🔸Адами капитал – басымдықта: 2025 жылы әлеуметтік салаға арналған бюджеттік шығыстар 9,6 трлн теңгені құрайды

🔸Премьер-министр сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша кеңес өткізді. Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қаралды
🔥 🔥 🔥 Арман Дикийдің ұйымдасқан қылмыстық тобы қалай дайындалды: сатқындық, билік және хаос

Қаңтар оқиғасына қатысты тағы бір атышулы қылмыстық іс аяқталды.

Бірақ үкімнің астарында қылмыстық топтардың елді тұрақсыздандыру құралына айналғаны туралы жан түршігерлік ақиқат жатыр.


Бүгінде ел назарында - 2016 жылдан бері «хаостың пешкасы» болып дайындалған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Арман Жұмагелдиев.

📌 Түрмеден "жобаға" дейін

2016 жылы түрмеден жаңа шыққан Арман сол кездегі ҰҚК департаменті бастығының орынбасары Руслан Ысқақовтың назарына ілікті. Оның жеке басының қараңғы тұстары, бақылануы және кез келген нәрсені істеуге дайындығы лас жұмысқа ҮМІТКЕР етті.

Осылайша, көпке бейтаныс адам «Жабайы Арманға» айналды. Бірақ бұл миф қана.

‼️ Үрей империясы: Жабайы Арман ұйымдасқан қылмыс тобы қалай жұмыс істеді?

Арман ықпалды меценаттардың қорғауымен ауқымды қылмыстық империя құрды.
«Аймақ бақылаушылары» бопсалау, рэкет және қылмыстық тәртіпті бақылауға алды. Бизнесмендер «салық» төледі, ал кірістің бір бөлігі жаңа қылмыстарды қаржыландыруға кетті.
Мысалы, Құлпейісов есімді азамат Алматыға, Үсенов Шымкентке жауапты болды. (Ол осы ақшаға шетелде тұрды).

Жас спортшылар оның бандысының қаруына айналды.
Оның айналасына ақша, билік немесе қорыққандықтан амалсыз бұйрықтарды орындауға дайын содырлар мен мәжбүрлеушілердің әскері жиналды.

Бизнесмендер “қорғану” үшін миллиондаған теңге төлеуге мәжбүр болды. Қарыздар күшпен өндіріліп, табыстың бір бөлігі жаңа қылмыстарды қаржыландыруға жұмсалды. Түрлі дереккөздерге сүйенсек, айлық мөлшерлеме 4 миллион теңгенің төңірегінде болған!

Арман мен оның бандасы жылдан-жылға билікке ие болып, шағын қылмыстық топтарды аяусыз бағындырады.

Ықпалды адамдар оларға толықтай жазасыз қалуға кепілдік берді. Қару-жарақ, қаржы және ірі кісілермен байланыстар олардың күші мен ықпалын күшейту үшін ғана қолданылды.

📌 2022 жылғы қаңтар: Қылмыстық жоба әрекетін бастады

Қаңтардағы қайғылы оқиғаның алғашқы күндерінен-ақ Арман қылмыскерден қастандық жасаудың стратегиялық элементіне айналды.

Оның міндеті: наразылық білдірушілер тобын жетектеп, бақылаудағы хаостағы топты дұрыс бағытқа бағыттау, жағдайды тұрақсыздандыру және төңкерістің күшті бөлігіне дайындау болды.

PR және әлеуметтік маркетинг бойынша машықтанған ол өзі басқаратын «торпедалармен» бірге қаңтар оқиғасына бірнеше күн қалғанда Алматының қақ ортасындағы бес жұлдызды Ritz-Carlton қонақүйінде орналасқан екен. Алматы көшелерін хаос билеген кезде оның «торпедалары» дүкендерді тонап, ғимараттарды басып алып, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады.

Арман Жұмагелдиевтің әңгімесі – патронаттық қылмыспен келетін қайғылы оқиға. Билікке деген құштарлық пен арамдық - қарапайым бұзақыны құбыжыққа айналдырды.

⚡ Үкім:
– Арман Жұмагелдиев – 20 жылға бас бостандығынан айырылып, қоғамдық-саяси қызметке тыйым салынды.
– Руслан Ысқақов – 15 жыл және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Олармен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы 40 мүшесіне қатысты үкім шығарылды.

Бұл оқиға әрбір «хаос кейіпкерінің» артында лас ойнайтын біреу тұрғанының дәлелі. Бірақ әділдік ерте ме, кеш пе шыңыраудан шығады.


#Әділет #Тарих #Хаос #Әділет
📞 Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті

🇰🇿🇧🇾Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
✉️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

🇰🇿🇮🇳Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас Үндістан халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

➤ Президент берік достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-үнді қатынастарының ерекше сипатына назар аударып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
📣📣📣Олжас Бектенов ҚХР-ның Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясын бастаған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестиция, АӨК, көлік және логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық сала, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.

Премьер-министр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы қарқынды және сенімді байланыстар серпінді экономикалық ынтымақтастықтың негізі екенін баса айтты.

🔸Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің қалыптасқан жоғары деңгейін атап өтті.

🔸Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық негізгі бағыттары бойынша әріптестікті нығайту және бірлескен жұмысты күшейту ниеттерін растады.
📣📣📣Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді

Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.
📣📣📣Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

«Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық.

Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор.

Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз», - деді Президент.
📣📣📣Мұнай өндірісінің азаюы экономикаға кері әсерін тигізді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов осылай деді.


Былтыр экономика 4,8 пайызға өсті. Ал ауыл шаруашылығында - 13,7 пайыз, құрылыста - 13,1, саудада - 9,1, көлікте - 8,5 пайыз деңгейіне қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Десек те, мұнай өндіру көлемі 2 миллион 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді.


Бұл ОПЕК+ міндеттемелері мен ірі кен орындарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты екенін айтты.