Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева қайтыс болды

Бұл жөнінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.

"Өмірден құқық қорғаушы, азаматтық белсенді өтті, ол үшін басқалардың жағында болу рөл емес – өмірінің мәні еді. Әсел 47-де еді. Бұл жаста адам өмірімен қоштаспайды – сапарын жалғастырады.

Ол оқиғалардан "сырт" қала алмады. Әсел айтуға қауіпті, сұрақ қоюға қолайсыз жерлерде жүрді. Ол өзінде адайдың қаны қайнап тұратынын айтатын, сол себепті тік еді. Оның жолы ешқашан қауіпсіз болған жоқ, бірақ сонда да адал болып қалды. Онда қаталдық пен терең адамгершілік қасиеттері ғажап үндесіп жататын. Әсел өткір, қолайсыз, компромиске келмейтін адам бола алатын, бірақ сонысының ар жағында әрдайым шынайы қамқорлық пен қорғауға дайындық жатты" деп жазды құқық қорғаушы.


Әсел Нұрғазиева полиция ереуілшілерге оқ атып, кемінде 17 адам қаза болған – 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезінде зардап шеккендердің құқығын қорғаумен танылған. Ол қаза болған мұнайшылардың туыстарының, жараланғандардың мүддесін қорғап, құқықтық қолдау көрсеткен. Сол белсенділігі үшін өзі де қудаланып, қоқан-лоқыға ұшыраған. Ол белсенді ретінде де танылып, сол үшін әкімшілік жазаға да тартылған.
😢33🕊9😭5👎1👀1
🗣Венесуэла Жоғарғы соты Делси Родригесті президенттің міндетін атқарушы етіп тағайындады

Венесуэланың жоғарғы соты президент Николас Мадуро жоқ кезде оның міндетін вице-президент Делси Родригеске жүктеу туралы қаулы шығарды. Сот қаулысында Родригестің "елді басқаруда мұрагерлікті сақтауға тиіс" және "елді қорғауы қажет" екені жазылған.

Мұның алдында Родригес Венесуэла мемлекеттік арнасы арқылы мәлімдеме жасап, Николас Мадуроны "елдің жалғыз заңды президенті" деп атап, АҚШ-тан оны дереу босатуды талап еткен еді. Родригес АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы "қарулы басқыншылығын" айыптап, елдің қорғаныс кеңесін іске қосқанын айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18🤡13❤3😱1
🔴"Қарулы дипломатия". АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы туралы қазақстандық сарапшылар не дейді?

АҚШ-тың Венесуэла басшысы Николас Мадуроны ұстаумен аяқталған әскери операциясы кейінгі бірнеше күнде әлем талқылап жатқан негізгі оқиғалардың бірі болды. Сарапшылардың кейбірі мұны "қарулы дипломатияның" оралуы ретінде сипаттаса, бірі мұның экономикасы шикізатқа тәуелді Қазақстанға да кері әсері бар деп санайды.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11🤬5🔥3👍1🤔1
NYT: АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы салдарынан кемінде 40 адам қаза болған

Бұл жөнінде Венесуэланың жоғары лауазымды шенеунігіне сүйенген The New York Times басылымы жазды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бірде-бір америкалық әскери қызметкер қаза болмағанын, бірнеше адам жараланғанын айтқан еді.

Операцияға 150 америкалық ұшақ қатысқан. NYT-тің жазуынша, операция 2 сағат 20 минутқа созылған.

Басылым дереккөзінің айтуынша, Мадуроны АҚШ барлау басқармасының Венесуэла үкіметіндегі дереккөзінің көмегімен ұстаған болуы мүмкін. Ол дереккөз кейінгі күндері Мадуроның жүрген жерін бақылаған.
👍22👎3❤2🔥2😱1🤬1
⚡️ 1 қаңтарға қараған түні Швейцарияның Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы Le Constellation барында шыққан өрт салдарынан мерт болғандар арасында жасөспірімдер де бар.

Reuters агенттігі полиция дерегіне сүйеніп, өртте қаза тапқандар арасында тағы 16 адамның аты-жөні жексенбіде анықталған деп жазды. Олар – Швейцария, Италия, Франция, Түркия және Румыния азаматтары. Арасында 16 мен 18 аралығындағы 10 жасөспірім бар. Ең кішісі – 14 жастағы Швейцария азаматы. Қаза тапқандар арасында 15 жастағы екі қыз болған.

Қазірге дейін полиция өрт салдарынан көз жұмған 24 адамның кім екенін анықтаған. Сүйек анықтау жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🕊11😢6❤2
Берлиндегі электр станциясында кабельдер қасақана өртеліп, салдарынан қаланың бірнеше ауданында 50 мыңға жуық үй мен 2200-ден астам кәсіпорын жарықсыз қалды.

Бұл оқиғаға жауапкершілікті "Вулкан" атты солшыл радикал топ өз мойнына алып, полицияға хат жолдаған деп хабарлады Tagesspiegel. Басылым бұл топ анархистік бағытта деп жазды.

Газет дерегінше, мемлекеттік қауіпсіздік бөлімшесі әлгі хаттың шын екенін растаған.

"Газбен жұмыс істейтін электр станциясына жасалған шабуыл – Жер мен өмірді қорғап жүрген барша адаммен халықаралық ынтымақтастық және өзін-өзі қорғау актісі", – деп жазылған хатта.

🔗Толығырақ оқыңыз
😱5❤3🤬3👍2
🗣 5 қаңтарда Turkistan газетінде жарияланған сұхбатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетіні жайлы алдын ала ескерткенін айтқан. Путин мен Назарбаев жаңа жыл қарсаңында Мәскеуде кездескен еді.

"Таяуда Санкт-Петербургтегі басқосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтқан еді", – деген Тоқаев сұхбатында.

Тоқаев ол екеуінің кездесуіндегі әңгіме жайлы не ойлайды?

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮12👎4💩4😁3❤1🤬1
❤️ 2025 жыл Орталық Азия елдеріндегі тәуелсіз басылымдар мен журналистерге жеңіл тиген жоқ

Халықаралық ұйымдар дерегінше, аймақтағы елдерде онсыз да өрісі шектеулі сөз еркіндігі барған сайын тарылып барады. Медиа мен интернетті бақылаудың жүйелі түрде күшеюі, журналистер мен белсенділерді қудалау, "ақпараттық қауіпсіздік" туралы заңдардың көбеюі және цифрлық бақылау құралдары аясын кеңейту – осының бәрі аймақта тұрақты үрдіске айналған. Қазақстанда әлеуметтік желі аудиториясымен жұмыс істейтін тәуелсіз журналистердің аккаунттары жиі бұғатталады; Қырғызстанда зерттеуші журналистер материалдарын билік экстремистік өнімге жатқызады.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬12😡2❤1👍1😁1🤡1
🗣 Назарбаев пен Путин, Қаңтар, Сталин және билік транзиті. Тоқаевтың жаңа сұхбатында тағы не айтылды?

5 қаңтар күні "Түркістан" газетінде жарияланған сұхбатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көп салада кемшілік барын мойындап, бірақ сол мәселеден "хайп" жасайтындарды айыптаған.

🔗 Тоқаев жаңа сұхбатында тағы не айтқанын толығырақ оқыңыз:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎18🤮10❤2😁2💩2🤣2🤬1
💬 "Қазақстан Еуразия кіндігінде орналасқан ел ретінде, әсіресе, қазіргі алмағайып заманда түрлі үдерістен сырт қалмауы керек", – деп есептейді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның пікірінше, "әрбір келіссөзде экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа, әлемдік аренадағы қарым-қатынасқа қатысты маңызды мәселелер көтеріледі".

Бұған қоса Тоқаев Қазақстанның ірі халықаралық қақтығыстарда араағайын болу мүмкіндігі жайлы пікірін де айтты.

"Халықаралық дау-дамайларда араағайын болатын ешқандай ойым жоқ, сондай-ақ, бірқатар елдердің ұсыныс-пікіріне қарамастан, БҰҰ-дағы жұмысқа қайта оралатын ниетім де жоқ. Бірақ, жабық кеңестер мен пікірталастарға қатысамын", – деген Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩9👍6🤮6🤔2😁1
⚡️ АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің Валдайдағы резиденциясына Украина әуеден шабуыл жасады деген хабарларға сенбейтінін айтты. Трамп мұны президенттік Air Force One ұшағында журналистерге мәлімдеген.

"Мен ондай соққы жасалды дегенге сенбеймін. Жақын маңда бірдеңе болған шығар, бірақ оның бұған еш қатысы жоқ", — деді Трамп.

Путинмен телефонмен сөйлескеннен кейін неге ол ақпаратқа сенгені жайлы сұраққа Трамп: "Өйткені сол сәтте ешкім ештеңе білген жоқ. Менің алғаш естігенім сол болды. Ол өз үйіне шабуыл жасалғанын айтты. Қазір біз тексеріп болғаннан кейін ондай жағдай болған жоқ деп есептейміз", — деп жауап қатты.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍35❤4🏆4🤡1🖕1
❤️ Түркіменстанда азық-түліктің қымбаттағанына әлеуметтік желіде сын айтқан соң із-түссіз кеткен блогердің бақилық болғаны расталды. Оның қабірінің фотосын Азаттыққа Түркіменстанда тұратын оқырмандар жолдаған.

Бұған дейін Hitrowski деген лақап атпен танылған Дидар есімді блогер қарашаның аяғында желіде жарияланған соңғы видеосында елде ет бағасы күрт өскенін айтып, келісі 140-150 манат (40-43 доллар) тұратын етті халық қай ақшасына сатып алады деп эмоцияға толы сұрақ қойған.

Блогерді сыни пікірі үшін қауіпсіздік қызметкерлері соққыға жығып, азаптап өлтірген-мыс деген сыбыстар тарағанымен, оны растайтын ешқандай айғақ-дәлел болмаған еді.

🔗Бұл туралы толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬34😱16😡2❤1
⚡️ 5 қаңтар күні Алматының орталығындағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінің алдына жиналған отызға жуық адам 2022 жылғы Қаңтар көтерілісі кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алып, марқұмдарға құран бағыштады.

Оларды алаңның айналасында жүрген, қарапайым киім киген адамдар сырттай бақылап тұрды. Қаңтар құрбандарын еске алу және құран бағыштау кезінде алаңда мобильді интернет байланысы істемей қалды. Азаттық тілшісі алаңның бір шетінде әлдебір байланыс құрылғылары бар арнаулы көліктер тұрғанын көрді.

Қаңтар құрбандарына құран бағыштап, еске алғаннан кейін жиналған адамдар ың-шыңсыз тарап кетті.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏17🔥8❤6👍4🤡2😢1🥴1
📍📊 Былтырғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқының саны 20 млн 478 мың 900 адам болған. Яғни, жыл басынан бері халық саны 0,96 пайыз көбейген. Мұны Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қаңтар-қараша айларында елдің 20 өңірінің 12-сінде халық саны азайғаны тіркелген. Халық өңірлерден ірі қалаларға қоныс аударып жатыр.

Былтырғы жылдың он айында елде қала халқының саны 1,88 пайыз өсіп, 13 млн 13 мың адамға жеткен. Ал ауыл халқының саны 0,59 пайыз азайып, 7 млн 465 мың 800 адам болған.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🔥2❤1
Нью-Йоркте Венесуэла президенті мен әйеліне қатысты сот басталады

Дональд Трамп АҚШ енді Венесуэланы "уақытша басқарады" деді. Елдің вице-президенті уақытша басшы қызметіне кіріседі. Мадуро АҚШ-та тергелмек. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін шұғыл кеңес өткізеді. Ал Венесуэланы алда не күтіп тұр, Трамптың бұл тәсілін халықаралық қауымдастық қалай қабылдады?

Көріңіз
👍13👎4❤2🔥2🤔1🤬1🖕1
Тоқаев Назарбаев туралы айтты. Президент сұхбатына шолу

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне сұхбат берді. Мәтін-сұхбатта қамтылмаған тақырып кемде-кем. Елдегі билік транзиті, Назарбаевтың Мәскеу сапары, әскердегі әлімжеттік, көлік апаты, туризм, Қаңтар көтерілісі және өзге түрлі мәселе сөз болған. Маңызды тұстарын шолып өттік.

Көріңіз
💩20😁8👎5❤2👍2🤣1
💬 Венесуэланың биліктен шеттетілген басшысы Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флорес 5 қаңтар күні алғаш рет Нью-Йорк федералдық сотына алдын ала отырысқа әкелінді. АҚШ ол екеуін 3 қаңтарда Каракаста қарулы операция кезінде ұстап, АҚШ-қа жеткізген.

Мадуро мен әйелі АҚШ билігі оларға тағып отырған "есірткі терроризмі", кокаин импорттау мақсатында сөз байласу, қару қолдану және сақтау туралы айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13👎1😁1
⚡️ Василий Малюк Украинаның қауіпсіздік қызметі (СБУ) басшысы қызметінен кетті

"Мен Украинаның қауіпсіздік қызметі жүйесінде қалып, әлемдік деңгейдегі асимметриялық арнайы операцияларды іске асыруды жалғастырамын. Олар алдағы уақытта да дұшпанға барынша зор шығын келтіре береді", – деген Малюк мәлімдемесінде.

"Украинская правда" басылымы Малюк қызметтен кетуге дайын екені туралы шешімді ел президенті Владимир Зеленскиймен кеңескеннен кейін қабылдаған деп жазды. Басылым мәліметінше, бұған дейін Малюк арнайы операциялар аяқталмағанын алға тартып, отставкаға кететіні жайлы өтініш жазудан бас тартқан. Алайда жағдайды ушықтырмау және мемлекетке зиян келтірмеу үшін ақыр соңында келісім берген.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢10🔥5🤔5❤1
📝 2025 жылғы қаңтар-қараша аралығында Ресейде 100 адамды өмір бойына бостандығынан айыру туралы үкім шыққан. Мұны ТАСС агенттігі хабарлады.

Бұл – кейінгі 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ал жалпы 2005-2024 жылдар аралығында Ресей соттары осындай 1316 үкім кескен.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮13❤4🤬3👎2🤷‍♀1
🔺 Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлы Ахмат Қадыровты үкімет төрағасының орынбасары міндетін атқарушы етіп тағайындады. Ахмат Қадыров жаңа қызметіне қоса спорт министрі лауазымын сақтап қалды деп хабарлады "Кавказ.Реалии" басылымы.

Жаңа жыл қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары Рамзан Қадыров Мәскеуде ауруханаға түсті деп хабарлаған, алайда оны ресми түрде растаған ақпарат болған жоқ.

Жалпы алғанда, Қадыров әулетінің 100-ге жуық мүшесі билік құрылымдарымен байланысты қызметте. Бұл көрсеткіш бойынша ол Ресейде бірінші орында тұр. "Проект" басылымының деректеріне сәйкес, екінші орында президент Владимир Путин: оның 20-дан астам туысы әртүрлі басшы қызметтер атқарады.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮26🤬4💩4🤯1