Aikyn.kz
3.11K subscribers
11.8K photos
2.69K videos
4 files
6.3K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Баку әуежайынан Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов күтіп алды.

@aikyngazeti
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 «Сеніп тапсырған» мәліметтің сұрауы бар

🔸 Жігерлі жандардың жеңісі

🔸 Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

🔸 Баспана – басты нысана

🔸 Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Батыс Қазақстан облысыда агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының жымқырылғаны анықталды

Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің бақылауындағы «Агрокомплекс АРСЕН» және «ОнегеАгроСервис» ЖШС-лері арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалды деген шығынды өтеу үшін уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды тапсырған.


Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған.

Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған.

Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

@aikyngazeti
Құрылтай депутаты балалардың жеке дерегін мектеп сайтында жариялаған ұйымдарды тексеру керек екенін айтты

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
❤1👍1
Әуезов Нью-Йоркте 8 күн өткізген соң 26 ақпанда ертелетіп Лос-Анджелеске жол тартады. Сұлулық атаулыға сұқтанбай өте алмайтын жазушы ұшаққа кіргендегі көргені жайлы: «Лос-Анджелеске 5 сағат 22 минут ұшамыз деп жариялады. Стюардесса қыздар және жалпы бар қыз­меткер қыздар тазыға ұқсайды, поджарые, чуткие, подвижные – особая порода, племя», – деп ұшақтағы қыз-жігіттерді жұтынып тұрған сүйрік тазыға теңейді.

Көргендері жайлы көсіле жазуды жоспарлаған суреткер ұшақта отырып-ақ ұшар биіктен көзге шалынған көркем көріністерді блокнотына түсіре берген. Ол: «Қазір қарлы, мол шаруалы аудандарды басып келеміз. Қар қалың, бірақ әр жерде аз-аз қоңырқай көкшіл ағаштар көрінеді... Жол аса қызық. Тауларға кірді. Көп-көп таулардан, елсіз таулардан өттік. Қара­ғайлы, қалың жыныс ағашты таулар көп», – деп жазады.

Профессор, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Ашылмаған Америка» атты мақаласын оқи отырыңыз.

@aikyngazeti
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шағын бизнестен орта бизнеске: дамудың жаңа мүмкіндіктері

«ӘDILETТІҢ 111+ шешімі» арнайы жобасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі көтерілді.

💼 Кәсіпкерлерді кезең-кезеңімен қолдау, мемлекеттік қолдау тетіктерін сақтау және ұзақ мерзімді келісімшарттар жүйесін дамыту қаншалықты маңызды? Шағын бизнестің орта бизнес деңгейіне өтуіне қандай мүмкіндіктер бар?

ҚР Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті, «Әділет» фракциясының мүшесі Нұржан Ниязалиев осы мәселелерге тоқталып, партияның орта кәсіпорындардың үлесін 7%-дан 20%-ға дейін арттыру мақсаты туралы айтты.

Толық шығарылымды мына сілтемеден көре аласыз

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді

Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.

Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажеттігін жеткізді және Қазақстанның осы қағидатты берік ұстанатынын айтты.

@aikyngazeti
Президент Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр

@aikyngazeti
Интернетте inDrive, Kinopark және Lucem тұтынушыларының деректер базасы тарады ма?

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
BI-Industrial Жамбыл облысында Soda Ash жобасы бойынша ауқымды жұмысты аяқтады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі
 
Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев диалогтың, сенімді нығайтудың және жан-жақты ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде АӨСШК әлеуетін кеңейтуге бағытталған Әзербайжан тарапының белсенді төрағалығын оң бағалады

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы саммит форумның маңызына елеулі сын-қатер төніп тұрған кезеңде өтіп жатқанын айтты

Президенттің пікірінше, әлемде тыңғылықты байыптап, мұқият ойластырылған шешімді қажет ететін аса күрделі үдерістер орын алып жатыр.

Түптеп келгенде, халықаралық қауіпсіздік архитектурасының іргесі шайқала бастады. Бұл жайт құқық үстемдігі көлеңкеде қалып, күш көрсету басымдыққа ие болған қауіпті үрдіспен қатар жүруде. Былтыр әлемде қарулы қақтығыстар саны Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көрсеткіштен асып түсті.Бұл кикілжіңдердің құны статистикалық деректермен ғана емес, адам ғұмырымен де өлшеніп жатыр. Өткен жылдың өзінде 20 қарулы қақтығыс болып, 37 мыңнан астам бейбіт тұрғын ажал құшты. 117 миллионнан аса адам босқынға айналды. Бұл үрдіс ұзақ жылдар бойы жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізуге бағытталған бірлескен саяси күш-жігердің нәтижесін жоққа шығарды. Сондықтан Азияға анағұрлым мықты институттар қажет. Ниеттестік жөніндегі декларациялар қабылдаудың дәуірі өтті, – деді.

@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік мәселесі әрқашан АӨСШК қызметінің негізгі басымдықтарының бірі екенін еске салды

– Біздің Ұйым дау-дамайды бейбіт жолмен реттеуге, қарусыздандыруға және бейбітшілікті нығайтуға айтарлықтай үлес қоса алады. Бүгінде мұның маңызы арта түсті. АӨСШК Азия мен одан тысқары аймақтардағы қайшылықтарды еңсеруде анағұрлым белсенді рөл атқаруға тиіс. Осы орайда, Кеңеске мүше елдердің ұжымдық саяси ерік-жігерін нәтижелі бастамаларға жұмылдыруға шақырамыз. Нақты қадам ретінде Превентивті дипломатия тетігін іске қосуды ұсынамыз. Бейбітшілікті шиеленіске дейін орнықтыру керек. Қақтығыстың алдын алу оның салдарын жоюға қарағанда анағұрлым тиімді әрі арзанға түседі. Мұндай тетік Ұйымға мүше елдердің шешім қабылдауға жүйелі түрде атсалысуына және мәлімдеме қабылдаудан гөрі келісілген іс-әрекетке көшуіне мүмкіндік береді, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, болашаққа бағдарланған Ұйым бүгінде біз бетпе-бет келіп отырған түбегейлі өзгерістерге дайын болуы керек.

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Әзербайжан мен Арменияның бітімге келу процесіне қолдау білдіріп, Оңтүстік Кавказ тәжірибесі көреген көшбасшылықтың нәтижесін айқын көрсеткенін айтты

– Ондаған жылдар бойғы қақтығыстардан кейінгі тараптардың ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашып, Шығыс пен Батыс арасында байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Берік саяси ерік-жігері мен зор экономикалық әлеуеті бар АӨСШК ірі трансшекаралық жобаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қоса алады. Сондықтан АӨСШК-нің көлік байланысы стратегиясын бірлесе әзірлеуді ұсынамын. Бұл Стратегия өңіріміздегі «Бір белдеу, бір жол», Солтүстік – Оңтүстік халықаралық көлік дәлізі, Орта дәліз және TRIPP бастамасын қоса алғанда, негізгі халықаралық көлік бағыттарының әлеуетін зерделеуге мүмкіндік береді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда энергетика қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын айтты.

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Әзербайжан Кеңеске төрағалық еткен кезеңде нақты бастамаларды ілгерілетуге және Ұйымның халықаралық беделін күшейтуге сүбелі үлес қосқанына назар аударды.

Тараптар мәдени-гуманитарлық ықпалдастық нығайып, білім беру, туризм салаларындағы әріптестік кеңейе түскенін және парламентаралық ынтымақтастық жанданып келе жатқанын жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті түрде іске асыруға бейіл екенін растады.

@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.

Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды.
 
Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Атап айтқанда, ТОБЖ елімізде қосымша халықаралық байланыс желісін іске қосып, отандық нарыққа жаһандық технологиялық компанияларды тартуға және бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Ереванға барды

Мемлекет басшысын әуежайдан Армения Республикасы Үкіметінің ресми тұлғалары күтіп алды.

@aikyngazeti
Астанада ұзындығы 1,4 шақырым болатын мұз айдыны ашылады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Ипотекасы бар адам қайтыс болған жағдайда банк алдындағы міндеттемелер қалай орындалады?

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына келді

Мемлекет басшысын Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күтіп алды.

@aikyngazeti