Закон и Порядок
8.58K subscribers
2K photos
1.15K videos
4 files
3.28K links
Download Telegram
🗣Қазақстанда екі әкімге қатаң сөгіс жарияланды

Ақмола облысына қарасты Ерейментау және Жарқайың аудандарының басшылығына қатаң сөгіс жарияланды.

▪️Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды.

▪️Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмасын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10👎2❤1
⚜️Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қалай және қайда өтеді

Елордадағы 6 нысанда жарыстар өтеді. Олар:
▫️ "Астана-Арена" стадионы
▫️ "Қазанат" ипподромы
▫️Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы
▫️"Алау" мұз айдыны сарайы
▫️ "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешені
▫️ "Думан" кешені.

🐎🏹Ойындар үш бағыт, яғни спорт, мәдениет және ғылым бойынша өтеді. Көшпенділер ойындары ұлттық спорттың 21 түрін қамтиды.

Биыл 8-13 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден екі мыңнан астам адам қатысады

https://t.me/halyquni
👍9❤2👏1
🪪Қазақстанда көлік құжаттарын рәсімдеу қанша тұрады

Көлік техпаспорты, нөмірі мен жүргізуші куәлігінің бағасы аталды.

💸Бағалар жайлы толығырақ Ішкі істер министрлігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы №517 бұйрығы арқылы танысуға болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2👏2🤔1
💰🦷Зейнетақы қорынан тіс емдетуге берілетін бір реттік төлем тоқтатылады

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығының жобасында айтылған.

Құжатқа сәйкес, ДСМ 2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер, атап айтсақ тісті протездеу және имплантациялау қызметіне зейнетақы қорындағы жинақты пайдалануды тоқтатып отыр.

▪️Дегенмен балаларды емдеу үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануға болады.

Бұйрықтың жобасы 7 тамызға дейін талқыланады.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯6👍1🤔1😱1
🗣Майқайыңдағы апат: 7 айдан кейін құтқарушылардың автобусы табылды

Қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылып, көліктің бампері мен доңғалағы көрінді.

▪️Бұған дейін 3 құтқарушының денесі табылды. 55 жастағы құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢13👍2❤1
🗣🏡Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналған баспана қыркүйекте беріледі

Тасқыннан үйі зақымдалған тұрғындарға арналған жалпы аумағы 100 шаршы метрлік үйлердің 86-сының іргетасы құйылып, 66-сының қабырғасы қаланды, ал 14-інің төбесі жабылып жатыр.

Құрылысқа жергілікті 8 мердігер мекеме және 233 жұмысшы жұмылдырылды. Үйлер қыркүйекте беріле бастайды.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👏1
Закон и Порядок
🗣Майқайыңдағы апат: 7 айдан кейін құтқарушылардың автобусы табылды Қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылып, көліктің бампері мен доңғалағы көрінді. ▪️Бұған дейін 3 құтқарушының денесі табылды. 55 жастағы құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің…
🗣Майқайыңдағы апат: төртінші құтқарушының мәйіті табылды

Сағат 16:05-те 75 метр тереңдікте 55 жастағы автобус жүргізушісінің мәйіті табылып, сараптамаға жіберілді. Іздестіру жұмыстарына түрлі қызметтердің 200-ден аса қызметкері жұмылдырылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢13😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣Жас жігіттің ағзасы төрт пациентке трансплантталды

Қайтыс болғаннан кейінгі донор – жол апатының салдарынан қаза тапқан 18 жасар жігіт. Оның туыстары ағзаларды алуға келісім берді.

Трансплантологиялық республикалық орталықта жігіттің бауыры, жүрегі және екі бүйрегін алынып, 25 шілдеде мамандар транспланттау алмастыру операциясын жүргізді.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16😢6🕊2❤1🤬1
🗣Алқабилер ақтап шыққан Кәрім Көкірекбаев сот залынан қайта қамауға алынды

25 шілдеде Алматы облысының қылмыстық істер бойынша сот алқасы Көкірекбаевқа қатысты істі апелляциялық сатыда қарады.

Кәрім Көкірекбаев сот залынан қамауға алынды.

Айта кетейік, 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаевтың ұсталғанын хабарлады.

▪️Ол топ болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған. 2024 жылдың 7 маусымында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімін шығарды.

Көкірекбаев 2013-2018 жылдары Жамбыл облысын басқарған

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🤯2❤1
Сүйінші, Қазақ елі! Алғашқы алтын😍

🥇 Елдос Сметов финалда жеңіске жетті!
❤56👍29🔥12
Закон и Порядок
Сүйінші, Қазақ елі! Алғашқы алтын😍 🥇 Елдос Сметов финалда жеңіске жетті!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

– Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі! – деп жазды Мемлекет басшысы.
👍50😍3
🇰🇿Олимпиаданың екінші күні: Қазақстан 7-ші орында

🥉Бүгін қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Бұл – Қазақстанның 2024 жылғы Олимпиададағы үшінші медалі.

Бұған дейін алтын жүлдені дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алған болатын. Александра Ле мен Ислам Сәтбаев нысанаға көздеуден қола медаль иеленді.

Спортшыларымызға сәттілік!
👍30🔥7❤4😢1🤣1
🗣Қазақстандықтардың жеке деректері желіде тарап кеткен

Кибер-шабуылдарды талдау және тергеу орталығының мәліметінше, өткен аптада Telegram пайдаланушыларының бірі BreachForums хакерлік форумның толық дерекқорын жариялап жіберген. Аталмыш форум 2022-2023 жылдар аралығында зиянды бағдарламалар мен ұрланған деректерді сатумен айнасқан. Былтыр Федералды тергеу бюросы форум ұйымдастырушысын қамауға алған болатын.

Алдын ала мәлімет бойынша, форумға 15 қазақстандық хакер тіркелген.

Мәліметтердің ішінде 2022 жылдың 29 қарашасына дейінгі жарияланған барлық деректер, оның ішінде пайдаланушы идентификаторлары, хэштелген құпия сөздер, жеке хабарламалар, форум несиелерін сатып алу үшін пайдаланылған криптовалюта мекенжайлары және сайттағы барлық хабарламалар бар.

❗️Мамандар киберкеңістікті пайдаланушыларды аса сақ болуға және парольдерін уақтылы жаңартып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔5👍2🤯1
🗣Бұрынғы Ұлттық экономика министрі жаңа қызметке тағайындалды

Әлібек Қуантыров Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

2024 жылдың сәуір айынан бастап «KazEnergy» қауымдастығын, ал оған дейін екі жыл Ұлттық экономика министрлігін басқарды.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩11👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣Шымкентте Сатыбалдының құдасына тиесілі спорт сарайы мемлекетке қайтарылды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, 2017 жылы «Спорт сарайы» ЖШС-ның 67,09% үлесі жекешелендіріліп, «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС-ға 128 миллион теңгеге сатылған.

Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен жекешелендіру нәтижелері жойылып, ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір шешім заңды күшіне енді.

▪️Айта кетейік, спорт сарайы Қайрат Сатыбалдының құдасы Серікжан Сейітжановқа тиесілі болған.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤2
🗣Париж-2024: 31 шілдеде қазақстандық 7 спортшы сайысқа түседі

Бүгін Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың 5 түрінен – триатлон, стенд ату, бокс, спорттық гимнастика және оқ атудан жарыс жолына шығады.

Триатлон
11:00. Әйелдер. Екатерина Шабалина

Стендтік ату
12:00. Трап. Іріктеу. Әйелдер. Мария Дмитриенко

Оқ ату
12:00. 50 метрге ату. Іріктеу. Ерлер. Ислам Сатпаев, Константин Малиновский

Бокс
Ерлер. 57 келі. 1/8 финал
14:16. Махмуд Сабырхан – Хосе Кулес Бротос (Испания)

Әйелдер. 75 келіге дейін. 1/8 финал
00:36. Валентина Хальзова – Атеина Бибечи Билон (Панама)

Спорт гимнастикасы
20:30. Көпсайыс. Ерлер. Милад Карими.

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤2
🗣💊Дәрі-дәрмектің бағасын енді мобильді қосымша арқылы бақылауға болады

Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылғандығы жөнінде оңай және жылдам хабарлай алады. Ол үшін дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін қосымшаға жүктеп, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жеткізілетін өтініш жіберу қажет.

Сонымен қатар қосымша арқылы дәрі-дәрмектерден пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға болады.

📲Dari.kz қосымшасын App Store және Google Play қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🤔3❤1