This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кремльдің баспасөз қызметі таратқан видеоға қарағанда кездесу Путиннің Кремльдегі пәтерінде өткен.
“Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті” деп жазылған хабарламада.
Ресми хабарламада бір сөйлем мен шағын видеодан басқа ақпарат жоқ.
Соңғы рет Назарбаев Путинмен мамыр айында кездескен.
Назарбаев 2023 жылы жарық көрген "Менің өмірім. Бодандықтан Бостандыққа" атты мемуарында Ресей президенті Владимир Путиннің кітаптарына бірнеше рет сілтеме жасап, оның өзін "сөзге берік, достыққа адал адам" деп мақтаған. Мемуарында Назарбаев 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіргеніне Батысты айыптай сөйлеген.
Қаңтар оқиғасынан бері ықпалы әлсіреген Назарбаев Ресей басшысымен бірнеше рет кездескен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡36🤬14🤔9💩6🤮5😈2👍1👎1🤝1
Ресейде AZAL ұшағы апатына байланысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Баку наразы болды
Ресей тергеу комитеті Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағы апатына байланысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатты. Бұл жөнінде Әзербайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов хабарлады
Министрдің сөзінше, Ресей тергеу комитеті Әзербайжанға ұшақ апатына байланысты жүргізілген тергеу қорытындысын жіберген.
"Хатта қылмыстық іс тоқтатылғаны жазылған. Мұндай қадам әрине, көптеген сұрақ туындатады" деді Байрамов.
Ресей тергеу комитеті Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағы апатына байланысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатты. Бұл жөнінде Әзербайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов хабарлады
Министрдің сөзінше, Ресей тергеу комитеті Әзербайжанға ұшақ апатына байланысты жүргізілген тергеу қорытындысын жіберген.
"Хатта қылмыстық іс тоқтатылғаны жазылған. Мұндай қадам әрине, көптеген сұрақ туындатады" деді Байрамов.
👎24😡10❤2🤷♀1🤷♂1
Orda сайты әлдекімдер кеңсеге жерлеу рәсіміне арналған гүл шоғы мен бас редактордың суретін тастап кеткенін хабарлады
Редакция мұны 27 желтоқсанда кешке хабарлады. Оrda жариялаған суретте “қайғырамыз” деген жазуы бар лента да көрінеді.
“Оқиға редакцияға қысым жалғасып жатқан тұста болды. Гүлнар Бажкенованың қайтыс болғаны туралы жалған хабарламалар бұған дейін интернетте таралып, тек журналистерге ғана емес, сонымен қатар оқырмандарымызға да жеткен болатын” деп жазылған редакция хабарламасында.
1 желтоқсанда полиция Orda.kz сайтының Алматыдағы редакциясы мен бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың үйінде тінту жүргізіп, ізінше Бажкенова "көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату" күдігімен екі айға үйқамаққа алынған. Редакцияның бірнеше қызметкері тергеуден кейін босатылған еді.
Бұған дейін "Журналистерді қорғау комитеті" Қазақстан билігін "Орда" сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға тағылған айыпты алып тастап, басылымның еркін жұмыс істеуіне жағдай жасауға шақырды
Сурет: Орда
Редакция мұны 27 желтоқсанда кешке хабарлады. Оrda жариялаған суретте “қайғырамыз” деген жазуы бар лента да көрінеді.
“Оқиға редакцияға қысым жалғасып жатқан тұста болды. Гүлнар Бажкенованың қайтыс болғаны туралы жалған хабарламалар бұған дейін интернетте таралып, тек журналистерге ғана емес, сонымен қатар оқырмандарымызға да жеткен болатын” деп жазылған редакция хабарламасында.
1 желтоқсанда полиция Orda.kz сайтының Алматыдағы редакциясы мен бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың үйінде тінту жүргізіп, ізінше Бажкенова "көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату" күдігімен екі айға үйқамаққа алынған. Редакцияның бірнеше қызметкері тергеуден кейін босатылған еді.
Бұған дейін "Журналистерді қорғау комитеті" Қазақстан билігін "Орда" сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға тағылған айыпты алып тастап, басылымның еркін жұмыс істеуіне жағдай жасауға шақырды
Сурет: Орда
😡23😁4❤2👏1
Жексенбі күні Флоридада Украина және АҚШ президенттері кездеседі. Келіссөз Палм-Бичте өтеді және Алматы уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.
АҚШ-қа бара жатқан жолда Зеленский жолшыбай Канада премьер-министрімен кездескен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🙏8🤡2❤1😁1🤔1🥴1
Патрик Такер - Defense One басылымының ғылым және технология бөлімінің редакторы және әскери технологияларды жазатын жетекші журналист.
"Настоящее время" арнасы онымен әуе, теңіз және құрлықтағы дрондардың болашағы және оларды соғыста пайдалану, жасанды интеллектті соғыста қолдану және Украинаның майдан шебінде әскери техникаға арналған қосалқы бөлшектерді 3D басып шығаруы туралы әңгімелесті. Азаттық осы сұхбаттың ықшамдалған нұсқасын ұсынады.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤2
Ресей мен Украина Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) араағайындық етуімен Запорожье атом электр станциясы аумағында атысты уақытша тоқтатуға келісті. Бұл жөнінде МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді.
Аумақта атысты тоқтату режимі іске қосылғаннан кейін жөндеу жұмыстары басталған. Негізгі жұмыстар МАГАТЭ-нің бақылауында және бірнеше күнге созылуы мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23👌4❤1
Келіссөзден соң екеуі Еуропа елдері мен НАТО басшыларымен де телефонмен сөйлескен.
"Біз көптеген мәселелерді талқыладық. Менің ойымша, біз бейбіт келісімге қол жеткізуге едәуір жақындадық, тіпті өте жақын қалдық", – деді Трамп.
Зеленский: "Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері жөнінде біз ортақ түсінікке таядық", – деп мәлімдеді және бейбітшілік жоспарының 90 пайызы келісілгенін айтты.
Дегенмен Трамп әлі шешілмеген бір-екі мәселе барын, соның ең күрделісі – жер мәселесі екенін атап өтті.
"Украина қазір келісімге келгені жөн, әйтпесе ол тағы да жері мен адамдарынан айырылады", – деді Трамп. Ол Украина [жанжалды] реттеу мәселелерін жалпыхалықтық референдум арқылы немесе парламент мақұлдағаннан кейін шешуі тиіс екенін айтты.
Бұған қоса Трамп болашақта Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктерінің негізгі бөлігі Еуропа елдеріне жүктелетінін тағы айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9🤔5❤2☃1🤡1🥴1🤪1
Венадағы Open Nuclear Network ұйымының және Лондонда орналасқан VERTIC орталығының мамандары әлгі суреттерді бұрын құпия болып келген, кейін көпшілікке жарияланған құжаттармен, ғылыми мақалалармен және әскери техника қозғалысы жайлы деректермен салыстырған. Фотоларда оқтұмсық өндірісіне қатысы бар кемінде алты нысан аталған.
Сарапшылар пікірінше, жақын болашақта Қытайдың ядролық арсеналы АҚШ-пен теңесуі екіталай. Алайда ядролық бағдарламасында түгелге дерлік өзгерістер жүріп жатқаны ұзақ мерзімді қарулану жарысына дайындықты аңғартады деп жазады басылым.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎17🔥2🎉1
2025 жылы Батыс елдеріндегі бірқатар лауазымды тұлға Ресей санаулы жыл ішінде Еуропа еліне қарсы соғыс ашуы мүмкін деді. Алаңдаушылығын ашық білдіргендер қатарында НАТО басшысы, Германия қорғаныс министрі және Дания барлау қызметі бар. Бұл болжамның қисыны қандай? Сарапшылар пікірі екіге бөлінді. Толығырақ Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬14😁2🤔2🤡2🤣2❤1
Оның айтуынша, Мәскеу Вашингтонның Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісімге қол қою үшін арнайы жұмыс топтарын құру жайлы ұсынысын қолдаған. Бұл топтардың форматы мен негізгі өлшемдері 2026 жылғы қаңтардың басында белгілі болмақ, алайда алғашқы топ қауіпсіздік мәселелерімен, ал екіншісі экономикалық мәселелермен айналысатыны қазірдің өзінде анық деді ол.
АҚШ президенті соғысты мүмкіндігінше тезірек аяқтағысы келетінін аңғартты деп мәлімдеді Ушаков. Бұған қоса Путин көмекшісі Вашингтон мен Мәскеудің ортақ пікірінше, Киев тарапынан жауапты шешім қабылданған жағдайда ғана соғыс қимылдары тоқтауы мүмкін деді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡13🤮3🤷♂2❤2💯1
Польша алдағы жарты жылда шығыс шекарасында "дронға қарсы дуал" деп аталатын қорғаныс кешенін салуға кірісуді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Guardian басылымына сұхбатында Польша қорғаныс министрінің орынбасары Цезарий Томчик мәлімдеді. Оның айтуынша, дронға қарсы жаңа қорғаныс кешені құрылысы екі жыл ішінде толық аяқталуға тиіс.
Әуе шабуылынан қорғану жүйелері шамамен он жыл бұрын құрылған қорғаныс шебіне біріктіріледі және пулеметтер мен зеңбіректерден бастап зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды жою құралдарына дейін бірнеше деңгейден тұратын қорғаныс құралдарын қамтиды. Жалпы құны екі миллиард еуродан асатын жобаны еуропалық SAFE қорғаныс несиелері бағдарламасы мен мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру көзделіп отыр.
Томчиктің сөзінше, жүйелердің кейбірі тек төтенше жағдайларда немесе соғыс уақытында ғана қолдануға арналған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9👍4❤2😁1🤡1🤣1
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің дерегінше, 67 жастағы ерлі-зайыпты екі адамның және 72 жастағы ер кісінің қазасына газбен жылитын тұрғын үйдегі пешті пайдалану талаптарын бұзу себеп болуы мүмкін деген алдын ала болжам бар.
Қазір полиция қайғылы оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😭11😱3🙏3💔1😨1
Желі қолданушылар Threads платформасында "мекеме маңында жас жігітті пышақтап кеткен" деген пікірлер жазған.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews сайтына бұл оқиғаға байланысты кісі өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын айтқан.
"Түнгі мекемелердің бірінің маңында жастар сөзге келіп қалып, соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақат салдарынан көз жұмды", – деген Астананың полиция департаменті.
Полиция дерегінше, қылмысқа күдікті екі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢12❤3😱3🤬2👍1
АҚШ пен Украина президенттері жексенбі күні Флоридада кездескеннен кейін еуропалық басшылармен телефонмен сөйлескен, оған Макрон да қатысқан, содан соң ол Украина президенті Владимир Зеленскиймен жеке әңгімелескен.
Алдағы қаңтар айында АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Еуропа елдері өкілдерін қабылдамақшы.
Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктерінің маңызын атап айтқан. Трамппен және Зеленскиймен өткен әңгімеге ол да қатысқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍5😡4🔥2
Биыл жазда 11 жарым жылға сырттай сотталған Атамбаев Қырғызстанның Батыры атағынан, 2-дәрежелі "Манас" орденінен, "Данакер" орденінен және "Данқ" медалінен айырылған. Өткен айда Жапаров пен Атамбаев энергетика мәселелері бойынша бірін-бірі айыптаған еді.
Қырғызстанды 2011 жылдан 2017 жылға дейін басқарған Атамбаев 2019 жылы ол Бішкек маңындағы Қой-Таш ауылындағы өз үйінде ұсталған. Оны ұстау операциясы барысында арнаулы жасақтың бір офицері қаза тауып, 175 адам зардап шеккен. Қылмыс әлемінде танымал Әзиз Батукаевты "түрмеден заңсыз босатты" деген айыппен қамауға алынған Атамбаев 2020 жылғы 23 маусымда 11 жылға сотталып, мүлкі тәркіленген. Бірінші мамыр аудандық соты оны 2022 жылы ақтады. 2023 жылғы 2023 жылғы 14 ақпанда түрмеден босатылып, 15 ақпанда Испанияға емделуге кеткен. Сол кеткеннен Қырғызстанға оралған жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥3❤1🤯1
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевпен телефонмен сөйлесті. Бұл жөнінде Өзбекстан президентінің ресми сайты хабарлады.
Ақпарат бойынша, Назарбаев пен Мирзияев әңгіменің басында «бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, бауырлас елдердің халқына бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу тілеген».
Өзбекстан президенті сайтының хабарлауынша, 29 желтоқсанда болған әңгіме барысында екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік «жоғары деңгейге жеткені», ал көпжақты әріптестік «басым бағыттар бойынша сатылап дамып жатқаны» сөз болған.
Ақпарат бойынша, Назарбаев пен Мирзияев әңгіменің басында «бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, бауырлас елдердің халқына бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу тілеген».
Өзбекстан президенті сайтының хабарлауынша, 29 желтоқсанда болған әңгіме барысында екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік «жоғары деңгейге жеткені», ал көпжақты әріптестік «басым бағыттар бойынша сатылап дамып жатқаны» сөз болған.
👎24🤮12👍3😁3💩3😡3🤬2🔥1
Бұл процесс Қазақстандағы сөз еркіндігі мен ақпаратқа қол жеткізу мәселесіне тағы бір мәрте назар аудартқызып отыр. Толығырақ Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬15🤔6😡3❤2👎1😢1
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 29 желтоқсанға қараған түні украин дрондары Новгород облысындағы президент Владимир Путиннің резиденциясына шабуыл жасауға талпынды деп мәлімдеді. Оның дерегінше, резиденцияға шабуылға барлығы 91 дрон қолданылған. Лавров зардап шеккендер мен залал келгені туралы мәлімет түспегенін айтты.
"Ресей қарулы күштері қарымта қайтаратын нысандар мен уақыты айқындалды", – деді Лавров. Сонымен қатар ол Ресейдің АҚШ-пен келіссөз процесінен шығу жоспары жоғын, алайда келіссөзге байланысты ұстанымы қайта қаралатынын айтты.
Украина президенті Владимир Зеленский Лавровтың мәлімдемесін "кезекті өтірік" деп атады. Оның пікірінше, Ресей осылайша келіссөз процесіне кедергі келтіруге тырысып, сонымен бірге Киевтегі үкімет ғимараттарына шабуыл жасауға сылтау дайындап жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩17🤣16🤮8👍1👏1💯1
Қытай армиясының өкілі Ши Идің айтуынша, "бұл жаттығу Тайваньның "тәуелсіздігі" идеясын ұстанатын сепаратистік күштерге және сырттан араласатын күштерге арналған қатаң ескерту" болмақ.
Екі күн жалғасатын әскери жаттығу барысында аралдың негізгі порттарын бұғаттау және оны толық қоршау әрекеттері пысықталады. Қытай әскери басшылығы мәлімдемесінде арал төңірегіндегі бес аймақ көрсетіліп, сол аумақтарда шектеулер енгізілетіні айтылған.
Тайвань қорғаныс министрлігі кейінгі 24 сағат ішінде арал маңында Қытайдың екі әскери ұшағы мен 11 кемесі болған деп мәлімдеді. Тайвань қарулы күштері жоғары дайындық жағдайына келтірілген және Қытай тұтқиылдан шабуыл жасаған жағдайда әскерді жедел көшіруді көздейтін "жылдам іс-қимыл жаттығуларын" өткізуге дайын отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎10💩9🔥3