Жезқазған қаласының білім бөлімі
2.61K subscribers
592 photos
56 videos
17 files
52 links
Новости
Download Telegram
💬МИНЗДРАВ: РЕКОМЕНДАЦИИ ДЛЯ БЕЗОПАСНОГО ЛЕТНЕГО ОТДЫХА

☀️Солнечная и тёплая погода — это не только приятные эмоции, но и такие риски, как перегрев, обезвоживание, пищевые отравления, травмы на воде и укусы насекомых.
Национальный центр общественного здравоохранения напоминает: соблюдение простых, но эффективных мер поможет сохранить здоровье и получить от отдыха только положительные эмоции.

🌡️Защита от жары и обезвоживания
Избегайте длительного пребывания на солнце в часы пик (с 11:00 до 16:00). Носите лёгкую светлую одежду и головной убор, пейте воду регулярно, не дожидаясь жажды.
🚫Старайтесь избегать алкоголя и сладких газированных напитков — они способствуют обезвоживанию.

🧴Солнцезащита
Используйте солнцезащитные средства с высоким SPF, особенно на пляже, в горах и при длительном нахождении на улице.
🕶️Надевайте солнцезащитные очки и головной убор.
Помните: солнечные ожоги — это не только больно, но и увеличивает риск развития кожных заболеваний в будущем.

🌊Безопасность на воде
Купайтесь только в разрешённых местах. Не оставляйте детей без присмотра у воды.
🚫 Никогда не заходите в воду в состоянии алкогольного опьянения — это крайне опасно, даже для опытных пловцов.

🥗 Питание и гигиена
Летом особенно важно употреблять только свежие продукты и соблюдать условия их хранения.
🧼 Избегайте уличной еды в сомнительных местах, мойте руки перед приёмом пищи, особенно в дороге или на природе.

🦟 Профилактика укусов насекомых
Используйте репелленты, особенно в местах, где могут водиться клещи и насекомые — переносчики инфекций.
🌿 При поездках на природу надевайте закрытую одежду, осматривайте тело после прогулок.

✅ Будьте активными, но осознанными!
Пусть отдых укрепляет здоровье, а не создаёт новые проблемы.
🌞 Солнце, воздух, вода — отличные помощники, если подходить к ним с умом.
Берегите себя и отдыхайте с пользой!
💬ДЕМАЛЫСТЫ ЖАҒЫМДЫ ӘРІ ҚАУІПСІЗ ЕТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

☀️Иә, жаз — бұл демалыс, саяхат және белсенді серуен кезеңі.
Алайда күннің қызуы мен жылы ауа райымен қатар, денсаулыққа қауіп төндіретін бірқатар факторлар да артады: қызып кету, сусыздану (дегидратация), тамақтан улану, судағы жазатайым оқиғалар мен жәндіктердің шағуы.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы еске салады:

Қарапайым, бірақ тиімді шараларды сақтау денсаулықты сақтауға және демалудан тек жағымды эмоциялар алуға көмектеседі.

🌡️ Жылу мен сусызданудан қорғаныңыз
Күннің ең ыстық уақыты (сағат 11:00 мен 16:00) аралығында далада ұзақ болудан аулақ болыңыз.
🧢 Ашық түсті, жеңіл киім киіп, бас киімді ұмытпаңыз. Су ішуді шөлдеуді күтпей бастаңыз.
🚫 Алкоголь мен тәтті газдалған сусындар дегидратацияны күшейтеді — олардан аулақ болыңыз.

🧴 Күннен қорғану
Жоғары SPF деңгейі бар күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз, әсіресе жағажайда немесе таулы аймақта болғанда.
😎 Күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім киіңіз.
Күннен күйіп қалу — тек терінің зақымдануы ғана емес, болашақта тері обырының қаупін арттыратын фактор екенін есте сақтаңыз.

🌊 Суда қауіпсіздік шараларын сақтаңыз
Тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз.
👶 Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз.
Алкоголь ішіп суға түсу — аса қауіпті. Тіпті тәжірибелі жүзушілер де қиын жағдайға тап болуы мүмкін.

🍉 Тамақтану мен гигиена ережелерін сақтаңыз
Жазда тамақ тез бұзылады.
🧼 Тек жаңа дайындалған тағамдарды тұтынып, оларды дұрыс жағдайда сақтау аса маңызды.
Күмәнді жерлерде көшеде тамақтанудан аулақ болыңыз. Табиғатта немесе жолда жүргенде, тамақ ішер алдында қолыңызды жуыңыз.

🦟 Жәндіктердің шағуынан сақтаныңыз
Кенелер мен масалар көп болатын аумақтарда репелленттер қолданыңыз.
🌿 Табиғатқа шыққанда жабық киім киіп, серуеннен кейін денеңізді мұқият қарап шығыңыз.

✅ Қарапайым ережелер — қауіпсіз демалыстың кепілі!
Жазғы күндер пайдалы әрі қауіпсіз болуы үшін осындай сақтық шараларын есте ұстаңыз.
☀️ Күн, ауа, су — сізге тек пайда әкеледі, егер сіз оларға ақылмен қарасаңыз.
Өзіңізді қорғаңыз, денсаулығыңызды сақтаңыз және демалысты шынымен де пайдалы өткізіңіз!
Құрметті мектепке дейінгі ұйым ата аналар. Шілде айының 03-13 күндері аралығында индиго электронды жүйесі арқылы балаңыздың табелін растау керектігін хабарлайды.
Егерде табель 2 ай қатар расталмаса, 2024жылғы 30 желтоқсандағы N372 бұйрық негізінде бөбекжай келісімшартты бұзуға құқылы
Жезқазған қаласы бойынша 2024-2025 жазғы жинақтау орындары ваучер арқылы беріледі. Ваучер әр ата анаға жеке беріледі. Ақшаға алып беремін деген қызметтерге сенбеңіздер. Жеке парақшаларыңыздың логин паролдеріңізді ешкімге бермеңіздер. Толық ақпарат алу үшін Жезқазған қаласының білім бөліміне хабарласыңыздар немесе білім бөлімінің әлеуметтік желілеріндегі ақпаратпен танысыңыздар (инста, фб, телегерамм)
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
15 шілдеден мектепке дейінгі ұйымдарда күнтізбелік жылда 2 жасқа толатын балаларға орын алу үшін ваучерлерді тарату басталды. Ал 3-4 жастағы балаларға 21 шілдеде беріледі.
ЕД 24 қосымшасына ваучер берілгені туралы хабарлама келгенде, БӨБЕКЖАЙДАҒЫ бос орынның барына көз жеткізіп алып қабылдаңыздар. Ол үшін хабарлама келген уақытта INDIGO жүйесіне кіріп БОС ОРЫНДАР бастырмасынан орынның бар болуын қарап көз жеткізгеннен кейін
ВАУЧЕРДІ қабылдаңыздар.
Ваучерлер INDIGO жүйесінде кезекпен автоматты түрде БӨБЕКЖАЙДА орынның бар немесе жоқ екеніне, баланың жасына қарамай жаппай таратылады, оларды беру процесіне ешкім әсер ете алмайды! Ұлытау облысының білім бөлімінің Жезқазған қаласының білім бөлімі «ақшаға қызмет алып берушілер» (мошенники) сізге көмектеспейді, зиян тигізетінін ескертеді!
Ата-аналар, «ақшаға қызмет алып берушілерге» жеке кабинетінің құпия сөзін бергенде (былтырғы жылы да!), олар жеке кабинетке кіріп, ваучер алынғанын көріп қызметі үшін ақша талап етеді, ақша аударудан бас тартқан жағдайда баланы кезектен алып тастайды. Мұндай жағдайда кезекті қалпына келтіру мүмкін емес, ата-аналар баланы қайтадан кезекке қоюға мәжбүр болады! Егер сіз өзіңіздің деректеріңізді «ақшаға қызмет алып берушілер» (мошенники) жіберген болсаңыз-жеке кабинетке кіру үшін құпия сөзді шұғыл түрде өзгертіңіз!

ВАУЧЕРДІ қабылдамасаңыздар, 2 күннің ішінде тоқтату парағына түседі, ол жерден төмендегі ҚАЙТА КЕЗЕККЕ ОРАЛУ бастырмасы арқылы қайта кезекке келтіруге болады.
Жезқазған қаласы білім бөлімі, ВАУЧЕР алу кезінде немесе ИНДИГО жүйесінде түсінбеушіліктер болса, Жезқазған қаласы.
Ғарышкерлер көшесі 35 ғимарат
Аманат” ғимараты
1 қабат, 1 кабинетке келіңіздер.
Байланыс тел: 87102410861
Жұмыс уақыты: 9.00-18.00
Түскі ас уақыты 13.00-14.30
📌📌📌. Құрметті мектепке дейінгі жастағы ата аналар. Бөбекжайларда бос орындар әлі де ашылуда. Орын ваучер берілгеннен кейін қол жетімді болады. Ваучер жұмыс күндері кешкі 18.00 де бастап беріледі, бірінші күту парағында тұрғандарға, содан кейін 19.00 де жалпы ваучерлері бар тұлғаларға.