Aikyn.kz
3.16K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.32K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
🔹Жүздеген құтқарушы, авиация және сүңгуірлер: Каспийде іздестіру операциясы жалғасуда

🔹Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

@aikyngazeti
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхаттары

Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты.

Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына қатысып жатыр

Жиын басталмас бұрын форум қонақтары Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумында сөз сөйледі
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың мәңгі және жан-жақты стратегиялық серіктестігінің тарихи негізі берік әрі тату көршілік пен өзара сенім рухында тың қарқынмен дамып келе жатқанына назар аударды.
 
– Бүгінде қазақ-қытай қарым-қатынасы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді деп айтуға болады. Бұл құрметті Төраға Си Цзиньпин мырзаның тікелей қолдауының арқасы деп айтсақ, артық болмас. Біз мәңгілік дос әрі сенімді серіктес ретінде ынтымақтастығымыздың жаңа «алтын 30 жылдық» кезеңіне қадам басып жатырмыз. Жалпы, Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Инвестиция саласындағы ынтымақтастығымыз да тұрақты дамып келеді. Қытай Қазақстан экономикасына 29 миллиард доллардан астам қаржы құйды. Осылайша, еліміздің аса ірі инвесторларының біріне айналды. Қазір Қазақстанда Қытайдың қатысуымен 9 мыңнан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеуде, – деді Мемлекет басшысы. 

@aikyngazeti
Қазақстанда тұңғыш қазақ-қытай жасанды интеллект мектебі ашылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумында екі ел арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар маңызды мәлімдеме жасады.

🔹 Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы былтыр рекордтық деңгейге жетіп, 50 млрд долларға жуықтады. Екі ел үкіметтері бұл көрсеткішті 100 млрд долларға дейін жеткізуді көздеп отыр.

🔹 Қытай Қазақстан экономикасына 29 млрд доллардан астам инвестиция салған. Қазақстанда Қытайдың қатысуымен 9 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

🔹 Қазір жалпы құны 62 млрд доллардан асатын 260 бірлескен ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

🔹 Президенттің болжамынша, 2029 жылға қарай Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы қатынайтын контейнерлік пойыздар саны 3 мыңға дейін артады.

🔹 Арал – Каспий автомагистралінің құрылысы басталды. Мойынты – Қызылжар және Бақты – Аягөз теміржолдарының құрылысы аяқталуға жақын.

🔹 Қазақстан Ченду қаласында Бас консулдық ашуды жоспарлап отыр.

🔹 Елордада тұңғыш қазақ-қытай жасанды интеллект мектебін ашу жоспарланған. Қазақстан технология трансферіне, бірлескен инженерлік және зерттеу орталықтарын құруға мүдделі.

🔹 Kazakh Invest жанынан қазақ-қытай инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылды.

🔹 Тоқаев «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумын «Қазақстан-Қытай» Алматы инвестициялық диалогы атауымен жыл сайын қыркүйекте өткізуді ұсынды.

🔹 Президент сондай-ақ «Common History Destiny. Designed and Made in Both China And Kazakhstan» атты бірлескен қазақ-қытай бағдарламасын іске қосуды ұсынды.

@aikyngazeti
Әскери қызметшілердің қазасына байланысты бес лауазымды тұлға ұсталды

«Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі бес лауазымды тұлға ұсталды.

Олардың қатарында:
▪️ ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы;

▪️ екі әскери бөлімнің командирі;

▪️ теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі;

▪️ «Қайсар» катерінің командирі бар.

Олар қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікке ілінді.

24 қыркүйекте Ақтаудан 43 шақырым жерде Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында «Қайсар» катерінен жеке құрамды түсіру кезінде қолайсыз ауа райында әскери қызметшілерді теңіз ағысы алып кеткен.

Күдіктілер Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іс ІІМ мен Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы жүгері өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты
 
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында бейнебайланыс режимі арқылы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша өнеркәсіп паркі құрылысын бастауға рұқсат берді.

Жобаны әлемдегі биологиялық ашыту саласы көшбасшыларының бірі – қытайлық Fufeng Group компаниясы іске асырады. Өндірістік кешенді инвестициялаудың алғашқы кезеңіне 350 миллион доллар жұмсалды. Кәсіпорын жылына 500 мың тоннаға дейін жүгері өңдей алады.

Екінші кезеңде кәсіпорынның жүгері өңдеу қуатын жылына 3 миллион тоннаға дейін ұлғайту және шығарылатын өнім түрлерін арттыру қарастырылған. Бұл кезеңдегі инвестицияның жалпы көлемі 1,15 миллиард долларды құрайды.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді ілгерілетуге, Қытаймен өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіп саласының экспорттық әлеуетін нығайтуға септігін тигізеді.

@aikyngazeti
Президент Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында Қытайдың бірқатар ірі компанияларының басшыларын қабылдады.

🔹 Hong Kong Sino-Science Oil and Gas Қазақстанға 3 млрд доллардан астам инвестиция құйған. Компания мұнай-газ саласындағы негізгі кәсіпорындардың біріне айналды.

🔹 VNET Group Қазақстанда Деректерді өңдеу орталықтары алқабын және жасанды интеллект инфрақұрылымын құруға қатысуға ниетті.

🔹 Shanghai Junhe Atomic Technology компаниясымен табиғи уранды өңдеу мен ядролық отын өндіруден бастап шағын модульді реакторлар орнатуға дейінгі толық өндірістік тізбек құру мүмкіндігі қарастырылуда.

🔹 Қытайлық компаниялар Қазақстанда инвестиция көлемін ұлғайтуға дайын екенін жеткізді. Басым бағыттардың қатарында жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, энергетика, қаржы инфрақұрылымы және өнеркәсіптік кооперация бар.

🔹 Alatau City жобасына Қытай бизнесінің қатысу мүмкіндігі де перспективті бағыттардың бірі ретінде аталды.

🔹 Sunwah Group төрағасы Цай Гуаньшэнь Президенттің «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумын жыл сайын өткізу бастамасын қолдады.

@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр
 
Жеделхаттарда шетел көшбасшылары осынау қиын сәтте Қазақстан халқымен бірге екенін жеткізген.

Сонымен қатар қазақстандықтардың ауыр қайғысына ортақтасып, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтады.
 
Көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері жолдады.
 
Қазақстан Президенті халықаралық қоғамдастықтың жұбаныш сөзі мен қолдауына ризашылығын білдірді.

@aikyngazeti
"AIQYN аптаның" жаңа саны жарық көрді:

🔸 Саудадағы серпіннің сыры неде?

🔸 Ғашық мынау әлемге ақын болсам деп едім

🔸 Мұра көрсе, музей ашқан Молдабек

🔸 Жұмыспен қамту аясы кеңейді

🔸 Диалог – мемлекеттік жүйенің ажырамас бөлігі

🔸 Жүгері зауыты іске қосылды

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын  "Айқыннан" оқи аласыз!
Конгода Эбола безгегінен көз жұмғандар саны бірнеше мыңнан асты

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады.
 
Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі.

@aikyngazeti
Грузияның Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір алтын, біркүміс және бір қола медаль жеңіп алды.

J1 санатында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Альфия Тлекқабыл финалдық белдесуде Бразилия өкілі Де Андрадені иппон әдісімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, J1 санатында 70 келіге дейінгі салмақта Алықын Нұрдәулетов күміс жүлдеге ие болды.

Ал J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта ел намысынқорғаған Ибрагим Нұрмаханұлы әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.

Айта кетейік, көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы пара дзюдодан әлем чемпионаты 25-27 қыркүйек аралығында Тбилиси қаласында өтуде. Байрақты бәсекеге әлемнің 44 елінен 290 спортшы қатысып жатыр.

@aikyngazeti
👏1
Қазақстан Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 додасының жетінші жарыс күнін бес қола медальмен аяқтады.

Байдарка және каноэ есуден Қазақстан құрамасы үш жүлде жеңіп алды. Стелла Суханова, Дмитрий Холмогоров, сондай-ақ Сергей Емельянов пен Руфина Искакова қола жүлдегер атанды.

Қазақстан қоржынына тағы екі қола жүлде нысана көздеуден (Арина Малиновская, Елизавета Безрукова және София Шульженко) және командалық семсерлесуден (Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Қуаныш Ергашбай және Нұрмұхаммед Жайлыбай) түсті.

Жетінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан медальдар кестесінде 4-орыннан 5-орынға түсті

Қазақстан Азиада-2026 додасында: 26 қыркүйектің нәтижесі — 5 медаль және бір саты төмендеу

@aikyngazeti
Қазақстанның әйелдер құрамасы Шахмат Олимпиадасы-2026 додасының соңғы туры алдында Франция құрамасын жеңді.

Осы жеңістен кейін Қазақстан 17 ұпай жинап, көш бастап тұрған Қытаймен арадағы айырманы бір ұпайға дейін қысқартты. Қытай құрамасы соңғы тур алдындағы кездесуінде Үндістанмен 2:2 есебімен тең түсті.

Қазір Қытай 18 ұпаймен бірінші, Қазақстан 17 ұпаймен екінші орында тұр. Олимпиаданың аяқталуына бір тур қалды.

@aikyngazeti
Алматыда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Әлеуметтік желілерде екі қыздың тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып отырған бейнежазбасы тараған.

Тексеру барысында бейнежазбаның көлік базары аумағында түсірілгені анықталды. TikTok-тағы тікелей эфирге 19 жастағы Жұлдызай Мұратбаева мен 21 жастағы Гүлмира Қанатова қатысқан.

Осы факті бойынша екі қызға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сот шешімімен құқық бұзушылардың әрқайсысына бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

@aikyngazeti
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еңбек күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!
 
Сіздерді Еңбек күнімен құттықтаймын!

Бұл – қарым-қабілетімен, ақыл-парасатымен және қажырлы еңбегімен қастерлі Отанымыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып жүрген түрлі мамандық иелері ұлықталатын, оларға құрмет көрсетілетін мерейлі күн.
 
Өз ісін жетік меңгерген кәсіби маман болу – қазіргі заманның аса маңызды талабы. Білікті, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор және тәртіпті азаматтардың арқасында көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан мол табысқа жетуде.
 
Әлем халықтарына ортақ «Еңбек – бәрін жеңбек» нақыл сөзінің мәні зор, мағынасы терең. Табанды еңбек – жетістікке жетудің көзі. Адал ниетпен атқарылған әрбір іс – қадірлі, кез келген еңбек – зор құрметке лайық.
 
Бүгінгі таңда Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Конституциямыз және онда айқын көрініс тапқан Әділетті Қазақстан, заңға бағыну, бірлік пен ынтымақ, еңбекқорлық пен ілгерілеу, табиғатқа қамқорлықпен қарау идеялары – еліміздің тұрақты дамуына жол ашатын темірқазық.
 
Қазір қоғамымызда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты жаңа этика қалыптасты. Былтыр Жұмысшы мамандықтар жылын атап өттік. Бұл бастама еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттырып, тәлімгерлік дәстүрі мен еңбек әулеттерінің мән-маңызын нығайта түсуге тың серпін берді.
 
Мемлекет алдағы уақытта да азаматтарымыздың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасай береді. Жастарға кәсіби білім беру, олардың еңбек дағдыларын ұштау, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойына аға буынның бай өмірлік тәжірибесі мен тағылымын сіңіру – аса маңызды міндет. Жастары жасампаз елдің болашағы да жарқын, дамуы да қарқынды болары айқын.
 
Біз ынтымағы жарасқан, мақсат-мүддесі ортақ біртұтас ұлт ретінде әділдік, табиғатты аялау, заң үстемдігі, өркендеу құндылықтары және, ең бастысы, еңбекқорлық қасиеті іс жүзінде орныққан ел боламыз. Мен бұған кәміл сенемін.
 
Құрметті отандастар, баршаңызға мықты денсаулық, амандық және толағай табыс тілеймін!
 
Еліміз өсіп-өркендей берсін!  

@aikyngazeti
Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Тоқсанбаева марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен өткен жарыста жеңіске жетті.
Отандасымыз жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады.

Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті  түйіндеді.

Бұл медаль Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі болды.

@aikyngazeti
👍3
❗ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды

@aikyngazeti
Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

@aikyngazeti