Ұлытау облысы білім басқармасының «Жезқазған қаласы білім бөлімі» ММ, 2024-2025 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру жұмыстары:
1. «Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 шiлдедегi № 174 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі №82 бұйрығын, Ұлытау облысының білім басқармасының Жезқазған қаласының білім бөлімінің 2025 жылғы 12 мамырдағы 127-н бұйрығы басшылыққа алынады.
2. Қорытынды аттестаттауды өткізу және дайындық уақыты кестесі ата аналарға қол жетімді түрде ұйымдастырылады.
Қазақ тілі пәні бойынша аралық емтихан 5-8,10 сыныптар үшін 26 мамырдан басталады.
9 сынып оқушыларына 29 мамыр мен 10 маусым, 11 сынып оқушылары үшін 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өткізіледі.
3. 1-10 сынып оқушылары үшін «Білімім –Отаныма» тақырыбында біріңғай сынып сағаты 23 мамыр күні өткізіліп, сынып сағатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басымдық берілуі керек. Сонымен қатар оқушылармен бір жылғы өткен оқу жылын қорытындылайды.
4. 11 сынып оқушылары үшін «Мектебім, саған, мың алғыс» тақырыбында 24 мамыр күні сағат 10.00. соңғы қоңырау соғылады.
5. Негізгі және жалпы орта білім беру туралы аттестатты тапсыру салтанаты Жезқазған қаласы бойынша 9 сыныптар үшін 18 маусым, 11 сыныптар үшін 19 маусым күндері мектеп қабырғасында өткізіледі.
6. Оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастыруда төмендегідей ережелер қатаң сақталады:
- Білім беру ұйымдарында оқу жылын аяқтау шараларының мазмұнды, сапалы, шынайы болуына мән берілуі;
Ұйымдастырылатын шаралардың тәрбиелік мәніне (экологиялық, патриоттық, достық, бірлік, құрмет, экономикалық, қарапайымдылық, т.б.) және жас ерекшелігіне сай болуына назар аударуы;
Шаралар өткізу барысында оқу үдерісіне, жиынтық бағалау жүргізу кестесіне кедергі келтірмеуі;
Педагогтерге, білім беру ұйымына сыйлық алу үшін жекелеген ата-аналардың басқа ата-аналардан ақша жинауына, басқа ата-аналарды бопсалауына, алаяқтық жасауына жол берілмеуі тиіс. Ондай факт анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына білім беру ұйымының басшылары хабарлауға міндеттілігі;
Білім алушылардың қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар жүргізу, ата-аналарды нұсқаулықтармен таныстыру ұйымдастырылуы;
Көлікпен қыдыру, пәтер жалдау фактілеріне қатаң бақылау жасау керек. Сынып жетекшілері, тәрбиешілер, кураторлар әрбір ата-ана мен білім алушыға нұсқаулықты жеткізіп, хаттамалауы керектігі;
Білім беру ұйымдарының директорлары өздерінің құзыреті шеңберінде оқу жылын аяқтау шаралары барысындағы қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау, заңсыздықтарға жол бермеу бойынша бұйрық шығарып, ұжым мүшелерін толық таныстырылады.
7. Оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастырылуда қатаң тыйым салынады:
Оқу жылын аяқтау шараларына ата-аналардан, білім алушылардан ақша жинауға;
Балабақшаны, бастауыш сыныптарды, мектепті бітіру шараларын білім беру ұйымының ғимаратынан тыс жерде өткізуге;
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында ақылы негізде қызмет көрсететін тұлғаларды (фото-бейнеоператор, аниматор, т.б.) шақыруға;
Ата-аналардан балалары үшін бірыңғай киім үлгісін талап етуге;
Директорға белгілі болған заңсыз әрекеттер мен талапқа қайшы жағдайды білім бөлімдерінің, білім басқармасының басшысынан жасырып қалуға.
Білім беру ұйымдарында аталған өрескелдіктер орын алған жағдайда заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылатын ескертілді.
8. Оқу жылын аяқтау жұмыстарын ұйымдастыру бірінші басшының бақылауында болатыны ескертілді.