Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Azattyq - Азаттық
Алматы қалалық сотының маңында полиция көліктері де көрінеді. Жедел жәрдем көлігі де тұр.
Мирболат Мырзатайұлы сот залына әкелінбеді. Сот алқасы оны сотқа қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Айтуларынша, апелляциялық шағымды қорғаушылар жағы түсірген.

Бұған дейін қорғау жағы апелляциялық қаулы шықпай жатып, Мырзатайұлы Тараздағы абақтыға ауыстырылғанын хабарлаған еді.
😱20🔥4👎2🤬2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сот алқасы, прокурор мен Бишуиновтың қорғаушысы әрі әйелі Гүлшат Бишуинова бір залда. Адвокаттар сотқа онлайн қосылды. Ал блогердің жақтастарына арнайы екі зал бөлінген. Екі зал да лық толы. Мирболатты қолдауға тіл жанашырлары азаматтық белсенділер келді
❤20👍8🔥5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иранның Решт қаласындағы наразылықта қаза тапқандардың мәйіттерінің видеосы желіде тарап кетті. Қаңтардың басында Ирандағы билікке қарсы наразылықта биліктің күштері наразыларға оқ атқаны айтылады. Ал АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists in Iran ұйымы наразылықта 5800-ден аса адам қаза болды дейді.
😨15🤬7🕊4
АҚШ ұшақ тасығыш кемесі Таяу Шығысқа жетті. Иранға соққы жасала ма?

Таяу Шығысқа АҚШ әскерінің шоғырлануы Иранға соққы жасала ма деген сұрақты күшейтті. Вашингтон әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ дегенімен, сарапшылар жағдайдың ушығу ықтималдығы жоғары деп отыр.

🔗Толығырақ оқыңыз
👍24🔥7❤4👎3🤔2🤬1
Azattyq - Азаттық
Мирболат Мырзатайұлының сотында бір сағатқа үзіліс жарияланып, жұрт сыртқа шықты. Сот алдында жақтастары “Мирболатқа бостандық!” деп айқайлады.
⚡Алматы қалалық сотының сот алқасы Мирболат Мырзатайұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

Прокурор өз сөзінде блогер тілге қатысты “арандату сипатындағы сұрақтар қойып”, “тіл білмегені үшін” мекеме жетекшісін қызметтен босатуды талап етті деді. Ал қорғау жағы бірінші инстанцияда шыққан сот үкімінің күшін жойып, блогерді ақтауды сұрады.

Былтыр қарашада бірінші инстанциядағы сот Мирболат Мырзатайұлын “Алауыздық қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырған.
🤬30😡13😢3
❗Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қызметінен босатты.

Жақыпова бұл қызметке 2023 жылы қыркүйекте тағайындалған еді.
😁16🤔7
❗КҚК-ға шабуыл жайлы жазбалардан терроризмге шақыру белгілері анықталған жоқ

Украинаның Каспий құбыр консорциумына (КҚК) шабуылын қолдаған қазақстандықтардың жазбаларында мемлекетке сатқындық пен терроризмге шақыру белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы 27 қаңтарда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Tengrinews сайтының жазуынша, Балаева мұны депутаттық сауалға жауап ретінде айтқан.

🔹Айдос Сарымның шағымы

2025 жылы 17 желтоқсанда депутат Айдос Сарым Бас прокуратура мен Мәдениет және ақпарат министрлігінен Каспий құбыр консорциумына шабуылдауға үгіттегендердің сөзіне "терроризмді насихаттау" және "мемлекетке опасыздық жасау" баптары аясында құқықтық баға беруге шақырған. Сарым депутаттық сауалында Қазақстан үшін аса маңызды инфрақұрылым нысанына шабуылды желіде ашық "қолдайтын және құптайтын жазбалар жарияланып жатыр, бұл ұлттық мүддеге соққы боп тиеді" деген.

Осыдан соң Астананың полиция департаменті "Әлеуметтік, ұлтаралық араздық қоздыру" бабымен қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындаған.

🔹КҚК-ға жасалған шабуыл

29 қарашада Украина теңіз дрондарымен Ресейдің Қара теңіздегі танкерлері мен мұнай инфрақұрылымына шабуыл жасаған. Осы кезде КҚК-ның портына да дрон түскен. Cалдарынан мұнай айдайтын үш құрылғының бірі істен шыққан. Бұл шабуылдан соң Қазақстан Украинаға қарсылық білдірген еді. Украина СІМ шабуыл Қазақстан немесе басқа үшінші елге бағытталмағанын, бар мақсаты – басқыншының әрекетін тежеу екенін айтқан.

КҚК мұнай құбырының ұзындығы – 1500 км. Бұл құбыр арқылы Еуропаға тасымалданатын мұнайдың 80 пайызы Қазақстанда өндіріледі. Мысалы 2024 жылы КҚК арқылы 68,6 млн тонна мұнай экспорттаған, оның 55 млн тоннасы – Қазақстан өнімі.
👍17😁7❤5🕊2
Azattyq - Азаттық
❗Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қызметінен босатты. Жақыпова бұл қызметке 2023 жылы қыркүйекте тағайындалған еді.
❗Тоқаевтың жарлығымен Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Ертаев 2024 жылдан бері осы ведомствода вице-министр қызметін атқарып келген.
🤔16💩5🖕3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💬 "Атажұрт" соты алдында ұйым мүшелері полиция қысымына шағымданды

29 қаңтарда жалғасатын "Атажұрт" соты алдында тіркелмеген ұйымға мүше азаматтар өздерін полиция бөліміне шақырып жатқанын хабарлады. Кейбірінің үйіне полиция да барған.

Солардың бірі Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында тұратын – Шаймұхамбет Алдажаров. Оның сөзінше, жергілікті полиция бүгін күндіз үйіне келген.

"Екі көлік келді. Бірі – полиция көлігі, бірі – полицияныкы емес. Ол ар жағында тұрды. Сол басқарып тұрғандай көрінді. 29 қаңтар күні "сот жабық өтетінін білесіз бе?" деді. "Иә, білемін" дедім. "Ол жерге барып, айқай-шу шығарсаңдар, жаза қолданады. Соны ескертіп жүрміз. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз" деді. Әлгінде сот ашық болады деп бардық қой. Сүйтіп, жеке куәлігімізді беріп, тіркелдік. Ашық сот болады, кіресіңдер дегеннен кейін. Сол жеке куәлік деректерін бергендердің барлығын мазалап жүрген сияқты" деді Шаймұхамбет Алдажаров Азаттыққа.

Алдажаровтың Азатыққа жіберген видеосында оның үйінің маңында полиция көлігі мен тағы сұр түсті көлік тұрғаны көрінеді. Полиция сол көліктегілермен "ақылдасқаннан" кейін Алдажаровқа жақындап "тағы бір азамат бар екен, (аты-жөнін айтады) соны білесіз бе?" деп сұрайды. Ал Алдажаров оны танитынын, бірақ үйін білмейтінін жеткізеді.

Осыған ұқсас оқиға Алматы облысы Шелек ауылында тұратын "Атажұрт" мүшелерінің бірінде де болған. Азаттық полициядан жауап алуға тырысып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬24❤4🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңаөзенде белсенді Әсет Әбішев 15 тәулікке қамалды

Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда, полиция қызметкерлері белсендіні Маңғыстау облысы Жаңаөзенде жүрген кезде бөлімшеге алып кетіп, ізінше сот өткен.

"Белсенділер экстремист емес" тобының хабарлауынша, сот кешкі 8-ден бастап, түнгі 1.45-ке дейін созылған. Сот шешіміне қарағанда, белсендінің қамалуына былтыр сәуірде Степногорск түрмесі маңында Марат Жыланбаевты қолдау шарасы түрткі болған.

Видео: "Белсенділер экстремист емес" тобы
🤬25😡2
❗Жамбыл облысында сарбаз қаза болды. Не белгілі?

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз 27 қаңтарда қаза тапты. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, солдат қарудан өзіне оқ атып алған. Бұл іс бойынша ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеу бастап, жедел тергеу тобы құрылған. Солдаттың қазасын бас прокурор қадағалауына алып, Жамбыл облысындағы сарбаз қаза тапқан бөлімшеге прокурордың орынбасары, бас әскери прокурор, ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаментінің басшысы жіберілген.

🔹Бас прокуратура әскери бөлімшелерді тексермек


23 қаңтарда Өскемендегі әскери гарнизонда да бір сарбаз қаза болған. Құрлық әскері қолбасшылығы сарбаз қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарудан өзіне оқ атып, алған жарақаттан көз жұмды деген.

Әскерде сарбаз өлімі жиілеген тұста бас прокуратура елдегі әскери бөлімдердің қауіпсіздігі тексерілетінін мәлімдеді.

«Әскерге алынған сарбаздардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздік мәселесі жақын арада бас прокуратураның арнайы коллегиясында қаралады» деп мәлімдеді бас прокуратура.

🔹Әскери борышты өтеуге қарсылық

Кейінгі кезде Қазақстанда сарбаздар арасында өлім-жітім жиілеп барады. Қазақстан ер азаматтарды әскери борышын өтеуге міндеттейтін елдер қатарында. Сондай-ақ елде келісімшарт негізінде қызмет ету тетігі қарастырылған. Әскердегі қайғылы оқиғалар көбейген тұста толықтай келісімшарт үлгісін көшуге үндегендер болған. Бірақ қорғаныс министрлігі толықтай келісімшартқа өту бюджетке үлкен салмақ түсіретінін айтқан.

Әскери бөлімшелер сарбаздардың өлімін көбіне суицидпен, жеке отбасылық мәселелермен және денсаулық жағдайымен байланыстырады. Бірақ марқұм болған солдаттардың туыстары мұнымен келіспей, балалары кісі қолынан қаза тапты деп күдіктенеді.

t.me/azattyq
🤬26😱7❤4😡2
Харьков облысында жолаушылар пойызына дронмен соққы жасалды

Харьков облыстық прокуратурасы 27 қаңтарда кешке Ресей әскері жолаушылар пойызына соққы жасағанын, оқиға орнында кемінде 5 мәйіт табылғанын хабарлады.

Украина президентінің айтуынша, ресейлік дрон түскен вагонда 18 адам болған. Жалпы пойызда 200-ден астам жолаушы болған. Зеленский қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Харьков облысы прокуратурасының дерегінше, екі дрон пойыз маңында жарылған, тағы біреуі вагонға түскен.
🤬31😢3