Қазақстан бас прокуратурасы ұлты шешен Ресей азаматы Мансур Мовлаевты отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде адвокат Мұрат Адам хабарлады. Бұған дейін Қазақстан оның босқын мәртебесін беру туралы өтінішін қанағаттандырмаған.
“Қазір Мансур Мовлаевқа босқын мәртебесін бермеу туралы шешімді даулап, сотқа шағым түсірдік. 11 ақпанда алдын ала тыңдау болады” деді адвокат.
Бұған дейін адвокат Шешенстан тумасы Мансур Мовлаевты Ресей билігі саяси себептермен қуғындап отырғанын айтқан.
Мансур Мовлаев былтыр мамырда Алматыда ұсталып, қамалған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬30👎12😡2❤1💔1
Сайттың хабарламасында Сарымның "Украинаны қолдаған Қазақстан азаматтарын қылмыстық жауапқа тартуға бағытталған әрекетті жария түрде насихаттағаны" және "Ресей пропагандасының нарративін" таратқаны жазылған.
Онда сонымен бірге Каспий құбыр желісі консорциумының инфрақұрылымына шабуыл жасалғанан кейін Айдос Сарымның Қазақстан бас прокуроры Берік Асыловқа қайырылып, "осы шабуылды қолдаған азаматтардың әрекетіне құқықтық баға беруді" талап еткені және мұндай әрекеттерді "Терроризмді насихаттау" және "Мемлекетке опасыздық жасау" баптарымен қарастыруды сұрағаны жазылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍55😁7🤡4🤣4❤2🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей пропагандашылары постсоветтік елдерге тағы тиісті. Бұл жолы саясаттанушы Сергей Михеев “Вечер с Владимиром Соловьёвым” бағдарламасында бұл елдер “өз орындарын білуі керек” деп мәлімдеді.
💩41🖕28🤬5👎3🤮3😡2🤯1🤡1🍌1
Тоқаев: енгізілетін өзгерістер ауқымына қарасақ, жаңа Конституция қабылдауымыз керек
30 қаңтарда еріктілер форумы кезінде сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев "егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістерді енгізу қажет болса, ол референдум арқылы енгізілуі керек" деді.
Тоқаевтың бұл сөзі қазір талқыланып жатқан Конституцияға енгізілетін түзетулерге қатысты ма, жоқ па, белгісіз. Ол өз сөзінде осы комиссияның жұмысын мұқият қадағалап отырғанын айтып, жаңа Конституция қабылдау қажеттігін де алға тартты.
Мүлде жаңа Конституция жобасы туралы кешеден бері жиі айтылып жатыр.
30 қаңтарда еріктілер форумы кезінде сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев "егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістерді енгізу қажет болса, ол референдум арқылы енгізілуі керек" деді.
Тоқаевтың бұл сөзі қазір талқыланып жатқан Конституцияға енгізілетін түзетулерге қатысты ма, жоқ па, белгісіз. Ол өз сөзінде осы комиссияның жұмысын мұқият қадағалап отырғанын айтып, жаңа Конституция қабылдау қажеттігін де алға тартты.
"Кешегі отырыстағы пікірталаста Комиссия мүшелері «Ата Заңға енгізілетін өзгерістер ауқымына қарасақ, жаңа Конституция қабылдауымыз керек» деген байлам жасады. Шын мәнінде, ұсынылған түзетулер жобасы елді институционалдық-құқықтық тұрғыда жаңғыртумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге бұл қадам тұтас мемлекеттік жүйені қайта түзуге жол ашады. Түбірімен өзгерген мүлдем жаңа құжаттың бейнесі қалыптасты" деді Тоқаев
Мүлде жаңа Конституция жобасы туралы кешеден бері жиі айтылып жатыр.
🤣17👍11💩9👎5❤3🤔2
Azattyq - Азаттық
⚡АҚШ президенті Трамп Ресей президенті Путиннен Украина қалаларын бір апта атқыламауды сұрағанын айтты. "Путиннен Киев пен Украинаның басқа қалаларын бір апта шабуылдамауды сқрадым. Ол бұған келісті" деді Трамп Ақ үйдегі министрлермен жиналыста. Бұған…
❗Кремль Киевке шабуыл жасамауға келіскенін растады
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Трамптың 1 ақпанға дейін Киевке шабуыл жасамай тұра тұру ұсынысымен келіскенін мәлімдеді.
Оның сөзінше, АҚШ президенті мұны "келіссөзді сәтті жүргізу мақсатында" ұсынған.
Бұған дейін Трамп Путиннен Киев пен Украинаның басқа да қалаларына шабуыл жасамауды сұрағанын, Ресей президентінің келіскенін айтқан. Ал Песков тек Киев жайлы айтып отыр.
Ал Харьков пен Херсон облыстарының басшылығы Ресей түнде шабуыл жасағанын мәлімдеді. Херсонда шағын автобусқа Ресейдің соққысынан бір адам қаза тауып, бес адам жараланғаны айтылды.
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Трамптың 1 ақпанға дейін Киевке шабуыл жасамай тұра тұру ұсынысымен келіскенін мәлімдеді.
Оның сөзінше, АҚШ президенті мұны "келіссөзді сәтті жүргізу мақсатында" ұсынған.
Бұған дейін Трамп Путиннен Киев пен Украинаның басқа да қалаларына шабуыл жасамауды сұрағанын, Ресей президентінің келіскенін айтқан. Ал Песков тек Киев жайлы айтып отыр.
Ал Харьков пен Херсон облыстарының басшылығы Ресей түнде шабуыл жасағанын мәлімдеді. Херсонда шағын автобусқа Ресейдің соққысынан бір адам қаза тауып, бес адам жараланғаны айтылды.
👍16🔥6🤔2
Жұма, 30 қаңтарда конституциялық комиссия отырысында жаңа Конституция жобасы таныстырылды. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмахановтың айтуынша, ол кіріспе, 11 бөлім жәге 95 баптан тұрады.
Оның сөзінше, жобада Қазақстан Республикасының қызметінің жаңа негіз құраушы қағидаттары бекітілген.
“Конституциялық құрылыстың негіздері деген бірінші бөлімде мемлекеттің ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды. Оған сәйкес Қазақстан унитарлы мемлекет. Басқару нысаны – президенттік республика....Еліміздің әкімшілік аумақтық құрылысын жәй заңнмен емес, конституциялық заңмен айқындау ұсынылады. Егемендік пен тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық, респуликаның басқару нысаны ешқашан өзгемейтін құндылықтар қатарына жатқызылды” деді Бақыт Нұрмаханов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮12🤔9🔥6
Қазақстан билігі ақыры жаңа Конституция қабылдайтынға ұқсайды. Әуелде қазіргі Конституцияға түзету енгіземіз деген арнайы комиссия бір аптада бес рет жиналып, су жаңа Конституцияға қажет деген тұжырым жасады. Ал бүгін, 30 қаңтардағы алтыншы отырыста жаңа Конституцияның жобасын таныстырып үлгерді. Сарапшылар бұл асығыс шешім десе, Конституциялық комиссиядағы депутат "жаңа Конституция заман талабы" деп санайды.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔24💩17😡10👎5❤1
Азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, белсенділер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылып, Конституцияны өзгертуде асығыстық танытпауға шақырып, толымды қоғамдық талқылау жүргізу қажеттігін атап өтті.
Мәлімдеме авторларының айтуынша, Конституция мәтінінің 80 пайыздан астамы өзгерейін деп отыр – бұл іс жүзінде жаңа Конституция қабылдағанмен пара-пар, ал мұндай қадам жеке қоғамдық мандат, ашықтық пен азаматтардың қатысуын талап етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍56😁4🤝2
"Аталған мәселені қарастыру үшін бірқатар банктің трансшекаралық операцияларын бекітілген тәртіп бойынша қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан ұлттық банкі, қаржы мониторинг агенттігінің қатысуымен тексеру басталды" деп жазылған қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ҚазТАГ-қа берген жауабында.
Хабарламада қандай да бір банктің аты аталмайды.
29 қаңтарда бірқатар банк Тоқаевтың мәлімдемесіне реакция білдіріп, өздерінің аталған схемаға қатысы жоғын айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26😁6💩6🔥3👎2🤡1
❗Британиялық экс-теннисші Анннабель Крофт BBC Radio 5 эфирінде "Рыбакина бабында болса, жарақатсыз ойнаса, вирус жұқтырып алмаса, жеңілмейтін ойыншы. Соққылары таза, тіпті дыбысы да бөлек. Соққыларын төмен әрі көлденеңнен ұру ғажап. Допты корттағы сызықтарға да дәл түсіре алады. Доп асырулары да таң қалдырады. Рыбакина әйелдер теннисінде доп асырудан ең мықты теннисші деп санаймын" деді.
Қазақстан теннисшісі Australian Open жарысындағы үшін рейтингіне 2000 ұпай және 2,7 млн доллар сыйақы алады. Келесі аптадан бастап ол әлемдік рейтингіде бесінші орыннан үшінші орынға көтеріледі.
Қазақстан теннисшісі Australian Open жарысындағы үшін рейтингіне 2000 ұпай және 2,7 млн доллар сыйақы алады. Келесі аптадан бастап ол әлемдік рейтингіде бесінші орыннан үшінші орынға көтеріледі.
👍28🔥11👎5🏆2❤1
31 қаңтарда Украинаның электр желісінде апат болып, елдің едәуір бөлігі жарықсыз қалды.
Энергетика министрі Денис Шмыгальдың айтуынша, "Украинаның батыс пен орталық бөлігі арасындағы 750 кВ желі мен Румыния және Молдованың энергетикалық жүйелері арасындағы 400 кВ желі бір мезгілде істен шыққан".
Соның салдарынан Украинаның станциялардың автоматтық қорғаныс жүйесі іске қосылған.
Украинаның энергетика жүйесіндегі ақау көрші Молдоваға да әсер етті. Кишинев пен өзге де елді мекендерде электр энергиясы өшті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔14😱9🔥3👎1🤬1
Алматы әкімшілік соты "жалған ақпарат таратты" деп айыпталған қала тұрғыны Марат Әбдірахмановты кінәлі деп танып, 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
Сот шешімінде Әбдірахманов Facebook желісінде пост жариялап, "жалған ақпарат таратқаны" жазылған. Сотта жауапкер өзіне тағылған айыппен келіспеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬25🤣8❤2
Абай облысы түрмесіндегі адам өлімі: қылмыстық іс қозғалды
Абай облысында түрмедегі тұтқынның қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін оппозициялық "Бәсе" арнасы Семейдегі ОВ-156/19 қатаң режимді колонияда 38 жастағы Жандос Бадаубаевтың ауыр соққыдан қаза болғанын жазған еді. Арна таратқан видеода мәйіттің кеудесі, іші, табаны және тағы өзге жерлерінен соққы ізіне ұқсас белгілер көрінеді.
Абай облысында түрмедегі тұтқынның қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін оппозициялық "Бәсе" арнасы Семейдегі ОВ-156/19 қатаң режимді колонияда 38 жастағы Жандос Бадаубаевтың ауыр соққыдан қаза болғанын жазған еді. Арна таратқан видеода мәйіттің кеудесі, іші, табаны және тағы өзге жерлерінен соққы ізіне ұқсас белгілер көрінеді.
🤬20😡11❤1
Қазақстанда әйелдер жалғызбасты аналарды қолдайтын қозғалыс құрды. Еріктілер қиын жағдайға түскен, перзентханадан шыққанда қарсы алатын ешкімі жоқ аналарды күтіп алып, жаялық пен балалар киімдерімен қамтамасыз етіп, үйлеріне жеткізеді. Ал барар жері жоқ әйелдерге қонатын орын тауып береді. Бұл бастаманы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Беларусьте де әйелдер жалғастырып жатыр.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21👏11👎1🫡1
Қазақстан үкіметі Стокгольмдегі халықаралық сотта мемлекеттің мойнына жүктелмеуі керек болған Қарашығанақ кенішіндегі шығынды бекіту үшін қазақстандық шенеуніктерге пара берілгенін мойындады.
Мәселе Қазақстан билігі мен Қарашығанақ кенішін игерген консорциум (Shell, Eni, Chevron, Лукойл және мемлекеттік "ҚазМұнайГаз" кіреді) арасындағы дау жөнінде болып отыр.
Басылымның жазуынша, Қазақстан жағы сотта 2022 жылға дейін "сыбайлас жемқорлық пен клептократияға" жол бергенін мойындаған. Ал жекелеген шенеуніктер мемлекеттің мойнына жүктелмеуі керек болған Қарашығанақ кеніші шығындарын бекіткені үшін пара алған. Үкіметтің айтуынша, бұл шығынды әу-бастан ақ мемлекет өтемеуі керек болған. Енді сол шығынды өндіріп беруді талап етіп отыр.
Дереккөздің айтуынша, сот кезінде Қазақстан жағының заңгерлері Италиядағы қылмыстық процесс кезінде алынған құжаттарды да алға тартқан. Оған сәйкес, 2017 жылы бірнеше италиялық мердігер Қарашығанақ пен Қашаған кеніштерінде жұмысқа қол жеткізу үшін қазақстандық шенеуніктерге пара бергенін мойындаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬31😱13😁6👎3
Жұмысшылар мінген автобустың қасына дрон түсіп жарылып, кемінде 12 адам мерт болып, жеті адам жараланды деген ақпарат тарады. Кейінірек ДТЭК компаниясы қаза тапқандар саны 15 адам деп хабарлады, алайда артынан деректі қайта нақтылады. Соңғы ресми мәлімет бойынша, 12 адам қаза тауып, 16 кісі зардап шеккен.
Оған дейін, жексенбі күні ресейлік күштер Запорожье қаласындағы перзентханаға да шабуыл жасап, салдарынан алты адам зардап шеккен, арасында осы перзентханада жатқан екі әйел бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬39❤1
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎16🤯6💩6
Оған бұл ақпаратты келіссөзге қатысып жатқан Украина делегациясы жеткізген. Ал тараптар Әбу-Дабиде 1 ақпан күні кездесті ме деген сауалға әзірге жауап жоқ, Зеленский ол жөнінде ештеңе айтпады.
Бұған дейін АҚШ, Ресей және Украина Әбу-Дабидегі келіссөздің жаңа кезеңін 1 ақпанда өткізу жоспарланғанын растаған еді. Әзірге Мәскеу де, Вашингтон да президент Зеленский айтқан ақпаратқа байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🤔5❤2