Aikyn.kz
3.1K subscribers
11.8K photos
2.69K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы

📍Түрікменстан, Аваза

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Каспий экология саммитін өткізу туралы өзекті бастаманы дер кезінде көтерген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын жеткізді.

Мемлекет басшысы Каспий теңізінің аймақ халқы үшін стратегиялық маңызы зор екеніне тоқталып, бүгінгі кездесудің тарихи сипатын атап өтті.
 
@aikyngazeti
Aikyn.kz
Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Каспий экология саммитін өткізу туралы өзекті бастаманы дер кезінде көтерген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын жеткізді. Мемлекет басшысы Каспий…
🌊 Каспий теңізі 25 жылда 16 мың шаршы шақырымнан астам аумағынан айырылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий экология саммитінде теңіздің тартылуы экологиялық қана емес, экономикалық апатқа да әкелуі мүмкін екенін ескертті.

📉 2000–2025 жылдары Каспийдің тартылған аумағы 16 мың шаршы шақырымнан асты. Кей жерлерде су жағадан ондаған шақырымға шегінген. Ал Каспий итбалықтарының саны соңғы ғасырда 1 миллионнан 270 мыңға дейін азайған.

Президент теңіздің тартылуы кеме қатынасына, порттарға, балық шаруашылығына және жағалаудағы елді мекендерге қауіп төндіретінін айтты.

🇰🇿 Қазақстан Каспийді сақтау үшін бірқатар бастама көтерді:

🔹 Теңіздің су ресурстарын сақтау жөнінде мемлекетаралық бағдарлама әзірлеу;

🔹 Каспийдің экологиялық жағдайын бақылайтын бірыңғай цифрлық платформа құру;

🔹 Ғылыми зерттеулерді біріктіріп, итбалықтар мен басқа да сирек түрлерді қорғауды күшейту.

@aikyngazeti
"AIQYN аптаның" жаңа саны жарық көрді:

🔸 Алтын Орда – медиа назарында

🔸 Тұрғын үй құрылысына жаңа серпін бермек

🔸 Инфрақұрылым – кезек күттірмейтін мәселе

🔸 Ақ пен қара арасындағы сан мың бояу

🔸 «Әбіл»: дәуір мен адам драмасы – Елзат Ескендір

🔸 Жәрдемақының жаңа өлшемi

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын  "Айқыннан" оқи аласыз!
11-14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп және Патшайым Матильда «Қазақстан-Бельгия» іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

@aikyngazeti
Бүгін Англия Чемпионшипінің 9-турында «Бернли» сырт алаңда «Уотфордпен» кездеседі. Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев матчты қосалқы құрамда бастайды.

Сәтпаев соңғы рет 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы ойында (1:1) алаңға шыққан. Сол кездесуде жарақат алып, содан бері матчтарға қатыспаған.

⚽ Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

@aikyngazeti
Алматы тау кластерін дамыту қалай қаржыландырылады?

Тау инфрақұрылымын дамыту едәуір инвестицияны талап етеді. Аспалы жолдар, инженерлік желілер мен қызмет көрсету нысандарын салу – ұзақ мерзімді инвестициялар. Олардың тиімділігі тек қаржылық нәтижемен ғана емес, қала мен оның тұрғындарына әкелетін пайдасымен де өлшенеді.

Алматы тау кластері аясында бес локацияны дамыту көзделген. Олар: Шымбұлақ, Бутаковка, Кимасар, Пионер және Ой-Қарағай. Жоба курорттардың өткізу қабілетін арттыруға, жыл бойы туризмді дамытуға, көлік қатынасын жақсартуға және демалыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
АҚШ Украинадан Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді тоқтатуды талап етіп, барлау ақпаратын беруді тоқтатуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Financial Times хабарлады.

9 қазанда Майамиде өткен сегіз сағаттық келіссөз барысында Дональд Трамптың өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер осы мәселені көтерген.

Келіссөздер Трамп пен Путиннің ресейлік дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу жөніндегі келісімінен кейін шиеленіскен. Украина делегациясы екінші күнгі кездесуден бас тартқан.

Киев Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді жалғастыратынын мәлімдеді.

Алайда АҚШ өкілі барлау ақпаратын тоқтату туралы қоқан-лоқы жасалғанын жоққа шығарды.

@aikyngazeti
Дастан Сәтпаев алаңға шықты

Англия Чемпионшипінің 9-турында «Бернли» сырт алаңда «Уотфордты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев кездесудің 74-минутында қосалқы құрамнан алаңға шықты.

Бұл – «Бернлидің» биылғы Чемпионшип маусымындағы алғашқы жеңісі.

Сәтпаев бұған дейін 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы кездесуде ойнаған еді. Осылайша, 18 жастағы шабуылшы бір айдан астам үзілістен кейін жасыл алаңға қайта оралды.

@aikyngazeti
Ресей әскері Украинадағы энергетикалық нысандармен қатар, көпірлер мен маңызды көлік инфрақұрылымына соққы беруді күшейтті.

Financial Times мәліметінше, соңғы бір аптада ресейлік реактивті дрондар Днепр өзені үстіндегі үш көпірге, соның ішінде Киевтегі Солтүстік және Оңтүстік көпірлерге шабуыл жасаған.

Салдарынан ондаған адам жарақат алып, көлік қозғалысы қиындаған. Кейбір бағыттарда қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылған.

Басылым Ресейдің жаңа тактикасы ірі қалалар арасындағы көлік байланысын әлсіретіп, қыс қарсаңында Украина экономикасына қосымша қысым жасауға бағытталғанын жазады.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің азаматтық инфрақұрылымға шабуылдарын айыптады. Ал Кремль бейбіт нысандарды әдейі нысанаға алатынын жоққа шығарады.

@aikyngazeti
😱1
Францияда білім беру жағдайын жақсартуды талап еткен оқушылар мен студенттердің наразылық акциялары екі аптадан астам уақыттан бері жалғасып жатыр.

Reuters мәліметінше, қақтығыстар кезінде шамамен 200 оқушы мен 700 полиция қызметкері жарақат алған. 6877 адам ұсталған, олардың басым бөлігі – кәмелетке толмағандар.

Полицияның күш қолдануы салдарынан бірнеше жасөспірім ауыр жарақат алған. Атап айтқанда, 14 жастағы баланың жақ сүйегі сынған, ал 15 жастағы оқушы бір қолынан айырылған.
Қазіргі уақытта полиция әрекетіне қатысты 24 іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғаушылар резеңке оқтар мен арнайы гранаталарды қолдануға тыйым салуды талап етуде. Ал полиция өкілдері мұндай құралдар тәртіпсіздіктер кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет екенін мәлімдеді.
Үндістан астанасы Нью-Делиде сайлау комиссиясының төрағасы Гьянеш Кумардың отставкасын талап еткен жастар наразылығы өтті.

Reuters мәліметінше, полиция 2000-нан астам адамды, оның ішінде наразылықты ұйымдастырған жастар қозғалысының жетекшілерін ұстады.

Билік шерудің алдын алу үшін елорданың орталық бөлігін қоршауға алып, 57 метро станциясын жауып, мобильді интернетті уақытша өшірді. Қалаға мыңдаған полиция қызметкері жұмылдырылды.

Наразылыққа сайлаушылар тізімінен шамамен 130 миллион жазбаның алынып тасталуы себеп болды. Оппозиция бұл өзгерістер премьер-министр Нарендра Модидің партиясына тиімді болғанын мәлімдеді.

Ал Үндістанның сайлау комиссиясы мен билік партиясы айыптауларды жоққа шығарды.
Астанада үш баланың өмірін қиған өртке не себеп болғаны анықталды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей украиналық энергетикалық нысандарға шабуылын тоқтатса, Киев те Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды доғаруға дайын екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған кез келген қадам екіжақты болуы және нақты кепілдіктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Зеленскийдің мәліметінше, соңғы бір аптада Ресей Украинаға шамамен 1450 әуе бомбасын, 75 зымыран және 1640-тан астам шабуылдаушы дрон қолданған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадан Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды тоқтатуды талап еткен болатын.
❤4
Ай сайын жалақыңыздан 10 мың теңгені депозитке аударып отырсаңыз, бір жылда 120 мың теңге жинайсыз. Бес жылда бұл сома 600 мың теңгеге, ал он жылда 1,2 миллион теңгеге жетеді. Бұл – банктің сыйақысын есептемегендегі қаражат.

Егер депозиттің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15% болып, пайыздар ай сайын капиталдандырылса, он жылда шамамен 2,6 миллион теңге жинауға болады. Оның 1,2 миллион теңгесі – өзіңіз салған ақша, қалған 1,4 миллион теңгесі – банктің сыйақысы. Бұл есеп мөлшерлеме он жыл бойы өзгермейді деген болжамға негізделген.

Қаржы жинаудың басты артықшылығы – аз сомадан бастап, тұрақты түрде ақша жинау дағдысын қалыптастыру. Ай сайынғы 10 мың теңге күнделікті шығындар арасында елеусіз көрінгенімен, бірнеше жылдан кейін қомақты қаражатқа айналуы мүмкін. Дегенмен инфляцияның әсерінен жиналған ақшаның сатып алу қабілеті төмендеуі ықтимал
10 қазанда Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде адамдардың жаппай қысылып қалуына байланысты ұйымдастырушы қамауға алынды.

Полицияның алдын ала мәліметінше, концертке сатылған билеттер саны алаңның сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Соның салдарынан адамдар көп жиналып, 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Концертті ұйымдастырған 1984 жылы туған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция әлеуметтік желілерде тараған адам өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қазанда Украина мен Ресей энергетикалық нысандарға шабуылдарды тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Осы сәттен бастап Ресей мен Украина арасындағы соғыста энергетикалық бітім күшіне енеді. Екі тарап та келісті. Оны бұзбаңыздар!» – деді Трамп.

Әзірге Украина мен Ресей билігі бұл келісімнің шарттарын жеке растағаны туралы ақпарат жоқ.

@aikyngazeti