Almaty_akimdigi
6.55K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
В Алматы обновили сквер им. Шухова

В Медеуском районе Алматы завершено благоустройство сквера им. Шухова в рамках программы «Бюджет народного участия» (БНУ). На территории обновили освещение, пешеходные зоны, детские и спортивные площадки, а также провели озеленение. Об этом сообщили в акимате Медеуского района.

В сквере обустроили 26 тыс. кв. м газона и установили автоматическую систему полива общей протяженностью 12,2 км. Также обновили ночную подсветку, уложили брусчатку и установили новые скамейки.

Для детей оборудовали игровые площадки, разместили спортивные элементы и малые архитектурные формы. Кроме того, модернизировали два футбольных поля.

Работы выполнены в рамках программы «Бюджета народного участия», которая позволяет жителям предлагать проекты благоустройства и выбирать их путем голосования.

Facebook |Instagram |Telegram |TikTok
🔥2🤷‍♂1
Инвестициялық жобалар және жаңа жұмыс орындары

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың XVI отырысы өтті. Қатысушылар 7,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылатын 16 инвестициялық жобаны қарады.

Жобалар жаңа өндіріс орындарын ашуды, тұрмыстық техника шығару көлемін ұлғайтуды, қайталама шикізатты өңдеуді, логистикалық орталықтар, қонақ үйлер мен білім беру нысандарын салуды, сондай-ақ туризмді, IT саласын және басқа да салаларды дамытуды көздейді.

Алматының Индустриялық аймағын дамыту жайы да талқыланды. Мұнда жаңа кәсіпорындар мен логистикалық кешендерді орналастыру жоспарланып отыр.

Әсіресе, жобалардың жүзеге асырылуын қиындатуы мүмкін жайттарға, атап айтқанда, жер аумақтарын бөлуге, инженерлік желілерге қосылуға және құжаттарды келісуге назар аударылды.

Отырыс соңында әр бағыт бойынша алдағы міндеттер айқындалды. Жауапты басқармалар мен ұйымдарға туындайтын мәселелерді жедел шешу және инвесторларға қажетті қолдау көрсету тапсырылды.

***

Инвестиционные проекты и новые рабочие места

В Алматы состоялось XVI заседание регионального инвестиционного штаба под председательством акима города Дархана Сатыбалды. Участники рассмотрели 16 инвестиционных проектов, которые позволят создать около 7,5 тыс. рабочих мест.

Проекты предусматривают открытие новых производств, расширение выпуска бытовой техники, переработку вторсырья, строительство логистических центров, гостиниц и образовательных объектов, а также развитие туризма, IT и других отраслей.

Отдельно обсудили развитие Индустриальной зоны Алматы, где планируется размещение новых предприятий и логистических комплексов.

Основное внимание уделили вопросам, которые могут затруднять реализацию проектов: выделению земельных участков, подключению к инженерным сетям и согласованию документов.

По итогам заседания определены дальнейшие шаги по каждому направлению. Ответственным управлениям и организациям поручено оперативно решать возникающие вопросы и оказывать инвесторам необходимое сопровождение.

Facebook |Instagram |Telegram |TikTok
👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
268 бала оқуын қалай жалғастырады?

Алматыдағы «Педагогтер академиясына» қатысты жағдайды түсіндіреміз.

Жаңа оқу жылына аталған ұйыммен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы келісімшарт жасалмаған. Қазіргі уақытта құжаттама мен оқу жағдайын белгіленген талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ретте мектепті жабу туралы шешім қабылданған жоқ.

12 қазанда №15 мектеп-интернаттың базасында №7 арнайы мектеп-интернаттың филиалы жұмысын бастады. Мұнда балалар тегін білім алып, түзету-дамыту көмегі көрсетіледі.

Сонымен қатар Алматыда арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, бұрынғы №164 және №41 мектептердің ғимараттарында жаңа арнайы мектеп-интернат ашу жоспарланып отыр.

Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, әр баланың жағдайы оның жеке қажеттілігі мен ата-анасының пікірі ескеріле отырып, жеке қарастырылады.

***

Как продолжат обучение 268 детей?

Разъясняем ситуацию вокруг алматинской «Академии педагогов».

На новый учебный год с организацией не заключён договор на размещение государственного образовательного заказа. В настоящее время проводится работа по приведению документации и условий обучения в соответствие с установленными требованиями. При этом решение о закрытии школы не принималось.

12 октября на базе школы-интерната № 15 начал работу филиал специальной школы-интерната № 7, где предусмотрены бесплатное обучение и коррекционно-развивающая поддержка.

Дополнительно в Алматы ведется работа по расширению сети специальных образовательных учреждений. В частности, новые специальные школы-интернаты предполагается открыть в бывших зданиях школ № 164 и № 41.

По информации Управления образования Алматы, ситуация каждого ребёнка рассматривается индивидуально, с учётом его потребностей и мнения родителей.

Facebook |Instagram |Telegram |TikTok
Алматыда жаттығуларды цифрлық есепке алу сыналуда

Алматыдағы №2 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығуларға қатысуды цифрлық есепке алуға арналған Jump платформасы пилоттық режимде енгізіле бастады.
 
Жаңа жүйе арқылы жаттықтырушылар тәрбиеленушілердің жаттығуға қатысуын динамикалық QR-код көмегімен тіркей алады. Егер баланың телефоны болмаса, жаттықтырушы оның қатысқанын арнайы қосымша арқылы белгілейді. Ал ата-аналар баласының жаттығуға барған-бармағанын тексере алады.
 
Jump платформасы жаттығу кестесін, топтардың тізімін және қатысуды есепке алудың электрондық табелін жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйе жаттығудың уақыты мен өтетін орнын, сондай-ақ спортшының тиісті топқа тіркелгенін ескереді.
 
Платформа бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тегін әзірленіп жатыр.
 
Сынақ нәтижелері бойынша Jump жүйесін Алматының басқа да спорт мектептеріне енгізу мүмкіндігі қарастырылады.

***

В Алматы тестируют цифровой учет тренировок

В Специализированной детско-юношеской спортивной школе олимпийского резерва №2 начали пилотное внедрение платформы Jump для цифрового учета посещаемости тренировок.

С помощью платформы тренеры смогут отмечать присутствие воспитанников через динамический QR-код. Если у ребенка нет телефона, это сможет сделать тренер через приложение. Родители, в свою очередь, смогут проверять, посетил ли ребёнок занятие.

Jump также позволяет вести расписание, списки групп и электронный табель посещаемости. Система учитывает время и место тренировки, а также принадлежность спортсмена к группе.

Разработка платформы ведется бесплатно в рамках социальной ответственности бизнеса.

По итогам тестирования рассмотрят возможность внедрения Jump в других спортивных школах Алматы.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматы тұрғындарының суға берешегі 550 млн теңгеден асты

Алматыда сумен жабдықтау және кәріз қызметі үшін тұрғындардың жалпы берешегі 550 млн теңгеден асты. Бұл туралы «Алматы Су» мекемесінің өкілдері хабарлады.

Көпқабатты үйлердің тұрғындары шамамен 250 млн теңге, ал жеке сектор тұрғындары 300 млн теңгеден астам қарыз болған.

Коммуналдық қызмет ақысын әр айдың 25-іне дейін төлеу қажет. 26-сынан бастап төлем жасалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі.

Берешек ұзақ уақыт өтелмесе, су беру шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ қарыз сот арқылы өндіріліп, борышкер өсімпұл мен сот шығынын да өтеуге міндеттеледі. Су беруді шектеуге үш күн қалғанда тұтынушыға алдын ала ескерту жасалады.

«Алматы Су» мекемесі тұрғындарға қосымша шығынға ұшырап, берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу шараларына жол бермеу үшін төлемді тексеріп, қарызды уақытылы өтеуге кеңес береді.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
❤1
Долги алматинцев за воду превысили 550 млн тенге

В Алматы общая задолженность за водоснабжение и канализацию превысила 550 млн тенге. Об этом сообщили в «Алматы Су».

Около 250 млн тенге задолжали жители многоквартирных домов, еще более 300 млн тенге - жители частного сектора.

Счета необходимо оплачивать до 25-го числа включительно. С 26-го числа при отсутствии оплаты начисляется пеня.

При длительной задолженности подачу воды могут ограничить или прекратить, а долг взыскать через суд. В таком случае должнику также придется оплатить пеню и судебные расходы. За три дня до ограничения подачи воды потребителя предупредят.

В «Алматы Су» рекомендуют регулярно проверять начисления и погашать долги вовремя, чтобы избежать дополнительных расходов и принудительного взыскания.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👀1
Алматыда «Giro d’Almaty 2026» веложарысына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

2026 жылы 18 қазанда Алматы қаласында велоспорт әуесқойлары мен ардагерлері арасында жыл сайынғы «Giro d’Almaty» шосселік веложарысы өтеді. Бұл Қазақстандағы әуесқой велоспорт күнтізбесіндегі ең айтулы жарыстардың бірі.

Жарыстың өткізілуіне байланысты 18 қазанда сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінен (Керей – Жәнібек хандар көшесі, 401/2) «Медеу» биік таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Көлік қозғалысына қойылатын шектеулер жарысқа қатысушылардың жол бойымен өтуіне қарай кезең-кезеңімен енгізіліп, алынып отырады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

***

Ограничение движения в Алматы в связи с проведением велогонки Giro d’Almaty 2026

18 октября 2026 года в городе Алматы пройдёт ежегодная шоссейная велогонка среди любителей и ветеранов велоспорта – Giro d’Almaty, одно из самых престижных событий в календаре любительского велоспорта Казахстана.

В связи с проведением гонки будет временно ограничено движение автотранспорта 18 октября с 09:00 до 09:30 на западной стороне улицы Керей - Жанибек хандар, на участке от отеля Royal Tulip Almaty (ул. Керей - Жанибек хандар, 401/2) до высокогорного спортивного комплекса «Медеу».

Ограничение будет носить динамичный характер по мере прохождения участников соревнований.

Просим жителей и гостей города отнестись с пониманием и заранее планировать маршруты движения.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыда «Дала дәмі» жәрмеңкелері өтеді

Алматыда осы демалыс күндері «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Оған Алматыдан, Алматы облысынан және Қазақстанның өзге өңірлерінен 330 фермерлік шаруашылық пен тауар өндіруші қатысады.

Сатып алушыларға көкөніс, жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал мен нан-тоқаш өнімдері сынды 1 000-нан астам түрлі тауар қолжетімді бағамен ұсынылады.

Сонымен қатар қаладағы сауда орындары жаңғыртылып жатыр. Алғашқылардың бірі болып «Қазақфильм» шағынауданындағы жәрмеңке алаңы жаңартылды. Мұнда 112 сауда орны, сауда павильондары және фудкорт аймағы жабдықталған.

Жәрмеңкелер қаланың алты ауданында сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді:

• Бостандық ауданы — «Қазақфильм» шағынауданы;
• Әуезов ауданы — Рысқұлов көшесі, 33/2;
• Медеу ауданы — Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы;
• Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;
• Жетісу ауданы — «Құлагер» шағынауданы;
• Түрксіб ауданы — Рысқұлов пен Айтықов көшелерінің қиылысы.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok