Almaty_akimdigi
6.55K subscribers
27.9K photos
2.7K videos
70 files
10.5K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматыда мерзімі өткен 1,2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жиналды

Жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді не істеу керек? Оларды қоқыс жәшігіне тастауға немесе кәріз жүйесіне ағызуға болмайды. Ең дұрысы – арнайы контейнерге тапсыру!

Алматыдағы 38 қалалық емханада осындай контейнерлер орнатылған. Бір жыл ішінде тұрғындар 1 200 келіге жуық дәрі-дәрмек қалдығын тапсырды. Жиналған қалдықтар қауіпсіз жолмен жоюға жіберілді.

Жобаны ECO Network экологиялық қауымдастығы Eco Almaty қолдауымен жүзеге асырып жатыр.

Бұл неге маңызды? Тұрмыстық қоқысқа тасталған немесе кәріз жүйесіне ағызылған дәрі-дәрмек қалдықтары топырақ пен су айдындарын ластауы мүмкін.

Қарапайым әдет – табиғатты қорғауға қосылған үлкен үлес. Үйдегі дәрі қобдишаңызды тексеріп, жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қауіпсіз жолмен жою үшін арнайы жинау пункттеріне тапсырыңыз.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Почти 1,2 тонны просроченных лекарств собрали в Алматы

Что делать с таблетками, у которых истек срок годности? Не выбрасывать в мусорное ведро и не смывать в канализацию - лучше сдать в специальный бокс!

В Алматы такие контейнеры установлены в 38 городских поликлиниках. За год жители сдали почти 1 200 кг лекарственных отходов, которые направили на безопасную утилизацию.

Проект реализует экологическое сообщество ECO Network при поддержке Eco Almaty.

Почему это важно? Остатки лекарств могут загрязнять почву и водоемы, если попадают в обычный мусор или канализацию.

Маленькая привычка - большой вклад в защиту природы. Проверьте домашнюю аптечку и сдайте просроченные лекарства в специальные пункты сбора для безопасной утилизации.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍3🤔1
Алматыда жастар арасында кітап оқу чемпионаты басталды

Алматы жастары «Оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны аясында кітап оқу чемпионатына қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ала алады. Ол үшін ұсынылған төрт шығарманың бірін оқып, сол кітап туралы бейнерецензия дайындау қажет. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

Қатысушылар мына төрт шығарманың бірін таңдай алады: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Олжас Сүлейменовтің «АЗ и Я», Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» және Арман Әлменбеттің «Тергеуші» кітаптары.

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 400 мың теңге. Жеңімпазға 100 мың теңге, екінші орын алған екі қатысушыға 75 мың теңгеден, ал жүлделі орын иеленген тағы үш қатысушыға 50 мың теңгеден беріледі.

Бейнерецензиялар 19 қазанға дейін қабылданады. 20-22 қазан аралығында қазылар алқасы жұмыстарды бағалайды, ал 23 қазанда қорытынды іс-шара өтіп, жеңімпаздар жарияланып, марапаттар табысталады.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
В Алматы стартовал чемпионат по чтению среди молодежи

В рамках общенационального марафона «Читающая нация» молодые алматинцы смогут прочитать одну из четырех предложенных книг, записать видеорецензию и побороться за денежные призы. Об этом сообщили в Управлении молодежной политики Алматы.

Участникам предлагают на выбор четыре книги: «Запах полыни» Сайына Муратбекова, «АЗ и Я» Олжаса Сулейменова, «Золотая Орда. Как степная империя изменила мир» Мари Фаверо и «Следователь» Армана Әлменбета.

Общий призовой фонд чемпионата составляет 400 тыс. тенге. Победитель получит 100 тыс. тенге, два участника, занявшие второе место, — по 75 тыс. тенге, еще трое призеров — по 50 тыс. тенге.

Прием видеорецензий продлится до 19 октября. С 20 по 22 октября работы рассмотрит жюри, а 23 октября состоится итоговое мероприятие, на котором объявят победителей и вручат награды.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🤷‍♂2👍1
15 мың тұрғын тұрақты сумен қамтамасыз етілді

Алматының Наурызбай ауданында Асқаров көшесі, 33/2 мекенжайында орналасқан су құбыры кешенін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысан Наурызбай және Бостандық аудандарының 15 мыңға жуық тұрғынын сумен қамтамасыз етеді.

Жұмыс барысында бес сорғысы бар жаңа екінші көтерілімдегі сорғы станциясы салынды. Оның үшеуі негізгі, екеуі резервтік сорғы ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ жалпы сыйымдылығы 2 мың текше метр болатын екі таза су резервуары қайта жаңғыртылып, инженерлік желілер жаңартылды. Заманауи автоматтандырылған бақылау жүйесі орнатылды.

Бұдан бөлек, трансформаторлық қосалқы станциясы бар қызметтік орыны бар ғимарат қайта жаңғыртылып, жаңа бақылау-өткізу пункті салынды. Электрмен жабдықтау, сыртқы жарықтандыру және қауіпсіздік жүйелері жаңартылды.

Нысан пайдалануға берілді. Басқарма өкілдерінің айтуынша, жүргізілген жаңғырту жұмыстары су тұтыну көлемі артатын уақытта да құбыр желісіндегі қысымды тұрақты ұстап тұруға және судың уақытша тоқтап қалу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
15 тыс. жителей обеспечили стабильным водоснабжением

В Наурызбайском районе Алматы завершили реконструкцию водопроводной площадки по адресу: ул. Аскарова, 33/2. Объект обеспечивает водой около 15 тыс. жителей Наурызбайского и Бостандыкского районов.

В ходе работ построили новую насосную станцию второго подъема с пятью насосами, из которых три рабочих и два резервных. Также реконструировали два резервуара чистой воды общим объемом 2 тыс. куб. м, обновили инженерные сети и установили современную систему автоматического контроля.

Кроме того, реконструировали здание служебных помещений с трансформаторной подстанцией, построили новый контрольно-пропускной пункт, модернизировали системы электроснабжения, наружного освещения и безопасности.

Объект уже введен в эксплуатацию. Как отметили в управлении, проведенная модернизация позволит поддерживать стабильное давление в водопроводной сети, особенно в часы повышенного водопотребления, а также снизить риск перебоев с подачей воды.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🔥3❤1
Алматыда Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығына арналған «Арқау» халықаралық көрмесі ашылды

2026 жылғы 14 қазанда Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Алматы галереясында қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығына арналған «Арқау» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Көрме экспозициясына Қырғызстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері Кубанычбек Ибрагимов, Бахрамжон Темиров, Садык Мурзақанов және Азизбек Сулаймановтың 65 туындысы ұсынылды.

Көрме көрермендерге Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы кейіпкерлер мен көркем образдарды бейнелеу өнері арқылы танып, Қырғызстан суретшілерінің өзіндік шығармашылық қолтаңбасымен танысуға мүмкіндік береді.

Халықаралық көрме 7 қарашаға дейін жалғасады. Кіру тегін. Алматы галереясы сейсенбі-жексенбі күндері 10:00-19:00 аралығында жұмыс істейді. Дүйсенбі – санитарлық күн. Галерея мекенжайы: Достық даңғылы, 44.

Facebook |Instagram |Telegram |TikTok
В Алматы открылась международная выставка «Арқау» к предстоящему 100-летию Чингиза Айтматова

14 октября в Галерее Алматы состоялось открытие международной выставки «Арқау» («Связующая нить»), посвященной творческому наследию Чингиза Айтматова и предстоящему 100-летию со дня его рождения. В экспозиции представлены 65 произведений художников Кыргызстана.

Свои работы представили члены Союза художников Кыргызской Республики Кубанычбек Ибрагимов, Бахрамжон Темиров, Садык Мурзаканов и Азизбек Сулайманов.

В картинах художники обращаются к сюжетам, героям и образам произведений Айтматова, предлагая зрителям по-новому взглянуть на знакомые литературные истории.

Экспозиция будет открыта до 7 ноября 2026 года. Посетить ее можно бесплатно со вторника по воскресенье с 10:00 до 19:00 по адресу: пр. Достык, 44. Понедельник — санитарный день.

Facebook |Instagram |Telegram |TikTok
Алматыда Шухов атындағы сквер жаңартылды

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Шухов атындағы скверді көркейту жұмыстары аяқталды. Аумақта жарықтандыру жүйесі, жүргіншілер жолы, балалар және спорт алаңдары жаңартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Сквер аумағында 26 мың шаршы метр көгал төселіп, жалпы ұзындығы 12,2 шақырым болатын автоматты суару жүйесі орнатылды. Сонымен қатар түнгі жарықтандыру жаңартылып, жүргіншілер жолына брусчатка төселді, жаңа орындықтар қойылды.

Балалар үшін ойын алаңдары жабдықталып, спорттық элементтер мен шағын сәулет нысандары орналастырылды. Бұдан бөлек, екі футбол алаңы жаңғыртылды.

Бұл жұмыстар тұрғындарға көркейту жобаларын ұсынуға және оларды дауыс беру арқылы таңдауға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Facebook |Instagram |Telegram |TikTok
🔥1