This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бірі үй салған, бірі арманындағы оқуға түскен, тағы бірі өз қаласында әлем жұлдызын көргеніне қуанған. Ал тағы біреу елден көшіп кеткісі келеді. 2025 жылы өміріңізде қандай өзгерістер болды деген сауалға Алматы тұрғындарының жауабы осындай. Жұрт 2026 жылдан не күтеді?
👍16❤7🤔4🤷♂2
Украина "Путин резиденциясына шабуылды" айыптаған Орталық Азия елдері басшыларын сынға алды
Әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдемесінде министрлік аймақтағы бес ел - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанды атаған.
"Ресей таратқан фейктерге берілген мұндай реакция Украина өзара құрмет пен тиімділік қағидаттарына негізделген достық әрі прагматик қарым-қатынастарды дамытуға ұмтылып отырған Орталық Азия елдеріне лайық емес. Сонымен қатар, мұндай реакция бұл мемлекеттердің Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз деген ұстанымына да қайшы келеді. Қазір Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын агрессор мемлекет бұзып отыр" делінген Украина сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

👍79💯15❤1😁1🖕1
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақы 10% өсті. Үкімет елдегі инфляция қарқынына байланысты төлемдерді ұлғайтынын хабарлаған.
Кеше күшіне енген 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес биыл:
• ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (167 доллар);
• мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (73 доллар);
• ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (143 доллар);
• айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;
• ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (105 доллар).
Тағы не өсті?

😁12👍7👎3🤔3❤2
Қытай көліктері Еуропаны жаулап ала ма?
Арзан әрі жетілген қытай көліктері Еуропа нарығына кіріп, ондағы автоиндустрия ардагерлері дабыл қағып жатыр.
Арзан әрі жетілген қытай көліктері Еуропа нарығына кіріп, ондағы автоиндустрия ардагерлері дабыл қағып жатыр.
💩14👍9
Ирандағы наразылықта қаза тапқандар көбейді, Трамп "көмекке келетінін" мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы қатаң басып-жаншуға қарамастан көшеге шыққан наразылық білдірушілерді қолдайтынын мәлімдеді. Елдегі экономикалық қиындықтарға байланысты бес күннен бері жалғасып жатқан наразылық салдарынан бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам қамауға алынған.

👍29🤬3❤2🔥2😱2👎1🤡1
Швейцарияда бес күндік аза тұту жарияланды, өртке байланысты Тоқаев көңіл айтты
Альпі тауындағы Кран-Монтана шаңғы курортында орналасқан Le Constellation барында болған өрттен қаза тапқандарға байланысты Швейцария бес күндік аза тұту жарияланды. Бұл туралы конфедерация президенті, экономика министрі Ги Пармелен мәлімдеді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 1 қаңтарға қараған түні болған өрт салдарынан 40 адам қаза тауып, 115 адамды қатты күйік шалған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты санын анықтауға бірнеше күн кетуі мүмкін.

😢8😱4💩1
Хорлыдағы дрон шабуылынан 27 адам қаза болды, Украина бұған қатысы жоқ екенін айтты
Ресей Тергеу комитетінің хабарлауынша, Мәскеу бақылауындағы Херсон облысының Хорлы ауылында кафе мен қонақүй кешеніне жасалған дрон шабуылы салдарынан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті.
Ведомство мәліметінше, қаза тапқандардың екеуі — кәмелетке толмаған бала. Херсон облысының және аннексияланған Қырымның ауруханаларына түрлі жарақат алған 31 адам жеткізілген, олардың бесеуі — бала.

🤔15❤6👍3🤬3😢2😭1
Украина қорғаныс министрлігіне жақын DeepState жобасының есебінше, 2025 жылы Ресей 4 336 шаршы шақырым немесе Украина жерінің 0,72 пайызын басып алған.
2023 жылдың 1 қаңтарынан 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін басып алынған жалпы аумақ 7 463 шаршы шақырымды құрады. Бұл – Украина жерінің 1,28 пайызы.
«Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 2025 жыл Украина қарулы күштері үшін шынымен де күрделі жыл болды» дейді жоба сарапшылары.
Жоба өкілдері басып алынған облыстар бойынша да статистиканы жариялады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬22😁9❤2
Буданов бұған дейін қорғаныс министрлігіне қарасты бас барлау басқармасына жетекшілік еткен.
"Украинаға қауіпсіздік мәселелеріне, қорғаныс және қауіпсіздік күштерді дамытуға, сонымен бірге келіссөздерде дипломатиялық амалдарға көбірек назар аударуы керек, ал президент кеңсесі ең алдымен осы міндеттерді орындауға қызмет ететін болады" деп жазды Зеленский.
Оның сөзінше, Будановта "осы бағытта арнайы тәжірибе мен жеткілікті күш бар".
Буданов Зеленскийдің президент кеңсесіне жетекшілік ету туралы ұсынысын қабыл алды.
Буданов Украина бас барлау басқармасына 2020 жылдан бері жетекшілік еткен. Оның орнына бұған дейін Украина сыртқы барлау қызметінің жетекшісі болған Олег Иващенко келді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28❤6👏2👎1
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағындағы нысандарға соққы жасауға бұйрық берді. Бұл жөнінде Американың ресми тұлғаларына сүйенген CBS News хабарлады.
Бұған дейін Венесуэла астанасы Каракаста жарылыс болғаны хабарланған.
Венесуэлада төтенше жағдай енгізілді деп хабарлады мемлекет басшысы Николас Мадуро.
Бұған дейін Венесуэла астанасы Каракаста жарылыс болғаны хабарланған.
Венесуэлада төтенше жағдай енгізілді деп хабарлады мемлекет басшысы Николас Мадуро.
👍18🤯10🔥5👎3
Оның алдында басылым Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық құттықтауына визуалды-техникалық талдау жүргізген.
Бұл екі оқиғаның бір-біріне қатысы бар-жоғы белгісіз. Аккаунтты өшірген Meta басылымға "авторлық құқықты бұзу бойынша шағым түскенін" хабарлаған. Дегенмен басылым аккаунттың өшірілуін сол карточкалармен байланыстырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎25❤1
Azattyq - Азаттық
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағындағы нысандарға соққы жасауға бұйрық берді. Бұл жөнінде Американың ресми тұлғаларына сүйенген CBS News хабарлады. Бұған дейін Венесуэла астанасы Каракаста жарылыс болғаны хабарланған. Венесуэлада төтенше жағдай…
Трамп “АҚШ Венесуэлаға қарсы операция жүргізгенін” мәлімдеді. Мадуроның қайда екені белгісіз
“АҚШ Венесуэла мен оның басшысы Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізді. Мадуро әйелімен бірге ұсталып, елден әкетілді. Операция АҚШ құқық қорғау органдарымен бірге жүргізілді. Толығырақ кейін хабарлаймыз” деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Трамптың сөзінше, Майамиде сағат 11-де (Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де) баспасөз жиыны өтпек.

🔥17👍9❤1👎1
Венесуэла билігі елде төтенше жағдай жариялап, "әскери басқыншылықты" айыптады.
АҚШ Мадуроны "есірткі мемлекет" құрып, сайлау нәтижесі бұрмалады деп айыптаған. 2013 жылы Уго Чавестен кейін президент қызметіне келген Никалос Мадуро бұған дейін "Вашингтон әлемдегі ең ірі мұнай қорына бақылау орнатқысы келеді" деп мәлімдеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥24😱7👍6❤2
Azattyq - Азаттық
Еурокомиссия жетекшісі Кая Каллас БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды
X желісінде ол АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен келіссөз жүргізгенін хабарлап, ЕО Венесуэладағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтты
X желісінде ол АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен келіссөз жүргізгенін хабарлап, ЕО Венесуэладағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтты
"ЕО Мадуро мырзаның легитимділігі жоқ екенін және биліктің бейбіт түрде ауысуын қолдайтынын бірнеше рет мәлімдеген. Барлық жағдайда халықаралық құқық принциптері мен БҰҰ Жарғысы сақталуы керек. Біз сабырға шақырамыз. Елдегі ЕО азаматтарының қауіпсіздігіне басымдық береміз" деп жазды Каллас.
👍14🔥4❤1
Azattyq - Азаттық
Еурокомиссия жетекшісі Кая Каллас БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды X желісінде ол АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен келіссөз жүргізгенін хабарлап, ЕО Венесуэладағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтты "ЕО Мадуро мырзаның…
АҚШ Мадуро мен әйеліне “есірткі терроризмі” бойынша айып тақты
АҚШ бас прокуроры Пэм Бондидің айтуынша, Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флореске “есірткі терроризмі” бойынша айыптар тағылған. Олар АҚШ-та сотталады.
АҚШ мемлекетті хатшысы Марко Рубио өзінің 27 шілде күнгі жазбасын қайталап басқан. Онда “Мадуро – Венесуэла президенті емес, оның режимі легитимді емес. Ол АҚШ-қа есірткі тасымалдағаны үшін тергеледі” деп жазылған.

👍32🔥10👎6🤡4❤1🖕1
Трамптың сөзінше, операция төрт күн бұрын жүргізілуі керек болған, бірақ қолайлы ауа райы болмаған.
Төрт дереккөзге сүйенген Reuters жазуынша, Мадуро жоқ кезде елді басқаруы керек болған Венесуэла вице-президенті Делси Родригес қазір Мәскеуде. Бірақ Ресей билігі мұны жоққа шығарған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁20👍9❤3🔥3🍾1
Azattyq - Азаттық
Х желісінде Мачадо оппозиция елде тәртіп пен бейбітшілік орнататынын жазды. Оның сөзінше, Мадуроны америкалықтар тұтқындағаннан кейін билікке келетін оппозиция елдегі саяси тұтқындарды босатпақ.
Мачадоның сөзінше, Венесуэланы былтырғы президент сайлауы кезінде Мадуроға қарсылас болған Эдмундо Гонсалес басқаруы керек. Жақтастары сайлауда Гонсалестің жеңгенін алайда Мадуро сайлау нәтижесін бұрмалағанын айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤36👍28👏2
АҚШ әскерінің ауқымды операциясы кезінде ұсталған Николас Мадуро Нью-Йоркке жеткізілді. АҚШ-тың операциясын Иран, Ресей және Венесуэланың өзге де одақтастары айыптады, ал шетелде жүрген венесуэлалықтар қолдады.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍33🔥7👎5❤2💩2🤬1
Сенбі күні телеарнадан сөйлеген Хаменеи, елдің өзге де билік өкілдері тәрізді, ұлттық валютаның құлдырауына байланысты саудагерлердің алаңдауына негіз бар екенін айтты. Алайда мұндай наразылық Иранның сыртқы қарсыластары пайдаланып кететін "саяси дүрдараздыққа" айналмауы керек деді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁27👎14💩12🤬3👍1👏1🤣1
"Air Astana бүгін, 4 қаңтарда Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің ротациялық кідірісі, сондай-ақ кестедегі өзгерістер жалғасып жатқаны туралы хабарлайды" деп жазылған әуе компаниясының хабарламасында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13💩6🤔3❤1👎1