Aikyn.kz
3.17K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.32K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Президент Бас прокуратурада жиын өткізді

Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты.

Сонымен қатар жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысымен белсенді түрде айналысу қажет екенін атап өтті.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Елнұр Бейсенбаев: Конституциялық реформа саяси партиялардың институционалдық рөлін арттырады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Депутат Айдос Сарым Конституциялық реформа туралы пікір білдірді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституцияға Қазақстан азаматтарының табиғатты сақтауға азаматтық жауапкершілігін енгізуді қолдады.

Депутат еліміздің Ата заңында табиғатты сақтау міндетін бекітудің қажеттігін атап өтіп, «Таза Қазақстан» бағдарламасы әрбір азамат үшін экологияны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін іс жүзінде көрсетті деп атап өтті.

«Біз – Қазақстан халқы біртұтас ұлтпыз және таза, тұрақты, жайлы елде өмір сүргіміз келеді, мемлекеттік басқаруды мықты ете отырып, тарихи жерімізде өмір сүреміз. Табиғатқа қамқорлық жасаудың маңызын конституциялық түрде бекіте отырып, біз қазіргі және болашақ ұрпақ алдында жауапкершілік танытамыз», – деді депутат.

Бұл ретте, келесі нормаларды бекіту ұсынылған:
– Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа қамқорлықпен қарауға міндетті;
– лауазымды тұлғалардың адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін деректер мен фактілерді жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үнзила Шапақ Конституция преамбуласына енгізілетін өзгерістер туралы пікір білдірді

@aikyngazeti
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Ғылым қашан мақтанышқа айналады?

🔸 Желінің жетегіне ерме, жеткіншек!

🔸 Қысқы демалыс қалтаны қақпай ма?

🔸 Kolenke – ересектерге арналған анимация

🔸 «Шойқорық» тұрғындарының шырылы

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті.

– Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады, – делінген жеделхатта.


@aikyngazeti
Курорттық аймақтарда 3 әуежай салынып, Алакөлге қосымша пойыздар жүреді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекеттік кеңесші Қарин Ерлан Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында берген тапсырмасы негізінде әзірленген «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіткенін хабарлады.

Бағдарлама мемлекеттің балалар құқықтарын қорғау саласындағы жұмысының тұрақты әрі жүйелі жалғасы болып саналады.
Кешенді құжат негізгі салалардың барлығында балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға қатысты қолданыстағы тетіктерді біріктіруге әрі жүйелеуге бағытталған.

«Қазақстан балалары» ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтады және балалар мүддесіне бағдарланған саясатты дамытуға қатысты мемлекеттік тұрғыдан бірыңғай көзқарасты қалыптастырады.

Бұған қоса, «Қазақстан балалары» бағдарламасы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірқатарына сәйкес келеді.
Бағдарламаны іске асырудың 2026-2030 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспары жаңа 158 нақты шарадан тұрады. Жоспар балалардың құқықтық қорғалуын, қауіпсіздігін және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Жоспар аясында денсаулық сақтауды қорғау, балалар инфрақұрылымын кеңейту, балалар маршрутына цифрлық сүйемелдеу жүйесін енгізу, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары және т.б. қарастырылған.

Балалар құқықтары саласындағы нормативтік құқықтық базаны одан әрі іске асыру және жаңарту көзделіп отыр.

Жалпы алғанда, «Қазақстан балалары» бағдарламасы – балалардың құқықтары мен болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытындағы негізгі мемлекеттік саясатқа ықпал ететін кешенді әрі ұзақ мерзімді құжат.

Осылайша, балалардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер басты бағыттардың бірі саналады және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше назарында, - деп жазды Е. Қарин телеграм каналында.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Саран қаласы он жылда қалай өзгерді?

@aikyngazeti
❤1
❗Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

@aikyngazeti
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

@aikyngazeti
Екібастұзда кәмелетке толмаған жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына Конституциялық комиссияның бұған дейін өткен отырыстарының нәтижесі туралы мәлімет берілді. Э. Әзімова Комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық отырыс медиа кеңістікте, соның ішінде арнайы телеграмм арналары арқылы тікелей көрсетіліп жатқанын баяндады.

Конституциялық комиссия төрағасы жарты жыл бойы Конституциялық реформаларды қоғамдық талқылау өткізілгенін айтты. Электронды платформаға 2 мыңнан аса ұсыныс пен бастама келіп түскен.

Мемлекет басшысы алдағы Конституциялық реформа еліміздің дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Ал Комиссия жұмысы Конституциялық реформаларды іске асыруда өте маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

@aikyngazeti
Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасының премьерасы Қытайда өтеді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады

Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады.

– Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


@aikyngazeti
Қазақстанда төрт «жасыл» электр станса салынады

Мәжіліс 2024 жылғы 12 қарашада Баку қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялады.

Келісімге сәйкес жиынтық қуаты 1,5 ГВт болатын үш жел электр станциясы/стансасы және қуаты 0,3 ГВт болатын бір күн электр станциясы салынады.

Жобалар Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында іске асырылатын болады


Нәтижесінде 100-ден астам тұрақты және шамамен 1500 уақытша жұмыс орны ашылады, 2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылады, сондай-ақ жыл сайын 5,7 млрд кВт/сағаттан астам «жасыл» электр энергиясы өндіріледі.

Қазақстан тарапынан бірлескен инвестор ретінде «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы қатысады.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шарттарын жеңілдету қажет

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіровтің Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға халықты тұрғын үймен қамту мәселесіне қатысты жолдаған депутаттық сауалы

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ауыл халқының мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасалмаған

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту туралы жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
❤1
2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👏2