🎄 Қазақстандық оқушылардың қысқы демалысы – 10 күн
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қазақстандық мектеп оқушылары үшін қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жалғасып, он күнді қамтиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқушылардың қысқы демалыс кезеңіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шараларды өткізу көзделіп отыр.
Демалыс уақытында балаларға:
• кітап оқу;
• музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару;
• спорттық ойындарға қатысу, коньки және шаңғы тебу;
• қайырымдылық акциялары мен өзге де әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатысу ұсынылады.
Сонымен қатар мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық бағыттағы түрлі іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылады.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуы тиіс. Осы орайда ата-аналармен бірлесіп жол-көлік жарақаттарының алдын алу, мектептің ішкі тәртібін сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігі атап өтіледі.