Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
❤️ Қазақстанда 9 заңға "ЛГБТ пропагандасын" шектеу туралы толықтырулар енгізілмек. Сенат 18 желтоқсанда заң жобасын екі оқылымда жылдам қарап, бір ауыздан мақұлдады. Үкімет пен заң шығарушы орган өкілдері "бұл – балалар қауіпсіздігі үшін қажет қадам" дейді. Құқық қорғаушылар жаңа түзету ЛГБТ өкілдеріне қатысты қоғамдағы теріс көзқарасты күшейтіп, олардың құқығын шектейді деп алаңдайды.

🗣️Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18🆒3🤬2🤔1🤡1
🔺🔺 Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қарулы күштер қатарына мерзімді әскери қызмет атқаруға 18 бен 30 жас аралығындағы 261 мың адамды шақыруды көздейтін жарлыққа қол қойды.

Оған сәйкес, Ресейде әскерге шақыру шаралары жыл бойы жүргізілетін болады, ал әскери қызмет өткеру орындарына жөнелту бұрынғыдай жылына екі рет: 1 сәуірден 15 шілдеге дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Биыл азаматтарды Ресей қарулы күштері қатарына мерзімді қызмет атқаруға күзгі шақыру 2016 жылдан бергі кезеңдегі ең ауқымдысы болды — барлығы 135 мың адам әскер қатарына алынған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮17🌚5💩3🤔1🎅1🎄1
🔴 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан 35-ке жуық спортшы апарады. Бұл туралы 30 желтоқсанда үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан ұлттық командасы алда болатын қысқы Олимпиадада спорттың 10 түрінен жарысқа қатысады. Атап айтқанда биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғыдан қоссайыс, шаңғы жарыстары, шаңғымен тұғырдан секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатикадан бәсекеге түспек.

"Қазір Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан 2 жеке ресми Олимпиада лицензиялары бар. Оған қоса біздің спортшылар шорт-тректен - 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алды, – деді министр.

XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2026 жылғы 6 ақпанда Милан қаласында, ал жабылу рәсімі 22 ақпанда Верона қаласында өтпек. Олимпиадаға әлемнің 93 елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысып, 116 медаль жиынтығына таласады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14👏2🤷‍♂1❤1
💬 Қарашаның аяғында Новороссийскідегі "Каспий құбыр консорциумы" терминалына Украина дрондары жасаған шабуыл салдарынан Қазақстанда желтоқсан айының қорытындысы бойынша мұнай өндіру шамамен 6 пайыз қысқарған деп жазды Reuters.

Украина кейінгі айларда Ресейдің энергетика инфрақұрылымына шабуылды күшейткен. Мұндағы мақсат – Мәскеудің кіріс көздерін азайтып, әскери әлеуетін әлсірету дейді басылым. Агенттік Қазақстандағы мұнай өндіру азайғанын ең алдымен елдегі ең ірі мұнай кеніші саналатын Теңіз кен орнындағы өндіріс көлемінің қысқаруымен байланыстырады. Теңізден өндірілген мұнай КҚК құбырымен экспортқа жөнелтіледі.

Басылым дерегінше, 1-28 желтоқсан аралығында Теңіздегі мұнай өндіру көлемінің күндік көрсеткіші 719,8 мың баррельге дейін түсіп, 10 пайыз қысқарған.

"Аты-жөнін атамауды сұраған дереккөздің айтуынша, әлемде мұнай өндіру көлемі бойынша 12-орында тұрған Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру қарашадағы бір күндегі орташа көрсеткішпен салыстырғанда желтоқсанда 6 пайыз азайып, 1,93 млн баррель болған", – деп жазды Reuters.

Өндірістің төмендеуі Қазақстанның негізгі экспорттық маркасы саналатын CPC Blend мұнайын шетке сатуға тікелей әсер етіп жатыр: биыл желтоқсан айының қорытындысы бойынша экспорт көлемі кейінгі 14 айдағы ең төмен деңгейге түсуі мүмкін деген болжам айтылып отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔10❤2🤬2😡2👍1
❤️ Жаңа жыл қарсаңында Кремльде Владимир Путин Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. 27 желтоқсан күні Кремльдің баспасөз қызметі осы бір сөйлемді ғана жазып, ұзақтығы сегіз-ақ секунд болатын бір видео жариялады.

Екеуінің бұл кездесуі Қазақстанда қызу талқыға түсті. "Ескі Қазақстанның" елесі туралы көп айтатын депутаттар экс-президенттің бұл қадамын айыптап, кейбірі оның шетелге шығуын шектеу туралы бастама көтерді. Азаттық бұл сапардың мән-жайын саясаттанушы Досым Сәтпаевпен талқылап көрді.

⛓️‍💥Сұхбатты Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩24😡4👍1👌1🤝1
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «украин ұшқышсыз ұшақтарының Ресей президентінің Новгород облысындағы мемлекеттік резиденциясына арандатушы шабуылын қатаң түрде сынға алады». Бұл жөнінде Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен әңгімесінде айтқан. Ақпаратты Кремльдің telegram-арнасы таратты, әзірге Ақорда бұл жөнінде ештеңе жарияламады.

Екі ел басшылары «екі жақтың күн тәртібінде тұрған кейбір өзекті мәселелерді», соның ішінде Қазақстан президентінің 2025 жылғы қарашадағы Мәскеуге мемлекеттік сапары кезінде қол жеткен келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылаған деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
💩22👎12😁4🥴3🖕2👏1🤣1🎅1🎄1
Azattyq - Азаттық
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «украин ұшқышсыз ұшақтарының Ресей президентінің Новгород облысындағы мемлекеттік резиденциясына арандатушы шабуылын қатаң түрде сынға алады». Бұл жөнінде Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен әңгімесінде…
Тоқаев пен Путиннің телефонмен сөйлескенін Қазақстан президентінің баспасөз қызметі де растады. Ақорда телеграм-арнасының сөз қолданысы сәл басқаша. Қазақстан президенті «Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз процесінің ілгерілеуін құптап», «саяси-дипломатиялық тәсілдерді жалғастыру қажет екенін» айтқан.

Тоқаев «Ресей Федерациясы президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптайтынын жеткізіп, мұның бітімге келуге және қақтығыстың саяси шешімін іздеуге кері әсер ететінін айтты» деп хабарлады Ақорданың телеграм-арнасы.
💩21🤮5🖕2❤1👎1🎅1🎄1
🗣 Қазақстанда "ЛГБТ насихатын шектейтін" заң қабылданды. Құжатқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды деп хабарлады 30 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұл құжат қолданыстағы 12 заңға балалар мен жасөспірімдерді цифрлық кеңістіктегі жағымсыз контенттен қорғаумен қатар "дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттауға" тыйым салатын түзетулер енгізді.

Енді Қазақстанда фильм, жарнама немесе әлеуметтік желіде ЛГБТ туралы айтылған кез келген нәрсе заңсыз деп танылуы мүмкін.

Заң авторлары заңға енгізілетін түзетулер "ЛГБТ өкілдеріне қарсы бағытталмаған", "оларды насихаттауға" ғана тыйым салады деп түсіндірген. Заң авторларының бірі депутат Ринат Зайыт Азаттыққа сұхбатында "ЛГБТ ұйымдары балалар санасына теріс ұғымдарды кіріктіріп жатқандықтан" оларға шектеу қою керегін айтқан.

Бірақ құқық қорғаушылар гомофобия өріс алған қоғамда бұл заң "жығылған үстіне жұдырық" болады дейді.

Құқық қорғаушылар жаңа норма өзін ЛГБТ мүшесі деп танитын адамдармен қатар журналистердің, ғылым саласы өкілдерінің, әртістердің, құқық қорғаушылардың және азаматтық қоғам өкілдерінің де құқығын шектейді деп мәлімдеген. Коалиция мұндай заң Қазақстанның адам құқығы жөніндегі халықаралық міндеттемелеріне қайшы келетінін айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍46❤3💩3🤡1
Кінәлаушы Кремль, айыптаушы Ақорда — AzatNEWS l 30.12.2025

Қазақстан президенті Украинаны айыптады. Алайда Путиннің резиденциясына дрон шабуылдағанын Ресей әлі дәлелдеген жоқ. | 2025 жыл Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігіне қалай әсер етті? | "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы қайта бас көтере ме? Түркия 350-ден аса адамды ұстады.

🔗 КӨРІҢІЗ
👎17🔥3🤮2😡2😱1💩1🤣1🎄1
Путин резиденциясына «шабуыл» Ресейдің «сылтауы» ма?

Кремль украин дрондары Путиннің резиденциясына шабуыл жасағанын мәлімдеп, бейбіт келіссөздер бойынша ұстанымын қайта қарайтынын айтты. Зеленский мұны «жалған ақпарат» деп атады. Түнде Ресей әскері Запорожьеге әуеден шабуыл жасады.

КӨРІҢІЗ
👎19💩9🤣3❤1💯1
Мәскеу түбіндегі елді мекенде тұратын 120 мыңнан астам адам жарықсыз қалды

Мәскеу маңындағы Раменское қаласының 120 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалды деп жазды қала әкімшілігіне сүйенген "Московский комсомолец".

Электр энергиясы Лыткарино және Жуковский елді мекені тұрғындарының бір бөлігінде де жоқ деп хабарлады электр таратушы мекемеге сүйенген РБК.

Бұған дейін Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалаға тағы дрон шабуылдағанын айтқан.
👍34🤣2❤1😱1🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астана іргесіндегі Қараөткел ауылының тұрғыны Жанар Хасенова жергілікті әкім «үйіме суыт келіп, қысым жасады» деп шағынды. Оның сөзінше, үш күн бұрын кешкі 8-дер шамасында ауыл әкімі Бауыржан Абзалбеков екі учаскелік полициямен оған ескертпей келген. Осыдан соң әйелдің жағдайы ауырлап, жедел жәрдем шақыртқан. Қазір ол Астанадағы №1 ауруханада ем алып жатыр. Ал басы дауға қалған әкім ешкімді қорқытпадым, Хасеновамен тек сөйлесу үшін бардым деп отыр.
😱23🤬9❤6👍1
🥇Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанды

Ол бұған дейін 2021 және 2022 жылдары да әлем чемпионатында жеңіске жеткен.
👍46❤11🌭1🍌1🍓1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Режиссер Малик Зенгер мен продюсер Камила Мұқанова анимациялық видео арқылы жұртты отшашу атпауға үндеп жатыр.
👍43❤9🔥5😍2
💬 Жемқорлықпен күрес қоры аннексияланған Қырымда Путиннің "жаңа сарайын" тапты

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный құрған жемқорлықпен күрес қоры аннексияланған Қырымның оңтүстігінде Ресей президенті Владимир Путинге арнап салынған "жаңа сарайды" тапты.

"Бұл құпия мүлік көпшіліктің назарынан тыс қалды, бірақ оны таптық, оның Путиндікі екенін дәлелдедік және бүгін оның іші қандай екенін көрсетеміз" деп жазды қор өкілдері 30 желтоқсанда жариялаған зерттеуде.

Навальныйдың жақтастарының айтуынша, оларда "Путиннің Қырымдағы сарайының" суреттері мен архитектуралық жоспары да бар.

Зәулім сарайда 233 шаршы метрлік үлкен қонақ бөлме, мәрмәр ошақ, 20 адамға арналған асхана үстелі және үлкен рояль бар. Сарай "шағын клиникамен" де жабдықталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17💩4❤2🎉2😁1🤩1
🗣"Қазақмысты" кәсіпкер Нұрлан Артықбаев сатып алды

Желтоқсанның басында "Қазақмыс" өз активтерін сату бойынша келіссөз жүріп жатқанын растаған. Ол кезде компания иелері миллиардерлер Владимир Ким (70 пайыз) және бизнесмен Эдуард Огай (30 пайыз) болған. Елдегі ең бай адамдардың бірі Кимді ақпарат құралдары елді 30 жылға жуық басқарған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «әмияны» деп атаған.

"Қазақмыстың" меншік иелері өзгеріп жатқан тұста Қанды Қаңтардан кейін жұрт алдына сирек шыға бастаған Назарбаевтың саяси аренадан кетуінен кейін негізгі активтердің қайта бөлінісі туралы болжам айтылған.

Қазақстанда ірілігі жағынан екінші ірі жекеменшік компания саналатын «Қазақмыс» мыс кенін және катодты мыс пен мыс катанкасын өндіреді, бағалы металдар мен басқа да қосалқы өнімдерді тазартады, сатады. Компания өнімдерін Қытай мен Түркияға экспорттайды. Ол өндіретін алтынның барлығын Қазақстан Ұлттық банкі сатып алады. Компания кеніштерді игереді, өңдеу зауыттарына, ашық көмір шахталарына және мыс балқыту зауыттарына иелік етеді. Оның негізгі өнеркәсіптік нысандары Қарағанды және Ұлытау облыстарында шоғырланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍39❤21🔥13🤔5
💬 Алматыда полиция күшейтілген режимге көшті

“Полиция күшейтілген режимге көшті. Мереке тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін полиция қызметкерлері көшелерде, қоғамдық орындар мен жолдарда жұмыс істеп жатыр” деп жазылған ІІМ-нің баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның айтуынша, адам көп жиналатын орындарда, орталық көшелерде полиция мен патрульдік экипаж көбеймек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔9❤7🤣5👎3👍2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қырғызстандық Марат велосипедпен дүние жүзін аралап жүріп, Танзанияда Люсимен танысқан. Екеуі бір-бірін ұнатып, қазір Қырғызстанда тұрады. Олар өзара ағылшын және қырғыз тілдерінде сөйлеседі. Марат бұған дейін 20 елге саяхаттаған, енді екеуі Қырғызстанды аралағысы келеді.
❤17👍12😁9🤣4🤬2❤‍🔥1
🔴Иран "толқудың жаңа кезеңіне өтті": наразылық Тегераннан тыс аймақтарға тарады

Сыртқы қысымға душар болып отырған Иран билігі ішкі наразылыққа тап болды. Елде экономикалық жағдай нашарлап, шетелден әскери соққы қаупі төнген тұста жұрт көшеге шеруге шықты.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27❤8🔥4👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылы Иран валютасы долларға шаққандағы құнының шамамен жартысын жоғалтты, ал желтоқсан айында инфляция 42 пайыздан асты. Соның салдарынан елде жаппай наразыдық басталды.
🔥30👍8❤1👎1