Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
⚡️Қазақстан билігі елден едел-жедел шығарып жіберген Александр Качуркинге Мәскеуде мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған. "Первый отдел" құқық қорғау жобасы ақпараттық технологиямен айналысатын 25 жастағы маман Қазақстаннан Ресейге жеткен бойда ұшақта тұтқындалған деп жазды.

Оның дерегінше, Қырымда туып-өскен Александр Качуркин – Украина азаматы. 2014 жылы түбекті Ресей аннексиялап алғаннан кейін Қырымның өзге де тұрғындары сияқты, кәмелетке жасы толмаған Качуркинге де Ресей азаматтығын күштеп таңған, кейінірек ол саяси себептермен Қырымнан Қазақстанға қоныс аударған дейді құқық қорғаушылар.

Качкуркин Алматыда тұрған және IT саласында инженер болып еңбек еткен. "Первый отдел" Қазақстан билігі Александр Качкуриннің үстінен екі әкімшілік заң бұзу дерегі бойынша - көшеде жол ережесін сақтамағаны және жабық мекемеде кальян тартқаны үшін хаттама толтырған дейді. Сотқа арыз 28 қаңтарда Алматының Бостандық аудандық полиция басқармасынан түскен.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬23💩4❤2
❗️Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи егер АҚШ Иранға шабуыл жасайтын болса, оның аяғы бүкіл аймақты қамтитын соғысқа ұласады деп мәлімдеді. Иран соғыс бастамайды және басқа мемлекеттерге шабуыл жасамайды, бірақ өзіне жасалған кез келген соққыға жауап қайтаруға дайын деген ол. Хаменеи мұны 1 ақпанда Ислам революциясының 47 жылдығына орай қоғам өкілдерімен кездескенде айтқан.

The Wall Street Journal басылымы Пентагон Таяу Шығысқа қосымша әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын орналастырып жатыр деп жазды. Бұл шаралар Иран шабуыл жасаған жағдайда Израильді, АҚШ-тың араб одақтастарын және аймақтағы америкалық әскери күштерді қорғауға бағытталған дейді басылым.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы америкалық әскери-теңіз күштерін күшейтуді бұйырған. Трамп ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерде ілгерілеу болмаса немесе Иран билігі елдегі наразылықтарды күшпен басып-жаншуды жалғастырса, Иранға қарсы әскери соққы жасау мүмкіндігін де жоққа шығармаған.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁14🔥7👍3🤮2
💬 2 ақпанда Өскеменде ауаның ластануына байланысты мектеп оқушылары түгелдей қашықтан оқу форматына ауыстырылды деп хабарлады облыстың білім басқармасы.

Өскемендік мектеп оқушылары өткен жұма, 30 қаңтар күні да ауаның ластануына байланысты қашықтан оқуға мәжбүр болған. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Өскеменде бір аптадан бері жел соқпай, қаланы өндіріс пен көлік түтіні басып қалған.

Осыған байланысты облыстың экология департаменті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқанын жариялады. Қала халқы әлеуметтік желіде "аулаға шығу мүмкін емес" деп жазып, видеолар жариялап жатыр.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬20🙊2❤1
🔸 Тәжікстанның Соғды облысына қарасты Шахристан ауданында шамамен 100 тұрғын қажыға баруға деп жинаған жиынтығы 320 мың доллардан астам қаражатты өз ауылдарын абаттандыру мен дамытуға жұмсаған.

"Біз ешкімге умраға барма немесе 15 мың сомони (шамамен 1600 доллар) садақа бер деп айтқан жоқпыз. Тұрғындар махалла мен жамағат басшыларына өздері осындай ұсыныс жасады", – деді аудан әкімі Рабим Ғафурзода баспасөз өкілдеріне.

Оның сөзінше, жиналған қаражат негізінен жолдар мен көпірлерді жөндеуге, электрмен жабдықтауды жақсартуға, балабақша және басқа да қосалқы мекемелердің жағдайын оңалтуға жұмсалған.

Тәжікстанда бұл – бір ауданның өзінде осыншама көп тұрғынның жеке қаражатын туған ауылын дамытуға бағыттап, қажылық сапардан саналы түрде бас тартқан сирек жағдайлардың бірі. Мұндай бастамалар елде кейінгі кезде жиілей бастаған. Бұл үрдіс ел президенті Эмомали Рахмон қоғам белсенділерімен кездесулерде азаматтардың Мекке мен Мәдинаға қайта-қайта қажылық сапарға баруын ашық сынағаннан кейін күшейген.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤29👍26🆒5🤮3😁2
❤️Қазақстанда әркімді цифрлық бақылауда ұстайтын жүйе құрылды

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов өткен аптада елдегі барлық тұрғындарға "цифрлық карта" ашылғанын айтты. Енді салық органдары жаңа жүйе арқылы азаматтардың кіріс-шығысын, кім қайда барғанын және өзге де деректерді толық біліп отыратын болды.

Әзірге жұрт арасында бұған наразы болып жатқандар бәлендей көп емес, ондайлар негізінен әлеуметтік желілерде ғана байқалады. Сын айтушылар бұл бастама жеке өмірге араласу қаупін күшейтеді деп санайды.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎26🤬11❤4💩3🙊2🔥1💯1
🔴 Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов 2 ақпан күні жаңа Конституция жобасын талқылауға байланысты өткізген кеңесте
"әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы бұрмаланған ақпарат таратқандарды жауапқа тартуды тапсырған". Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жұмыстарды үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелген.

31 қаңтарда үкімет сайтында кіріспе, 11 бөлім және 95 баптан тұратын жаңа Конституция жоба жарияланған. Азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, белсенділер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуінде Конституцияны өзгертуде асығыстық танытпауға шақырып, толымды қоғамдық талқылау жүргізу қажеттігін айтқан.

Сенбі күні Алматы әкімшілік соты "жалған ақпарат таратты" деп айыпталған қала тұрғыны Марат Әбдірахмановты кінәлі деп танып, 86 500 теңге (қазіргі бағам бойынша 170 доллар) көлемінде айыппұл салды. Сотта сөйлеген полиция капитаны Кипеков жауапкер жариялаған жазба "қоғамдық тәртіптің бұзылуына қолайлы жағдай жасайды" деген.

Марат Әбдірахманов 31 қаңтардағы жазбасында жаңа Конституция жобасын сынап, онда "президент пен құрылтайдың жауапкершіліктері" мүлде жазылмағанын, барлық міндет тек азаматтарға жүктелгенін, құқық тек "шенеуніктерде бар" деп жазған. Оның бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланған.
Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩21🌚8❤3👎3🖕2
«Конституцияда қазақ тілі ғана болсын» деген талап күшейді. Ресей факторы «қалқан» ба?

Конституцияның жаңа жобасында тіл туралы бапқа өзгеріс енбей қалғаны қоғамда қызу талқыланып жатыр. Жұрт орыс тілінің статусы туралы тармақты алып тастауды талап етіп, бұл әлеуметтік желіде үлкен науқанға айналып барады.
🔥83❤17😁3
Тоқаев Конституциясына сын мен мадақ — AzatNEWS l 02.02.2026

Қазақстанда Конституцияның жаңа жобасы жарияланды. Ішінде не бар? | Бір топ адам президентке жаңа жобаны осы күйінде қабылдамауды сұрап, үндеу жолдады.| Конституцияның жаңа жобасын мақтап жатқандар да, сынап отырғандар да аз емес.
👎29❤14💩7
🔴Қазақстан үкіметі елде екінші АЭС Алматы облысы Жамбыл ауданы аумағында салынады деп ресми түрде бекітті. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов 26 қаңтарда қол қойып, құжат күшіне енген.

Үкімет елдегі алғашқы АЭС те сол жерде салынады деп былтыр ақпанда қаулы қабылдаған.

Қазақстан барлығы үш АЭС салуды жоспарлап отыр. Алғашқы станцияны Ресейдің "Росатом" компаниясы жетекшілік ететін консорциум, ал екінші және үшінші станцияны Қытай компаниясы салмақ. Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев екі АЭС Алматы облысында, бір АЭС Батыс Қазақстанда орналасатынын айтқан.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬20❤5🙉4💩2
⚡️2 ақпанда Қазақстан полициясы ел аумағындағы Приозерск қаласында орналасқан ресейлік әскери базадан қашып кеткен Семён Бажуковты Ресейдің әскери қызметкерлеріне тапсырған. "Прощай, оружие" жобасының авторы Алексей Альшанскийдің айтуынша, Бажуков былтыр күзде Қазақстаннан пана сұраған.

"Медиазона" басылымы 1996 жылы туған Семён Бажуков 2022 жылы Ресейге кеткен, сол елдің азаматтығын алып (оған дейін азаматтығы жоқ тұлға болған), Ресей армиясы қатарына қосылған деп жазды. Анасының айтуынша, кейін ол Украинадағы соғысқа жіберілген. Сол жерде "жағдайдың мәнін түсінгеннен" кейін Бажуков әскери бөлімінен қашып шығып, Қазақстанға кеткен. "Медиазона" басылымы бұл оқиға 2023 жылы болған, содан бері Бажуков Ресейде іздеуде жүрген.

2025 жылғы қазан айында Семён Бажуков Қазақстаннан пана сұраған. Алайда 13 желтоқсанда оны жергілікті полиция ұстап, 17 желтоқсанда Ресейдің әскери полициясына тапсырған.

Альшанскийдің мәлімдеуінше, биыл 1 ақпанда құқық қорғаушылар Бажуковпен хабарласқанда, Семён енді бір күннен кейін өзін Ресейге әкеткелі жатқанын айтқан. Осыдан кейін Бажуков ресейлік әскери базадан қайтадан қашып шыққан. Бірақ Астанаға бара жатқан жолда қазақстандық полиция оны тағы да ұстап, кейін Ресей өкілдеріне тапсырған.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁14❤5👌5👍2🔥2
💥 Ресей бірнеше күндік үзілістен соң Украинаның энергетикалық инфрақұрылым нысандарын атқылауды қайта жалғастырды. Мұны 2 ақпанда өткен брифингте Украина энергетика министрінің бірінші орынбасары Артём Некрасов мәлімдеді.

Ол дүйсенбіге қараған түні Ресей күштері жасаған шабуылдар салдарынан Украинаның энергетика инфрақұрылымы нысандары зақымданғанын айтты. Некрастовтың сөзінше, Харьков, Сумы, Днепропетровск және Черкассы облыстарында тұтынушылар жарықсыз қалған.

Черкассы облысының билігі өңірге жаппай дрон шабуылы жасалғанын хабарлады.
🔗Толығырақ
🤬23❤4
🔺 АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатуға және мұнайды АҚШ-тан, сондай-ақ бәлкім Венесуэладан сатып алуды едәуір арттыруға келіскенін мәлімдеді.

"Бұл дәл қазір Украинада болып жатқан, апта сайын мыңдаған адам қаза табатын СОҒЫСТЫ АЯҚТАУҒА көмектеседі!"

– деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Трамп АҚШ өз кезегінде үнді тауарларына салынатын кеден бажын 25 пайыздан 18 пайызға дейін төмендетеді деді. Ол Үндістан да АҚШ-тан алатын тауарларға баж мөлшерін азайтуға ұмтылатынын айтты.

"Үндістанмен тамаша қарым-қатынасымыз болашақта одан әрі нығая түседі. Премьер-министр Моди екеуіміз – нәтижеге қол жеткізе алатын екі адамбыз, көп адам жайлы мұндайды айта алмайсың",

– деп жазды Трамп.

АҚШ президентімен келіссөз өткізгеннен кейін Нарендра Моди X әлеуметтік желісінде АҚШ-тың баж мөлшерін төмендететініне қуанышты екенін білдірді.

"Осы керемет мәлімдеме үшін Үндістанның 1,4 миллиард тұрғыны атынан президент Трампқа зор алғыс айтамын",

– деп жазды Моди.

Алайда оның жазбасында мұнай сатып алу жөніндегі келісім туралы ештеңе айтылмаған.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥19❤6👍6😡2
❤️ Президентті соттағаннан кім ұтады? Бұрынғы елші Дулат Бақышевпен сұхбат

Оңтүстік Кореяның кейінгі алты президентінің төртеуі сотты болды. Елді 2022-25 жылдары басқарған Юн Сок Ёль әскери төтенше жағдай жариялағаны үшін алдымен қызметінен кетіп, кейін 5 жылға бостандығынан айырылды.

АҚШ-та президенттер қылмысы әшкере болып, сотқа тартылғанымен, олардың түрмеге қамалған кезі болған емес. Қазақстанда президент институтына талап қандай? Азаттық осы және өзге сұрақтарды Қазақстанның Сеулдегі бұрынғы елшісі, Хангук университетінің профессоры Дулат Бақышевпен талқылады.
🎥Толық сұхбатты Азаттықтан көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤14🤔3
Azattyq - Азаттық
❤️ Президентті соттағаннан кім ұтады? Бұрынғы елші Дулат Бақышевпен сұхбат Оңтүстік Кореяның кейінгі алты президентінің төртеуі сотты болды. Елді 2022-25 жылдары басқарған Юн Сок Ёль әскери төтенше жағдай жариялағаны үшін алдымен қызметінен кетіп, кейін 5…
🔸 Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі, Хангук университетінің профессоры Дулат Бақышевпен сұхбаттың толық мәтінін Азаттық сайтынан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қызметінен босатылды. Бұл шешім шенеунік өз орынбасары, самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімхановпен төбелескеннен кейін қабылданды.

Сол сияқты Дәурен Есімханов та басқармадағы қызметінен босатылды.

Басқарма басшысы қызметінен кеткен Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

21 қаңтарда Сәпиев пен Есімханов өзара жанжалдасып қалып, оның аяғы қақтығысқа ұласқан. Екеуі кейінірек жанжалға байланысты пікір білдірген, оны мына сілтемеден оқыңыз
👍17💩5🤬2
Аязды түндегі шабуыл, метроға тығылған тұрғындар | Соғыс жаңалықтары

Ресей зымырандары мен дрондары Киев пен басқа қалаларды нысанаға алды. Ауа райы түнде -25°C-қа дейін төмендеп, жүздеген тұрғын метро станцияларын паналады. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп бейбіт келіссөзден жақсыжаңалық күтіп отыр.
🤔22🙏5❤3😁3🤬1
Өзбекстан экстрадициясын талап еткен қарақалпақ белсендісі Жұманиязов Қазақстаннан кетті

Өзбекстан экстрадициясын талап еткен қарақалпақ белсендісі Расул Жұманиязов Қазақстаннан Батыс елдерінің біріне кетті. Бұл туралы Қазақстандағы адам құқықтары бюросы хабарлады.

Бюроның ақпаратынша, Жұманиязов Батыс елдерінің бірімен келісімнің арқасында Қазақстаннан шығып кеткен.

Өзбекстанда іздеу жариялануына байланысты Жұманиязов 2024 жылы наурызда Астанада ұсталған. Ол бір жыл қамауда отырып, 2025 жылы наурызда босап шықты. Ол Өзбекстанда арнайы қызметтің қудалауына байланысты Қазақстанға 2022 жылы наурызда өткен. Түркімендік Хельсинки қорының хабарлауынша, Өзбекстанда оған "қоғамдық тәртіп пен қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін материалдарды әзірлеу, сақтау, тарату және көрсету" бабы бойынша айып тағылған.

Расул Жұманиязов – Өзбекстаннан Қазақстанға қашқан қарақалпақ белсендісінің бірі. Бұған дейін Жангелді Жақсымбетов, Зиуар Мирманбетова, Раиса Құдайбергенова, Тілеубике Юлдашева Қазақстаннан АҚШ-қа кеткен. Тағы бір белсенді Қошқарбай Төремұратовқа Польша босқын мәртебесін берген. Тағы бір белсенді Ақылбек Мұратбай да Қазақстаннан кеткен. Бұл белсенділердің бәрі Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрап, ала алмаған.
👍23❤5🤔2😢2
💬 Ливияда Муаммар Каддафидің ұлы өлтірілді

Ливияның бұрынғы көсемі Муаммар Каддафидің ұлдарының бірі Саиф Каддафи Ливияда өлтірілді.

Саудиялық Al Hadath телеарнасының хабарлауынша, 53 жастағы Саиф Каддафи Ливияның батысындағы Зинтан қаласы маңында қаза болған. Оны өз үйінің бақшасында атып өлтірген деп айтылады.

Саиф Каддафи - Ливияны 1979-2011 жылдары басқарған Муаммар Каддафидің екінші ұлы. Саиф Каддафи ресми түрде лауазымды қызмет атқармаған, бірақ 2011 жылы оның режимі құлағанға дейін сыртқы саяси келіссөздер мен ішкі істер мәселелеріне жетекшілік еткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬20❤4👍2🤔2
🔴"Еркіндік қатаң шектелген". HRW ұйымының 2025 жыл бойынша есебіндегі Қазақстан

"Қазақстан билігі сөз бостандығын, бірлесу және бейбіт жиналу еркіндігін қатаң шектеп отыр". Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Human Rights Watch ұйымы 2025 жыл бойынша әлемдік есебінде Қазақстандағы ахуалға осындай баға берген. Халықаралық ұйымдардың бұған дейінгі есептеріне Қазақстан басшылығы сыни көзқараспен қарап, олардың "бағалау әдістері әртүрлі болатынын" айтқан.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤17🔥3🤬3