Zukhridin Al-Hanafi
2.24K subscribers
167 photos
22 videos
26 files
74 links
1 - грамматика https://t.me/attaudih
2 - хуббурросул https://t.me/hubburrasul
Download Telegram
Қу дүние сізді жақындарыңыздан алыстатып жібермесін. Әке-шешеңізден, бауырларыңыздан, ұстаздарыңыздан, бірге оқыған достарыңыздан және өміріңіздегі маңызды адамдардан жиі хабар алып тұрыңыз. Жағдайларын сұрап, жылы сөз айтып қойыңыз.

Бір күні хабарласуға мүмкіндік болмай қалғанда, кезінде бір ауыз жылы сөз айтпағаныңызға өмір бойы өкініп жүрмеңіз.
💔27❤12😭6👍2🔥1
Сынаққа сабыр ету қиын. Бірақ одан да қиыны — сол сынақта жүректі адамдарға байламай, көмекті бір Алладан күту.
❤35💔10🔥2
Стамбұлдағы бауырлар, аман-есенсіздер ме? Алла Тағала бастарыңызға түскен қиындықты жеңілдетіп, баршаңызды аман сақтасын! Кеше жауған нөсердің салдарын жаңалықтардан көріп, алаңдап отырмыз. Алыста болсақ та, сіздерді уайымдап, амандықтарыңызды тілеп, дұға етудеміз. Алла баршаңызға амандық пен сабыр берсін!
❤29🔥5👍1
Қазір бір жазба жіберем, реклама дейін максимально репост жасасаңыздар. Рақмет!
❤15💯4👍2
❤5🔥4
АРАБ ТІЛІН ҮЙРЕНГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Құрметті бауырлар, амансыздар ма?

2024 жылы Telegram арнамда араб тілінен сабақтар өткізген болатынмын. Енді сол сабақтарды сіздерге де ұсынуды жөн көрдім.

Сізді не күтіп тұр?

• Барлығы 52 сабақ.
• Сабақтар жазбаша және аудио түсіндірмелер арқылы жүргізілген.
• Кейде түсінікті ету үшін суреттер мен видеолар да қолданылған.
• Ең бастысы, сабақтарда арабша мәтіндерді харакетсіз оқуға ерекше көңіл бөлінген.

Өте қарапайым сабақтар негізі)

- Не кітап керек?
- Менің сабағым үшін қазір сіздерге арнайы кітап керек емес, мен сабаққа керекті материалдарды өзім жіберіп отырамын. Сіздерге ручка мен дәптер жеткілікті!

Сабақ кімдерге арналған?

Араб әріптерін танып, оларды бір-біріне қосып, сөздерді оқи алатын кез келген адам қатыса алады.

Сабақтың құны қанша?

Бар болғаны — 1800 теңге!

Иә, қателескен жоқсыз! Бір рет шай ішуге жұмсайтын қаражатыңызға 52 сабаққа қол жеткізесіз.

Ең бастысы, төлемді бір-ақ рет жасайсыз. Сабақтарды өзіңізге ыңғайлы уақытта тыңдап, оқып, қайталап отыра аласыз.

Қалай қатысуға болады?

Төменде көрсетілген реквизитке 1800 теңге аударып, төлем чегін көрсетілген Telegram аккаунтына жіберсеңіз жеткілікті.

87022486655
Зухридин Х.

Мына аккаунтқа жіберіңіз: @arabtilidarister
❤21😍4🔥3
Өзінде жоқ, орындағысы келмеген адамға қайта-қайта ескертіп отырасын. Бірақ ескертпей қойсаң білгенін жасайды. Шын қалаған нәрсесі, шын ішкі әлемі істерінен көрініп тұрады.

Ал қалаған адам, шын ниеті бар адам ескертуге де алып бармайды, өзі сондай болады, білмегенін білген соң сол нәрсемен өмір сүреді. Сен барсың ба, жоқсың ба ол адам сол нәрсені ұстанады, жасайды.
❤32💯6💔4
Сыншыл бол!

Өзгеге емес, ең алдымен өз сөзіңе сын көзбен қара!

Әр сөзіңді айтпас бұрын ой елегінен өткізіп, өзіңнен сұра:

«Бұл сөзім дұрыс па?»
«Осы жерде айту орынды ма?»
«Мұны айтуым қажет пе?»

Сөзіңді айтпай тұрып сынға ал, сұрыпта. Сонда кейін өкінетін сәттерің де азаяды.

Бүгін өзіңді қатаң есепке алып, сөзіңді түзесең, ақыреттегі есебің де жеңіл болар, ин ша Алла!
❤30🔥5⚡1
Бір кісі ант ішеді. Бірақ оның антына қатысты мәселені фақиһтар шеше алмайды. Содан оған басқа қалаға барып, сол жақтағы ғалымдардан сұрауға кеңес береді. Әлгі кісі жолдың алыстығын айтып қиналғанда, оған:

“Дінін ойлаған адам үшін ол жер алыс емес”, – деп айтылады.

[Пайғамбарлардың мұрагерлері]
❤26🔥7
Темірлан маған шәкірттен де жақынырақ. Әр жеңісі мен жетістігі мен үшін өз жетістігімдей. Татарстанға барып, 22 ел қатысқан жарыста араб тілінен екінші орынды алды. Бірақ мен үшін ол бірінші орынды алды. Бірінші болып қала береді. Оны қарсыласымен арасындағы бірнеше балл екінші орынға түсірмейді.

Осы жарыста бір ғана нәрсе қиын болды. Татарстанда интернет жағы қиын болып, көп байланыса алмағанымыз ғана.
❤52👏7🔥5😍5👍1
2026 жылы Татарстан еліндегі Қазан қаласында өткен халықаралық жарыста Алланың қалауымен 2 орын алдым.

Нәтижені барлығы білгенмен, нәтижеге себепші болған асыл жандарды кейбір адамдар біле бермес. Өйткені, бұл жеңіс тек менің емес, осы жолда көмектескен ұстаздардың да жеңісі. Қысқаша айтып кетсем:
- Бейсенали Олжас ұстаз. Алғаш сарф пәнін не екенін көрсетіп, база қалыптастырған ұстаз. Кеше болғандай болса да, қазір қарасам 7 жыл бұрын сол кісінің сарф видео сабақтарын сатып алып, толық аяқтап шыққан едім.
- Боханов Ерболат ұстаз. Маған нахву пәнінің дәмін татқызған ұстаз. Тек араб тілін емес, нағыз көркем мінезді үйректен алғаш ұстаздарымның бірі.
- Жүсіхпан ұстаз. Қазақстанның оңтүстігінің түбінде болған Сарыағаш қаласындағы адамдар арасында белгісіз болса да, Құдайдың құзырында дәрежесі биік ұстазым. Бұл кісінің маған аударма және нахву саласындағы көмегі зор.
- Доктор Шариф Мухаммад. Медресемізде болған менің алғаш көрген араб ұстазым. Мені шәкіртіндей емес, өзінің інісіндей қадірлеп, ізет көрсеткен ұстазым.

Бұл араб тіліне қатысты маған өздерінің негізгі үлестерін қосқан ұстаздар. Әрине, бұл ұстаздар туралы көп жазса болады, алайда, қазірше тек кіріспе ретінде жазайын деп шештім.

Зухридин ұстазым болса, ол кісіні таныстыру үшін пост емес, посттар да емес, толық кітап керек.

Алла қаласа жалғасы болып қалар!
❤26❤‍🔥4👍4
Өз қадірін білмеген адамға обал жоқ.
❤11👍5💯2😭2
Парақшаны Алланы дәріптеу үшін ашып, өзіңді дәріптеп кетсең Құдайдың ұрғаны сол болар. Тез-тез пікір қылып, тәубеге келіп отыру керек. Шайтан мен нәпсі қоймайды ғой.
💔13❤9👍2
Ғибадаттарда ойдың сол ғибадатта болуы маңызды. Намазда болсын, зікір де болсын. Ілім талаб ету де үлкен құлшылық, әр адамға міндет құлшылық. Ілім алар кезде де ойың толықтай ілімде болу шарт. Денең сабақта, ойың жан-жақта жүрсе ілім ала алмайсың. Ден қойып оқу, ден қойып тыңдау, ден қойып мәселені ойлау маңызды, өте маңызды. Енді оған қол жеткізу үшін ойыңды бөлетін заттардан аулақ болу қажет. Ойыңды ілімнен басқаға бұратын заттардан алыстап, тәрк етпесең, бірден айтсақ түбінде ілімді тәрк етесің.
❤13👍9💯1
Ілімге деген әдепсіздіктердің төресі – ілім алушы атанып, бірақ ілім талаб етпеу шығар.
👍14❤‍🔥9❤5💔4💯2
Асқар Абайұлы
Өз қадірін білмеген адамға обал жоқ.
Алла адам етіп, құрметті етіп қойса. Адамның не істеуін көрсетіп, не істемеуін де белгілі етіп қойса. Адамдық қадіріңді білмей, істе дегеннен тайып, істеме дегенді аттасаң, ертең ауыр жаза келсе обалың өзіңе. Адам етіп құрметті етіп қойды ма, парызды орындап, харамдан қашу арқылы өз қадіріңді біл.
👍16❤10😢4🔥1💯1
Жүрегіміздің түбінде бір орын бар. Ол орын жақындарымызға арналған. Жай ғана жақындарымызға емес, бізден бұрын өмірден өтіп, бүгінде жүрегімізде сағыныш болып қалған жандарға арналған.

Кейде оларды қатты сағынамыз. Әсіресе осындай түндерде. Еске түссе, көңіліміз босап, жүрегіміз ауырады. Қайта көргіміз, бір сөйлескіміз келеді. Бірақ қолымыздан келетіні – оларды дұғамызда еске алу ғана.
💔7❤1👍1🕊11
Audio
Осындай нашид тыңдап алам кейде.

Былай басталады: Бірде әңгіме арасында сенің атың аталды. Сол сәтте сені қатты сағынып, көзіме жас келді. Неге сонша жылағанымды өзім де түсінбедім. Көз жасым жаңбырдай төгілді…
❤6💔2🕊11