Aikyn.kz
3.1K subscribers
11.8K photos
2.69K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Алматыда «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін Алматы қаласында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті.

Жиын барысында коалиция мүшелері – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжехан сөз сөйледі.

Кездесу барысында Вице-премьер елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар мен жаңа Конституция жобасының мән-маңызына кеңінен тоқталды.

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.

@aikyngazeti
Мәулен Әшімбаев: Конституция бойынша референдум – саяси жүйені демократияландыру жолындағы маңызды қадам

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен, жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездесті.

Іс-шаралар барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен алдағы республикалық референдум аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды

«Президенттің бастамасымен барлық салада кешенді жаңғыртулар жүзеге асырылуда. Конституциялық реформа – сол іргелі өзгерістердің заңды әрі дәйекті жалғасы. 15 наурызда азаматтар өз таңдауын жасайды. Бұл – елдің саяси жүйесін демократияландыру жолындағы маңызды қадам. Жаңа Ата Заңда мемлекеттілікті нығайтуға, Тәуелсіздікті күшейтуге және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға баса мән берілген. Сондықтан конституциялық реформа заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, және орнықты даму бағдарына табан тірейді», – деді Мәулен Әшімбаев

@aikyngazeti
😢1
Білім саласындағы шығындар азаяды: Министр маңызды мәлімдеме жасады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды.

Елші Президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты.

Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасы қарастырылды.

@aikyngazeti
Алматыда «Халықтық Конституция үшін» коалициясы мүшелерінің ғылыми қауымдастықпен кездесуі өтті

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Михаил Шайдоров - Милан Олимпиадасының чемпионы

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды.

Турнирдің қорытындысы (24 қатысушы):

1-орын. Михаил Шайдоров - 291.58 ұпай

2-орын. Юма Кагияма (Жапония) - 280.06 ұпай

3-орын. Шун Сато (Жапония) - 274.90 ұпай

@aikyngazeti
🔥3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың құрметіне шырқалған Қазақстанның Әнұраны

@aikyngazeti
🔥5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңісті жорығы
❤2
Олимпиада чемпионы - Михаил Шайдоров

Фото Сали Сабиров

@aikyngazeti
❤2
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады.

Бұл туралы Президент көмекшісі - Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр телеграм каналында жазды.

Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.

Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.

@aikyngazeti
❤1