Щучинскідегі өрт: ерлі-зайыптының өліміне қатысты күдікті ұсталды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Қазақстандықтардың 85 пайыздан астамы Президенттің армияны реформалау туралы шешімін қолдайды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
❤1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары аясында бірқатар ірі компания басшыларымен кездесті.
🔹 Rhenus Group – Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту және Ақтау портында мультимодальды хаб салу мәселелері талқыланды.
🔹 Deutsche Bahn – Қазақстанның теміржол секторын жаңғырту, жолаушылар және контейнерлік тасымалды дамыту, қазақстандық өндірушілерді концерннің жеткізу тізбегіне қосу жайы сөз болды.
🔹 Wilo Group – Алматы облысындағы өндірісті дамыту, жергілікті бөлшектер үлесін арттыру және Алатау қаласында өңірлік сервис-инженерлік орталық ашу жоспары қарастырылды.
🔹 D.A.R. Metall AG – Қазақстанда металл өңдеу, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, сондай-ақ Qarmet-пен жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Неміс компаниялары Қазақстандағы жобаларын дамытуға және ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізу үшін Германия Федералдық Президентінің резиденциясына барды.

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Германияға сапармен келуге шақырып, қонақжайлық көрсеткені үшін Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтты.
Қазақстан Президенті Германия еліміздің Еуропадағы басты стратегиялық серіктесі саналатынына, ал екіжақты ынтымақтастық өзара сенімге, құрметке және ортақ мүддеге негізделгеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы дипломатиялық қатынас орнағанына 35 жыл толатынын еске салды. Осынау кезеңде екі ел серіктестіктің барлық бағытында елеулі табысқа қол жеткізді.
Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана мен Берлин арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Ол Қазақстан Президентінің бұл сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, мүлдем жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Марапаттау салтанатында Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосқанын атап өтті

Франк-Вальтер Штайнмайер Орталық Азияға ұдайы назар аударатынын айтты
@aikyngazeti
– Мен үшін Қазақстан халқының орны ерекше. Елдеріміз бұдан да биік табыстарға жетеді деп ойлаймын. Қазақстанға сапарымды ықыласпен еске аламын. Екі елдің мызғымас достық байланыстары ұзақ жылдарға ұласатынына сенімдімін, – деді Германия Президенті.
@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумында сөз сөйледі. Басқосуға екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысты

Қазақстан мен Германияның бірлескен инвестициялық бастамасы ұсынылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты.
🔹 Екі елдің ортақ портфелінде жалпы құны 54 млрд доллардан асатын 40 инвестициялық бастама бар. Оның 21-і жүзеге асқан.
🔹 Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіп бастамасын қолға алуды ұсынды. Оның аясында перспективалы жобалардың бірыңғай тізімі жасақталмақ.
🔹 Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде өнеркәсіп, маңызды шикізат, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру және жасанды интеллект аталды.
🔹 Қазақстанда Еуропалық одақ стратегиялық ресурс санатына енгізген 34 шикізат түрінің 21-і бар. Президент оларды өндірумен ғана шектелмей, Қазақстанда өңдеп, жоғары технологиялық өнім шығаруға бағытталған жобаларды іске асыруды ұсынды.
🔹 Неміс компаниялары Қазақстандағы деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамытуға және тау-кен, энергетика мен логистикаға арналған жасанды интеллект шешімдерін бірлесіп әзірлеуге шақырылды.
Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанды Германияның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі деп атап, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік мол екенін айтты.

Қазақстан Президенті Германия Канцлері Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Канцлері Фридрих Мерцпен екіжақты және кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.
🔹 Өткен жылы Қазақстан мен Германия арасындағы сауда көлемі 13,4%-ға өсіп, 4,5 млрд долларға жетті.
🔹 Соңғы 21 жылда Германияның Қазақстанға салған инвестициясы 8 млрд долларды құрады.
🔹 Қазіргі бірлескен инвестициялық портфельде жалпы құны шамамен 54 млрд доллар болатын 40 өнеркәсіп жобасы бар.
🔹 Тараптар өнеркәсіп, маңызды минералдар, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, машина жасау және химия өнеркәсібіндегі серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.
🔹 Сондай-ақ білім, ғылым және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері қарастырылды.
Келіссөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ресей де, Украина да – біздің жақсы достарымыз»
ARD телеарнасының журналисі Мемлекет басшысының бұған дейін соғысты «қатыру» жөнінде айтқан ұсынысын еске салып, бұл бастама әзірге жүзеге аспағанын атап өтті
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
ARD телеарнасының журналисі Мемлекет басшысының бұған дейін соғысты «қатыру» жөнінде айтқан ұсынысын еске салып, бұл бастама әзірге жүзеге аспағанын атап өтті
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Қарттар күніне орай «Әділет» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізіп жатыр.
Акция аясында партия белсенділері мен волонтерлер ардагерлер мен жалғызбасты зейнеткерлерге үй шаруасына көмектесіп, аулаларын тазалап, азық-түлік жеткізуде.
Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау облыстары мен Шымкентте осындай шаралар ұйымдастырылды. Соңғы екі айда Жамбыл облысында 30-ға жуық ардагерге көмек көрсетілсе, Ұлытау облысында 20-дан астам шара өткен.
@aikyngazeti
Акция аясында партия белсенділері мен волонтерлер ардагерлер мен жалғызбасты зейнеткерлерге үй шаруасына көмектесіп, аулаларын тазалап, азық-түлік жеткізуде.
Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау облыстары мен Шымкентте осындай шаралар ұйымдастырылды. Соңғы екі айда Жамбыл облысында 30-ға жуық ардагерге көмек көрсетілсе, Ұлытау облысында 20-дан астам шара өткен.
@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Нұрлан Дулатбеков: Өңірлердегі университеттерді дамыту мәселесі өзекті
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Дулатбековтің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке адам капиталын дамыту, білім мен ғылымды жетілдіру мәселелері жөнінде жолдаған депутаттық сауалы.
@aikyngazeti
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Дулатбековтің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке адам капиталын дамыту, білім мен ғылымды жетілдіру мәселелері жөнінде жолдаған депутаттық сауалы.
@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Берік Беркімбаев: Заң нормаларын халыққа түсінікті тілмен жеткізу маңызды
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Берік Беркімбаевтың Әділет министрі Ермек Сәрсембаевқа құқықтық түсіндіру жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша жолдаған депутаттық сауалы.
@aikyngazeti
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Берік Беркімбаевтың Әділет министрі Ермек Сәрсембаевқа құқықтық түсіндіру жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша жолдаған депутаттық сауалы.
@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Нұрбақыт Теңізбаев: Алматы, Жетісу облыстарын газдандыру мәселесі созылып кетті
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Нұрбақыт Теңізбаевтің Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовке, Қаржы министрі Мәди Тәкиевке Алматы облысындағы газдандыру жобаларын жедел іске асыру және тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты жолдаған депутаттық сауалы.
@aikyngazeti
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Нұрбақыт Теңізбаевтің Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовке, Қаржы министрі Мәди Тәкиевке Алматы облысындағы газдандыру жобаларын жедел іске асыру және тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты жолдаған депутаттық сауалы.
@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Аббат Өрісбаев: Оқу-жаттығу жиындары әскерилердің өміріне қауіп төндірмеуі қажет
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Аббат Өрісбаевтың Премьер-министр Олжас Бектеновке бірыңғай цифрлық қауіпсіздік жүйесін енгізу туралы жолдаған депутаттық сауалы.

Қазақстан семсерлесушілері 24 жылдан кейін Азия ойындарының чемпионы атанды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.

❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапары аясында Siemens, Linde GmbH және Aurubis AG компанияларының өкілдерімен кездесті.
Siemens-пен келіссөзде өнеркәсіпті цифрландыру, электр желілерін жаңғырту, автоматтандыру, сумен жабдықтау және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері талқыланды. Президент Siemens пен Silk Road Electronics компанияларының Qarmet металлургия комбинатының құрал-жабдықтарын жаңғырту жөніндегі бірлескен жобасын қолдады.
Linde Қазақстанда жалпы құны 500 миллион долларға дейінгі бірқатар жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Соның бірі – Теміртауда Qarmet-пен бірлесіп жаңа ауа бөлу қондырғысын салу. Президент компанияны химия кластерлерін дамыту жобаларына қатысуға шақырды.
Aurubis-пен кездесуде мыс шикізатын терең өңдеу, ілеспе металдарды өндіру және қайта өңдеу өндірістерін Қазақстанда орналастыру мәселелері қаралды. «Тау-Кен Самұрық» пен Aurubis арасында мыс сынықтары мен техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндігі де талқыланды.