Aikyn.kz
3.17K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.32K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады
 
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесті.
 
Мемлекет басшысы Данияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі деп атады. Келесі жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады.
 
– Біз Данияны Еуропаның беделді және ықпалды мемлекеті және сенімді серіктес ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Аталған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін тараптар осы бағытта белсенді әрі мақсатты түрде жұмыс істеуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 
Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытудың оң динамикасы атап өтілді.

Бұл ретте, Президенттің айтуынша, өзара ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі жеткілікті.

@aikyngazeti
Тоқаев Трамптың қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ аясындағы халықаралық шартқа айналдыруды ұсынды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Президент жасанды интеллектіні өнеркәсіпке кеңінен енгізуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді. Жиында ЖИ-ді өнеркәсіпте қолдану мәселесі қаралды.

Негізгі тапсырмалар:

🔹 ЖИ арқылы өндіріс үдерістерін кешенді жаңғыртатын кәсіпорындарды анықтау;

🔹 өнеркәсіптегі нақты мәселелерді ЖИ көмегімен шешу тетігін әзірлеу;

🔹 Qazaq AI Research University зерттеулерін өндірістің нақты қажеттіліктеріне бағыттау;

🔹 DeepTech жобаларды және AI Challenge тетігін дамыту;

🔹 сәтті пилоттық ЖИ жобаларын тез арада өндіріске енгізіп, коммерцияландыру;

🔹 ЖИ үшін сапалы салалық өндірістік деректер базасын қалыптастыру.

Тоқаевтың айтуынша, жасанды интеллект еңбек өнімділігін арттырып, өндірісті жаңғыртуға және қосылған құны жоғары өнім шығаруға ықпал етуі керек.

Кеңестің келесі отырысында көлік және логистика саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қаралады.

@aikyngazeti
Астанада жасанды интеллект қолданылған фильмдердің халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылуына қатысты. Бұл – жасанды интеллект қолданылған фильмдерге арналған алғашқы халықаралық байқау.

Фестивальге әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Қатысушылар арасында АҚШ, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Жапония, Франция және басқа елдердің өкілдері бар.

Президент ЖИ кино өндірісінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, шағын шығармашылық топтарға ірі студиялармен бәсекелесуге жол ашатынын айтты. Оның пікірінше, жасанды интеллект шығармашылық иесін алмастыра алмайды, бірақ тиімді көмекші бола алады.
Сонымен қатар Тоқаев жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен қолдану ережелерін әзірлеу қажет екенін атап өтті.

@aikyngazeti
Қазақстан Азиадада бүгін 13 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы 2 қазанда Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында 13 медаль – 3 алтын, 2 күміс және 8 қола иеленді.

🥇 Бокстан Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Айбек Оралбай (+90 кг) Азия ойындарының чемпионы атанды. Төрехан финалда иорданиялық Зеяд Ишаишты, ал Айбек өзбекстандық Жахонгир Зокировты 5:0 есебімен жеңді. Үшінші алтынды таеквондодан Тамирлан Тлеулес (58 кг) жеңіп алды. Бұл Қазақстанның осы Азиададағы таеквондодан алғашқы алтыны болды.

🥈 Велотректен Рината Сұлтанова, күрестен Эльмира Сыздықова күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлделер күрес, таеквондо, виртуалды таеквондо, джиу-джитсу, теннис және дзюдодан түсті.

13 жарыс күнінен кейін Қазақстан қоржынында 77 медаль: 12 алтын, 21 күміс және 44 қола бар.

@aikyngazeti
Бостандық ауданында әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер жаңарып жатыр

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
"AIQYN аптаның" жаңа саны жарық көрді:

🔸 Капитанның алтыны һәм есе қайтқан финал

🔸 Қайтқан жерде қайыр бар ма?

🔸 Бақылаусыз бюджет бұқараны тоздырар

🔸 Бөбек тынысы – болашақ ырысы

🔸 Ауыл медицинасы: ұлттық жоба үмітті ақтады

🔸 Майра Мұратбекова: Ағамның әңгімелерінде өмір бар

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын  "Айқыннан" оқи аласыз!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ауқымды жұмыс күтіп тұр

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінде «Alageum Electric» КТ директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов алда тұрған үш негізгі мақсатты атады.

Олар – отандық тауар өндірушілерді қорғау, экспортты дамыту және сапалы жұмыс орындарын ашу. Сондай-ақ ол Қазақстанда өндірілетін өнім үлесін арттыру ісі де аса маңызды екенін мәлімдеді.

@aikyngazeti
Алматыдағы тау кластерінің дамуы шағын және орта бизнеске жаңа мүмкіндік береді

Есеп бойынша, жоба жүзеге асса, 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентін құттықтады
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёңге құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент корей халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын айтулы күннің маңызына айрықша тоқталып, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өткен.
– Жақында Сеулге жасаған сапар барысында екіжақты қарым-қатынасымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Бұл шешім достық пен берік әріптестікке негізделген қазақ-корей ықпалдастығын халықтарымыздың игілігі үшін өрістете беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас корей халқына баянды өркендеу мен құт-береке тіледі.

@aikyngazeti
Қазақстандық балуан 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Шри-Ланка өкілі Нетми Ахинса Фернандоны айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) қола алды

@aikyngazeti
Көршілер түнде шуласа, 21 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Қазақстан құрамасы су добынан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.

Қазақстандық су добы шеберлері финалға дейін жетіп, Жапония құрамасымен жолықты.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша жапониялық спортшылар 24:7 есебімен жеңіске жетті.

Ал Қазақстан командасы 2026 жылғы Азия ойындарын күміс медальмен қорытындылады.

📸 Никита Басов

@aikyngazeti
5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.

@aikyngazeti
Қазақстан құрамасы Аичи мен Нагояда (Жапония) өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Ұлттық құрама сапынан соңғы болып ат спортының өкілдері сынға түсті.

4 қазанда биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілерден өту бағдарламасы бойынша жекелей конкурдың А санатындағы финалдық жарысының екінші кезеңі өтті.

Олег Соколенко Cinderella атты атпен өнер көрсетіп, жарысты 14-орынмен аяқтады.

Ал Quibelle Van D’Abelendreef атты атқа мінген Нұрила Тұрысбекова екінші кезеңде белгіленген бағытты толық жүріп өте алмады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар

@aikyngazeti
Қазақстанда банктер ақша аударымын 5 күнге дейін тоқтата алады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Қазақстан Азиада-2026 ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың бапкерлеріне жалпы 855 мың доллар немесе шамамен 383,3 млн теңге сыйақы төлейді.

Спортшыларға алтын медаль үшін – 10 мың доллар, күміске – 5 мың, қолаға – 3 мың доллар қарастырылған. Бапкерлер де тиісінше 5 мың, 3 мың және 2 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Есеп бойынша спортшыларға жалпы 545 мың доллар (244,3 млн теңге), ал бапкерлерге 310 мың доллар (139 млн теңгеге жуық) төленеді. Командалық спорт түрлерінде әр спортшыға толық көлемдегі сыйақы беріледі.

@aikyngazeti
Бүгін Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Бөген ауылдық округіне қарасты Екпінді ауылында дәмхананың шатыры өртенді.

ТЖМ мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде дәмхана мен дүкен орналасқан ғимараттың шатыры өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт ТЖМ және «Ауыл құтқарушылар» күштерімен толықтай сөндірілді. Өрттің аумағы 180 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.
Джордж Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам» кітабында қаржыны дұрыс басқарудың қарапайым қағидалары ұсынылады. Автор оларды «әмиянды толтырудың жеті жолы» ретінде береді.

Кітаптағы негізгі кеңестер:
- Табыстың кемінде 10 пайызын жинаққа қалдыру;
- Шығынды бақылап, қажеттілік пен қалауды ажырату;
- Жинаған ақшаны табыс әкелетін іске салу;
- Ақшаны жоғалту қаупі жоғары күмәнді инвестициялардан сақтану;
- Баспананы тиімді қаржылық шешімге айналдыру;
- Болашаққа тұрақты табыс көзін алдын ала қалыптастыру;
- Білім мен кәсіби дағдыны жетілдіріп, табыс табу қабілетін арттыру.

Кітаптың басты ұстанымдарының бірі – алдымен өзіңе төлеу: қанша табыс тапсаңыз да, оның белгілі бір бөлігін жұмсамай, тұрақты түрде жинақтап отыру.