Aikyn.kz
3.11K subscribers
11.8K photos
2.69K videos
4 files
6.3K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Aikyn.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты ✔️Мемлекет басшысы Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында Король Филипп пен Патшайым Матильдаға ілтипат білдірді. ✔️Президент…
🇰🇿🇧🇪 Бельгия Қазақстан экономикасына $15 млрд-тан астам инвестиция салған

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты.

💰 Бельгия Қазақстандағы 10 ірі инвестордың бірі. Соңғы 20 жылда бельгиялық компаниялар ел экономикасына 15 млрд доллардан астам қаржы құйған. Қазақстанда 100-ден астам бельгиялық және бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

⚡️ Екі ел көлік-логистика, энергетика, мұнай химиясы, аса маңызды минералдар, жасанды интеллект, медицина және фармацевтика салаларындағы бірлескен жобаларды кеңейтпек.
Қазақстан Еуропа өнеркәсібіне қажет 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді. Тоқаев Қазақстанның ресурстарын Бельгияның инвестициясы және технологиясымен ұштастырып, шикізатты терең өңдеуге басымдық беруді ұсынды.

🚢 Сондай-ақ Антверпен-Брюгге порттары мен Ақтау және Құрық порттары арасында серіктестік орнату көзделіп отыр. Бұл Қазақстан өнімдерін Еуропа нарығына шығаруға мүмкіндік береді.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жарқайың ауданында полиция жұмысының 9 айдағы қорытындысы шығарылды

Жарқайың аудандық полиция бөлімінде Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.А. Хантемировтің қатысуымен жедел кеңес өтті.

Кеңесте 2026 жылдың 9 айындағы қызмет қорытындылары қаралып, құқық бұзушылықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстар, кадр саясаты мен қызметтік тәртіп мәселелері талқыланды.

🔹 Сонымен қатар полиция бөлімінің жедел басқару орталығына ақпараттық жүйелерді енгізу және олардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселесіне назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер белгіленді.

@aikyngazeti
👍1
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды!

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Юсуф Ашрапов жеңіс тұғырына көтерілді. Финалда отандасымыз армениялық Гаспар Тертерянды жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Еске салайық, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айбек Айтбеков те әлем чемпионы атанған болатын. Ол шешуші белдесуде әзірбайжандық Эльмир Алиевтен басым түсті

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан шығарып салды

Корольдік отбасының мемлекеттік сапары бүгін Алматыда жалғасады.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрылтай депутаты Гүлназ Атамқұлова Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен ел экономикасының өсімі қалай жоспарланғанын, макроэкономикалық жағдай күрт нашарласа, қандай шаралар қолға алынатынын сұрады.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жеке кәсіпорындарға бөлінген бюджет қаражаты қалай қайтарылатыны, ол қалай бақылатыны туралы сұрақ қойды.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрылтай депутаты Ербол Данағұлов Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке бюджеттен ғылымға бөлінетін қаражат көлемі және оның экономикаға әсері жөнінде сұрақ қойды.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрылтай депутаты Алмат Әбдікешов Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтен отандық тауарлардың экспортын дамытуға бөлінетін қаражат неліктен азайғанын сұрады.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрылтай депутаты Мұратбек Мұхамбедиев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовке бюджет есебінен жаңа жобаларды қаржыландыру, электр және жылу энергиясын өндіретін қуаттарды жаңарту жоспары туралы сұрақ қойды.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрылтай депутаты Шолпан Каринова Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевқа креативті экономиканың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 3%-ға ұлғайту қалай іске асатыны, сондай-ақ осы саладағы инфрақұрылым мен платформаларды дамыту жоспары туралы сұрақ қойды.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрылтай депутаты Айнагүл Балташева Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға блоктық бюджеттеу кезіндегі мектептердің жұмысы мен оқушылардың біліміндегі нақты нәтижелерге қатысты сұрақ қойды.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ләззат Жылқыбаева: Қазақстандықтардың жеке деректері қорғалған ба?
 
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ләззат Жылқыбаеваның Бас прокурор Берік Асыловқа, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке азаматтардың дербес деректерін қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық ұйымның Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, өзара серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады.

Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстар өткізуге қажетті жағдай жасалуда. Әсіресе, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге назар аударылып отыр.

Хусейн Әл-Мусаллам қол жеткізілген табыстар мен қазақстандық спортшылардың биыл ХХ жазғы Азия ойындарында көрсеткен шеберліктері елдің спорт саласын өркендетуге айтарлықтай әлеуеті бар екенін айғақтайтынын атап өтті.

@aikyngazeti
Қамбаға құйылған береке

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының күретамыры ғана емес, ауылдың әлеуметтік ахуалы мен халықтың әл-ауқатын айқындайтын стратегиялық сала. Әсіресе табиғаты қатал, жер көлемі ауқымды Абай облысы үшін агроөнеркәсіп кешенінің орны бөлек

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Жылуыңды жаз қамда

Абай облысында алдағы қысқа дайындық науқаны қызу жүріп жатыр. Қазандықтар жөнделіп, тозған жылу желілері жаңартылып, орталық жылу пункттері қайта жаңғыртылуда

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Жылу бекеті жұмысын бастады

Абай облысындағы Байбура асуында еліміздегі алғашқы заманауи жылыту бекеті іске қосылды. Қыс қаһарына мінгенде жолда қалған жүргізуші мен жолаушы енді қар құрсауында жалғыз қалмайды.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Тұрғын үй құрылысына жаңа серпін бермек

Семейдің бола­шағы бү­­­гін­де жаңа шағын­аудан­дардың келбетімен де айқындалып келеді. Қаланың Қарағайлы ықшам ауданында құны 100 миллион АҚШ долларын құрай­тын ірі инвестициялық жоба қолға алынбақ. Шетелдік тікелей инвестиция есебі­нен жүзеге асатын жоба за­манауи тұрғын үй құры­лысына жаңа серпін беріп қана қоймай, қаланың ин­фрақұрылымын дамытуға да ықпал етпек.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Өлкедегі өміршең жоба

Абай облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ден қойып отыр. Жарма мен Аягөз аудандарында жел және күн электр станцияларын салу жөніндегі инвестициялық ұсыныстар өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, экономикалық өсімнің жаңа нүктелерін қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» атты республикалық форумға қатысты.

Бұл – Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында конституциялық органның өңірлерде өткізген алғашқы іс-шарасы. Диалог алаңында мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді аналар мен сарапшылар бас қосты.

Отырыс барысында форум қатысушылары тәрбие мәселесі, қоғамдағы адамгершілік құндылықтардың рөлі, білім беру және кітап оқу мәдениетін дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселені ортаға салды. 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Наталья Дементьева әскери бөлімдердегі моральды-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселесін көтерді.

@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру, Президент тапсырмаларын орындау, соның ішінде бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында және Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі есебін тыңдады.

Атап айтқанда, Вице-Президент конституциялық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру, жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Президент конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік және азаматтардың жасампаз мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылуы елімізді қарқынды дамытудың маңызды алғышарттары саналады.

@aikyngazeti