Закон и Порядок
8.59K subscribers
2K photos
1.15K videos
4 files
3.28K links
Download Telegram
Білім_беру_гранты_иегерлерінің_тізіміне_қосымша.pdf
2.6 MB
🎓Қосымша білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады.

Мемлекеттік гран. ҰБТ-дан жоғары балл алған түлектерге берілген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8
14-ғасырда Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған қолжазба табылды

1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды.

Қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған, - деп жазылған Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.

Тарихи мұраны Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, ғалым Өмірбек Қанай анықтады.

Қазір аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізілді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
🔥19👍14❤1👏1
Закон и Порядок
Балқашта голланд қарасорасы егілген алқап анықталды Полиция есірткі алқабы әуеден барлау жүргізу барысында анықтады. Есірткі плантациясы Балқаш көліндегі аралдардың бірінде болған. Сараптама барысында тәркіленген 6 122 бұта жалпы салмағы 2 тонна 740 келі…
Голланд қарасорасын өсірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі өсірумен айналысқан топты ұстады.

2022-2023 жылдары Қызылорда облысында қылмыстық топ голланд қарасорасын (марихуана) өсірген. Олар ұсталды. Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан асатын есірткі тәркіленіп, 3 алқап жойылды, - деп жазылған хабарламада.


Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауға алынды. Тергеу аяқталды.

Фото: Қызылорда облысы прокуратурасы
👍7
⚡️Су тасқыны: Қостанай облысында үйлердің құрылысы толық аяқталды

Осылайша Жангелдин ауданында 19 тұрғын жаңа үйдің кілтін алды. Амангелді ауданында да 18 үй берілді.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры мен Қостанай облысы әкімдігі арасындағы меморандум аясында зардап шеккендерге арналған 89 жеке тұрғын үй құрылысы қаржыландырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7
Президент 2 қыркүйекте қазақстандықтарға Жолдауын жариялайды

Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысады.

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
👎10❤3
⚡️Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды 12 жылға сотталды

Сатыбалды қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (бас бостандығынан заңсыз айыру), 389-бабы 4-бөлігі (өзінше билік ету), 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (қорқытып алу) бойынша сотқа тартылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏24👎2❤1
🇰🇿Конституция күні құтты болсын!

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏11❤5👍1
🔔Бүгін 1 қыркүйек - Білім күні.

Биыл 352 мың оқушы бірінші сыныпқа барады. Жалпы елімізде 3,9 миллионнан астам оқушы білім алады.

Жаңа оқу жылында білім алушылар мен ұстаздарға сәттілік тілейміз💐💐💐

https://t.me/halyquni
👍24❤2🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ШҚО шахтасындағы апат: қаза тапқан 5 адамның отбасына қандай көмек көрсетіледі?

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев айтты.

Апаттан 5 адам қаза тапты. Мен 3 адамның үйіне кіріп шықтым. Екеуі қалада, біреуі ауылда тұрады. Қайғылы жағдай. Әрбір отбасының жағдайы бөлек қой. Кейбірінің жағдай жақсы, кейбірінің жағдайы төмендеу, - деді Ермек Көшербаев.


Айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы «Ертіс» шахтасында 4 адам қаза тапты. Қайғылы жағдай 31 тамызда болған.

1 қыркүйекке қараған түні облыстағы Артемьев шахтасында бір адам қаза тапты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6😢3
Банктер туралы жаңа заң қажет – бұл туралы президент қазақстандықтарға жолдауында айтты

Қолданыстағы құжат осыдан 30 жыл бұрын қабылданған

Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды, - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
👍7🔥1
⚡️ АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді

Тоқаев қазақстандықтарға жолдауында ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс екенін айтты.

Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын, - деді Тоқаев.
👍5🤮4👎2🥱2😱1
Референдумға барып, дауыс бересіз бе?
Anonymous Poll
55%
Иә, азаматтық парызымыз
45%
Жоқ, менің пікірімсіз де АЭС салынады
👍4
✍️ Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі болып тағайындалды

Бұған дейін бұл қызметті бір жыл Ермек Маржықпаев атқарды.

Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

Бұған дейін ол спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметін атқарған.
👍10❤5🤔2
⚡️Президент 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды

Ол жерде қазақстандықтар «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮11👍6
⚡️Көшпенділер ойындары: Қазақстанға қанша турист келуі мүмкін

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың сөзінше, биыл 89 елден 2 мыңнан астам қатысушы келеді. Сондай-ақ 100 мың турист тарту жоспарланған.

Қазақстанның ірі инфрақұрылымы көптеп адам тартуға және ауқымды іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына бір күн қалғанда этноауыл ашылады. Сондай-ақ, екі күн Димаштың концерті өтеді. Бұл да туристердің назарын аударып отыр, – деді Еркінбаев.


Айта кетейік, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6😁5
⚡️АЭС салу бойынша референдум өткізуге 15,5 млрд теңге қажет

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Сәбила Мұстафина хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬20👎18🤡4👍2😁2😱1
⚡️Халықаралық кинология федерациясы қазақ тазысына қатысты шешімін жариялады

FCI Бас комитеті қазақ тазысын ресми түрде ит тұқымы деп алдын ала тану туралы шешім қабылдады.

Осылайша, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.

Келешекте сіздерді 10 жылға созылатын жұмыс күтіп тұр. Осы уақыт ішінде иттердің денсаулығына көптеген тест жасалып, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізіледі. Бұл деректер FCI ғылыми комиссиясы үшін қажет, - деді FCI президенті Тамаш Яккель.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26🥰7❤2👏1
🥇 Давид Дегтярев – XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы!

XVII жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз 188 келі салмақты еңсерді.

Осылайша Давид Дегтярев екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. 

Президент Давид Дегтяревті жеңісмен құттықтады.

https://t.me/halyquni
🔥17👍14❤7🍾2
🍽💸Енді даяшыларға шай-пұл төлемеуіңіз мүмкін

Тамақтану орындарында көрсетілген қызмет үшін жалпы соманың 10%-ын түбіртектен алып тастауды көздейтін норма заңға енгізілуі мүмкін.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.

Бүгінде түбіртекте 10% міндетті атрибут ретінде көрсетілген. Бз атрибут ретінде көрсетілген осы шайпұлды алып тастауды көздейтін өзгерістерді дайындап жатырмыз. Яғни (көрсетілген қызмет үшін алынатын) 10%-ды алып тастаймыз. Егер (түбіртек) қызметтің жалпы сомасы көрсетілсе, сіз неге 2 рет төлеуіңіз керек... Алайда сізге көрсетілген қызмет ұнаса, онда өз еркіңізбен шайпұл төлей аласыз, - деді министр.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍35❤1