Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Трамптың Конгрестегі жолдауы

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгрестің қос палатасы алдында екі сағатқа жуық уақыт сөз сөйлеп, елдегі жағдай туралы айтты.

🔸АҚШ Иранмен проблеманы дипломатиялық жолмен шешкісі келеді, бірақ Тегеран ядролық қарудан бас тартатынына кепілдік берген жоқ. “Мен ешқашан әлемдегі ең ірі терроризмнің демеушілісіне ядролық қаруды иеленуіне жол бермеймін” деді Трамп.

🔸Трамп АҚШ Жоғарғы сотының тариф мәселесі бойынша шешімінен “көңілі қалғанын” айтып, “сәтсіз” шешім деп атады. Ол тарифтерді сақтап қалудың заңды жолы табатынын жеткізді

🔸АҚШ президенті Конгресті “Американы құтқару туралы” заң қабылдауға шақырды. Оған сәйкес, сайлаушылар сайлауға қатысу үшін Америка азаматы екендіктерін дәлелдеуі керектігін

🔸Трамп өз әкімшілігінің экономика, қауіпсіздік және сыртқы саясат саласындағы “теңдессіз табысы” туралы айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8😁6🔥4🤔1
💬 Солтүстік Қазақстанда жүзден астам елді мекенге су басу қаупі төнді

Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 7 мың адам тұратын 112 елді мекенге су басу қаупі төнді. Бұл жөнінде "Қазақпарат" хабарлады.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Әсет Шайкиннің сөзінше, Есіл, Шағалалы, Селеті, Қамысақты өзендері және олардың салалары тасуынан су тасқыны қаупі туындаған. 38 елді мекен өзенге жақын орналасқан, өзен тасыса 12 елді мекенге қиын болайын деп тұр, ал 62 елді мекен еріген қар суы ағатын жолда орналасқан.

Төтенше жағдай департаменті мамандарының болжамынша, "егер күрт жылып кетсе, өзен-көл деңгейі қауіпті межеге дейін көтерілуі мүмкін". Ақпан мен наурызда да қар жауады.

Сурет: Су басқан жолдар. 2024 жыл.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢9🤬4👎3🤔2🙏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Азия Жыланбаева түрмеде отырған саяси белсенді, марафоншы әкесі Марат Жыланбаев туралы айтып отыр. Ол кейінгі рет әкесімен биыл 5 ақпанда екі сағаттық кездесуде болған. «Әбден арықтап кеткен, орындықта қиналып отырды» дейді.
😱21🤬6
💬 АҚШ Киевті Қара теңіздегі мұнай нысандарына соққы жасамауға шақырды

АҚШ мемлекеттік департаменті Украина үкіметіне Киевтің Новороссийскідегі мұнай нысандарына соққылары Американың Қазақстандағы инвестициясына әсер еткендігі жөнінде хабар берді. Бұл жөнінде CNN тілшісіне Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ольша Стефанишина айтты.

"Украинаның Новороссийскіге шабуылы Қазақстан арқылы жүзеге асып жатқан кейбір америкалық инвестицияға әсер еткенін естідік. Американың мүддесіне шабуылдаудан аулақ болыңдар дегенді АҚШ мемлекеттік департаментінен естідік" деді Стефанишина.

Ол АҚШ мемлекеттік департаментінен ресми дипломатиялық хабарлама алғанын жеткізді.

2025 жылы Украина қарулы күштері Ресей аумағындағы Каспий құбыр консорциумына бірнеше рет шабуылдаған. Бұл құбыр арқылы Қазақстан мұнайының басым бөлігін халықаралық нарыққа шығарады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9😁6❤4👎2🤮2👍1🆒1
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Қарағанды облысында жоспарлы жаттығу ұшуы кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшақ экипажы уақытында катапульт арқылы секіріп үлгерген. Олар тірі, өміріне қауіп жоқ деді ведомство өкілдері. Жойғыш ұшақ құлаған аумақ қоршалған. Елді мекендер мен инфрақұрылым нысандарына қатер жоқ.

Арнайы комиссия құрылған. Тергеудің нәтижесіне қарай оқиғаға құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданатыны хабарланды.
🤯6💔6🔥2🤬2❤1
🔴"Халықта бас иеміз деген ой жоқ". Киевте жүрген қазақстандық журналистердің әңгімесі

Қазақстандық журналистер Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Украинада сол елге қарсы соғысқа Орталық Азия азаматтарын кім, қалай тартқанын зерттеп жүр. Оған қоса екеуі Украина қалалары кең ауқымды соғыс басталғалы бергі ең қатал қысты қалай өткеріп жатқанына куә болды. Энергетика инфрақұрылымдарына жасалған шабуылдар халықты жарықсыз, жылусыз қалдырды, бірақ жұртта жеңілу жайлы ой жоқ, дейді Ахмедияров Азаттық Азияға сұхбатында.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30❤4🔥4🤔1🙏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💬 Депутаттар қазақстандық элитаның Джеффри Эпштейнге ықтимал қатысын тексеруді сұрады

Мәжіліс депутаттары бас прокурор және ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасынан Қазақстан элитасының америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланысын тексеруді сұрады.

Фракция жетекшісі Асхат Рахымжанов ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерге құқықтық баға беру қажеттігін де алға тартты.

"Жарияланған құжаттарда мемлекеттік маңызды лауазым атқарған «Ескі Қазақстанның» саяси элитасы өкілдерінің аты-жөндері аталады. Мұндай дәрежедегі шенеуніктердің моральдық келбеті мен жеке байланыстары жеке мәселе емес – ұлттық қауіпсіздік пен елдің беделі мәселесі. Мысалы, қазіргі уақытта мемлекетке опасыздық жасау және мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыну баптары бойынша жазасын өтеп жатқан бұрынғы премьер-министр және ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов жазбаларда кемінде сегіз рет кездеседі.

Жазбаларда Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны анық көрсетілген. Бұл көптеген сұрақ туғызады. Жоғары лауазымды қазақстандық шенеунік не себепті Эпштейнмен кездесті? Бұл қайда өтті? Олар дәл сол аралда болуы мүмкін
бе?" деді хатты оқыған фракция жетекшісі Асхат Рақымжанов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20😁7💩5❤2
💬 Алматы соты бұрынғы дін қызметкері Иаков Воронцовты екі айға қамады

Алматының тергеу соты Орыс православ шіркеуінің бұрынғы дін қызметкері және Украинадағы соғысты айыптап жүрген Иаков Воронцовты екі айға қамады. Бұл жөнінде адвокат Ғалым Нұрпейісов “Власть” басылымына хабарлады. Сот адвокаттың бұлтартпас жаза ретінде үйқамақты қолдану туралы өтінішін кері қайтарған. Нұрпейісов шешімді апелляцияға беретінін айтты.

13 ақпанда Воронцов "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну" бабы бойынша 10 күнге қамалған еді.

Иаков Воронцов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған. "Үйімнен табылды делінген ұнтақ маған тиесілі емес. Ол әдейі тасталған деп білемін. Осылардың бәрі – абырой-беделімді түсіріп, мені жазалау үшін жасалған" деген ол қамауда отырып жазған хатында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬18👎6❤1👍1
🗣Құқық қорғаушылар Еуропа одағын Қазақстандағы адам құқығы мәселелеріне назар аударуға шақырды

Халықаралық адам құқықтары жөніндегі серіктестік (IPHR) пен Қазақстандағы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро наурызға жоспарлаған Еуропа одағы (ЕО) мен Қазақстан арасындағы адам құқығы бойынша диалог қарсаңында бірлескен мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде құқық қорғаушылар Қазақстанда азаматтық қоғамға қысым күшейгенін айтып, Еуропа одағын Қазақстандағы адам құқығы мәселелеріне назар аударуға шақырды.

Қос ұйым мәлімдемесінде "Қазақстандағы конституция реформасы асығыс әрі бұлыңғыр жүріп жатқанын", "Конституция жобасы бір айдың ішінде жасалып, референдум 15 наурызға тағайындалғаны мазмұнды пікірталас жүргізуге және азаматтық қоғамның араласуына мүмкіндік қалдырмайтынын" айтады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29🤡2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда 15 наурызда өтетін Конституция бойынша референдум қарсаңында әнші, актерлер видео жариялап, пост жазып, халықты дауыс беруге шақырып жатыр. Кейбірінің жазбасы бір-біріне ұқсайды. Саясаттанушы Дос Көшім “билік өзіне керек кезінде танымал адамдарды пайдаланатыны - классикалық әдіс” дейді.
🤡34🖕11🤮7🤣6😁1💩1🕊1🌚1💯1
Президентке айып таққандар, «Росатомға» қараған Қазақстан — Azatnews | 25.02.2026

Ресейдің «Росатомына» қарасты үш компания санкцияға ілікті. АЭС салғалы жатқан Қазақстанды енді не күтіп тұр? Сайлауға жауапты мекеменің алты мүшесін де енді Құрылтай мақұлдауымен президенттің өзі тағайындамақ. Депутат «бұл президент өкілетін күшейту емес» дейді. АҚШ президенті Дональд Трамп Конгрессте 1 сағат 50 минут сөйлеп, Американың алтын ғасыры келді деді. Демократтың бірі мигранттар қазасына президентті кінәлады.

🔗КӨРУ
💩7🤣5❤1
БҰҰ Бас ассамблеясында Украинадағы бейбітшілік бойынша қарарға дауыс беру барысында Қазақстан қалыс қалды. Қалыс қалғандар арасында Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения бар.

"Украинадағы баянды бейбітшілікті қолдау" деп аталатын қарарды жалпы 107 мемлекет қолдап, 12 ел қарсы шыққан. Қолдамағандар арасында Ресей, Беларусь, Иран, Куба, Судан бар.

Қарар Украинаның "егемендігін, тәуелсіздігі мен бірлігін және халықаралық дәрежеде мойындалған шекара аясындағы аумақтық тұтастығын" қуаттайды.
🤬31👎7😁5❤3💩3
💬 СҚО тұрғыны "шетелдегі қақтығысқа қатысқаны үшін" 6 жыл түрмеге жіберілді

Сот материалдарына қарағанда, 25 жастағы Евгений Люфт 2025 жылы ақпанда Петропавлдан Ресейге барған. Ресей қорғаныс министрлігімен бір жылға келісімшартқа қол қойып, соғыс аймағына барған.

2025 жылдың ақпаны мен сәуірінде ер адам Украина әскеріне қарсы соғысқан. Сәуірде минадан жарақат алып, емделген. Осыдан кейін өз бетінше әскери бөлімнен кетіп, Қазақстанға оралған. Ізінше ұсталған.

Сотта Люфт өзіне тағылған айыппен келіспей, өзінің Ресей азаматы екенін айтқан. Дегенмен сот үкіміне қарағанда ол Ресей азаматтығын 2025 жылы 27 маусымда алған, яғни соғысқа қатысқаннан кейін алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥28👍13💩1
🗣Британия "Росатомның" еншілестеріне санкция салды. Бұл Қазақстандағы АЭС құрылысына әсер ете ме?

Ұлыбритания ресейлік "Росатомның" еншілес үш компаниясына санкция салды. Лондонның санкциясына Ресейдің шетелдерде АЭС салу бойынша келісімдері себеп болған. Осы тұста Қазақстанда "Росатом" салып жатқан АЭС құрылысы кешікпей ме деген сауал туды. Ұлыбритания үкіметі Ресей осы АЭС жобалары арқылы қосымша табыс көздерін ашып, шығындарының орнын толтырып жатыр деп күдіктенеді.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19🤔9❤4🔥3👏1🤯1
💬 Оралдық блогер үш жылға бас бостандығынан айырылды

Орал қалалық соты "бопсалау" бабы бойынша айыпталған 43 жастағы блогер Айболат Бөкеновті үш жылға бас бостандығынан айырды.

Сот оны алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔8🔥6
"Баспасөз үшін ең қанды жыл". Былтыр 129 журналист пен медиа қызметкері қаза болған

Былтыр әлемде 129 журналист пен медиа қызметкері қаза болды, бұл бұрын-соңды болмаған рекорд. Үштен екісі Израильде опат болды. "Журналистерді қорғау комитетінің" (Committee to Protect Journalists, CPJ) 25 ақпанда жарияланған есебінде осындай мәлімет айтылады. Есеп авторлары осылайша 2025 жыл баспасөз үшін ең қанды жыл болғанын айтады.

129 журналистің кемінде 104-інің қазасы соғыспен байланысты. Газа мен Йеменнен бөлек, журналистер үшін ең қауіпті елдердің алғашқы бестігіне Судан ( былтыр 9 журналист қаза болған), Мексика (6), Ресей (4 украин журналисі Ресей әскерінен қолынан қаза болған) және Филиппин (3) кіреді.
😱17😢7🤔3👍1👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кейінгі күндері референдумға қатысты пікір сұрағандар мен пікір білдіргендер полицияға шақырылып, кейбіреуіне айыппұл салынды. Сонда пікір білдіру заң бұзу ма? Депутаттар пікірі.
😁22🤬8👍4❤3💩2
💬 Жаңа Конституция жобасын қатаң сынап жүрген Оразалы Ержановтың ұсталғаны хабарланды. Оның әйеліне сүйенген Гүлжан Ерғалиеваның жазуынша, Ержановты түнде ұстап, тінткен. 10 тәулікке қамаған. Әзірге қамау себебі белгісіз.

Алматы полициясы әзірге жауап бермеді.

Оразалы Ержанов – қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген қоғам белсендісі. Жуырда ол референдумға “ақылды бойкот” жариялау идеясын ұсынған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢19🤬16🤨5❤1👎1
Azattyq - Азаттық
💬 Жаңа Конституция жобасын қатаң сынап жүрген Оразалы Ержановтың ұсталғаны хабарланды. Оның әйеліне сүйенген Гүлжан Ерғалиеваның жазуынша, Ержановты түнде ұстап, тінткен. 10 тәулікке қамаған. Әзірге қамау себебі белгісіз. Алматы полициясы әзірге жауап бермеді.…
Алматы полициясы Оразалы Ержановтың ұсталғанын растады

Бұл жөнінде “За нами уже выехали” телеграм-арнасы хабарлады.

“Ведомство өкілдерінің айтуынша, дәл емес ақпараты бар және референдумға бойкот жариялауға үндеген жарияланымдар анықталды. Сайлау құқығына ықтимал кедергі келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды. Полициядағылардың айтуынша, пікір айтуға тыйым салынбаған, тек жалған ақпаратты қасақана тарату мен фактілерді бұрмалау үшін жауапкершілік қарастырылған” деп жазды телеграм-арна.

Бұған дейін Азаттық та Алматы қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолдаған еді, бірақ жауап келмеді.
🤬22🤔4❤3🤨2
🗣Axios: Зеленский жылдың соңына дейін соғыс аяқталады деп үміттенеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон әңгімеде соғысты мүмкіндігінше тезірек бітіруге қол жеткізгісі келетінін айтты. Бұл жөнінде Украина шенеунігі мен өзге де дереккөздерге сүйенген Axios жазды.

Басылым дереккөзінің айтуынша, Зеленский әңгіме барысында соғыс биыл жылдың соңына дейін аяқталып қалар деп үміттенетінін жеткізген.

Екі басшы телефон арқылы 25 ақпанда сөйлескен және әңгіме шамамен 30 минутқа созылған. Axios-тың жазуынша, әңгіме достық ниетте, оң сарында өткен. Украина шенеунігі мен тағы бір дереккөздің айтуынша, Зеленский Трампқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, АҚШ қана Кремльді соғысты тоқтатуға мәжбүрлей алады деген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔12🙏8❤4🤷1