қазіргі кезде интернетте сондай жап-жақсы отбасының арасына теріс ой салып, азғырып, олардың бір-біріне деген көзқарасын сөзімен сәл де болсын өзгертіп жүрген шайтаннан болған адамдар бар. Сол адамдардың кесірінен бір отбасыға сәл де болса сызат түссе, оның осы дүниедегі де, қияметтегі де азабын елестетудің өзі қиын
❤11🔥4💯1
“Ол өзгерсе, мен де өзгеретін едім” – нәпсінің логикасы.
“Ол осындай болғандықтан, мен де осылай боламын” – шайтанның логикасы.
“Мен ғана дұрысымын” – тәкәппарлықтың логикасы.
“Кім кінәлі?” деп күресу – нәпсінің жеңісі.
“Мен Алла үшін өз міндетімді орындаймын” – иманның логикасы.
“Мен өзімді түзетемін, оған да жақсы болуы үшін дұға тілеймін” – салихалылықтың логикасы.

❤14👍3💯3🔥1🕊1
Бұрын азанды естіген адам: “Бұл не үн?” деп ізденіп, мешітке келіп, құлшылыққа келетін.
Бүгін азан да, аят та, уағыз да күн сайын телефонда алдымыздан шығады. Бірақ құлшылыққа келуге сылтау іздейміз.
Ақыретте енді: “Естімедім, білмедім” деп ақталатын не қалады?

😢14💔8❤5
Имам әш-Шафиғи رحمه الله:
“Жомарттық пен мәрттік – айыптарды жасыратын ең көркем перде”

❤20😍3🕊1
Ойланып қарасам, Имам әш-Шафиғидің رحمه الله бұл сөзінде үлкен мән бар екен.
Адамның айыбы ауызға аларлықтай болмаса да,
егер бойында жомарттық пен мәрттік жоқ болса,
сараңдығының өзі оның кемшілік ретінде жетіп жатыр.
Демек, адамды тек айыбының аздығы емес, мінезінің көркемдігі де көрікті етеді.

❤13 6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Каир көшелері.
Сіз елестеткендей ме, әлде мүлде басқа ма?)

😍16❤5
ТикТокта “Құдай жоқ” деген тақырыптағы эфирге кіріп, екі сағаттан аса қырылдық.
Осыдан түйгенім - ақиқатты қабылдауға ниеті жоқ адаммен ұзақ таласып, өзіңді шаршатудың қажеті жоқ екен.
Бір сарынды аргументтер қайта-қайта айтылады. Сөзіңді соңына дейін тыңдау жоқ. Логикалық тұрғыдан жауап берсең де, ішкі қарсылық оны қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Үш-төрт атеист бірігіп алып, бір мәселеге нақты жауапты естімей жатып, келесі тақырыпқа көшеді. “Тоқта, алдыңғы мәселеге жауап алдың ба?”тдесең, “Жақсы, түсінікті. Енді мынау ше?” деп басқа сұраққа секіріп кетеді.
Сонда түсінгенім: мәселе көбіне дәлелде емес, адамның ақиқатты қабылдауға қаншалықты дайын екенінде екен. Жүрек қабылдамаса, ең мықты аргументтің өзі әсер етпеуі мүмкін.
Сондықтан пікірталаста жеңу міндет емес екен. Тоқтай білсең сол хикмет сияқты.

❤14👍5🔥2
P.S. Эфирде атеисттер тарапынан “Алхамдулиллаһ, кафирмін”, “Құдайсыз мұсылманмын” деген секілді күпірлік мазмұндағы сөздер айтылды. Өкініштісі, кей мұсылмандар бұған күліп, комментте смайлик жіберіп отырды. Адамның нақты үкімі - бөлек мәселе. Бірақ күпірлік сөзді ойын-сауыққа айналдыруға болмайды. Мұндай нәрсеге жеңіл қарау жүрек үшін қауіпті.
❤8👍5😢1
Қорыта айтқанда, адамның қандай сенімді таңдайтыны оның жеке еркі. Құдайға сену немесе сенбеу, атеист, агностик, деист не тәңіршіл болу әркімнің өз таңдауы.
Бірақ еркіндік деген - қалағаныңды айтып, өзгенің қасиетті дүниесін таптау деген сөз емес. Біреудің сенімімен келіспеуіңе болады, оны сынауыңа да болады. Алайда миллиардтаған мұсылман үшін қасиетті болған дінді әдейі мазақтау, кемсіту немесе қорлау – еркін ойдың көрінісі емес, қарапайым ғана құрметтің жоқтығы.
Сенбесең сенбе. Бірақ сенбеуің өзгенің сенімін қорлауға себеп болмасын.

🔥8❤7👍3🕊1
Үзінді:
💁🏻♂️: Әлем өздігінен пайда болды ма?
Атеист: Иә. Әлем өздігінен пайда болды.
💁🏻♂️Ғылым бойынша, әлемнің қазіргі күйі бигбәнг арқылы басталған дейді ғой?
Атеист: Иә.
🙆🏻♂️Онда бигбәнгке дейін не болды? Материя мен энергияның бастауы қандай еді.
Атеист: Ғылым оған әлі нақты жауап берген жоқ. Тіпті “оған дейін не болды?” деген сұрақтың өзі мағынасыз.
🤦🏻♂️Ендеше, ғылым оған жауап бере алмай тұрғанда, “әлем өздігінен пайда болды” деп қалай абсолютті тұжырым жасай аласың?
Атеист: Сонда сенің жауабың қандай? Материя мен энергияны кім жаратты?
💁🏻♂️Алла Тағала жаратты.
Атеист: Ал Алланы кім жаратты?
Міне, дау тағы да сол жерге қайтып келеді.

❤8🔥3👍2
Жақсы, исламнан бас тарттық, атеизмді қабылдадық деп елестетейік. Бірақ сонда атеизмді қабылдау нақты нені білдіреді? “Құдай жоқ” деп айту жеткілікті ме?
Жарайды, “Құдай жоқ” дедің. Ендеше одан кейінгі сұрақтар басталады:
Өмірдің түпкі мәні неде?
Моральдың объективті негізі қайда?
Неге жақсылық жасауымыз керек?
Неге өтірік, зина, зорлық пен жазықсыз адамды өлтіру бұл жай ғана ұнамайтын әрекет емес, объективті түрде жаман болуы тиіс?
Исламда бұл мәселелердің жүйелі жауабы бар: адамның өмірі мақсатсыз емес, моральдың негізі бар, халал мен харамның өлшемі бар, ал жасаған іс үшін ақыретте есеп бар.
Ал Құдайды дүниетанымнан алып тастасақ, бұл сұрақтарға қандай негіз ұсынамыз?
“Қоғам солай шешті” десек қоғамның шешімі өзгерсе, мораль да өзгере ме?
“Әркім өзі шешеді” десек онда зұлымдықты объективті түрде немен айыптаймыз?
Ал әділетсіздік ше? Біреуді өмір бойы қинап, жазадан құтылып өлген адамның соңғы есебі қайда?
Сондықтан мәселе тек “Құдай бар ма?” дегенде емес, Оны дүниетанымнан алып тастаған соң өмірге мән, мораль мен әділет таба аламыз ба дегенде. “Алла жоқ”деген адам ізденісін тоқтатпайды, қайта “не үшін өмір сүріп жүрмін, жақсылық пен әділет қайда?” деген ең терең сұрақтармен бетпе-бет қалады.
Ал Ислам адамға Раббысын танып, Оған махаббатпен қайтуды үйретеді. Ақырында, адам іздеген ең үлкен мағына дүниенің өзінде емес, оны Жаратушыға жақындауда екенін түсінеді. Жүрек Раббысын тапқанда, барлық сұрақ өз орнына келеді.

❤22💯2🔥1😢1💔1
Полиция қызметіндегі қыздар араб туристіне өзін құшақтатып, қол ұстасқаны үшін жұмыстан шығарылса “бұл норма, дұрыс болған” дейді.
Ал шариғат қыз баланың бөтен ер адаммен қол ұстасып, құшақтасуын дұрыс емес деп тыйса: “Қысым” деп дінді кінәлайды.
Двоной стандарт деген осы ма?))

💯17❤11👍5💔5
хиджабты Алланың әмірі ретінде емес, діни отбасы талабынан немесе айналадағыларға қызығып немесе жай ғана орындауға тиіс міндет деп таққан адам қиындық келгенде оны бірінші болып шешіп тастайды. Себебі ол жүрекке орнықпағандықтан, осы уақытқа дейін рухани мәнін түсінбегендіктен қиындық кезінде оны жаңа өмір бастауға кедергі, ауыр жүк қылып көреді.
Егер хиджабтың кімнің әмірі екенін, не үшін тағатынын шын түсінсе адам, оны өміріндегі ауыр жүк емес, Аллаға мойынсұнудың белгісі деп көретін еді.

❤16💔4😢2🕊2💯2👍1
:
психологияда адам кейде ішкі ауырсынудың себебін сыртқы нысаннан іздеуі мүмкін. Соны өзгертсем жеңілдеймін деп ойлайды. Егер сол нысан ретінде дін үкімін мысалы: хиджабты көрсең
онда дініңе сақ бол, хиджабтан басталған алыстау ертең басқа амалдарға да жалғасуы ықтимал: бүгін хиджаб, ертең намаз, кейін иманның өзіне…..

❤15😢7🕊1
Әскери жаттығу кезінде қаза болған жас бауырларымыздың иманы жолдас болсын. Алла Тағала оны Өзінің рақымына бөлеп, жәннатымен сүйіндірсін.
Бәріміз Алладан келдік және қайтушымыз.
Бәріміз Алладан келдік және қайтушымыз.
❤26😭8💔3🕊2
Қазақ қаралы үйдің жанында қуанышын тойламаған. Қаза келгенде аза тұтып, қара жамылған елдің көңіліне қарап, қуанышын кейінге ысырып отырған. “Қаралы елдің қырық күні” деп айтатыны да сол қайғы үстінде елдің бір уақыт сабыр сақтап, ойын-сауықтан тыйылып, қаралы жұрттың көңіліне қарағанын білдіретін халықтық ұғым.
Бүгін Қазақстанның еңсесі түсіп, жұрт қара жамылып отырғанда, кей дүниені бір сәтке кейінге қалдыру нағыз қазақылық, мұсылманшылық.

❤20💔4👍2💯2😢1