Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
❗️ЕҚЫҰ бюросы референдумға дайындық барысын сынға алды

Тым аз уақыт берілген, сөз бостандығы бойынша бұрынғы ұсыныстар орындалмаған, әкімшілік ресурсты орынсыз қолдану ықтималдығы жойылмаған. ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы (ДИАҚБ) Қазақстанда жаңа Конституцияға қатысты референдумға дайындық туралы есебінде осындай қорытынды жасайды.

Бюроның Қажеттілікті бағалау миссиясы (Needs Assessment Mission) сарапшылары 17-20 ақпан аралығында Қазақстанның мемлекеттік органдарында болған және азаматтық қоғам өкілдерімен кездескен.

ДИАҚБ тұжырымы бойынша, референдумға дайындық қабылданған күнтізбе жоспарымен жүріп жатыр, бюллетеньдегі мәтін нақтыланған, сайлау комиссиясы мүшелеріне, қоғам өкілдері мен ақпарат құралдарына арнап онлайн және оффлайн тренинг бағдарламасы қабылданған. Орталық референдум комиссиясы «барлық сессиялары онлайн көрсетілетінін, медиа өкілдерінің сұрақ қоюына мүмкіндік беретін тұрақты брифингтер өткізілетінін» айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17😁3❤2🤡2👎1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2017 жылы Қытайда қуғын көрген Тұрсынбек Қаби қазір Қазақстанда істі болып жатыр. Оның әйелі Оралхан Әбен қазір 9 жыл бұрынғы ахуалды қайта бастан кешіріп жатқандаймын дейді. Ол Қытай саясатын сынаған күйеуінің босап шығатынына сенеді. Видеоның толық нұсқасын Азаттықтың YouTube арнасынан көріңіз.
❤8🔥8
💬СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді

Қазақстан сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Иранға бармауға жәге онда жүрген қазақстандықтарды сол елден мүмкіндігінше шығып кетуге шақырды.

"Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады. Қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды ұсынамыз" деп жазылған Қазақстан СІМ хабарламасында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥4🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда жаңа Конституция жобасына сын айтқан саясаткерлер мен осы тақырыпты үнемі талқылап келе жатқан журналисті қаралайтын жазбалар көбейді. Бұл ұйымдасқан шабуыл ма?
🤬21😁3❤2💩1
⚡⚡⚡ Израиль Тегераннан төнетін «қауіпті сейілту» мақсатында Иранға «превентив соққы жасағанын» мәлімдеді. Бұл жөнінде қорғаныс министрі Исраэль Кацқа сілтеген Израильдің Channel 12 телеарнасы хабарлады.

«Израиль мемлекеті өзіне төнген қауіпті сейілту үшін Иранға превентив соққы жасады» делінген мәлімдемеде.

Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, шабуыл АҚШ-пен «бірлесіп жасалған». АҚШ-тың ресми өкілдері Иранға шабуыл жалғасып жатқанын айтты.

Иран ақпарат құралдары Тегеран орталығында жарылыс болғанын хабарлап, оның видео, фотоларын таратты.
🔥14👎11🤬7❤3👍2
Azattyq - Азаттық
⚡⚡⚡ Израиль Тегераннан төнетін «қауіпті сейілту» мақсатында Иранға «превентив соққы жасағанын» мәлімдеді. Бұл жөнінде қорғаныс министрі Исраэль Кацқа сілтеген Израильдің Channel 12 телеарнасы хабарлады. «Израиль мемлекеті өзіне төнген қауіпті сейілту үшін…
АҚШ президенті Дональд Трамп 8-минуттық мәлімдеме таратып, Иранға жасалған соққыға АҚШ-тың да тіке қатысы барын растады.

“Америка әскері Иранда ірі әскери операция бастады. Біздің мақсатымыз – Иран режимінен төнген қатерге төтеп беріп, Америка халқын қорғау” деді Трамп.

Оның сөзінше, Иранның ядролық бағдарламаны жалғастыруы және ұзақ қашықтыққа ұшатын ракетаны әзірлеуі АҚШ-ке тіке қауіп төндіреді.

“Біз олардың ракеталарын жоямыз, ракета өнеркәсібін жермен-жексен етеміз” деді Трамп.
👍18👎11🤡8🔥4🤬2
Azattyq - Азаттық
АҚШ президенті Дональд Трамп 8-минуттық мәлімдеме таратып, Иранға жасалған соққыға АҚШ-тың да тіке қатысы барын растады. “Америка әскері Иранда ірі әскери операция бастады. Біздің мақсатымыз – Иран режимінен төнген қатерге төтеп беріп, Америка халқын қорғау”…
Иран Израильге қарай ракета жіберді деп хабарлады Израиль әскері (ЦАХАЛ).

“Қауіптің алдын алу мақсатында қорғаныс жүйесі істеп тұр” деп жазылған Израиль әскерінің мәлімдемесінде.

Израильде тиісті аудан тұрғындарына жасырыну қажеттігі жөнінде ескерту берілген.
🔥14👍5😱4👎2
Таяу Шығыста жағдайдың ушығуы және Иранның әуе кеңістігін жабуына байланысты қазақстандық Air Astana әуе компаниясы рейстер кестесіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады.

“KC263 Алматы - Медина, KC897 Алматы - Дубай, KC653 Алматы - Доха, KC205 және КС207 Астана - Дубай рейстері ұшып кету әуежайларына қайтып оралады. Алматы-Дубай KC899 Делиге, FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты” деп жазылған Air Astana әуе компаниясының хабарламасында.

28 ақпанда Таяу Шығысқа қалған рейстер тоқтатылды деді әуе компаниясы.

Air Astana жолаушыларды рейстердің кестесін қайта тексеруге кеңес берді.

“Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина және Дубайға билеттерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі” деді әуе компаниясы.
👍8❤5🔥2🤔2
Azattyq - Азаттық
АҚШ президенті Дональд Трамп 8-минуттық мәлімдеме таратып, Иранға жасалған соққыға АҚШ-тың да тіке қатысы барын растады. “Америка әскері Иранда ірі әскери операция бастады. Біздің мақсатымыз – Иран режимінен төнген қатерге төтеп беріп, Америка халқын қорғау”…
Израиль премьері Биньямин Нетаньяху АҚШ пен Израильдің сенбі күні Иранға жасаған соққысы “батыл Иран халқына өз тағдырын өз қолына алуына жағдай жасайды” деп мәлімдеді.

“Иран қоғамындағы барлық топ үшін... [режимнің] қамытын тастап, еркін әрі бейбітшілікті сүйетін Иранды құратын мезгіл жетті” деп жазылған Нетаньяхудың мәлімдемесінде.


Бұған дейін Дональд Трамп Иран азаматтарын қауіпсіз орындарды паналауға, АҚШ соққысы аяқталғаннан кейін билікті өз қолына алуға шақырған. Трамптың сөзінше, қазір еркіндікке қол жеткізудің теңдессіз мүмкіндігі туып тұр.
🔥20🤮8🤡5❤3🤬3
🔴АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасады. Қазірге дейін не белгілі?

АҚШ президенті Дональд Трамп 8-минуттық мәлімдемесінде Иранға қарсы "ірі әскери операциясын" бастағанын хабарлады. Бірнеше сағат бұрын Израиль Тегераннан төнетін «қауіпті сейілту» мақсатында Иранға «превентив соққы жасағанын» мәлімдеген еді.

Әлеуметтік желіде жариялаған видеосында Трамп мақсат "Иран режимінен төнген қатерге төтеп беріп, Америка халқын қорғау" деді.

"Америка халқының қаһармандарынан айырылуымыз мүмкін және бізде адам шығыны да болуы мүмкін, мұндай нәрсе соғыста болады, бірақ біз мұны бүгінгі күн үшін жасап жатқан жоқпыз. Мұны болашақ үшін жасап жатырмыз және бұл киелі миссия" деді Трамп.

Иранның да Израильге ракета жіберіп, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бірқатар әскери базаларына соққы жасалғаны хабарланды.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥14❤4👎2🤬2🌭1
AFP: Бахрейн астанасында жарылыс естілді

AFP ақпарат агенттігінің тілшілері Бахрейн астанасы Манамада жарылыс естілгенін хабарлады. Әзірге толымды ақпарат жоқ.

Бахрейнде АҚШ бесінші флотының кемелері шоғырланған. Алайда бірнеше күн бұрын америкалық кемелердің барлығы қауіпсіздік мақсатында Бахрейндегі базадан ашық теңізге шығып кеткені хабарланған еді.
🔥15👍1🤬1
Иран ракеталары Катар мен Біріккен Араб Әмірліктеріне шабуылдады

Катар әуе кеңістігінде ирандық ракета атып түсірілді деп хабарлады ел билігіне сүйенген AFP ақпарат агенттігі. Елде Американың аймақтағы ең ірі "Эль-Удейд" базасы шоғырланған.

Халықаралық ақпарат құралдары БАӘ астанасы Абу-Дабиде жарылыс естілгенін хабарлады. Әуе кеңістігін уақытша жаптық деп хабарлады БАӘ билігі.
🔥8🤬5👍3❤1🤔1
Reuters: Иран президенті Израиль мен АҚШ-тың соққысы кезінде зардап шеккен жоқ, аятолла Әли Хаменеи елден кеткен

Ирандық Shargh ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тегеранда президент резиденциясы мен оның штаб-пәтеріне соққы тиген. Иран ақпарат құралдарының жазуынша, президент Масуд Пезешкиан соққының салдарынан зардап шекпеген.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қазір ел аумағында емес деп жазды Reuters. Ақпарат агенттігі дереккөзінің хабарлауынша, аятолла қауіпсіз жерге әкетілген.
😁33❤4😱3👍2🤬2🤮1
Қазақстан СІМ: Иранда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Ведомствоның хабарлауынша, қазір Иран аумағында 96 Қазақстан азаматы бар.

“Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелері азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ” деп жазылға ресми хабарламада.
❤9😁4🤔2
Иран Американың Парсы шығанағындағы базаларына соққы жасады

Бұл жөнінде Ислам революциясы сақшылар корпусына сүйенген Fars хабарлады.

Атап айтқанда, Иран Катардағы “Әл-Удейт”, Кувейттегі Әли әл-Сәлем, БАӘ-дегі Әл-Дафра, сонымен бірге Бахрейндегі АҚШ-тың бесінші флотының базасына ракетамен соққы жасаған.

Иран қорғаныс министрлігі Тегеран жауап ретінде Американың аймақтағы барлық әскери базаларына соққы жасайтынын ресми түрде мәлімдедген.
🔥17🤬6👍5😁1
Azattyq - Азаттық
Иран Американың Парсы шығанағындағы базаларына соққы жасады Бұл жөнінде Ислам революциясы сақшылар корпусына сүйенген Fars хабарлады. Атап айтқанда, Иран Катардағы “Әл-Удейт”, Кувейттегі Әли әл-Сәлем, БАӘ-дегі Әл-Дафра, сонымен бірге Бахрейндегі АҚШ-тың…
Иранда интернет өшті

Бұл жөнінде NetBoocks жобасы хабарлады. Ұйым дерегінше, елде интернет әдеттегі көрсеткіштен 4%-ға ғана істеп тұр.

Елде интернет АҚШ пен Израильдің Иранға соққысы тұсында өшіп жатыр.
🤬16🔥3
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесіне шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды” деп жазылған Ақорда хабарламасында.
😁25👍11🤔5🗿2
Қазақстан Таяу Шығыс елдеріне ұшуды толық тоқтатты

Тыйым Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан елдерін және оған жақын жатқан жақын аумақты қамтиды. Бұл жөнінде Қазақстан азаматтық авиация комитеті хабарлады.

“Аталған нұсқау қазақстандық әуе кемелерін пайдаланушылар орындайтын барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк және техникалық рейстерге қолданылады” деп жазылған хабарламада.
👍13❤10🔥2
Блогер Ұлан Шәмшет 15 тәулікке қамалды

Блогер, белсенді Ұлан Шәмшет медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін 15 тәулікке қамалды. Бұл жөнінде адвокат Диас Ахметов Facebook желісінде хабарлады.

Адвокаттың сөзінше, бұған дейін полиция қызметкерлері оның үйіне барып, үйін тінтіп, тыйым салынған заттар таппаған. Оның сөзінше, осыдан кейін полицейлер Шәмшетті медициналық куәландыруға жеткізген.

"Ол бас тартты. Бұл полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау туралы айыпқа түрткі болды" деді адвокат.
🤬17🤔6❤2
💬 Әлем елдері АҚШ пен Израильдің Иранға соққысына қалай реакция білдірді?

🔺Ұлыбритания үкіметі Израиль мен АҚШ-тың операциясына қатыспағанын мәлімдеп, жағдайдың әрі қарай ушыққанын қаламайтынын жеткізді.

“Иранға ядролық қару жасауына ешқашан мүмкіндік бермеу керек және дәл сол себепті шешімге келіссөз арқылы қол жеткізу талпынысын үнемі қолдаймыз” деп жазылған үкімет мәлімдемесінде.

🔺Еуроодақ дипломатиясының басшысы Кая Каллас израильдік әріптесі Гидеон Саар және аймақтағы өзге де ресми өкілдермен әңгімелескенін алға тартып, ЕО араб әріптестерімен бірге қақтығысты дипломатия жолымен шешу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

🔺Германия үкіметінің хабарлауынша, Израиль Иранға соққы жасайтынын Берлинге алдын ала хабарлаған. Канцлер Фридрих Мерц жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтып, Еуропадағы әріптестерімен байланыста отырғанын мәлімдеді. Келесі аптада ол Вашингтонда Дональд Трамппен кездеседі.

🔺Франция басшысы Эммануэль Макрон БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды. Макронның сөзінше, Тегеран өзінде “ешқандай жол қалмағанын” түсінуі керек және ядролық қарудан және құрлықаралық баллистикалық ракетадан бас тартып, “келіссөзге отыруы” керек.

🔺Ресей “БҰҰ мүшесі – тәуелсіз әрі егемен мемлекетке қарсы алдын ала жоспарланған және себепсіз қарулы басқыншылықты” айыптады.

Ресей СІМ АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соққысын “ойланбаған қадам” және халықаралық құқық нормасын бұзатын “қауіпті авантюра” деп бағалады. Ведомство өкілдерінің пікірінше, АҚШ пен Израиль “конституциялық құрылымды жоюды және күшке бағынудан бас тартқан өздеріне тиімсіз мемлекеттің басшылығын жоюды” көздеп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁16👍6🔥6❤2