Aikyn.kz
3.15K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.32K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
«Барыс» соңғы секундтарда есепті теңестіріп, «Спартакты» жеңді

«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы сырт алаңдағы ойында мәскеулік «Спартакты» 4:3 есебімен жеңді.

Үшінші кезеңнің аяқталуына 1 минут 38 секунд қалғанда астаналықтар 2:3 есебімен ұтылып жатқан. Тайс Томпсон есепті теңестіріп, ойынды овертаймға жеткізді. Бұған дейін «Барыс» сапынан Логан Дэй мен Әлихан Әсетов шайба соқты.

Буллиттер сериясында Гарретт Пилонның соққысы «Барысқа» жеңіс әкелді.
Қазақстандық клуб маусым басталғалы жеті жеңіске жетіп, бес рет жеңілді. «Барыс» Шығыс конференциясында төртінші орында келеді. Келесі ойынын 10 қазанда өз алаңында «Авангардқа» қарсы өткізеді.

@aikyngazeti
Ұстаздар күні құтты болсын

@aikyngazeti
Астана сүрленген ет сатуды желеу етіп, алаяқтық жасаған кәсіпкер сотталды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек?

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
 
Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді мерекесімен құттықтап, Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар, қастерлі де қадірлі мерекеге айналғанын атап өтті.
 
– Ұстаз – әр адамның өмірінен ерекше орын алатын тұлға. Бұған ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын, бұл – бәрімізге ортақ пікір. Ұстазды ұлықтау өркениетті қоғамның болмысын айқындайтын аса маңызды қасиет саналады. Ұлт ойшылы Абай адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов те «Ұстаз – ұлы есім» деп қадір тұтқан. Мұғалімдер қауымына зор құрметпен қарау, олардың ұлт болашағы үшін атқарып жатқан табанды еңбегіне алғыс айту – баршамызға ортақ парыз. Әсіресе, қазіргідей ақпараттар ағыны күшейіп, озық технология қарқынды дамыған заманда мұғалімнің рөлі әлдеқайда арта түскені ақиқат, – деді Президент.


@aikyngazeti
Aikyn.kz
Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады   Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді мерекесімен құттықтап, Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар…
Президент: «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, жас ұрпақ дамыған мемлекетте, қауіпсіз ортада, өркениетті қоғамда өмір сүруі керек.

Қазір Қазақстанда 4 миллионнан астам оқушы бар, яғни, еліміздің әрбір бесінші азаматы мектепте білім алып жатыр.
– Осы мақсатпен біз баршаға бірдей мүмкіндік беретін, Әділетті, Күшті, Таза және Озық Қазақстанды құру ісін қолға алдық, ауқымды реформаларды жүзеге асырдық. Халқымыздың темірқазығы, елімізді тарихи өрлеу дәуіріне бастаған негізгі құжат – Конституцияны қабылдадық. Конституцияда тұңғыш рет оқу-ағарту жүйесін дамытуға ықпал ететін нақты нормалар көрініс тапты. Атап айтқанда, адам капиталын, білім-ғылымды және инновацияны дамыту мемлекеттің міндеті, стратегиялық бағыты ретінде бекітілді. Түптеп келгенде, бұл – заман талабы. Сонымен қатар біз билік жүйесін түбегейлі жаңғырттық. Елімізде бір палаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтті. Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды. Вице-Президент тағайындалды. Жаңа мемлекеттік орган – Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Жақында Қазақстан Халық Кеңесі өз жұмысын бастады. Осылайша, біз бір ұлт болып еліміздің даму бағдарын айқындаған маңызды әрі іргелі жұмысты табысты атқардық, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пікірінше, өркениетті әрі озық елдің қуаты оның табиғи байлығымен емес, ең алдымен, адам капиталының сапасымен өлшенеді. Мемлекеттің әлемдегі орны да, экономикалық әлеуеті де қоғамдағы білім мен ғылымның деңгейіне тәуелді.
– Өздеріңіз білесіздер, біз бұл бағытта нақты шаралар қабылдап, белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды. Биыл тағы 101 мектеп салынып жатыр. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім беру мекемелерінің жаңа стандарты қалыптасты. Соның арқасында заманауи инфрақұрылымы бар, балалардың сапалы білім алып, дамуына барлық жағдай жасалған оқу ордалары бой көтеруде. Бүгінде 460 мың оқушыға арналған осындай 217 мектеп салынды. Сол мектептердің 84-і, яғни 40 пайызға жуығы ауылдық жерде орналасқан. Мен өз сөздерімде әрдайым айтып жүрмін: ауыл мектебі де, қала мектебі де балаларға бірдей сапалы білім беретін заманауи оқу мекемесі болуы керек. Қазіргі таңда мемлекет Жасанды интеллект жүйесіне негізделген арнайы сабақтарды орта мектептерге жаппай енгізу бағдарламасын іске асыруда. Бұл – өте маңызды жұмыс. Үкімет осы мәселеге баса мән беруге тиіс. Жалпы, аймақтарда мектеп тапшылығы мәселесі болмауы керек. Өйткені тағы да қайталап айтамын, бұл – мемлекеттің болашағына әсер ететін өте маңызды фактор. Үкімет осы мәселені де әрдайым назарда ұстауы қажет, – деді Мемлекет басшысы.


@aikyngazeti
Президент:

– Менің тапсырмаммен Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне жоспарлы түрде енгізу үдерісі басталды. Дұрыс пайдалана білсе, жаңа технология мұғалімдердің қызметін жеңілдетеді. Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс. Бұл бағытта маңызды қадам жасалды. Биыл қыркүйек айында Оқу-ағарту министрлігі жасанды интеллектіні қолдану стандартын бекітті. Қалада немесе шалғай ауылда орналасқанына қарамастан, еліміздегі барлық мектеп озық әдістеме мен цифрлық платформаға қол жеткізеді. Бастама жақсы. Жұмыс дұрыс бағытта жүріп жатыр. Халықаралық PISA-2025 зерттеуінің нәтижесі бойынша мектептеріміздің цифрлық дайындық деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің орташа көрсеткішінен асты. Оқушылардың когнитивті бейімделу индексі орташадан жоғарылады. Алайда бұл жолдың басы ғана, тоқмейілсуге себеп емес. Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осы жетістікпен тоқтап қалуға болмайды, – деді Мемлекет басшысы.

@aikyngazeti
Президент: «Көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, заңға бағынатын адал азаматтар ең алдымен мектептегі мұғалімнен тәлім алады»

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еңбекқор, білімге құштар, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды.
– Біз балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеруге, оларды шынайы өмірде де, виртуалды кеңістікте де қорғауға міндеттіміз. Ең бастысы – өскелең ұрпаққа аса қажетті дүниемен, атап айтқанда, жарқын келешекпен, нақты мүмкіндіктермен қамтамасыз етіп, оларға есейгенде мақсат-мұратына жетуге ынталандыратындай жағдай жасау. Еңбексіз ешқандай табыс та, жетістік те болмайды. Бұл – өмірдің қағидасы, заңы. Еңбек дегеніміз – бүкіл өмірді билеп тұрған патша, бұл – өмірдің арқауы. Өмір, бұл – ғажапқа толы сиқырлы әлем емес. Өмір жолын тек жан-жақты дайындалған, біліммен қаруланған адам ғана еңсере алады. Осы қарапайым түсінікті балаларға түсіндіріп айту маңызды. Стратегиялық мақсатымыз – биік шыңдарға көз тігетін, бәсекеден тайсалмайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстанның өсіп-өркендеуі әрқайсымыздың қаншалықты үлес қосатынымызға байланысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сөзін түйіндей келе, қазір халқымыздың дүниетанымы өзгеріп, қоғамымызда жаңа этика қалыптасып келе жатқанына назар аударды.
– Тазалық, еңбекқорлық, адалдық, өзара сыйластық қасиеттері ұлттық дағдымызға айналып жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық сипат алып, еліміздің келбетіне және ең бастысы, азаматтарымыздың болмысына оң әсер ете бастады. Табиғатты аялау, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекетіміздің конституциялық міндеті саналады. Осындай елдік маңызы зор іске сіздер, жалпы ұстаздар қауымы мол үлес қосып жатсыздар. Себебі көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, заңға бағынатын адал азаматтар ең алдымен мектептегі мұғалімнен тәлім алады. Сондықтан мен еліміздегі барша ұстазға шынайы ризашылығымды білдіремін. Ұстаздық еткен әр адамның ерен еңбегі зор құрметке лайық деп санаймын,– деді Мемлекет басшысы.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент озық технология дәуірінде кітап оқудың да мән-маңызын арттыруымыз қажет санайды

Бұл ретте Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа осы құндылықты сіңіруге тұтас қоғам атсалысуы қажет екенін айтты.

– Халқымыздың асыл перзенті Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген тамаша сөзі бар. Кітап білімпаздыққа, жанашырлыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баулиды. Кітап оқу – азаматтарды, әсіресе, жастарды үстірт ойлаудан және ақпарат тасқынына жұтылып кетуден сақтап қалатын рухани қалқан. Сондықтан мен биыл мамыр айында «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Үкімет жыл соңына дейін тиісті тұжырымдама қабылдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс: 13 қылмыстық іс қозғалып, бес лауазымды тұлға қамауға алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігін кешенді тексерудің алғашқы нәтижелері баяндалды.

Тексерудің бірінші кезеңінде мемлекет мүлкін талан-таражға салу, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және басқа да заң бұзушылықтар бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды.

Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға қатысты оқу-жаттығуды жоспарлау, десант түсіру және әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елеулі кемшіліктер анықталған. Бес лауазымды тұлға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ әскердегі әлімжеттік пен жарғыға қайшы әрекеттер анықталып, қылмыстық істер қозғалған.

Президент әскери қызметшілердің қазасына кінәлі тұлғалардың барлығы заң алдында жауап беруі тиіс екенін айтты. Президент Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Тексеру нәтижелері Қарулы күштерді реформалау жоспарына енгізіледі.

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Оман Сұлтанын елорда әуежайында қарсы алды
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алды.
 
Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан елордаға дейін Оман Сұлтаны мінген бортпен қапталдаса ұшты.
 
Мәртебелі мейманның келуіне орай ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді.

@aikyngazeti
Әуежай залында екі ел басшылары аз-кем әңгімелесті

Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты дамыту тұрғысынан Оман Сұлтанының сапары тарихи мәнге ие екенін атап өтті.

– Оман Сұлтандығы экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен, халықаралық аренада өте белсенді әрі конструктивті дәнекер мемлекет ретінде белгілі. Еліңіздің өз аймағында, одан тысқары жерлерде, соның ішінде Қазақстанда да беделі биік. Мемлекеттеріміз арасындағы серіктестіктің әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Алдымызда ынтымақтастық аясын мейлінше кеңейту міндеті тұр, – деді Президент.

Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі келіссөздердің мазмұнды әрі жемісті өтетініне сенім білдірді.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою, сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қазақ-оман бизнес форумына қатысуы жоспарланған.

@aikyngazeti
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Азия аламаны аяқталды

🔸 Көші-қонның жаңа келбеті

🔸 «Кітап оқитын ұлт»: игі бастама дағдыға айналса...

🔸 Жаһандық үндестікке бастар жол

🔸 ЖИ қолдану жиіледі: Цифрландырудан – ақылды өңірге дейін

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424

@aikyngazeti
Жылу беру маусымы жоспарға сәйкес басталды:
Премьер-министр әкімдіктердің жұмысына назар аударды

Бір өңірден басқасының бәрі тапсырманы мерзімінде орындады: облыс әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту тапсырылды

Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Бүгінде жылу 11 өңірде беріле бастады.  
«Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райы жағдайына байланысты беріледі. Мен жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Тек Семей қаласында жылу желілері уақтылы дайын болмай шықты. Осыған байланысты Премьер-министр Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

@aikyngazeti
Жыл соңына дейін Қазақстанда eGov GPT арқылы 150-ге дейін қызметті іске қосу жоспарлануда
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде QazTech платформасы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесінің негізіне айналды. Цифрлық жүйелерді көшіру бойынша биылғы жоспар 92%-ға орындалды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
«“Әлеуметтік әмиян” проактивті әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, 3 млн пайдаланушыны қамтиды. e-Otinish-тегі жасанды интеллект көмегімен 3,2 млн-нан астам өтініш өңделді. eGov GPT арқылы 51 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін жалпы трафиктің 80%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 150 қызмет қамтылады. 2028 жылға қарай жасанды интеллект негізіндегі қызметтердің үлесін 40%-ға жеткізу, ал 2029 жылға қарай қызмет алу уақытын екі есе қысқарту көзделген»,

— деді Жаслан Мәдиев.

Вице-премьердің айтуынша, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын цифрлық кеңселерге трансформациялау жүргізілуде. Жаңа халықтың цифрлық кеңселерінде азаматтар қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Қазір 4 өңірде 5 цифрлық кеңсе ашылды. Тағы 10 өңірде қаржыландыру мәселесі шешілді.

@aikyngazeti
Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқады.

Бұдан соң мемлекеттер басшыларының келіссөзі басталды.

@aikyngazeti
Қазақстан Президенті пен Оман Сұлтаны екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен келіссөз жүргізді.

Кездесуде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері қаралды. Президент Қазақстан мен Оман арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын көбейтуді ұсынды.

Сапар аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылған. Тоқаев мұны екі елдің экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенінің көрінісі деп бағалады.

Оман Сұлтаны екі ел арасындағы барыс-келісті арттыруға мүдделі екенін айтып, сапар барысында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылатынын жеткізді.

@aikyngazeti
Қазақстан мен Оман стратегиялық серіктестікті кеңейтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Қазір екі ел бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың қатарында «Доңға» мұнай кен орнын игеру, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өндірістік жобалар, бірлескен инвестициялық қор, қонақ үй және шипажай инфрақұрылымын дамыту бар.

Оман тарапы Қазақстанмен тау-кен өнеркәсібі, азық-түлік қауіпсіздігі, қаржы, туризм, технология және жасанды интеллект салаларында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Екі ел Оман порттары арқылы жаңа сауда дәліздерін дамытуға және Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасын жандандыруға ниетті.

@aikyngazeti