Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Azattyq - Азаттық
Самоделкина "олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берген" Қазақстанға алғыс айтады Олимпиадада норвегиялық журналист Самоделкинадан не үшін Ресейден Қазақстанға ауысқанын сұрады. Спортшы "екі жыл болды Қазақстан атынан жарысқа қатысып жүрмін. Бұл – менің елім.…
⛸️"Бар мүмкіндігін көрсеткен" Самоделкина олимпиадада ондыққа енді. Ол алда қиын элементтерді секіргісі келеді

Миландағы қысқы олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық София Самоделкина 10-орын алды. Ол қысқа және еркін бағдарламасын қоса есептегенде 207,46 ұпай жинады. Бұл – Самоделкинаның карьерасындағы ең үздік ұпайы, яғни, жеке рекорды.

19 жастағы София еркін бағдарламасын орындап біткенде қатты қуанды. Себебі ол жоспарлаған барлық секіру элементтерін құламай орындап шықты.

– Мен дәл қазіргі бар мүмкіндігімді, бар дайындағанымды көрсеттім. Өте бақыттымын. Арманым орындалды деп айтсам болатын шығар. Барлық адамды армандауға, арманның орындалатынына сенуге шақырамын. Миша (олимпиада чемпионы Шайдоровты айтады – Ред.) екеуміз Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды алға жылжытып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл спорттың дамығанын мен қатты қалаймын. Миша да соны қалайды деп ойлаймын, – деді София жарыстан соң.

🔹"Қиын элементтерді көрсетеміз"

Ресейде туып, 2023 Қазақстан құрамасына ауысқан Самоделкина 23-29 наурызда Прагада (Чехия) болатын әлем чемпионатына қатысуды да жоспарлайды. Спортшы қазір АҚШ-та америкалық бапкер Рафаэль Арутюнянның қол астында жаттығады. София Америкадағы дайындықта үш айналым аксель, төрт айналым сальхов, төрт айналым ритбергер сынды қиын элементтерді секіріп көргенін айтты.

–Алда [қиын элементтерді] көрсетеміз. Жағдайыма, өзімді қалай сезінетініме қарап көрем. Бәлкім [биылғы] әлем чемпионатында бірдеңе жасармыз, – деді мәнерлеп сырғанаушы Азаттық тілшісіне.

Самоделкина Ресей атынан жасөспірімдер арасындағы жарыстарда үш айналым аксель және басқа да төрт айналым элементтер секіріп жүрген. Бірақ жасөспірімдер арасынан ересектер арасына өткенде, бойы, сүйегі, салмағы өсіп, бұл элементтерді жоғалтып алды. Дегенмен спортшы да, бапкері Арутюнян да қиын элементтерді қайтару үшін жұмыс істейтінін бұған дейін де айтқан.
❤14👍2🤷‍♀1
Қазақстанда референдум қарсаңында мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер әлеуметтік желідегі суретіне «Жаңа Конституцияны қолдаймын!» деген шеңбер қойып жатыр. Жергілікті сайттар оларды жұмыс орыны «мәжбүрлеген» деп жазады.

Осы кезде жаңа құжатқа наразы адамдар да өзінше аватарға салатын жиектеме ойлап тауып, жаппай флешмобқа айналдырып жіберді. Азаттық тілшісі екі түрлі жиектемені жасап шығарған адамдармен сөйлесіп, пікірлерін біліп көрді.
🤮14❤11👎4🤬2
🔴"Жаңа саяси процестер болады деген үміт ақталмады". Серік Бейсембаевпен сұхбат

Қазақстан Конституциясы жобасы бойынша 15 наурызға белгіленген референдумнің үгіт-насихаты әлеуметтік желілерде басталып кетті: мемлекеттік я бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлері жапа тармағай өз парағына "Жаңа Конституцияны қолдаймын!" деген шеңбер қойып жатыр. Жергілікті сайттар оларды жұмыс орны "мәжбүрлеген" деп жазды, алайда жетекшілігі оларға "ұсыныс жасалғаны рас, бірақ ешкім мәжбүрлеген жоқ" дейді.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12💩7❤1🔥1
Reuters: Ресей мыңнан астам Кения азаматын соғысқа тартқан

Кения барлау қызметінің есебіне сүйенген Reuters осылай деп жазды.

Рекрутерлер бұрынғы сарбаздар мен полиция қызметкерлері, жұмыссыздарды тартып, оларға айына 350,000 шиллинг ($2,715)төленетінін айтып, қызықтырған. Бұған қоса, 1.2 млн шиллингке дейін ($9,309) бонусты уәде еткен.

"Осылайша мыңнан астам кениялық соғысқа тартылып, Ресей-Украина соғысына жіберілген" деді парламентте басым көпшілік болып отырған фракция жетекшісі Кимани Ичунгва

Бұған дейін Украина Ресей жағында Африка елдерінен шамамен 1,4 мың азамат шайқасып жатқанын хабарлаған. Киевтің айтуынша, кейбірі алдау-арбау арқылы әкелінген.
🤬13😱8❤2
Azattyq - Азаттық
Қамаудағы белсенді, марафоншы Марат Жыланбаев 4 қаңтардан бері аштық ұстап жатыр. 16 ақпанда жақтастары мен адвокаты Степногорск қаласына келіп, Жыланбаевқа кірмек болған. Бірақ №4 түрме бастығы «бұл үшін Жыланбаевтың өзі өтініш жазуы керек» деп адвокатты…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қамаудағы белсенді Марат Жыланбаевтың кіші қызы Анель әкесінің аштық ұстағанына 44 күн болғанын айтып, оның жағдайы ауыр екенін, әкесінің денсаулығына алаңдап отырғанын жеткізді. Айтуынша, оларға түрмеден хабарласып, әкесін қатаң ұстау жағдайына ауыстырғанын айтқан.

“Әкемнің аман-есен, дені сау болғанын қалаймын, сондықтан осы видеоны таратуға көмектесіңіздерші. Қазір қасиетті Рамазан айы. Жұрт бізге көмектеседі, әділдік орнайды дегенге сенемін. Көмектесіңіздерші” деді Анель.

Бірнеше күн бұрын адвокаты Бақытжан Омарханов пен белсендінің жақтастары Степногорскіге барып, бірақ Жыланбаевты көре алмай қайтқан еді. Адвокаты Азаттыққа түрме бастығының кабинетіндегі камерадан тіке режимде оны көре алғанын айтқан.

«Түрме бастығының кабинетінен көрдім. Тікелей режимде. Жалғыз өзі спортпен айналысып жүр» деді адвокат.

Марат Жыланбаев бұған дейін де түрмеде талай аштық жариялаған. Ол түрмеде өзінің құқықтарының бұзылып жатқандығын және сот үкімімен келіспейтіндігін айтқан.
❤27😭6👎1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

Тағы үш адам түрлі дене жарақатын алды. Бұл жөнінде Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 19 ақпанда күндіз Омбы-Майқапшағай тасжолында болған.

"Алдын ала анықталғандай, тасжолдың 867-шақырымында Жарма ауданы Салқынтөбе ауылы аумағында Lada Priora және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан төрт адам қаза болды, тағы үш адам жарақаттанды" деп жазылған ресми хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқаны хабарланды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢11😭6❤4🙏1
Қырғызстанда ҰҚМК жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы ұсталды

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне қарасты аса ерекше маңызды істер жөніндегі алтыншы бас басқармасының жетекшісі Тілек Әбдіхалықов ұсталды. Бішкек соты оны 15 сәуірге дейін қамауға рұқсат берді.

Сот мәліметінше, оған "Жемқорлық" бабы бойынша айып тағылған.

Ашық дереккөздерде Тілек Әбдіхалықов жөнінде толық ақпарат жоқтың қасы. ҰҚМК-ның жемқорлықпен күрес қызметі жойылғаннан кейін жемқорлық күрес алтыншы бас басқармаға жүктелген еді.
❤9🔥4😁2🤔2
Мәжіліс депутаттары: Қазақстан әскерін Газаға жіберу мәселесі парламентте талқыланған жоқ

Қазақстан әскерін бітімгершілік миссиясы мақсатында Газа секторына жіберу мәселесі парламентте қаралған жоқ. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің мүшелері Олжас Құспеков пен Самат Нұртаза 20 ақпанда Азаттыққа осылай деді. Вашингтонда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана Газа секторына әскер жіберуге дайын екендігін мәлімдеген шақта редакция депутаттарға хабарласып көрген еді.

"Бұл бастаманы әлі қарастырған жоқпыз. Егер енгізілсе, қарастырылады. Заң бойынша бітімгер әскерді парламенттің келісімімен жібереді" деді Олжас Құспеков телефон арқылы.

Қазақстан Конституциясында елдің қарулы күштерін бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында қолдану туралы шешімді парламент президенттің ұсынысымен қабылдайтыны жазылған.
😁12🤣8🤔7🤬4❤2💩2
Алматы соты блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримовті 9 жылға соттады

Алматы соты "бопсалау" бабы бойынша айыпталған блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримовті 9 жылға бас бостандығынан айырды. Істі сот алқасы қараған.

Сот үкімі 19 ақпанда кешке оқылды.

Сотта жәбірленуші жақ сотталушылардың кінәсі дәлелденгенін айтқан. Олардың сөзінше, іс материалдарында ақша аударылғаны жайлы ресми құжат бар. Ал қорғау жағы іс ойдан құрастырылды деп санайды. Олардың айтуынша, қылмыстық іс блогерлердің азаматтық ұстанымы, жемқорлықты әшкерелеу талпыныстарымен байланысты.
😨11👍3😡3🤬2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамп төрағалығымен өткен Бейбітшілік кеңесі жиынында Газаға экономикалық, әлеуметтік және әскери көмек беруге дайын екенін айтты. Конституцияға сәйкес, шетелдегі қақтығыс аймағына бітімгер күшті парламент рұқсатымен ғана жіберуге болады. Тоқаев депутаттардан рұқсат алды ма?
👍10🤯8🤬8❤1
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды. Бұған дейін Шолпанқұлов президент Тоқаевтың “7 трлн теңге қазақстандық банк арқылы шетелге заңсыз жөнелткені туралы” сөзіне "күмән келтірген еді". Ақорданың хабарламасында Шолпанқұловтың қызметтен кететіні туралы өзі өтініш бергені жазылған.
😁21🤬12👍4🤡2