Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
«Тоқаевты сайлауға қайта түсуге шақырған» көкпаршы: «Бұл – жеке ойым»

Желіде «Жаппай көкпаршылар ұйымының» мүшесі Біржан Қалдыбаев үндеу жолдап, «Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауына түсуін қолдауымыз қажет деп санаймыз» деді. Ол бұл ұсынысын «Жаппай көкпар федерациясы» атынан және «ат үстінде жүрген 500 мыңнан астам» адамнын атынан жасайды.

«Басқа президент келіп жаңа жүйе қалыптастарғанша біршама уақыт жоғалтамыз. Ал ол басшының қандай адам екені, әлемдік деңгейде мемлекеттермен қандай қарым-қатынас жүргізетіні бізге беймәлім. Қазіргі президентімізді біз жақсы білеміз, танимыз. Оның жетіден артық тілді меңгеріп, еркін сөйлей алуы шет мемлекеттермен жақын қарым-қатынас орната алатынының айқын дәлелі» дейді ол үндеуінде.

🔹Қалдыбаев үндеуі жайлы не дейді?


Қалдыбаев Азаттыққа бұл «өзінің жеке ойы екенін» айтады.

«Негізі ой-пікір жеке өзімдікі. Өзімнен туындаған нәрсе. Мессенджердегі чаттарымызда бәрі қолдап, видеоны түсіруге тура келді. Әлемде қандай ахуал екенін өздеріңіз көріп отырсыздар ғой, ал бізде тыныштық, соғыссыз бейбіт өмір. Президентіміз қаншама елмен тығыз қарым-қатынаста» деді ол Азаттыққа.

🔹Көкпар федерациясы ше?

Жаппай көкпар федерациясының президенті Ғани Дирманов Азаттық тілшсіне ұсыныс федерация атынан жасалғанын жоққа шығарып, жеке Қалдыбаевтың ойы екенін айтты. Қалдыбаев та 500 мың қолды қалай жинағанына дәлел келтірмеді.

Қазіргі заң бойынша, Қазақстанда президент 7 жылдық бір мерзімге сайланады. Тоқаев бұған дейін президент сайлауына түспейтінін айтқан.
🤡40💩17🤮7😁5🖕4❤3🤬2🤨1🆒1
Колесникова Еуропа одағын Лукашенкомен келіссөз жүргізуге шақырды

Беларусьте жақында ғана қамаудан шыққан саяси тұтқын Мария Колесникова Еуропа одағының лидерлерін Беларусьтің авторитар жетекшісі Александр Лукашенкомен келіссөз жүргізуге шақырды.

Колесникова (Оппозициялық саясаткер Виктор Бабарико штабының басшысы болған, 2020 жылғы Беларусьтегі наразылықтың лидерінің бірі) Financial Times газетіне берген сұхбатында Еуропаның Беларусьтен оқшаулануы Лукашенконы Ресеймен жақындастырады деді.

"Еуропа Лукашенкомен АҚШ-тан бұрын келіссөз бастамағанын түсіне алмаймын. Мысалы, Германияның Беларусьпен байланысы әлдеқайда көп. [Лукашенко] санкциялар жеңілдеген жағдайда саяси тұтқындарды босатып, Беларусьте тәуелсіз БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына рұқсат берсе, онда мұны талқылау керек" деді Колесникова сұхбатында.


🔹Колесникова кім?

Колесникова 2020 жылы Беларусьтегі билікке қарсы наразылықтан соң 11 жылға түрме жазасына кесілген. Колесникова және бір топ саяси тұтқын 2025 жылы желтоқсанда АҚШ-тың араласуымен түрмеден шыққан. Вашингтон Минск саяси тұтқындарды босатқан соң санкцияларды жеңілдеткен.

Колесникова түрмеден шыққаннан кейін Украинадағы баспасөз мәслихатында "Лукашенкоға қамаудан босатқаны үшін алғыс айтқан" еді. Оның бұл сөзін кейбір адам сынға алған.

🔹ЕО мен Лукашенконың қарым-қатынасы

Еуропа одағындағы елдер Лукашенконы Беларусьтің легитимді президенті деп мойындамайды. Ал АҚШ Джо Байден президент болып тұрған тұста Лукашенко билігін мойындамаған. Президенттікке Трамп келгелі Вашингтон өкілдері бірнеше рет Минскіге келіп, АҚШ Беларуське салынған кейбір санкцияларды жеңілдетті.
💩11👍4❤2🤯1
Зеленскийдің дипломатиядан үміті жоқ. Украина АҚШ-пен талқыны жалғастырып жатыр | Соғыс жаңалықтары

Биыл Мәскеу Украинаға қарата күніне 1000 дроннан ұшырмақ. Бұл қазіргі көрсеткіштен екі жарым есе көп. Ал Украина президенті ресми Кремльдің бітімге ниеті жоқ, «агрессияны тоқтатудың бірден-бір жолы – қысым» деді.

🔗 КӨРІҢІЗ
🤬19❤3😢3
Кассация соты Қаңтарда көзінен айырылған Әбдірешовтің өтемақысын сәл өсірді

Астанадағы кассациялық сот Қаңтар оқиғасында зардап шеккен Ермек Әбдірешовтің өтемақы жөніндегі талабын ішінара қанағаттандырып, мемлекет төлеуге міндетті өтемақыны 5 млн теңгеге ұлғайтуды шешті.

🔹25 миллионның орнына бес миллион теңге

Қаңтар оқиғасында екі көзінен айырылған Ермек Әбдірешов мемлекеттен 25 млн теңге өтемақы талап етіп жүр. Астана қаласының соты Әбдірешовтің талабын 2023 жылы қарап, «оны заңсыз қудаланды, бірақ нақты залал келтіруші анықталмады» деп, 2 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеген. Апелляциялық сот алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырған.

Екі жылдан кейін, бүгін 19 қаңтарда Астанадағы кассациялық сот өтемақыны көтеру шешімін қабылдады. Сот отырысы кезінде жауапкер қаржы министрлігі мен бас прокуратура өкілдері шешімді өзгертпеуді сұраған.

🔹Әбдірешовтің ұсталуынан ақталуына дейін

Әбдірешов 2022 жылы 5 қаңтарда көзін жаралап алған күні №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, нейрохирургияның жансақтау бөліміне жатқызылады. Бірақ 8 қаңтарда оны құзырлы орган өкілдері ереуілге қатысты жауап алу үшін тергеу изоляторына күштеп алып кеткен. Әбдірешовтің қорғаушысы сол кезде оны алып кетпей, көзіне ота жасатуға мүмкіндік бергенде бір көзін сақтау қалуға болар еді дейді.

Әбдірешов тергеу изоляторында алғашқы екі күн азапталғанын, сол кезде көзі мүлде көрмей қалғанын айтады. Қаңтар оқиғасынан 8 ай өткен соң үстінен қозғалған қылмыстық іс дәлелденбеді деп жабылады.

🔹Прокуратура Әбдірешовтен кешірім сұраған

Алматы прокуратурасы заңсыз қылмыстық қудалағаны үшін Әбдірешовтен кешірім сұрап, "келтірілген материалдық, моральдық шығынның өтеуін сұрауға құқығыңыз бар" деген. Содан бері жәбірленуші екі көзі көрмей, еңбекке толық жарамсыз болып қалғанын, ары қарай тағы да емделуге қомақты қаражат қажет екенін айтып, Қазақстан сотынан 25 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіруді сұрап келеді.
🤬11👎9😢4❤1🔥1
⚽Қазақстанның FIFA Series турниріндегі қарсыластары анықталды. Матчтар Қазақстанда өтеді

Қазақстанда биыл FIFA Series-2026 турнирінің бір тобы ойнайды. Бүгін, 19 қаңтарда FIFA Қазақстанға келетін құрамалардың тізімін жариялады.

🔸Бұл турнирде Қазақстан Африкадағы Комор аралдары және Намибия елдерімен, Азиядағы Кувейт елімен бір топта ойнайды. Әр ел топта тек екі матч өткізеді. Қазақстан қай елдермен кездесетіні алдағы күндері анықталады.


FIFA Series – әр құрлықтағы елдер жолдастық матч ретінде ойнайтын турнир. 48 елдің құрамасы 12 топқа бөлініп, жолдастық кездесу өткізеді.

FIFA Series турнирі 23-31 наурызда Астанада өтеді.

Биылғы турнирдің бір тобы Өзбекстанда ойнайды. Өзбекстанға Габон, Тринидад және Тобого, Венесуэла келеді.
❤9👍8
Тоқаев сайлауға қайта түсе ме? — AzatNEWS | 19.01.2026

- Тоқаевты қайта президент сайлауына қатысуға үндейтін мәлімдеме пайда болды.

- Қаңтар көтерілісінде көзіне оқ тиген азаматтың өтемақы туралы арызын сот қайта қарады.-

Істі болып жатқан журналист Гүлнәр Бажкенованың адвокаты Мұрат Адам лицензиясынан айырылды.
👎27🔥5💩2❤1
💬 Болгария президенті Румен Радев отставкаға кететінін жариялады

Сарапшылар ол алдағы уақытта премьер-министр болуды көздеп осындай шешім қабылдаған болуы мүмкін деп топшылайды.

Радевтің президент қызметіндегі өкілет мерзімі 2027 жылғы қаңтарда аяқталуы тиіс еді. Алайда жуырда үкімет тарағаннан кейін Радев алда болатын кезектен тыс парламент сайлауына жеке саяси партия құрып қатысу үшін мерзімінен бұрын отставкаға кетуді ұйғарған сияқты деген жорамал айтылып жатыр.

Румен Радев "Украина егемен, демократиялық және еркін ел болу үшін" оның жерінің бір бөлігін беруге болады деген пікір айтқан. Оның көптеген мәлімдемесі Кремльдің ресми ұстанымдарымен үндесетін. Ол Украинаның Ресей басқыншылығынан қорғану әрекеттерін де ашық айыптап, болгариялық оқ-дәрілерді үшінші елдер арқылы Украинаға жеткізуге де қарсы болған.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎16🤡4❤2
⚡️ Хромтауда газ жарылып, бес адам зардап шеккен

Жергілікті "Диапазон" басылымы көпқабатты тұрғын үйлердің маңында орналасқан бір қабатты шағын дәмханада болған жарылыс күшінен нысанның шатыры ұшып кеткен деп жазды. Әлеуметтік желілерде бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға 19 қаңтар күні сағат 17:45 шамасында болған деп хабарлады. Жарылыстан зардап шеккен, жас шамасы 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам аудандық ауруханаға жеткізілген.

"Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның денесінің 20 пайызына дейін күйік шалған. Қалған төртеуі травматология бөлімшесіне жатқызылды" деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Алдын ала дерекке сай, ғимарат ішіндегі су ысытатын газ жабдығы жарылған. Салдарынан ғимараттың бір бөлігі қираған. Жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6😱6👍1
🔺 Биылғы қаңтардың қорытындысы бойынша, Ресей бюджетіне мұнай мен газдан 420 млрд рубльдің кірісі түседі, бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 46 пайыз кем және 2020 жылдың тамызынан бергі кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш деп жазды Reuters.

Қазіргі кезде Ресей бюджетіне құйылатын барлық кірістің шамамен төрттен бірі мұнай-газ сатудан түседі.

Ресейлік мұнай бағасы құлдыруы кірістің төмендеуіне негізгі себептердің бірі болып отыр.

Мұнайдан түсетін табыс кемігенін Ресей билігі де мойындап отыр. Қаржы министрлігінің мәліметінше, желтоқсан айында бұл кірістер 447,8 млрд рубльге дейін қысқарған.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤2🔥2
❗️ Қырғызстан неліктен жүргізуші куәлігін жаппай ауыстырып жатыр?

Президент Садыр Жапаров бұл науқанды бұрын шетелде жасалып келген Қырғызстан құжаттарының қорғаныс деңгейі әлсіз болуымен байланысты деп түсіндірген.

Қазір барлық ресми құжаттар "Учкун" мемлекеттік кәсіпорнында басылып жатыр. Жапаров ескі үлгідегі құжаттарды айналымнан алып тастау арқылы ел ішінде де, шетелде де қолдануға жол берілмейтінін айтты. Мақсат – заңсыз құжаттарды анықтау, тәртіп орнату, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің халықаралық беделін қорғау.

Қырғызстанда жүргізуші куәлігін 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында тегін ауыстыруға болады деп белгіленген мерзім кейін тағы біраз уақытқа ұзартылды.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍6🤔4
💬 Valentino сән үйінің негізін қалаған әйгілі модельер Валентино Гаравани 93 жасында дүниеден өтті

Valentino Garavani қоры 19 қаңтарда жариялаған мәлімдемеде модельер Римдегі өз үйінде, жақындарының ортасында өмірден озғаны айтылған.

1960 жылы Valentino сән үйін тең құрылтайшы ретінде құрған Валентино Гаравани кейін Джорджо Армани мен Карл Лагерфельдпен қатар ХХ ғасырдағы сән индустриясының ең ірі тұлғаларының біріне айналды. Ол Жаклин Кеннеди, Диана ханшайым, Маргарет ханшайым сияқты танымал адамдарға, сондай-ақ Софи Лорен, Элизабет Тейлор, Одри Хепберн, Мерил Стрип, Джулия Робертс, Шэрон Стоун, Гвинет Пэлтроу секілді кино және өнер жұлдыздарына арнап киім тіккен.

2007 жылы Валентино сән әлемінен кететінін ресми түрде мәлімдеген.

Марқұмды жерлеу рәсімі 23 қаңтарда Римдегі Санта-Мария-Маджоре шіркеуінде өтпек.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7🕊5👍1👎1
🔴 20 қаңтарда Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтай жұмысы басталды. Жиынға оның төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналатын құрылтай құрамында жиынтығы 117 адам бар.

Қызылордада өтіп жатқан жиында елде парламент реформасын жасау, ол үшін Конституцияға тиісті өзгертулер енгізу жайлы мәселе талқыланбақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡14👍9💩5🤔2
❗Қазақстанда жаңа парламент "Құрылтай" деп аталады. Бір палаталы парламентте 145 депутат болады. Бұл туралы Қызылордадағы құрылтайда президент Тоқаев мәлімдеді.

- Еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын... Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа парламентте төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспауы керек, - деді Тоқаев.
❤17👎14👍10🤔4🤬4
❗Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша жымқыру фактісі "жай ғана қаржылық қылмыс емес, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретін жағдай" деді.

Бұған дейін билік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан өтірік пациенттерге, өмірде жоқ адамдарға ақша жұмсалғанын анықтаған. Кейбір фактілерде 768 мың ер адамға жатыр мойны қатерлі ісігіне «скрининг жасалғаны» белгілі болған. Үкімет енді бұл қорды Қаржы министрлігіне тапсырмақ.
👍34🔥3🤪3
⚡Қазақстанда Қазақстан халқы ассамлеясы мен Ұлттық құрылтай жойылып, оның орнына Халық кеңесі құрылады. Халық кеңесінің жиыны жылына бір рет өтеді. Бұл туралы Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда айтылды.
❤24👍22👎4🔥2🤡1
⚡Қазақстанда вице-президент қызметі пайда болады. Вице-президентті президенттің өзі тағайындайды.
🤔16❤15👎9🤡7👍1😁1
❗Тоқаев жаңа қабылданған Салық кодексін түзетуді тапсырды.
❤16😁11👍7🤔3
⚡Мемлекеттік кеңесші қызметі жойылады. Қазір бұл қызметті Ерлан Қарин атқарады.
👍23😁11😱2🤡2
❗Тоқаев Шымкентте кісі қолынан Нұрай Серікбаеваның ісіне байланысты ішкі істер министріне Шымкент қаласы полиция департаментінің әрекетін тексеруді тапсырды. Бас прокурор да бұл мәселені тексермек.

🔸Нұрайдың оқиғасы

11 қаңтарда студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қаза болды. Күдікті — Нұрайдың танысы. Марқұмның жақындары Нұрай күдіктімен былтыр жазда тойда танысқанын айтқан. Көп өтпей жігіт сөз салып, қазан айында еркінен тыс алып қашқан. Бұл некеге қыз да, оның отбасы да қарсы болған. Қызды полиция көмегімен жігіттің үйінен алып кетіп, артынша арызданған. Бірақ күдікті қайта мазаламайтынын айтып уәде еткендіктен, кешірім берген. Алайда аңду, қорқытып-үркіту тоқтамаған.

Бұл бойынша ата-анасы қалалық прокуратура мен полиция департаментіне арызданғаны айтылады. Нұрайдың туысы "прокуратура мен полиция бұл арыз бойынша жұмыс жүргізбеді" деген еді. 11 қаңтар Нұрай дүкеннен ұн алуға шыққан оны үйін торуылдап жүрген күдікті ұстап алып, артынан қуып, пышақтап кеткен.
👍24❤5😱2🌚1
⚡Бір палаталы парламент бес жылға сайланбақ. Бұл туралы Ұлттық құрылтайда Тоқаев мәлімдеді.
👍19👎4🤡3🔥2