Aikyn.kz
3.15K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, экологиялық талаптың бұзылғаны анықталды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Қар жауып, үсік жүреді: 7 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
The World Financial Review: Қазақстан экономикасы мұнайдан түсетін табысқа тәуелділіктен арылды ма?

Мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындағанын атап өтеді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ерлан Сайыр: Қоғам Ата заңның нормаларын бұлжытпай орындауы керек

«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайырдың Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыруға қатысты жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дидарбек Ділдәбек: Жастарды есірткі тасымалдаудан арашалауымыз керек

«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Дидарбек Ділдәбектің Бас прокурор Берік Асыловқа, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановқа жастарды синтетикалық есірткі тасымалынан, заңсыз қаржы айналымынан арашалауға қатысты жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ләззат Қожахметова: Баланы балабақша кезегіне қою ата-аналарға қиындық туғызуда

«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ләззат Қожахметованың Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою жүйесін қайта қарау туралы жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Русана Сулаймонова: Медициналық ақпараттық жүйеде кемшіліктер көп

«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Русана Сулаймонованың Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға медициналық ақпараттық жүйелерді жетілдіру мәселесі бойынша жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Арман Жансеңгіров: Халық салалық дәрігерлерге жазылу үшін әбігерге түседі

«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Арман Жансеңгіровтің Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға консультативтік-диагностикалық көмекті күту мерзімдеріне қатысты жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тарихи сериалдарды көрермен ерекше ықыласпен қабылдайды. Бұл жанрдағы туындылар өткен дәуірдің тынысын сезіндіріп, ел тағдыры, билік, адалдық, махаббат пен күрес секілді мәңгілік тақырыптарды қозғайды. Сондай фильмдердің бірі «Астана» телеарнасы ұсынған «Орхан» тарихи драмасы. 

Түркиялық жаңа телехикая көрерменді Осман мемлекетінің қалыптасу кезеңімен таныстырады. Басты кейіпкер – елдің екінші билеушісі Орхан Ғази. Ол көрермендерге «Осман» телехиясы арқылы өте таныс Осман Ғазидің ұлы. 

Сериалда Орханның жауынгерден мемлекет басшысына дейінгі қалыптасу жолы көрсетіледі. Оның әрбір қабылдаған шешімі тек өз тағдырына емес, тұтас елдің болашағына әсер етеді.

 Әке аманатын арқалаған жас билеушінің өмір жолы туралы телехикаяны 13 қазаннан бастап күн сайын сағат 21.00-де «Астана» телеарнасынан тамашалай аласыздар. 
Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдады
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстан мен отандық шахмат мектебінің әлемдік аренадағы абыройы артып келе жатқанын көрсетеді.
 
Мемлекет басшысы еліміз үшін шахматтың орны ерекше екеніне тоқталды. Шахмат спорттың бір түрі болуымен қатар өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытудың маңызды тетігі саналады.
 
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловтың жауапты қызметіне табыс тіледі.
 
FIDE басшысы шахматты дамытуға ден қойып, оған қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар шахматты әлемде кеңінен насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ұлттық шахмат федерацияларының қатысуымен жаңа жобаларды іске асыру жөнінде мәлімет берді.

@aikyngazeti
Ваучерлік жүйе балабақша кезегіне қатысты мәселені шеше алды ма?

Қазіргі тәртіп бойынша ата-ана ваучер алғаннан кейін таңдаған балабақшасында бос орын болмаса, уақытша басқа ұйымды таңдап, қалаған балабақшасына кезекке тұра алады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👏1
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды.

Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.

@aikyngazeti
8-9 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады

Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Қазақстан Президентін әуежайдан Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

@aikyngazeti
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Жаһандық білім – ұлттық дамудың жаңа көкжиегі

🔸 Мемлекеттік наградалар жөніндегі түзетулерді мақұлдады

🔸 Есірткі тасымалы елді алаңдатады

🔸 Ауыл кітапханасы – руханияттың мекені

🔸 «Оқырман ұрпақ» – ойды дамытатын жоба

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын  "Айқыннан" оқи аласыз!
Әуезов 1959 жылы жазылып, сахнаға шыққан бетте-ақ америкалық қоғамды дүр сілкіндірген туынды туралы: «мынау пьесада үш акт бойынша сондай жарым ес, мүгедек әйел баланың ең алғаш есін кіргізіп, мылқаулар ымымен сөйлетуге үйрете бастаған мықты тәрбиеші әйелдің тартысы, еңбегі, табысы танытылады», – деп пьесаның бүкіл синопсисін бір ғана сөйлеммен тұжырымдайды.

Әуезовке зағип қыздың ұстазы Салливанның рөлін ойнаған актриса ерекше ұнаған. Сымбатты келбеті, сұлу өнерімен өзіне ерекше ұнаған актрисаның күрделі образды сомдау барысындағы шеберлігін алып эпопеясының бірінен-бірі асып түсетін тараулары атауындай әдемі эпитеттермен тамсана суреттейді.


Профессор, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Америка асқан қазақтар» атты мақаласының жалғасын оқи отырыңыз.

@aikyngazeti
❤1👍1
Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін «Аваза»  кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов күтіп алды.

@aikyngazeti
Forwarded from AstanaTV
🟣🟣🟣🟣🟣

Уәдеден нәтижеге дейін: ASTANA TV арнасында «ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» жаңа арнайы жобасы басталды.

ASTANA TV телеарнасында «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін!» сайлауалды бағдарламасының іске асырылуына арналған «ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» жаңа ақпараттық-сараптамалық арнайы жобасы басталды.

«ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» - сайлауалды бағдарламаның сандық нәтижесі. Бұл сандардың артында нақты міндеттер мен жұмыс бағыттары тұр, ал жоба авторлары оларды кейіпкерлердің шынайы оқиғалары, сарапшылардың пікірі және қабылданған шешімдердің нәтижесі арқылы ашып көрсетеді.

🔥 Арнайы жобаның бірінші шығарылымын арнамыздың YouTube каналынан көре аласыздар.🔥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Орталық Азия елдері Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келген бүгінгі отырыстың символдық мәні ерекше екенін атап

@aikyngazeti
Aikyn.kz
Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты   Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Орталық Азия елдері Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келген бүгінгі отырыстың символдық мәні ерекше екенін…
Орталық Азия елдері арасындағы сауданы $20 млрд-қа жеткізуді ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIII Консультативтік кездесуінде өңірлік экономикалық ынтымақтастықты күшейту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Былтыр өңір ішіндегі сауда көлемі шамамен 13 млрд долларды құраған. Тоқаев бұл көрсеткішті кемінде 20 млрд долларға жеткізу үшін үкіметтерге бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынды.

🚆 Президент Қазақстандағы ірі көлік жобаларына да тоқталды. Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржолдарының құрылысы аяқталуға жақын. Келесі жылы Бақты – Аягөз желісі ашылады. Сонымен қатар Қытайды Каспий теңізі және Еуропамен байланыстыратын Арал – Каспий магистралінің құрылысы басталды.

Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытып, Орта дәлізді TRIPP көлік бастамасымен ұштастыруды сарапшылар деңгейінде қарастыруды ұсынды. Дүниежүзілік банк бағалауынша, жоспарланған инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асса, 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін.

@aikyngazeti