Танымал саяхатшы және марафоншы Сәрсенбай Қотырашов шамамен 3000 шақырымды құрайтын үлкен жаяу сапарға аттанады. Ол 2 тамыз күні Өскемен қаласынан шығып, күніне орташа есеппен 40 шақырым жүруді жоспарлап отыр.
«Мен өзімнің жаяу саяхатымды алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнаймын. Біз көшпенділердің ұрпағымыз және олардың бай мәдениеті мен мұраларын әлемге танытқым келеді. Мен Алтай және Моңғолия арқылы Қытайға дейін жетуді жоспарлап отырмын», - деді Қотырашов сапарға аттанар алдында.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25❤4🥰1👏1
Ресми ақпаратқа сүйенсек, электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді.
Жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз. Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады, – делінген хабарламада.
Сонымен бірге ХҚКО порталы мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне басқа адамдар қол жеткізе алмайтыны хабарланды.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🥱1
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшылары келіссөз залына барды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍2🤔1
Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі бұйрығы бойынша, ішкі істер органдарының ҚР азаматтығына қабылдау және ҚР азаматтығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Аталған қағидалардың 18-тармағында азаматтық алғысы келетін адамның өтінішхаты, өмірбаяны, фотосуреті, жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, өзге мемлекет азаматтығы тоқтатылғаны туралы анықтамасы, мемлекеттік баж салығының төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжаты болуы керек.
Енді министрдің 29 шілдедегі №592 бұйрығы бойынша солардың қатарына тағы бір талап қосылып отыр.
Бұдан былай ел азаматтығына өтініш бергісі келетін адамның мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде білетіндігін, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде Қазақстан тарихын растайтын сертификаты болуы керек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16❤2
👩🏻🎓🧑🏻🎓Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады
Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында орналастырылады.
▪️Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

❤13👍5
🥈ТАРИХИ СӘТ! НАРИМАН КУРБАНОВ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды.
Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Бұл сында алтын медальді ирландиялық Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.
Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).

👍49❤10🔥4
Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті
Қайғылы оқиға Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында болған.
Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, суға батқан 4 адам – бір отбасының мүшелері.
«Куәгерлер 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін тапты. 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамның денесін Ақмола облысы және Астана қаласының ТЖД құтқарушылары іздеп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Мамандардың айтуынша, отбасы мүшелері суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған.

😭14😢3👍1
Еліміздегі ірі әуежайлар мен теміржол вокзалдарына қытайша білетін мамандар керек
2025 жылы болатын Қытайдың Қазақстандағы туризм жылына дайындық басталды.
Бүгін Астанада Көлік министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен Қытайдың Қазақстандағы туризм жылына дайындықты бастау бойынша жиналыс өтті.
Министрлік мәліметінше, онда Индустрия және туризм комитетінің төрағасы былтыр ҚХР-дан елімізге келген туристердің саны 367 мың адамға жеткенін айтқан. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 21 есе көп.
Жиынның қорытындысы бойынша министр құзырлы ведомстволарға келесі жылға дайындықты бастауды тапсырды:
- Туристерге арналған тіркеу орындарын санын арттыру қажет;
- Ірі әуежайлар мен теміржол вокзалдарына қытай тілін меңгерген қосымша мамандар тартылуға тиіс;
- Арнайы брошюраларды шығару және тағы басқа.

👎19👍4🤯3❤1
Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды
Париж Олимпиадасында Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық бокшыға есе жіберді.
Қазақстандық қарсыласы Ю Вудан 4:1 есебімен жеңіліп, қола медаль иегері атанды.

🔥17👍4👏2❤1
Қарағандыда студент 7,5 жылға сотталды
Қарағандыда есірткі жасырумен айналысқан коллежд студентіне сот үкімі шықты.
Жоғарғы соттың дерегінше, айыпталушы қаладағы политехникалық колледжде 3-курста оқыған. 2023 жылғы сәуірде 17 жастағы студент интернеттен «курьер керек» деген хабарландыруды көрген.
Ол телефон нөміріне қоңырау шалып, жұмыстың қиын емес екенін, жалақының жоғары болатынын білген. Осылайша, ол курьер болып жұмыс істеп, жеңіл ақша табуға кіріскен.
Әрбір жасырған есірткі үшін айыпталушының банк картасына 2,5 мың теңге аударылған. Оны сотталушы өз қажетіне жұмсаған.
Былтыр қарашада полиция студентті ұстады. Жасөспірімнің сөмкесі мен қалтасын тінту барысында 11 орама табылды. Онда мефедрон есірткісі болған. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3, 5 тармақшалары бойынша айып тағылды. Сотта айыпталушының кінәсі дәлелденді.
Соттың үкімімен студент 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оның кәмелетке толмағанын ескерді.
Үкім заңды күшіне енді.

👍8😱1😢1
СІМ қазақстандықтарды Бангладешке бармауға шақырды
Сыртқы істер министрлігі СІМ Бангладештегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарын ахуал тұрақталғанға дейін сол елге бармай, қоя тұруды ұсынды.
«Қазір Бангладеште жүрген қазақстандықтардан аса қажет болмаса, үйден шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақ және қырағы болуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Қазақстанның Үндістандағы елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз», - деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.
Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладештегі қазақстандықтар мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлерге шұғыл хабарласа алады:
• +7 (7172) 720111 (кезекші дипломат);
• +7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp).
Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің байланыс нөмірі:
• +91 1145 555 106;
• +91 9667 118 363.

❤3👍1🤔1
12 жасында босанған қызға қандай көмек көрсетіліп жатыр?
Павлодар әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда 12 жастағы босанған қыздың мәселесі қаралды.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың шешімімен отбасыға басқа ауылдан үй берілді. Меценаттар үйге қажет барлық затты алып берген.

Halyq-uni.kz | Жаңа Қазақстан – жаңа медиа
12 жасында босанған қызға қандай көмек көрсетіліп жатыр?
Отбасыға кәсіпкерлер мен меценаттар қолдау көрсетуде
😱5👎1
🥈 Париж Олимпиадасы: Демеу Жадыраев күміс медальға ие болды
Парижде грек-рим күресінен 77 келіде бақ сынаған балуан Демеу Жадыраев финалда 23 жастағы жапониялық Нао Кусакадан 2:5 есебімен жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.

👍25😢11❤5👎4
🥈Қазақстан қоржынына тағы 1 күміс медаль түсті
Париж Олимпиадасында 80 келіде жұдырықтасқан боксшы Нұрбек Оралбай күміс медальға ие болды.
Ол украиндық Александр Хижнякке есе жіберді.

❤14👍6🔥3
3 өңірде терроризмді насихаттаған қылмыстық топ ұсталды
Биыл шілде-тамыз аралығында ҰҚК Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында арнайы операция жүргізіп, 5 қазақстандықты ұстады. Олар сот санкциясымен қамауға алынды.
Сондай-ақ ұсталғандардың екеуі бұған дейін кісі өлтіру, тонау және бұзақылық жасағаны үшін істі болған. Тағы бір күдікті шетелде дайындықтан өтіп, лаңкестермен бірге қарулы қақтығыстарға қатысқан.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұсталғандар теракт ұйымдастыру үшін терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан. Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде олардан қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ұсталғандардың екеуі бұған дейін кісі өлтіру, тонау және бұзақылық жасағаны үшін істі болған. Тағы бір күдікті шетелде дайындықтан өтіп, лаңкестермен бірге қарулы қақтығыстарға қатысқан.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
🥱5👍2❤1
⚡️Бұрынғы министр Тұрғымбаев 5 жылға шартты түрде сотталды
Астана сотында бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі қаралды.
Сот отырысы жабық өтті.
Экс-министрге ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдаланды деген айып тағылды.
Соттың үкімімен Ерлан Тұрғымбаев кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылды.
Сондай-ақ ол 10 жылға белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылды.

🤡8👍4🔥2