Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.51K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

Тағы үш адам түрлі дене жарақатын алды. Бұл жөнінде Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 19 ақпанда күндіз Омбы-Майқапшағай тасжолында болған.

"Алдын ала анықталғандай, тасжолдың 867-шақырымында Жарма ауданы Салқынтөбе ауылы аумағында Lada Priora және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан төрт адам қаза болды, тағы үш адам жарақаттанды" деп жазылған ресми хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқаны хабарланды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢11😭6❤4🙏1
Қырғызстанда ҰҚМК жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы ұсталды

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне қарасты аса ерекше маңызды істер жөніндегі алтыншы бас басқармасының жетекшісі Тілек Әбдіхалықов ұсталды. Бішкек соты оны 15 сәуірге дейін қамауға рұқсат берді.

Сот мәліметінше, оған "Жемқорлық" бабы бойынша айып тағылған.

Ашық дереккөздерде Тілек Әбдіхалықов жөнінде толық ақпарат жоқтың қасы. ҰҚМК-ның жемқорлықпен күрес қызметі жойылғаннан кейін жемқорлық күрес алтыншы бас басқармаға жүктелген еді.
❤9🔥4😁2🤔2
Мәжіліс депутаттары: Қазақстан әскерін Газаға жіберу мәселесі парламентте талқыланған жоқ

Қазақстан әскерін бітімгершілік миссиясы мақсатында Газа секторына жіберу мәселесі парламентте қаралған жоқ. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің мүшелері Олжас Құспеков пен Самат Нұртаза 20 ақпанда Азаттыққа осылай деді. Вашингтонда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана Газа секторына әскер жіберуге дайын екендігін мәлімдеген шақта редакция депутаттарға хабарласып көрген еді.

"Бұл бастаманы әлі қарастырған жоқпыз. Егер енгізілсе, қарастырылады. Заң бойынша бітімгер әскерді парламенттің келісімімен жібереді" деді Олжас Құспеков телефон арқылы.

Қазақстан Конституциясында елдің қарулы күштерін бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында қолдану туралы шешімді парламент президенттің ұсынысымен қабылдайтыны жазылған.
😁12🤣8🤔7🤬4❤2💩2
Алматы соты блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримовті 9 жылға соттады

Алматы соты "бопсалау" бабы бойынша айыпталған блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримовті 9 жылға бас бостандығынан айырды. Істі сот алқасы қараған.

Сот үкімі 19 ақпанда кешке оқылды.

Сотта жәбірленуші жақ сотталушылардың кінәсі дәлелденгенін айтқан. Олардың сөзінше, іс материалдарында ақша аударылғаны жайлы ресми құжат бар. Ал қорғау жағы іс ойдан құрастырылды деп санайды. Олардың айтуынша, қылмыстық іс блогерлердің азаматтық ұстанымы, жемқорлықты әшкерелеу талпыныстарымен байланысты.
😨11👍3😡3🤬2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамп төрағалығымен өткен Бейбітшілік кеңесі жиынында Газаға экономикалық, әлеуметтік және әскери көмек беруге дайын екенін айтты. Конституцияға сәйкес, шетелдегі қақтығыс аймағына бітімгер күшті парламент рұқсатымен ғана жіберуге болады. Тоқаев депутаттардан рұқсат алды ма?
👍10🤯8🤬8❤1
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды. Бұған дейін Шолпанқұлов президент Тоқаевтың “7 трлн теңге қазақстандық банк арқылы шетелге заңсыз жөнелткені туралы” сөзіне "күмән келтірген еді". Ақорданың хабарламасында Шолпанқұловтың қызметтен кететіні туралы өзі өтініш бергені жазылған.
😁21🤬12👍4🤡2
📹Трамп Ресейге салынған санкцияны созды, Кения Мәскеуді айыптады | Соғыс жаңалықтары

АҚШ президенті Дональд Трамп 2014 жылы Ресейге салынған санкция режимін тағы бір жылға созды. Бұл құжат Украинаның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне қауіп төндіруге жауапты жеке және заңды тұлғалардың активін бұғаттауға рұқсат береді. Ал Еуропа Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Толығырақ көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥19👍4❤2
💬 Bloomberg: Қытай жаңа бағыт бойынша дрондарды Ресейге экспорттайды

Қытай дрондарды Ресейге жаңа бағыт – Таиланд арқылы экспорттап жатыр деп жазды Bloomberg.

Ақпарат агенттігінің жазуынша, Таиландтан Ресейге дрон экспорты 2022 жылы күрт артқан. Бір мезетте Қытайдан Таиландқа дрон экспорттау көлемі де күрт ұлғайған. Bloomberg дереккөзінің айтуынша, украин шенеуніктері бұл тенденцияны байқаған.

Былтыр 11 айда Ресей Таиландтан құны 125 млн доллар болатын дрон импорттаған. Bloomberg-тің жазуынша, бұл Таиландтан шығарылған дрон экспортының 88 пайызы және 2024 жылғы көрсеткіштен сегіз есе көп. 2022 жылы Таиланд құны 1 млн доллар болатын дрон экспорттаған және ешқайсысы Ресейге жіберілмеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬27❤6👎1
🗣Ресейлік жойғыш ұшақ Атырауға шұғыл қонды

20 ақпанда сағат 9:40 шамасында Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайға көпнысанды төртінші буындағы Су-30 жойғыш ұшағы шұғыл қонды. Бұл жөнінде "Ақ жайық" жазды. Ұшқышқа медициналық көмек көрсетілген.

Басылымның жазуынша, ұшақты 1986 жылғы Ресей азаматы, Белорецк қаласының тумасы (Башқұртстан) Дмитрий Нифантьев басқарған. Ақпаратқа қарағанда, ол Каспий теңізі акваториясы үстінде әскери-жаттығу тапсырма орындаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎50💩18🤔8❤5🤬4🤮2
💬 АҚШ соты Трамптың өзге елдерге қарсы енгізген тарифтерін заңсыз деп таныды

АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың өзге елдерге қарсы енгізген тарифтерінің басым бөлігін заңсыз деп таныды. Арасында әлемнің барлық-дерлік елінен келетін импортқа салынған "өзара" баж салықтары мен Канада, Мексика, Қытайдан әкелінетін тауарларға салынған 25 пайыздық тарифтер де бар. Бұл жөнінде The Wall Street Journal жазды.

Сот Трамп 1977 жылғы "төтенше экономикалық өкілеттер туралы" заңды (IEEPA) қолданып, өзінің өкілетін асыра пайдаланды деген ұйғарымға келді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤22👍14🤔4😁2
❗️ОСК Demoscope бюросына Конституция жобасы туралы сауалнама жүргізуге рұқсат етпеді

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Demoscop қоғамдық пікірді зерттеу бюросына "Қазақстанның конституциялық реформаны қабылдауы" атты сауалнама жүргізуіне рұқсат етпеді. Бұл жөнінде ұйым өз ресми сайтында хабарлады.

Demoscope ұйымы қарайтын халықаралық MediaNet журналистика орталығының айтуынша, ОСК "Республикалық референдум туралы" заңның 8-бабы 3-бабына сүйенген. Оған сәйкес, "халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдің мемлекеттік органы мен заңды тұлғалары, азаматтығы жоқ азаматтарға референдумға қатысы бар шараларды қаржыландыруына тыйым салынған".

MediaNet өкілдері ОСК-ның рұқсат етпеуі туралы шешімімен келіспейтінін және 2012 жылдан бері қоғамдық пікірге, оның ішінде сайлау мен референдумға қатысты тұрақты түрде сауалнама жүргізгенін алға тартады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁11🤬7❤1🔥1
💬 Жаңаөзеннің бірнеше тұрғыны Конституция жобасына қатысты пікірлерін айтты

Жаңаөзенде бірнеше адам видеомәлімдеме жасап, елде "халықпен тиісті деңгейде талқыланбаған жаңа Ата заңды референдумға шұғыл түрде шығаруды құптамайтындықтарын" айтты.

"Біз, жаңаөзендік бір топ азамат, мемлекеттің болашағына алаңдай отырып, еліміздің тағдыры таразыға түсіп тұрған шақта билік тарапынан асығыс дайындалған халықпен тиісті деңгейде талқыланбаған жаңа Ата заңды референдумға шұғыл түрде шығаруды құптамайтындығымызды, ондай реформаларды қолдамайтындығымызды мәлімдейміз" деді мәлімдемені оқыған жаңаөзендіктердің бірі.

Тұрғындар мәлімдемеде қазақ тілінің ахуалы, құрылтайға депутаттардың партиялық тізіммен сайлануы, президенттің өкілеті сияқты қоғамда қызу талқыланған мәселелерге назар аударады. Мәлімдеме авторлары "жаңа Конституция суперпрезиденттік жүйені күшейтеді" деп қауіптенетіндіктерін де жеткізді.

"46-бап бойынша президент тікелей конституциялық сот төрағасын, жоғарғы сот төрағасын, жоғарғы сот кеңесінің төрағасын, бас прокурорды, ҰҚК төрағасын, Ұлттық банк төрағасын, ОСК төрағасын, жоба аудиторлық палата төрағасын, мемлекеттік күзет бастығын, ҚР адам құқығы жөніндегі уәкілін тағайындайды не босатады. Ал бұдан өзге премьер министрді, құрылтай спикерін, вице-президент лауазымдарын құрылтайдың келісімімен тағайындайды. Егер құрылтай екі рет мақұлдамаса президент оны таратуға құқылы. Бұл парламенттің заң шығару тетігін де президентке бағынышты ету деген сөз" деді олар.

Қазақстанда Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді.

Ақорда конституциялық түзетулерді «жаңа тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес мемлекетті қайта құру және қоғамдық сананы жаңарту» қажеттілігі ретінде түсіндіреді. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылымына енетін Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы Конституция жобасы президент билігін күшейтеді деген пікірлерді жоққа шығарып, оларды "аңыз" деп атады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍45🔥7❤6🤮2👏1
Azattyq - Азаттық
Шайдоровтың жеңісі жайлы халықаралық басылымдар не жазды? 🔹Америкалық NBC News телеарнасы "олимпиаданың еркін бағдарламасы Илья Малинин үшін триумф болуы керек еді. Бірақ мәнерлеп сырғанаудан олимпиада тарихындағы мүлде күтпеген жеңіліс болды. Қазақстандық…
⛸️Қазақстан Шайдоровтың дайындығына қанша жұмсады?

🔹2025 жылы Қазақстан мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың дайындығына 263,4 млн теңге (529 мың доллар) жұмсаған. Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, бұл сомаға спортшының жаттығулары, жарыстарға қатысуы, жеке бапкерінің, массажисінің жалақысы, психологпен жұмысы және хореографына кеткен шығын кіреді.

🔹Шайдоров 2025 жылы 34 млн теңгедей жалақы алған. Ал жеке бапкері Алексей Урмановқа 26 млн теңге, хореграфы Иван Региниге 23 млн теңге төленген.

🔹Шайдоров 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс, Азия ойындарында қола иеленгені үшін қосымша 6,7мың теңге сыйақы алған. Бапкерлеріне 1,5 млн теңге төленген.

🔹Мәнерлеп сырғанаушы олимпиада чемпионы атанғаны үшін 250 мың доллар сыйақы алады. Бұл – Қазақстанның қысқы олимпиадада 32 жылдан кейін иеленген алғашқы алтыны. 1994 жылы Лиллехаммер олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов чемпион атанған еді.

🔹«Мемлекеттің белгілі бір спортшыны жүйелі түрде қаржыландыру тәжірибесі қазақстандық спортшылардың қысқы спортта мықты саналатын әлемдік элита өкілдерімен бәсекелесе алатынын көрсетті» дейді туризм және спорт министрлігі.

🔹Бұған дейін министрлік бүкіл спортшылардың Италиядағы қысқы олимпиада дайындығына төрт жыл бойы 13,3 млрд теңге жұмсалғанын мәлімдеген.
😱24👎11🤡4⚡2👍2🤬2❤1🔥1🤮1💩1🐳1
Милан-Кортино қысқы олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан Гала шоу болды. Әр олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан медальдар сарапқа салынып болған соң көрермендерге шоу ұйымдастырылады. Мұнда ешқандай ұпай берілмейді, төрешілер бағаламайды. Шоуға осы спортта олимпиада жүлдегерлері атанғандар мен ұйымдастырушылар шақырған басқа да мәнерлеп сырғанаушылар қатысады. Миланда өткен қорытынды шоуға қазақстандық Михаил Шайдоров та қатысты.

Шайдоров өнер көрсетіп болған соң танымал актер Джеки Чан екі панда ойыншығын сыйға тартты.

Фото: Reuters
👍22😁4❤3😘3🥰2😍1
🔴Тегеранда студенттер күштік құрылым өкілдерімен қақтығысты

Үкіметке қарсы ұран көтеріп, айқайлаған Иран студенттері Тегеран университеті маңында күштік құрылым өкілдерімен қақтығып қалды. Әлеуметтік желіде видеолар мен жазбалар жарияланды.

Наразылық 21 ақпанда Шариф университеті маңында тұтанды. Студенттер бұдан бұрынғы саяси наразылықты басу кезінде маңызды рөл атқарған еріктілерден құралған әскериленген жасақ "Басидж" сарбаздарымен қақтығысты.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21❤4🔥2👎1
💬 Украинаның Львов қаласында жарылыстан бір полиция қызметкері қаза болып, 14 адам жарақаттанды

Украинаның Львов қаласының мэрі Андрей Садовой жексенбіге қараған түні қалада теракт болғанын хабарлады.

Қала мэрінің сөзінше, 23 жастағы әйел полиция қызметкері қаза болып, кем дегенде 14 адам жарақат алған, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

Львов облыстық прокуратурасының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 00:30-да полицияға қаланың орталық көшелерінің біріндегі дүкенде тонау болғаны туралы хабарлама түскен.

"Көрсетілген мекенжайға патрульдік полиция қызметкерлері барған кезде жарылыс болды. Екінші бригада келгенде тағы бір жарылыс болды" деп жазылған хабарламада.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢21👎5❤3
🗣Қоғамдық бақылау комиссия өкілдерінің Жыланбаевқа кіріп шыққаны хабарланды

Қамаудағы белсенді, марафоншы Марат Жыланбаевқа адвокаты кіре алмай, туыстары оның денсаулығына алаңдап отырған шақта Ақмола облыстық қоғамдық комиссия өкілдері Жыланбаевқа кіріп шыққан. Бұл жөнінде ELIMAY құқық қорғау қозғалысының өкілі Айя Сәдуақасова хабарлады.

Жауапқа қарағанда, қоғамдық комиссияның төрағасы Н.В.Шаврова және комиссия мүшесі З.К.Салимова 19 ақпанда Степногорск қаласы №4 мекемесіндегі Марат Жыланбаевқа кіріп шыққан.

Құқық қорғау тобы "Қазақстан билігі саяси тұтқын Марат Жыланбаевтың құқықтарын жүйелі түрде бұзып жатыр (БҰҰ оны дереу босатып, ақтауды талап етеді). Қазіргі кезде Мараттың қамалу жағдайы онан сайын қатайтылды" деп жазды.

Құқық қорғаушы Айя Сәдуақасова комиссия мүшелеріне "оған адвокаты мен отбасын неге кіргізбей жатыр?" деп сұрақ қойған кезде комиссия мүшелері "тәртіптік изоляторда отырған кезде кездесуге тыйы салынады" деп жауап берген.

Ал белсендінің жақындары Марат Жыланбаевтың өмірі мен денсаулығына алаңдап отыр. Олардың сөзінше, оның түрмеде құқығы жиі бұзылады, қысым жасалады, намысына тиеді. Түрме басшылығы оған ашық қоқан-лоқы жасаған. Олар түрлі желеумен Жыланбаевтың жазасына жаза қосуы мүмкін деп қауіптенеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬25❤6
🗣Астана тұрғыны 15 тәулікке қамалды. Ол жаңа Конституция жобасын сынаған

Астана тұрғыны Қантемір Алмышев 15 тәулікке қамалды. Ол бұған дейін Threads желісінде биліктің әрекеті мен Конституцияға түзетулерді сынаған. Алмышевтің қамалғанын әйелі хабарлады.

Сот шешімінде Алмышев биыл "9 ақпанда Threads желісінде балағат сөз айтып, пост жариялағаны, осылайша айналасындағыларға құрмет көрсетпегені және қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны жазылған". Оған 434-бап 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бабы бойынша айып тағылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬42🤯7🙈2❤1💩1
Миландағы қысқы олимпиада ойындары аяқталды. Соңғы алтын жүлде шайбалы хоккейден ерлер арасында сарапқа салынып, АҚШ құрамасы овертаймда Канададан 2:1 есебімен басым түсіп, олимпиада чемпионы атанды. Қола Словакияны жеңген Финляндияға бұйырды.

Жалпы есепте Норвегия бірінші орын алды. Бұл ел 2018, 2022 жылғы олимпиадада да командалық есепте бірінші болған еді. Қазақстан бір алтынмен 19-орында.
❤16👍9💩2
Италиядағы қысқы олимпиадада ерлер арасында хоккейден АҚШ құрамасы чемпион атанды. АҚШ ерлер арасында хоккейден араға 46 жыл салып алтын иеленді. Бұл ел соңғы рет 1980 жылы Лейк Плэсид олимпиадасында чемпион болған.

АҚШ Миландағы финалда Канаданы овертаймда 2:1 есебімен жеңді.
👍18🔥5❤4👎1