Комиссия мүшесі Михаил Бортник дауыс беру бюллетеніне жалғыз сұрақ пен оған екі жауаптың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқасы енгізілгенін айтты.
– "Жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ. Жауап нұсқалары: "Иә, қабылдаймын", "Жоқ, қабылдамаймын", – деп оқып берді Михаил Бортник.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда дауыс беру құқығына ие азаматтар тізіміне 12 миллион 461 мың 796 адам енгізілген. Бір пайыз резервпен қоса есептегенде, жиынтығы 12 миллион 586 мың 413 бюллетень дайындалмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩14🤬2
Қазақтың киіз үйі, өзбектің палауы және тәжік диаспорасының гуманитарлық көмегі – Орталық Азиядан шыққан азаматтар Ресей агрессиясына қарсы тұрған Украинаның Киев, Харьков және өзге қалаларында ел-жұртты демеп жүр. Олардың көбіне Украина екінші отанға айналған – сол елде балалары өсіп, ата-анасы жерленген. Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27👏8
🥇⛸Милан-Кортина қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан бір алтын медальмен жалпы есепте 19-орын алды.
Олимпиада алдында жанкүйерлер де, спорт шенеуніктері де жүлдеден көп үміт күтпеген. Шорт-трек, коньки және мәнерлеп сырғанаудан бір қола болып қалар деген сөздер айтылған.
Ал олимпиадада чемпион атанған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италиядағы ойындардың сенсациясына айналды. Дегенмен Азаттық сөйлескен сарапшылар қысы қатты Қазақстанның мүмкіндігі бір алтыннан да жоғары болуы тиіс деп санайды.

❤10💩4👍2🆒2
"Қазақстанның Мексикадағы елшілігі елдегі ахуалға мұқият қарап отыр және отандастармен тұрақты байланыста. Қазақстан азаматтарына сабыр сақтап, қырағылық танытуға және қауіпті жерлерге бармауға кеңес береміз",
– делінген министрлік ақпаратында.
Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қазіргі кезде Мексикада 35 Қазақстан азаматы консулдық есепте тұр.
Мексика билігінің мәліметінше, елдің батысындағы Халиско штатында жүргізілген әскери операция барысында Мексикадағы есірткі саудасымен айналысатын ең ірі ұйымдардың бірі – "Халиско жаңа буын картелінің" (CJNG) басшысы атышулы Немесио Осегера Сервантес (лақап аты - Эль Менчо) қаза тапқан соң қылмыстық топтар лаң шығарған.
CBS News мәліметінше, әскери операциядан кейін жаппай тәртіпсіздіктер бірнеше штатта, соның ішінде Халискода басталған. Картель мүшелері автокөліктерді өртеп, жолдарды бөгеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8😁5🤔2🤮1
Azattyq - Азаттық
⛸️Қазақстан Шайдоровтың дайындығына қанша жұмсады? 🔹2025 жылы Қазақстан мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың дайындығына 263,4 млн теңге (529 мың доллар) жұмсаған. Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, бұл сомаға спортшының жаттығулары, жарыстарға…
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров дайындығына 263,4 млн теңге (529 мың доллар) бөлінгені туралы ақпараттың тарап кеткені "ыңғайсыз жағдайға қалдырғанын" айтты.
Tengrinews айтына берген сұхбатында ол "Меніңше, бұл мені спортшы және адам ретінде сыйламау. Қазір министрлік алтын медальға чек ұсынғандай болып тұр ма? Бұлай болмауға тиіс. Мен барлық ақшаны тек жаттығуға жұмсадым. Бұған күмән болмау керек" деді.
Бүған дейін спорт және туризм министрлігі Шайдоровтың 2025 жылғы дайындығына 263,4 млн теңге жұмсалғанын мәлімдеген. Бүған қоса, Шайдоров 2025 жылы 34 млн теңгедей жалақы алғаны, ал жеке бапкері Алексей Урмановқа 26 млн теңге, хореграфы Иван Региниге 23 млн теңге төленгені айтылған.
Мәнерлеп сырғанаушы олимпиадада алтын алған сәтте желіде "бірнеше жыл бұрын министрлік Шайдоровқа көмектеспегені, спортшы өз ақшасына жаттыққаны жайлы" сөз тараған. "Шайдоровқа кезінде көмек көрсетілмеді" деген сөз шығып жатқан тұста министрлік спортшының дайындығына қанша қаржы кеткені туралы ақпаратты жариялады.

😁12🤬9❤2👎2💩2🤡2🤔1
Комиссия дерегінше, референдумге дауыс беру ұйымдастырылатын мемлекеттер тізіміндегі 64 елдің екеуі – Украина мен Эфиопия тізімнен алынып тасталды.
Кейбір басылымдар Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаевтың сөзін келтірген. Оның айтуынша, Украинадағы Қазақстан азаматтарының саны қазіргі кезде бұрынғыдан айтарлықтай қысқарған. Бұған дейін консулдық есепте шамамен 500 адам тұрған болса, қазір олардың басым бөлігі Украинадан кетіп, Қазақстанға оралған. Ал Эфиопияда небәрі бес Қазақстан азаматы тіркелген, бәрі – елшілік қызметкерлері.
Тізімде бекітілген 62 елде Конституция жобасы бойынша референдумге дауыс беруге арналған жиынтығы 80 учаске ашылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮10💩3❤1
Мұғалімді тергеу, шаштаразды ұстау. Референдум қарсаңындағы қудалау
Конституция жобасын ашық сынаған Астана тұрғыны 15 тәулікке қамалды. Қантемір Алмышевті полиция «ұсақ бұзақылық» жасады деп тапқан. Желіде референдумға ақылмен бойкот жасау туралы жазбаны бөліскен мұғалім әрі тәуелсіз бақылаушы Серік Марксұлын прокурор әңгімеге шақырған. Прокурор оның саяси көзқарасын сұраған. Жаңа Конституция туралы азаматтар пікірін сұрағандар заң бұзды деп танылып, айыппұл арқалап жатыр. Ел пікірін білу құқығы жеті ұйымға берілген.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq

YouTube
Мұғалімді тергеу, шаштаразды ұстау. Референдум қарсаңындағы қудалау | AzatNEWS — 23.02.2026
Конституция жобасын ашық сынаған Астана тұрғыны 15 тәулікке қамалды. Қантемір Алмышевті полиция «ұсақ бұзақылық» жасады деп тапқан. Желіде референдумға ақылмен бойкот жасау туралы жазбаны бөліскен мұғалім әрі тәуелсіз бақылаушы Серік Марксұлын прокурор әңгімеге…
🤬16❤1👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл жөнінде Baza телеграм-арнасы хабарлады. Ақпаратты кейін Ресей ішкі істер министрлігі мен тергеу комитеті растады. Кейінгі ақпаратқа қарағанда, жарылысты ұйымдастырған адам да өлген. Тағы екі полицей жараланған.
Видео: Astra
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13🔥3❤1😁1
Ресей Украинаға басып кіріп, үлкен соғыс бастағанына төрт жыл толды. Осы төрт жылда Еуропа елдері Киевті қарумен және қаражатпен демеп келеді. Солардың ішінде Еуроодақ пен НАТО-ға мүше Балтық елдері де белсенді. Екі жыл бұрын аталған мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерімен кең сұхбат құрған едік. Азаттық елшілермен осы форматта тағы бас қосып, кейінгі екі жылда не өзгергенін талқылады.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17🔥1💯1
Ресейлік рекрутерлер биліктен Украинадағы соғысқа жалдамалы қызметкер тартуға тыйым салынатын елдердің "қара тізімін" алды. Бұл жөнінде "Настоящее Время" жазды.
Рекрутерлердің ақпаратына қарағанда, тізімде 36 ел бар: басым бөлігі – Африка, араб елдері және Ресейге "жағымды" елдер. Арасында Қытай, Үндістан, Бразилия, ОАР, Түркия, Куба, Ауғанстан, Иран, Венесуэла да бар. Басылым бұл тізімді алғаш рет Ганадан келген жалдамалы қызметкер Келвин Эджирдің TikTok-аккаунтынан көрген. Ол Ресей әскері қатарында соғысқан, ал бірақ қазір Африкадағы азаматтарды Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қоюға үгіттеп жүр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤4💩3
БҰҰ Адам құқығы комитеті Қазақстанды шешен азаматы Мансур Мовлаевты Ресейге экстрадицияламауға шақырды. Бұл жөнінде БҰҰ Адам құқығы комитетінің Мовлаев өкілі Вадим Дроздовқа берген жауабында айтылады. 23 ақпанда БҰҰ Адам құқығы комитеті Мовлаевтың шағымын тіркеген. Жауапты Instagram-дағы Maнсур Мовлаев парақшасы жариялады.
"Комитет регламентінің 94 ережесіне сәйкес, комитет хабарламаны қарағанға дейін мемлекетке Мансур Мовлаевты қайтармау туралы ұсыныс жасалды" деп жазылған жауапта.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26🙏3💯1
Қазақстанда сайлау я референдум кезінде қоғамдық сауалнама жүргізу заң жүзінде шектелген. Оны өкімет рұқсатынсыз жүргізу заң бұзуға жатады. Сауалнама жөніндегі маман Жанар Жандосова қоғам көңіл күйін тәуелсіз бағамдауға мүмкіндік қалдырмау билік шешімдеріне деген сенімнің азаюына ықпал етеді дейді.
Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯24❤4
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Жария" тәуелсіз байқаушылар бірлестігіне "сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізгені үшін" (Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бап 3-бөлігі) 65 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде бірлестіктің жетекшісі Бекнұр Сыражанов Азаттыққа хабарлады.
Оның сөзінше, қаулыға 20 ақпанда Facebook желісінде Jaria парақшасында жарияланған "15 наурыз күнгі референдумды бақылау керек пе?" деген "тақырыпта жариялаған сауалнамасы түрткі болған". Сауалнамаға 16 адам қатысқан деп жазылған прокуратура қаулысында.
Бекнұр Сыражанов бастапқыда "қаулымен келіспеймін" деп жазып бергенін, бірақ соттың әділ өтетіндігінен үміт болмағандықтан ақыры қаулымен келісіп, 65 мың теңге төлеуге міндеттелгенін айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬20❤1👎1
Семейде Украинадағы соғысқа қарсы жалғызадамдық пикет өткізбек болған қала тұрғыны, адвокат Ербол Аққожаны полиция ұстап, бірнеше сағаттан кейін босатты.
Өзінің айтуынша, ол бұған дейін желтоқсан айында осы пикет жөнінде жергілікті әкімдікке ескерту-хабарлама жіберген, алайда әкімдік үш күннің ішінде жауап бермеген. Ал заң бойынша уақытында жауап берілмесе, бұл пикетке рұқсат берген болып саналады деді Ербол Аққожа Азаттыққа
“Бүгін Әуезов атындағы алаңға барсам, алаңда он-он бес шақты құқық қорғау орган өкілі жүр екен. Плакатты жайып та үлгерген жоқпын. “Жүріңіз, сізге қарсы арыз түсті” деп полиция бөліміне алып кетті. Олар хаттама толтырған жоқ, себебі мен плакатты да ашып үлгермедім, бұл пикетке саналмайды. "Түсініктеме жазыңыз" деді, мен "жазбаймын" дедім. Осылайша екі-үш сағаттан кейін босатты” дейді ол.
Азаттық әзірге Семей қалалық полициясынан жауап ала алмады.
Ербол Аққожа 2022 жылы сәуірде де осыған ұқсас пикетке шыққан. Сол кезде ол Азаттық тілшісіне өзінің ұстанымын жеткізген еді.
“Осы пикет арқылы Украина азаматтарын қолдап, сол жақта қаза болып жатқан бейбіт халық, балалардың өліміне қатысты алаңдаушылығымды білдіргім келеді. Ресей билігі оны “арнайы операция” деп қалай атаса да, бұл адам өлтіруді көздейтін соғыс” деген еді.
Сурет: "Соғысқа жол жоқ!" атты жазуы бар плакат ұстап тұрған Ербол Аққожа. Сәуір 2022 жыл.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬16❤7🕊4🤔3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өзбекстандық мигрант Хайрулло Ибадуллаев жетінші қабаттан құлаған баланы құтқарып қалды. Екеуі де жарақат алған, бірақ бала аман.
👍41❤10👎3🤣2🥰1👏1😍1
Azattyq - Азаттық
Адвокат: Қазақстан Жоғарғы соты Мовлаевты экстрадициялауды тоқтатты
Қазақстан Жоғарғы соты шешен азаматы Мансур Мовлаевты оның босқын мәртебесіне қатысты шағымы қайта қаралғанға дейін экстрадициялауды тоқтатты. Бұл жөнінде адвокат Мұрат Адам хабарлады.
Қаңтар айында Қазақстан бас прокуратурасы Мансур Мовлаевты экстрадициялау туралы Ресейдің өтінішін қанағаттандырған еді.
Осы аптада БҰҰ Адам құқығы комитеті Мовлаевтың шағымын тіркеп, Қазақстан билігін оның шағымын комитет қарағанға дейін экстрадицияламауға шақырған.

👍33❤2
Аштық ұстаған Жыланбаев, үндеу айтқан әртістер — AzatNEWS | 24.02.2026
🔍 Түрмедегі белсенді, марафоншы Марат Жыланбаевтың аштық ұстап отырғаны хабарланды. «Саяси тұтқын» деп танылған азаматтың халінен хабар бар ма?
🔍 Жұлдыздар елді жаппай референдумға шақырып, жаңа Конституцияны қолдап жатыр. Бұл биліктің бұйрығы ма, олардың жеке пікірі ме?
🔍 «Қазақстан билігі жаңа Конституцияны қабылдағанда асығып отырған жоқ, мұның бәрі алдын ала жоспарланып қойған» дейді саясаттанушы.

👎23💩7
Зеленский бункерден үндеу жасады. Соғыстың 4 жылы
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне тура төрт жыл болды. Украина халқы қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ал ел президенті Владимир Зеленский соғыстың алғашқы күндерінде өзі маңызды шешімдер қабылдаған бункерден үндеу жасады.

❤27🔥5👎1🙏1
Қазақстанда жаңа Конституция бойынша 15 наурызда болатын референдум қарсаңында үгіт-насихат күшейді. Қазақстандық саясаттанушы Димаш Әлжанов International IDEA сайтына жариялаған мақаласында "елдегі парламент реформасы президенттік монополияға жасалған фасад" деп санайды. Азаттық саясаттанушымен сұхбаттасып, Қазақстанда ұсынылып жатқан саяси реформаларды талқылады.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩15🤬4❤3🔥1
Қазақстанның референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының төрағасын жеке-дара, ал қалған алты мүшесін Құрылтай келісімімен президент тағайындайды. Президент ұсынған адамдарды Құрылтай екі рет кері қайтарса, президент оны таратуға құқылы.
Қазіргі қолданыстағы негізгі заңда президент төраға мен тек екі мүшені ұсына алатын. Бұл президенттің өкілетін одан әрі күшейтіп, сайлау мен референдумдарда ол қалаған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермей ме? Дәл осы өзгеріс билікке не үшін керек болды, Орталық сайлау комиссиясына кімдер өтуі керек және сайлау әділ өтуі үшін не өзгеруі керек?
🔗Толығырақ сайттан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩23❤4