Aikyn.kz
3.16K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.32K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Мұхтарұлы Олжас  – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Аяпберген Сержан Талғатұлы  – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы  –  29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);

Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Мәдіхан Азамат Болатбекұлы  – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы  –  29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы  – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

@aikyngazeti
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
 
Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
 
Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
 
Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады
 
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін атап өтті.

Президент кәсіби даярлықтың сапасын арттыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қару-жарақ пен техниканы жаңғырту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сарбаздардың бойында жауапкершілік, тәртіп, Отанға адалдық қасиетін қалыптастыруға баса мән бере отырып, әскердегі тәрбие жұмысын күшейту қажеттігіне назар аударды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне айрықша мән берілді.

@aikyngazeti
27 қыркүйек күні таңертең Ресей әскері Киевке дрондармен шабуыл жасады. Украина Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің мәліметінше, шабуыл салдарынан бір адам қаза тапты. Киев мэрі Виталий Кличко Шевченко ауданында төрт адамның зардап шеккенін хабарлады. Олардың арасында екі 16 жастағы жасөспірім бар.

Соломен ауданында ұшқышсыз ұшу аппараты тұрғын емес ғимаратқа түскен. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар ер адамның денесін тапты. Тағы бір жерде дрон соққысынан бір қабатты автокөлік жөндеу станциясы өртенген. Құтқарушылар жалынның маңындағы қоғамдық тамақтану орнына таралуына жол бермеді.

Сондай-ақ Соломен ауданында дрон сынықтары оқу орнының ғимаратына түскені хабарланды. Бұған дейін, 26 қыркүйекте де Киев дрондармен шабуылға ұшырап, бірнеше ауданда өрт шығып, ғимараттар зақымданған еді.

@aikyngazeti
Қазақстан құрамасы Шанхайда өткен WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатында сегіз марапатқа ие болды. Ел қоржынына бір қола медаль, кәсіби шеберлігі үшін алты медаль және «Best of Nation» марапаты түсті.

«Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша Руслан Нестеренко қола жүлдегер атанды. Бұл бағыт WorldSkills әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілген. Ал Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»), Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»), Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн»), Рамазан Нұрлан мен Денис Панин («Мехатроника») кәсіби шеберлігі үшін медаль иеленді.

«Цифрлық интерактивті медиа дизайны» бойынша сынға түскен Камила Алиева Қазақстан құрамасының үздік қатысушысына берілетін «Best of Nation» марапатын алды. 48-ші әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 мамандық бойынша 33 колледж студенті бақ сынады.
Алматыда жер сілкінді

28 қыркүйек күні сағат 09:38-де Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы қаладан 8 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан.

Алдын ала есеп бойынша, дүмпу Алматыда 3–4 балл, Қаскелеңде 2–3 балл, Боралдай мен Өтеген батырда 2 балл шамасында сезілген.

Алматы қаласының ТЖД мәліметінше, тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілген. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тұрғындарға сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сену ескертілді.

@aikyngazeti
«Жағалауда болған»: Қорғаныс министрлігі желіде ақпарат тараған екі матрос туралы мәлімдеді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👍2
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады.

Бұл туралы Президент көмекшісі - Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр телеграм каналында жазды.

Отандастарымыз әлемдегі ең мықты, әйгілі команда – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, үлкен нәтиже көрсетті.
 
Президент құттықтауында даңқты шахматшы Бибісара Асаубаева бастап барған Қазақстан құрамасы беделді турнирдің бірде-бір ойынында жеңілмегенін атап өтті. Мұны шахмат сарапшылары үлкен жетістік ретінде бағалап отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев біздің шахмат шеберлері өткен олимпиададағы табысты жолын жалғастырғанына назар аударды. Қазақстан командасы сол кезде де екінші орынға табан тіреген еді. Бұл спортшыларымыздың деңгейі биік, талантты, еңбекқор екенін, сондай-ақ отаншылдықты нақты іспен дәлелдей алатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы шахматшы аруларымызға толайым табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

@aikyngazeti
Жұмыспен қамту аясы кеңейді

Шымкентте халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады.

Президент тарихи мәні зор осынау табыс отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

– Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.


Президент Елена Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

@aikyngazeti
Қорғалжын тасжолында көлік жолдан шығып, төрт адам ауруханаға түсті

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Азиада: Жеңіс жолы жалғасады

🔸 Сақтандырудың да санағы бар

🔸 Цифрлық кеніштің қазынасы

🔸 Шаһизада Әбдікәрім, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері: Әдебиеттің қайта дәуірлеген ғасырын көргім келеді

🔸 Балабақшаға лицензия: талап пен мүмкіндік

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424

@aikyngazeti
❤1
Жылу бес өңірде берілді, жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр: «бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс» 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі күн тәртібінен тыс қаралды. Онда әлеуметтік нысандарда жылуды уақтылы іске қосуға және энергия көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтауға назар аударылды.
«Жекелеген облыстарда жылу беру маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырамын. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс. Жылыту маусымын уақтылы, белгіленген мерзімнен кешіктірмей бастау қажет. Нысандардың дайындық паспорттарын алу үшін құжаттарды тапсыру аяқталып қалды. Ертең – соңғы күн.Әкімдер бұл мәселені жеке бақылауға алуы керек»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

@aikyngazeti
Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті
 
Мемлекет басшысының Германия Федеративтік Республикасына ресми сапарының алғашқы күні аталған елдің жетекші іскерлік қауымдастықтары мен қаржы институттарының басшыларымен кездесуден басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылармен Германия қаржысын, тәжірибесі мен тәуекелді басқару тетіктерін Қазақстанның ресурсымен және көлік саласындағы мүмкіндіктерімен ұштастыру мәселесін талқылады.

Президент еліміз Германияның Орталық Азиядағы және Еуразия кеңістігіндегі сенімді серіктесі болуға ұмтылатынын мәлімдеді.

– Халқымыз Германияға айрықша құрметпен қарайтынын, абырой-беделі жоғары мемлекет деп білетінін атап айтқым келеді. Банк секторындағы темірдей тәртіпке, инженерлік шешімдердің жоғары сапасына, шағын және орта бизнестің орнықтылығына (Mittelstand) тәнтіміз. Экономикамызды жаңғырту мен технологиялық тұрғыдан трансформациялау үдерісінде дәл осы ерекшеліктерді үлгі тұтамыз, – деді

@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды
– Мұндай платформа Еуропаның және Германияның капиталын Қазақстан тарапының қоса қаржыландыру, кепілдік беру және бірге тәуекел ету тетіктерімен ұштастырар еді. Ал «Бәйтерек» холдингі мақсатты жобаларды құрылымдау жағын қамтамасыз етеді. Біз елімізде жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының қатарында экспортты кредиттеумен және инвестицияны сақтандырумен шұғылданатын германиялық институттар да болғанын қалаймыз. Бұл ретте Қазақстанда қызметін бастаған Euler Hermes компаниясымен ынтымақтастыққа айрықша маңыз артамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, аса маңызды материалдар саласындағы ықпалдастыққа ерекше мән берген жөн.

Қазақстан Германияның Шикізатпен қамтамасыз ету қорымен ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі. Сондай-ақ UFK кепілдігін беретін шарттарға сай және Германия өнеркәсібіне қажетті шикізат жеткізуге септігін тигізетін жобаларды ілгерілету де – еліміз үшін маңызды.

Бұдан бөлек, энергетика және өнеркәсіп секторын жаңғырту, соның ішінде жаңартылатын қуат көздері мен «жасыл» сутегі жобаларын дамыту аса өзекті. Еуропа инвестициялық банкі мен Қазақстан даму банкі Германия капиталының қатысуымен аталған салалардың бәрінде өзара тиімді ынтымақтастық құра алады.

@aikyngazeti
Қазақстан мен Германияның цифрлық инновация және жасанды интеллект саласындағы серіктестігін жолға қою тағы бір басымдық ретінде аталды
– Біз германиялық компанияларды өз әлеуетін деректер өңдеу орталығына, энергия тиімділігіне қатысты технологияларға, «бұлтты» инфрақұрылым» және киберқауіпсіздік салаларына жұмылдыруға шақырамыз. Тағы бір перспективті бағыт – қаржы технологиялары. Қазақстанда цифрлық қаржы экожүйесі жоғары деңгейде дамыған. Оның аясында әуелі ішкі нарыққа озық төлем жүйелері мен токенизация технологиясын ұсынып, кейін оны тұтас аймаққа таратуға болады, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан экономикасына неміс қаржы секторын кеңінен тартатын ынтымақтастықтың маңызды бағыты – Alatau City қаласы.
– Орталық Азиядағы алғашқы «ақылды қала» әуел бастан цифрлық дәуірдің барлық талаптарын сақтай отырып жобаланды. Ол неміс капиталы мен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін тоғыстыратын көпір бола алады. Alatau City бүкіл Еуразиядағы таланттарды, технология мен бизнесті тартатын жаңа орталыққа айналатынына сенімдімін, – деді Президент.
Мемлекет басшысы сөзін қорыта келе, Қазақстан мен Германия жоғары деңгейдегі саяси диалогқа арқа сүйеп, қаржы, технология және инвестиция салаларында анағұрлым тиімді серіктестікті жолға қоя алатынына назар аударды. Басты мақсат – жай ғана капитал ағынын арттыру емес, жаңа салалар мен өсім бағыттарын бірге қалыптастыру.

Президент Қазақстан тарапы алдағы уақытта да инвесторларға қолайлы әрі ережелері түсінікті ортаны қамтамасыз етіп, олардың құқықтарын қорғайтынын және стратегиялық маңызды жобаларға қолдау көрсете беретінін растады.

@aikyngazeti
❤1