Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
❤️ Азаттық радиосы Алматыдағы Қытай бас консулдығының Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жолдаған дипломатиялық нотасын қолға түсірді. Онда былтыр 13 қарашада белсенділер ұйымдастырған наразылық "Қытай Халық Республикасының абыройына қарсы ашық арандату және Қытай коммунистік партиясының, сондай-ақ Қытай басшысының беделіне тіл тигізу" деп сипатталып, Қазақстан билігінен "[оқиғаны] жан-жақты тергеуді" талап етеді.

"Араздық қоздыру" бабымен күдікті деп танылған "Нағыз Атажұрт" еріктілерінің соты 23 қаңтар күні Талдықорғанда өтпек. Азаттық радиосының қолында бар құжатқа сәйкес, Қытайдың мұсылман ұлттарға қатысты саясатына наразылық білдірген 19 белсендіні қудалауға ресми Пекиннің қысымы себеп болған.
🔗Толық мақаланы Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬25💩5❤1👍1👏1
❤️ "Агенттер арандатуы", азаптау мен түрме

О
ралбек Өміров "терроризмді насихаттады" деген айыппен 2018 жылы желтоқсанда сотталып, 6 жыл 10 ай қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтеп, былтыр бостандыққа шыққан. Өзіне тағылған айыпты мойындамаған Өміров тергеу кезінде азапталғанын, салдарынан соқыр болып қалғанын айтады.

🎥Азаттық түсірген видеосюжетті көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13😱9🤯2
🗣 Макрон "күштінің сөзі жүретін" заман жайлы айтты

20 қаңтар күні Швейцарияның Давос қаласында басталған Дүниежүзілік экономика форумында сөйлеген Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамптың кейінгі іс-әрекеттері мен мәлімдемелеріне қарсы уәжбен баға берді. Әйткенмен Трамптың өзіне тікелей сын айтпады.

Макрон әлемде қалыптасқан ережелер жойылып, тек күштінің сөзі жүретін заман тууы мүмкін деп алаңдайтынын айтты. Ол қара күш емес, заң үстемдігі болғанын жақтайтынын мәлімдеді. Макрон Трамптың Гренландияға қатысты талаптарын да, АҚШ-тың еуропалық сегіз елге баж салығын енгізетіні туралы сес көрсетуін де қабылдай алмайтынын тағы қайталады. Сонымен бірге ол одақтастарды "анағұрлым қуатты әрі тәуелсіз Еуропа" құру жолында бірлесе әрекет етуге үндеп, НАТО ұйымын сынға алды. Альянстың қазіргі ахуалы көңіл көншітпейді деді Франция президенті.

Көзіне қара көзілдірік тағып алып сөйлеген Макрон (ол бұған дейін жұрт алдына көзі қабынған күйде шыққан еді) осы форумға қатысатын Дональд Трамппен жеке кездесу жоспарым жоқ деп мәлімдеді. Ал Трамп пен еуропалық өзге лидерлердің сөзі жөнінде толығырақ Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20❤2
💬 Давосқа ұшып шыққан Трамп мінген ұшақ кері оралды

Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияға ұшып шыққан АҚШ президенті Дональд Трамптың ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай "электр жүйесіндегі ұсақ ақауға" байланысты Мэриленд штатындағы Эндрюс әскери базасына қайта оралған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитттің айтуынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай экипаж "сақтық үшін" кері қайтқан жөн деп ұйғарған. Ұшақтың бірнеше жарық шамы істемей қалған. Трамп Швейцарияға басқа ұшақпен аттанады деп айтылды.

АҚШ президенті мен оның кабинет мүшелері Давоста еуропалық лидерлермен бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр деген ақпарат болған. Келіссөздердің негізгі тақырыбы – Гренландия жайлы болмақ деген болжам айтылған. Трамп АҚШ қауіпсіздік мүддесіне байланысты бұл аумақты өз бақылауына алуы тиіс деп есептейді.
🔗Оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎11🔥4❤1👍1
АҚШ Кариб теңізінде Венесуэла мұнайы тиелген жетінші кемені ұстады

Сейсенбі, 20 қаңтар күні АҚШ әскери күштері Венесуэла жағалауына таяу маңда тағы бір кемені қолға түсірді. Венесуэла мұнайын тиеп алған Sagitta танкері – былтырғы желтоқсан айының басынан бері санкцияларды мойынсұнбай әрекет еткен танкерлерді бұғаттау операциясы аясында АҚШ жағалау күзеті ұстаған жетінші кеме болып отыр.

"Санкцияға ұшыраған кемелерге президент Трамп енгізген шектеуді бұзған кезекті танкердің ұсталуы Венесуэладан заңды әрі келісілген мұнайды ғана шығаруды қамтамасыз етуге деген табандылығымызды айқын көрсетеді", – делінген АҚШ-тың Оңтүстік әскери басшылығы таратқан мәлімдемеде.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, теңізде Либерия туын көтеріп алып жүзген Sagitta танкеріне иелік ететін компания Гонконгта тіркелген. Кеме 2022 жылы Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кейін енгізілген америкалық санкциялар тізіміне енгізілген. Танкердің қай жерде екенін дәл көрсететін транспондері осыдан екі ай бұрын кеме Балтық теңізінен шыққан кезде белгі бергеннен кейін өшірілген.
🔗Оқыңыз
👍16❤3🤬1
Жапон экс-премьерін өлтірген адам өмір бойына түрмеге қамалды

Жапония соты бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэні өлтірген деп айыпталған 45 жастағы Тэцуя Ямагамиге өмірлік түрме жазасын кесті. Ямагами 2022 жылы Нара қаласында өткен сайлауалды науқан кезінде Абэге қолдан жасалған қарудан оқ атқанын сотта мойындады. Ауыр жараланған Абэ ауруханада көз жұмған.

Адвокаттар Ямагами діни топ тарапынан қысым мен зорлық-зомбылық көрген, ал Синдзо Абэні өлтіруге "қайғы-қасіретке толы балалық шағы" себеп болған деп түсіндірген. Ямагамидің өзі Абэні "Бірігу шіркеуі" атты діни ұйымына қатысы бар деп есептегенін мәлімдеді. Айыпталушының анасы осы діни ұйымға қайырымдылық көмек ретінде 100 миллион иенге жуық (шамамен 633 мың доллар) ақша берген. Мұның аяғы отбасының қаржыдан айырылып, күйреуіне себеп болған.

Ямагамидің ісі "Бірігу шіркеуінің" ішіндегі жағдайларға қоғам назарын аудартты. Тергеу деректеріне сәйкес, ұйым мүшелерін садақа беруге мәжбүрлегені анықталған.

Билік діни ұйымның іс-әрекетінен 169 адам зардап шеккен, ал келтірілген материалдық шығын көлемі – шамамен 2,4 миллиард иен дейді. Сот "Бірігу шіркеуін" діни ұйым мәртебесінен айырып, оны тарату туралы шешім шығарды. Бұған қоса Жапонияда қайырымдылық көмек жинаған кезде манипуляция амал-тәсілдерін шектейтін заң қабылданды.
🔗 Оқыңыз
👍11❤3🤔3🔥2
Қазақстанда қатты аяз кезінде Тәжікстанның 81 азаматы құтқарылды. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Не болды?

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласындағы қатты аяз кезінде автобус тоқтатылған. Автобуста Тәжікстанның 81 азаматы (17-сі бала) болған.

"Төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері мен полиция жолаушыларды эвакуациялап, адаптация орталығына және қаладағы қонақ үйге орналастырды. Жолаушыларға көмек көрсетілді. Эвакуацияланған адамдар құтқарушыларға көмегі үшін алғыс айтты" деді министрлік хабарламасында.

Мигранттар қайда кетіп бара жатқан?

Тәжікстан азаматтары қайда кетіп бара жатқаны айтылмады. Әдетте Тәжікстан азаматтары автобуспен Қазақстан арқылы Ресейге барады. Ұшақ билетінің қымбаттығына байланысты мыңдаған тәжікстандықтар Ресейге автобуспен қатынауға мәжбүр.
👍19❤3🔥3😁1
❗Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф 22 қаңтарда Ресей президенті Путинмен кездесетінін мәлімдеді.

Уиткофф CNBC арнасына берген сұхбатында кездесу Путиннің бастамасымен болатынын айтты. Бұл кездесу өтетінін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та растады.
👎24👍4🔥2🤮2👻2😁1
🔸Балалардың желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасы жасалды. Не белгілі?

Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасын жасады. Бұл туралы ведомство басшысы Аида Балаева мәлімдеді.

Оның сөзінше, заң жобасы сарапшылардың бағалауынан өткен және қоғамдық талқыға шығарылған. Оқу-ағарту министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі шектеу қою жолдарын, жасөспірімдердің жасын тексеру механизмін жасамақ. Бұған қоса, заң бұзған жағдайда қандай жаза қолданылатыны да талқыланады.

20 қаңтардағы Ұлттық құрылтайда мәжіліс депутаты Сергей Пономарев балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды ұсынған еді.

2025 жылы желтоқсанда Австралияда 16 жасқа дейінгі балаларға оннан аса әлеуметтік желіге, соның ішінде Facebook, Instagram, TikTok, X, Snapchat және YouTube-қа кіруге тыйым салған. Австралия билігі шешімін "балаларға қарсы зорлық-зомбылықпен күресу және балалардың желіге тәуелділігін алдын алу" деп түсіндірген.
👍28❤4🔥3
❗АҚШ президенті Дональд Трамп «Вашингтон Гренландияны алу үшін әскери күш қолданғысы келмейді» деді. Бірақ ол Гренландияны АҚШ-қа беру туралы келіссөзді «тез арада» бастағысы келеді. Бұл туралы Трамп Давостағы Дүниежүзілік экономика форумда айтты.
🤡18👍3👎2🔥2❤1🤪1
Azattyq - Азаттық
❗Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф 22 қаңтарда Ресей президенті Путинмен кездесетінін мәлімдеді. Уиткофф CNBC арнасына берген сұхбатында кездесу Путиннің бастамасымен болатынын айтты. Бұл кездесу өтетінін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та растады.
⚡Трамп бейсенбіде Давоста Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесетінін айтады. Бұған дейін Зеленский «Киевте мыңдаған үй жылусыз, жарықсыз отырғандықтан Давосқа барудың орнына елде қалуды таңдағанын, бірақ маңызды келіссөздер болса баратынын» мәлімдеген.
👍15🤔5🤡2❤1🤷1
Azattyq - Азаттық
Тоқаев Конституциялық комиссия құрды Қазақстанда парламент реформасы талқыланып жатқан тұста президент Тоқаев Конституциялық кеңес құрғанын жариялады. Ал референдум уақыты Конституциялық комиссия өзгерістер жобасын анықтаған соң жарияланбақ. 2022 жылғы…
❗Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бұл комиссия құрылатыны жайлы Тоқаев 20 қаңтардағы Ұлттық құрылтайда айтқан.

Комиссияның 100-ден астам мүшесі болады. "Құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар кіреді" деген еді Тоқаев. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.

Президент "комиссия Конституцияға өзгерістер мен парламент реформасына қатысты барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейтінін" айтқан. Сол жоба әзірленген соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақыт белгіленеді.
💩19🔥6🤯5👎2❤1
🔴Досым Сәтпаев: Жұртты саяси ойындардан гөрі қалтасының қамы алаңдатады

Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде бір палаталы парламентте 145 депутат болатынын, парламент партия тізімімен жасақталатынын мәлімдеді. Бұған қоса, елде вице-президент лауазымы пайда болады. Ал Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы ассамблеясы тарап, оның орнына 126 адамнан тұратын Халық кеңесі құрылады. Вице-президентті де, кеңестің 126 мүшесін де президент тағайындамақ. Бұл саяси реформалар халыққа қалай әсер етпек?

Азаттық Тоқаевтың ұсыныстарын саясаттанушы, "Тәуекелдерді бағалау тобының" директоры Досым Сәтпаевпен талқылады.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤12🤡5👎4🔥4💯3
💬Ресейлік генералдың өлімі: Өзбекстан азаматына өмірлік түрме жазасы берілді

Ресей соты генерал Игорь Кириллов пен оның көмекшісі Илья Поликарповты өлтірді деп айыпталған Өзбекстан азаматы Ахматжон Курбоновты өмір бойы бас бостандығынан айырып, бір миллион рубль көлемінде айыппұл салды. Сот Әзербайжан азаматы Роберт Сафарянға 25 жыл түрме жазасын берді. Ал ингушетиялық Батухан Точиев пен Рамазан Падиев 22 және 18 жылға бас бостандығынан айырылып, айыппұл төлеуге міндеттелді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬19⚡1❤1👍1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
55 жастағы Оралбек Өміров 6 жыл 10 ай қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтеп, былтыр бостандыққа шыққан. Ол 2018 жылы желтоқсанда “терроризмді насихаттады” деген айыппен сотталған. Өміров өзіне тағылған айыпты мойындамай, тергеу кезінде азапталғанын айтқан. Салдарынан соқыр болып қалдым дейді ол. Өміров өзін “КНБ агенттерінің белсенділерге қарсы арандатуына түсіп қалдым” деп есептейді. ҰҚК бұл туралы Азаттық сауалына жауап бермеді.
😱12🤬5
🗣Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар 2026 жылы ақпанның соңына дейін сол елден өз еріктерімен кете алады. Оларға айыппұл салынбайды және қайта елге кіруге тыйым салынбайды. Бұл жөнінде Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Бұл бағдарламаның Оңтүстік Кореяда қылмыс жасап, елден күштеп шығарылуы тиіс шетел азаматтарына немесе 2025 жылдың 1 желтоқсанынан кейін елге заңсыз келгендерге қатысы жоқ.

Сол елде заңсыз жүрген қазақстандықтар аталған бағдарламаға қатысуы үшін сондағы көші-қон кеңселеріне төлқұжат және ұшу билетімен барып, өз еркімен кету туралы өтініш беруі керек.

Былтыр министрлік Оңтүстік Кореяда жалпы 15 мың қазақстандық тұрып жатқанын, шамамен 11 мыңы заңсыз жұмыс істеп жатқанын айтқан еді.

Оңтүстік Корея Орталық Азияның еңбек мигранттары көп баратын елдер қатарына кіреді. Кореяға жұмыс іздеп кеткен қазақстандықтардың көбі ол елде Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда көп табыс табуға болатынын айтады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24👎2❤1😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Францияда прокатқа шықты. Фильм Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары колхоздар тарап, жекешелендіру саясаты кезіндегі әділетсіздікті көрсетеді.
👍30🔥5❤2
🗣Теңіз кенішінде өрттен кейін ТШО мұнай тасымалдауға қатысты форс-мажор жағдай қалыптасқанын мәлімдеді. Қазақстан энегетика министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия іске кіріскенін хабарлады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬12
💬 Нұрай Серікбайдың қазасы: "салғырттық танытқан" полиция қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды

Іс жәбірленуші жақтың өтініші бойынша некеге мәжбүрлеу бойынша істі тіркемеген полиция қызметкерлеріне қатысты.

🗣"Сол күні (президенттің бұйрығы шыққан кезде - ред.) министрлік тәртіптік комиссия аясында Шымкент қаласының полиция бастығы, оның орынбасары, полиция департаментінің бастығы қызметтерінен босату, сонымен бірге жәбірленуші жақтың шағымы бойынша істі қозғамаған лауазымды тұлғаларды теріс негіздер бойынша жұмыстан босату туралы шешім қабылдады" деді ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍33🔥4💩2❤1
🔴"Қаулап өсіп жатыр". Қазақстанда қымбатшылық күшейіп, табыстың көп бөлігі тамаққа кетіп жатыр

Қазақстандықтар кедейленіп барады: ресми статистикаға қарағанда, халықтың табысы азайып, азық-түлікке кететін шығын өсіп отыр. Бұған 2026 жылы салықтың артқаны да әсер етіп отыр.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡37👍9🤬9