Оның сөзінше, Жамбыл ауданында тұратын ата-анасына да полиция барып “ұлыңыз жазбасын өшірсін, ол ауылға кір келтіріп жатыр” деп айтқан.
Әзірге полиция түсініктеме бермеді.
Бұған дейін Түркістан облысында "Трамп, Қазақстанға назар сал" деген жазуы бар плакатты ұстап түскен суретін жариялаған Бағдат Тоғыспаев есімді азамат бес күнге қамалған. Ресми ақпарат бойынша, оған белсендінің былтыр қазанда салынған айыппұлды төлемегені себеп болған.
Қамауда отырған "Атажұрт" белсенділерін босатуды талап еткен әлеуметтік желідегі акция келесі аптада Талдықорғанда басталатын сот қарсаңында жүріп жатыр. “Атажұрттың” 19 белсендісіне “ұлтаралық алауыздық қоздыру” бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23👎18🤬9❤1😱1🍾1
Тоқаев Қазақстан қарулы күштері бас штабының бастығын ауыстырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан қарулы күштері бас штабының бастығы Сұлтан Камалетдиновті қызметінен босатып, бұл қызметке Қаныш Әубәкіровті тағайындады. Бұған дейін Әубәкіров қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым бойынша орынбасары болған.

😁10💩6❤3🤔3👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қырғызстанда сауда орындары мен дүкендерден қырғызша сөйлеуді талап еткен блогер істі болып жатыр. Оның «Куликов» кондитерлік дүкені қызметкерлерінің қырғызша сөйлемегені жайлы видеосы елде тіл дауына түрткі болды. «Куликов» блогердің үстінен арыз жазған, бірақ жақында екі тарап татуласқан. Қырғызстандағы тіл дауының анық-қанығы
👍24🤬10❤4😱2🤮1🤡1
Иранда он мыңдаған адам көшеге шығып, 1979 жылғы революциядан бергі ең ірі наразылық өтіп жатқан шақта АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға "жаңа билік" қажеттігін айтты.
Трамп сонымен бірге кейінгі 37 жылда Ирандағы билікті уысында ұстаған Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеиді де ашық сынады. Бұған дейін Хаменеи де әлеуметтік желіде АҚШ президентіне шүйліккен еді.
Толығырақ оқимыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍35👎3🔥3❤2😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейдің сыртқы істер министрлігі алты күн өткенде кремльшіл пропагандист Владимир Соловьевтың Орталық Азияда “арнайы әскери операция” бастауды қарастыру керек пе?!” деген даулы мәлімдемесіне жауап берді. Мекеме тележүргізушінің сөзі ресми позицияны білдірмейді деді.
💩31🤬16🤮4👍2👎2👏2🤡2😡2😁1🤯1
Кавказ.Реалии сайтының жазуынша, файлдың метадеректеріне қарағанда, ролик жол апаты болмай тұрып бір күн бұрын түсірілген. NIYSO оппозициялық қозғалысының жазуынша, Қадыровтың жақындары сол видеоны түсірілген күні-ақ жариялаған.
16 қаңтарда Шешенстан басшысының ұлы жол апатына ұшырағаны хабарланған еді. Кавказ.Реалии дереккөзінің айтуынша, 18 жастағы Адам Қадыров көліктерді бірінен кейін бірін басып оқып, қатты жүрген, рөлде Адам Қадыровтың өзі болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡24🤣15🖕6❤4🤔3🥱1
Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз мұнай-газ кенішінде өрт болды. 18 қаңтарда сағат 9:55-те Теңіз кенішінің үшінші буындағы учаскесінде өрт шыққан. Бірінші және екінші газ турбина генераторлар арасындағы трансформатор өртенген. Ақпаратқа қарағанда, ешкім зардап шекпеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬18
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық танымал әнші Yenlik (Еңлік Құрарбек) германиялық танымал Colors музыкалық шоуында ән айтты. Бұл беделді жоба әр елдегі танымал әртістердің өнерін әлем аудиториясына таныстырады.
🔥50❤11👎5👍1
"Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Бесеуі түрлі деңгейде жарақат алды, олардың үшеуі – өртке қарсы қызмет өкілдері. Зардап шеккендердің бәрі медицина мекемесіне жеткізілді", – деп хабарлаған Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢11🤯4🔥3😱2🙏1
Оның сөзінше, жексенбіге қараған түні Ресей әскерінің шабуылдары салдарынан ондаған адам зардап шеккен, арасында бір бала да бар. Кейінгі деректерге сәйкес, екі адам қаза тапқан. Жалпы 18 қаңтарға қараған түні Ресей Украинаға 201 дронмен шабуыл жасаған, оның 167-сі жойылған.
Харьков қаласында, облыстық прокуратураның мәліметінше, жеке тұрғын үйге дрон түскен. Салдарынан 20 жастағы әйел қаза тауып, тағы бір жергілікті тұрғын жараланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬20😢8👎2
💵 АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі "Бейбітшілік кеңесінен" тұрақты орын алғысы келетін елдерден кемінде 1 миллиард доллар көлемінде жарна төлеуді талап етіп отыр. Мұны топтың жарғы жобасымен танысқан Bloomberg агенттігі жазды.
Құжатқа сәйкес, жарғы күшіне енгеннен кейінгі алғашқы бір жыл ішінде жарна төлеген мемлекеттер тұрақты мүше құқығына ие болады. Ал өзгелері үш жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады. Жарғы жобасында Дональд Трамп "Бейбітшілік кеңесінің" алғашқы төрағасы болатыны және ұйымға кімді шақыру керегін өзі шешетіні көрсетілген. Сонымен қатар ол, егер кеңеске қатысушылардың үштен екіден астамы қарсы болмаған жағдайда, мүше елдерді кеңес құрамынан шығару құқығына да ие болады.
Кеңесте шешім көпшілік дауыспен қабылданады, әрбір мүше мемлекет бір дауысқа ие. Алайда құжатта атап өтілгендей, қабылданған барлық шешімді төраға мақұлдауы тиіс.

😁18🤷9🤔4❤3🤮1👻1
Норвегияда орналасқан Iran Human Rights құқық қорғау ұйымы наразылыққа қатысқан кемінде 3428 адам қаза тапқан дейді.
Түрлі құқық қорғаушы топтар қаза тапқандар одан да көп деген дерек келтіреді. Құқық қорғаушы ұйымдар құрбан болғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін, алайда елде интернет байланысы толық өшірілгендіктен ондай деректерді растау өте қиын дейді.
Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи наразылықтар барысында мыңдаған адам қаза тапқанын мойындаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬19❤3👍1
❗Тоқаев: Жаңа Конституция деуге болады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламентті реформалау жөніндегі жұмыс тобының отырысында алдағы уақытта Конституцияға біраз түзетулер енгізілетінін меңзеді.
"Парламент реформасын жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға мүмкіндік береді" деді ол.
Бұған қоса, Тоқаев ертең, 20 қаңтарда өтетін Ұлттық құрылтайда "ел тағдырына қатысты бұл мәселе бойынша нақты пікірін айтатын" жеткізді. Ол "заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет" дейді.

🤡16🤔6👍4💩4👎1
Жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы мәлімдемекші. Кезінде билік қоғаммен арадағы диалог алаңы ретінде құрған құрылтай шын мәнінде қоғам үшін маңызды мәселелерді талқылайтын диалог алаңына айналды ма?
🔗Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩8🤷♂6🤨5😁2🔥1
Депутаттың 2023 жылға арналған декларациясында бұл мүлік туралы ешқандай мәлімет болмаған еді. Ол кезде депутаттың ресми жылдық табысы 1,9 млн сомға (21,7 мың доллар) тең болған. Оған қоса иелігінде жалпы аумағы 3972,37 шаршы метр болатын тұрғын үй бар екенін көрсеткен еді. Ал жақын туыстарының табысы мен шығыстары туралы ақпарат құжатта мүлде болмаған.
Шаирбек Ташиев 2021 жылы Жалал-Абад облысындағы бір мандаттық округтен Жогорку Кеңеш депутаты болып сайланған. 2025 жылы ол Манас қаласы мен Созақ ауданының бір бөлігін қамтитын округте өткен сайлауда жеңіске жетіп, қайтадан депутат атанды. Оның ағасы – Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Қамшыбек Ташиев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤3👍2😱2👎1
El País басылымы апат салдарынан кемінде 73 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған, соның 24-і айтарлықтай зардап шеккен деп жазды.
Медиа дерегінше, Малагадан Мадридке кетіп бара жатқан Iryo компаниясының пойызы рельстен тайып кетіп, соңғы вагондары (алтыншыдан сегізіншіге дейін) қарсы бағыттағы жолға аударылып қалған. Сол сәтте ол жолмен Мадридтен Уэльваға бара жатқан Alvia (Renfe) пойызы келіп қалған. Соқтығысқан сәтте пойыз сағатына 200 шақырым жылдамдықпен келе жатқан деп жазады басылым. Қаза тапқандардың бірі – Alvia пойызының машинисі. Пойыздың рельстен тайып кетуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱12😢3🙏2👍1
📚Қазақстанда жеке мектептерді ашуға талап өзгереді
Қазақстанда жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматыдағы жеке мектептер өкілдерімен кездесуде айтты.
Не өзгереді?
Енді Қазақстанда жеке мектептер нақты қажеттілік туындаған өңірлерде ғана ашылады. Министрліктің айтуынша, лицензия үш ауысымды мектептерді, апатты жағдайдағы білім орындарын алмастыру үшін мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерге ғана беріледі.
Жеке мектептердің иелері білім сапасына, ұстаздардың біліктілігі мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік алады. Ал мектеп директорларын құрылтайшылары тікелей тағайындай алмайды. Директор тағайындағанда министрлік пен жергілікті білім бөлімдерінің келісімін алу керек.
Қанша жеке мектеп бар?
Қазақстанда кейінгі кезде жеке мектептердің саны артқан. Елде 890 мектеп лицензия алған.
Бірақ қоғамда жеке мектептердегі бағаның қымбаттығына қатты түрлі пікірлер айтылған. Қазақстандағы кейбір халықаралық мектептерде жылдық оқу ақысы 18 миллион теңгеге барады. Мемлекеттік субсидия есебінен шығынын жауып отырған жеке мектептердің бір бөлігі ата-анадан ақша алмай, тегін білім береді. Бірақ ел бойынша шәкіртті оқуға іріктеп қабылдау жүйесін енгізді. Мемлекеттік "ҚазАқпарат" агенттігінің дерегінше, 2024 жылы жеке секторда оқитын балаларға үкімет бөлген қаржы 185 миллиард теңгеден асқан.

👍10❤4👎3🤔3😱1
🔗Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28😁5🤡5❤4🔥2👎1🤮1