Aikyn.kz
3.17K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.32K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Қазақстан Президенті Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Баварияға шақырып, қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін Премьер-министр Маркус Зёдерге алғыс айтты.
 
– Баварияның өзіне тән ерекшелігін, экономикалық қуатын, инновациялық әлеуетін жоғары бағалаймын. Кеше Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен өте мазмұнды келіссөздер жүргіздім. Уағдаластықтарымызды нақты нәтижеге айналдыруға ниеттімін әрі аталған мәселеде Баварияны басты серіктес ретінде қарастырамын. Бұл – өнеркәсіп пен ғылымдағы өзінің озық жетістіктерін дәстүрге деген айрықша құрметімен ұштастырған өңір. Осы арқылы Бавария Германия экономикасын алға сүйреп, экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруда Қазақстанның сенімді серіктесі болып отыр, – деді Мемлекет басшысы.


Маркус Зёдер Қасым-Жомарт Тоқаевқа мюнхендік «Бавария» ойыншыларының қолы қойылған жейдені сыйға тартты

@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары аясында Мюнхенде Бавария басшылығымен кездесіп, Қазақстан-Бавария технологиялық форумына қатысты. Президент Баварияны Қазақстанның Германиядағы негізгі экономикалық серіктестерінің бірі деп атап, сауда, инвестиция және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Форумда Мемлекет басшысы Қазақстанда Бавария технологиясы негізінде неміс сапасына сай өнім өндіруді негізгі мақсаттардың бірі ретінде атады. Басым бағыттардың қатарында машина жасау, металлургия, электр техникасы, өндірісті автоматтандыру және роботтандыру бар. Бұл бағытта Siemens және KUKA секілді компаниялармен ынтымақтастықты дамыту ұсынылды.

Президент Германияны мыс, титан, алюминий, бериллий, тантал және ниобий секілді аса маңызды материалдармен ұзақ мерзімге қамтамасыз етуге Қазақстанның мүмкіндігі бар екенін айтты.

Сонымен қатар жартылай өткізгіштер мен микроэлектроника өндірісін дамыту үшін Bavarian Chips Alliance-пен арнайы серіктестік бағдарламасын іске қосуды ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария бизнесін Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойында өнеркәсіптік және логистикалық хабтар құруға, агроөнеркәсіп саласындағы бірлескен жобаларға және Alatau City мегажобасына қатысуға шақырды.

Сондай-ақ Қазақстан Баварияның дуалды кәсіптік білім беру тәжірибесін енгізуге мүдделі екенін жеткізді. Президент Алматыда Бавария экономикасының өкілдігін ашуды ұсынды. Ол Қазақстанмен қатар бүкіл Орталық Азиядағы неміс кәсіпорындарының жұмысына қолдау көрсететін алаң ретінде қарастырылып отыр.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары

@aikyngazeti
🔥1
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Қамданған ел қыстан қысылмас

🔸 Мұхтар Құл-Мұхаммед, заң ғылымының докторы, профессор, академик: Америка асқан қазақтар

🔸 Жылу бекеті жұмысын бастады

🔸 Молдияр Ергебеков, өнертанушы, медиа зерттеуші: Қазақ киносына әлеуметтанулық көзқарас жетіспейді

🔸 Мазмұнды келіссөз, нәтижелі мәміле

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424

@aikyngazeti
Өзі барған елдер мен қалаларда Әуезовтің тағы бір міндетті түрде ат басын тірейтін жері – сурет галереялары. Өмірден үнемі сұлулық пен сыршылдық іздеп, соның бәрін өлмес шығармала­рын­да өрнектеген қаламгер Вашингтондағы ұлттық галереяны арман­сыз аралап, ондағы Сезанн, Ренуар, Моне, Мане, Гоген, Матисс, Марке, Пикассо, тағы басқалардың картиналарын тамашалайды.

Суреткер өзі көрген өнер туын­дыларының қайталанбас ерекшелік­терін тап басып, келісті бағасын бе­реді. Ол: «Мұнда өзгеше бір үлгіні та­нытады деп санашылдық жолдағы Мексиканың күшті шебер суретшісі Сальвадор Дали салған «Тайная вечеря» діншілдік нанымның бір сәтін баяндайды».
Профессор, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Америка асқан қазақтар» атты зерттеуінің жалғасын оқи отырыңыз

@aikyngazeti
«Әділет» партиясының 2 мыңнан астам белсендісі аға буын өкілдерін қолдау акциясына қатысты

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы Бас прокурор Берік Асыловтың басшылығымен Қазанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 36-шы отырысына қатысты.

Отырыста Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның қадағалау органдарының басшылары активтерді іздеу және шетелден қайтару саласындағы заманауи сын-қатерлер мен жаңа шешімдерді, сонымен бірге халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа, оның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай Президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуымен құттықтады.
 
– Ұлы Қытай тарихында жаңару мен жаңғырудың бірегей нышаны болған бұл күннің орны ерекше. Еліңіз өзіндік дәстүрі мен бай мәдениетін сақтап, даму мен экономикалық өрлеудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Әсіресе, Қытайдың ғылыми-технология, инновация мен цифрлық экономика салаларындағы толағай жетістіктері жаһанды таңғалдырды, – деп жазылған жеделхатта.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілікке негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестік тың қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар биыл Шанхайдағы жүздесу өзара ықпалдастықтың келешегіне деген ортақ көзқарасты бекемдеп, сан қырлы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге жол ашқанына тоқталды.
 
Президент Қытай Төрағасының жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі.

@aikyngazeti
Алтын ісіндегі куәгердің құпиясы: жалған жауап берген ақмолалық 3 жыл 8 айға сотталды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды.

Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында жасалған AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

Бұдан бөлек, көрме қонақтары «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfieldai компаниясының интеллектуалдық шешімдерімен және «Деректерді өңдеу орталығы алқабын» дамыту жоспарымен танысты.

Ұсынылған әзірлемелер жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі саласына енгізуді, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауды және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуды көздейді.

@aikyngazeti
«Үш ұрпақ – ортақ мұрат»: «Әділет» партиясы Қарттар күніне орай ерекше фестиваль ұйымдастырды

Фестивальдің республикалық бағдарламасы Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облысты қамтыды. Бағдарламада жастардың волонтерлік және әлеуметтік бастамаларға қатысуы, аға буынның цифрлық сауаттылығын арттыру және қоғамдық өмірге араласуына жағдай жасау бағыттарына басымдық берілді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
ІХ республикалық детектив шығармалар байқауы Абай облысында қорытындыланды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Алдағы күндері қар жауып, қатты жел тұруы мүмкін

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Төрехан Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды!

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің алғашқы раундында төрешілердің барлығы жеңісті Төреханға берді. Екінші раундта да қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсті. Бұған қоса, иорданиялық спортшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Төрехан Сабырхан басымдығын сақтап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

@aikyngazeti
🔥1
Туристік нысандардың энергия тұтынуы: ресурсты үнемдеу және қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалау

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti